Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Социальному педагогу / Другие методич. материалы / Баяндама "Отбасы-ұлттың тірегі" (9класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Социальному педагогу

Баяндама "Отбасы-ұлттың тірегі" (9класс)

библиотека
материалов


Отбасы – ұлттың тірегі

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы  мен әсер күшінөмірдегі басқа  ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды,ата-ананыңберген тәлім–тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. Адам өмірінің мәні  мен  сұлулығы, адамның келешегіне деген сенімділігі баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәт те естен шығармауында.Бұл–жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, адамшылығының белгісі.

Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл ХХ ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.

ХХ ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселерді қарастыру менің курстық жұмысымның мақсаты болып таюбылады.

Қазіргі кезде отбасы өмірінің барлық кезеңі, отбасының құрылуынан бастап бүтін отбасы ретінде өмір сүруі аяқталғанға дейін: некеге дейінгі кезеңі, бүкіл отбасылық өмір кезеңі, отбасының ажырауы кезеңі өзгеріске ұшырағанын атап өтуге болады.

Отбасы-адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын-тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Ата - ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені, ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал, олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де.

Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.

Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қальштасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қальштасады, сезімдік күйлер орнығады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.

Жалпы отбасыдағы бала тәрбиесі, халықтық педагогика саласы бойынша, ұлттық талғамда, салт-дәстүрлерді қолдана отырып, зерттеу пәнінің негізі ретінде алынды. Әсіресе, баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйретуге көп көңіл бөліну қажет. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен от басы — ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады.

Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі.

Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы «Ана мектебі» деп көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсініктерін отбасында альш, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады.

Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады: «Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек».

Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.

Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10-сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды.

Қазақ ағартушыларынан С. Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән берген. Ол өзінің «Баланы отбасында тәрбиелеу» деген еңбегінде ата-аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді.

Ұзақ жылдар бойы отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден-бір формасы болып келді. Қазіргі қоғамдағы отбасы баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал жасайтын негізгі ошақ болып отыр. Адамзат тарихындағы отбасы тәрбиесінің тәжірибесі көптеген педагогикалық теориялардың пайда болуына алып келді.

Педагогикадағы отбасы тәрбиесінің дамуына ежелгі Рим философы Квинтилиан, педагогика ғылымының негізін салушы Я.А.Коменский, ағылшын философы Дж.Локк, француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, Швейцар педагогы И.Г.Песталоций, орыс педагогы К.Д.Ушинский, ұлы жазушы Л.Н.Толстой, қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин және Абай Құнанбаев, кеңес педагогтары Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және көптеген басқа педагогтар өз үлестерін қосты.

Кеңес өкіметінің таралуына және Қазақстан Республикасындағы педагогикалық ойлардың дамуының тәуелсіздік алуына байланысты отбасы тәрбиесін зерттеу үрдісі (әдісі) халық педагогикасы бағытында қолға алынды.

Баланы өмірге дайындауда отбасы тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелетінін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата-анаға және туған туыстарға деген сүйіспеншілік пен сыйластық, Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет тағы сол сияқты қасиеттер баланың кішкентай кезінен отбасында және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан отбасындағы, мектептегі және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды.










































Ислам-бейбітшілік пен жасампаздықтың белгісі

Қазақстан – сан түрлі тілдер мен мәдениеттер тоғысқан көпұлтты мемлекет. Тағаттылыққа негізделген ұлтаралық бірліктің бірегей қазақстандық формуласын әлем елдері мойындады. Сыйластыққа, төзімділік пен қолдау көрсетуге Ислам діні де ерекше көңіл бөледі.

Толеранттылық – осы кемел діннің негізі болып табылады. Басқа дінді ұстанушы адамдарға жақсы қарым-қатынас жасауға Қасиетті Құран да шақырады. Ислам тек бейбітшілікке шақырады. Қасиетті Құранда дін ұстанудың еріктілігі жайында көптеген аяттар бар. Мәселен: «Бұл ақиқат Раббыларыңнан» де. Сонда кім қаласа, сенсін…», – дейді («Кәһф» сүресі, 29-аят).

Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) мүміндерге көршілермен жақсы қарым-қатынас жасаудың, адамдарға мейірімділік танытудың, туысқандық қатынасты үзбеудің маңыздылығын ескертеді. «Шын мәнінде Алла барлық істе жұмсақтықты (ізгілікті) жақсы көреді». Алла Елшісі мұсылман еместерге, өзінің өміріне бірнеше рет қауіп төндіргеніне қарамастан, әрдайым кеңпейілділік танытты.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Бір-біріңе көре алмаушылық пиғылда болмаңдар, бағаларды көтермеңдер, бір-біріңді жек көрмеңдер, бір-біріңе арқаларыңды қаратпаңдар, бірің-біріңнің саудасының үстінен сауда жасамасын, бір-біріңе бауыр болыңдар. Мұсылман өз бауырымен үш күннен артық араз болмасын», – деп анық түсіндіреді.

Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір» – деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, діні басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді сақтап, татулық пен сенімділікті серік етудің арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері қадам басып келеді. Ең алдымен, ұлан-байтақ жері, көп ұлтты халқы бар еліміздегі дінаралық және этнос аралық толеранттылық жаңадан ғана пайда бола қалған жоқ, бұл ата-бабаларымыздың салып кеткен ұлы жолы. Қазақ халқының өткен ғасырларда көшпелі өмір салтын ұстанғаны белгілі, осы арқылы ол басқа халықтармен байланыс жасауды үйренді, ауыр табиғи жағдайда өмір сүре отырып, өз қандастарына ғана емес басқа да сыртан келген ұлттар мен ұлыстарға қонақжайлық пейіл таныта білді. Тіпті Кеңес заманында Қазақстанға еріксіз келген халықтардың өзі жергілікті халықтың мәдениетімен, тілімен, салт-дәстүрімен таныса отырып, қазақ халқымен тіл табысып, өткен дәуірдің ыстық-суығын бірге көргенін әлемдегі барша мемлекеттерге үлгі етуге болады. Замана тәжірибесі дүние жүзінде бейбітшілік пен тыныштықты, әлем халықтарының бірлігін сақтау үшін діни конфессиялардың өзара татулықта, ынтымақта, сыйластықта болуы керектігін сан мәрте дәлелдеді. Бұл орайда отбасы, мектеп, әрбір адам қоғамдық ортада рухани келісімге  өз үлесін қосып, ең қастерлі қазынамыз – тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, мемлекеттігімізді нығайта беруі қажет.Тәуелсіздіңтің бастапқы сәттерінен-ақ рухани және ұлттық құндылықтарымызды қайта қалпына келтіру мемлекет саясаты деңгейінде жүзеге асты. Қазақстанның бүгінгі мен ертеңгі болашағы, халқымыздың діні мен салт-дәстүрі, ежелгі наным-сенімі сонымен қатар Мәуреннахыр тарихы қасиетті Ислам дінімен тығыз қатынаста екені белгілі. Ислам өз бойына адамдық қасиет пен ізгі амалдарды жинаған дін.

Бір өкініштісі қазіргі таңда кейбір сеніміне сергелдең түскен террорлық әрекеттермен көзге түсіп Исламды басқа қырынан көрсетуге тырысып бағып, адамдарды тура жолдан тайдыруды қалайтындар да жоқ емес.Бұған мысал ретінде еліміздегі түрлі Исламды жамылған өзін тура жолдамыз деп көрсеткісі келетін діни экстримистік ағымдарды айтуға болады. Олардың мақсаты ел ішіндегі ауызбіршілікке сызат түсіру, ел болашағына балта шабу.

Пайғамбарымыз Мухаммед (с.ғ.с.) өз үмметн ынтымақта, ауызбірлікке шақырып, араға іріткі салушы бірлікті бұзатын әрекеттерден тыйды.  Хадисінде: «Сіздер бір кемеге мініп жолға шыққан жолаушы сияқтысыздар. Араларыңыздағы біреу қолына балта алып кемені шаба бастаса, егер сіздер оны тоқтатпасаңыздар барлықтарыңыз суға батасыздар, тоқтатсаңыздар барлықтарыңыз аман қаласыздар»-деп ауызбірліктің маңыздылығын ескерткен болатын.

Осы хадис бізге қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір адам бір-бірінің тыныштық пен ынтымақтықта өмір сүруі үшін жауапты екендігін ұғындырады. Сондай-ақ еліміздің әрбір азаматы өздері және келешек ұрпақтың бақытты, тыныштық пен ынтымақтықта өмір сүруі үшін өз үлесін қосуы қажет. Сондықтан қазірден бастап ел болашағын ойлап қолдан келгенше ізгі амал жасау қажет.Қазіргі таңда әлемде көптеген адамдар мұсылмандар туралы теріс пікірде. Ал, теріс пиғылды адамдар Ислам атын жамылып өз ойларын жүзеге асыруда. Ислам – таза және ізгі дін. Біз осыны өз мысалымызбен, өмірімізбен және өз бірлігімізбен дәлелдеп, барлығына көрсетуіміз керек.

Бейбітшілік пен өркениеттілікті, ғылым мен үйлесімділікті уағыздайтын ислам дінінің шынайы құбылысын насихаттап жүрген ғалым Әбсаттар қажы  Дербісәлі өзінің «Ислам – бейбітшілік  пен жасампаздық діні» кітабында қазақ даласынан шығып, күллі ислам дүниесіне орасан үлес қосқан түркітекті ғұламалар жайында жасаған зерттеулерін, сонымен қатар ұлтымыздың арғы тарихынан бастап, бүгінге дейінгі даму белестері, мәдениетіміз бен ислам дінінің әлем ғылымындағы үлесі мен қоғам татуластығындағы рөлі турасындағы жан-жақты зерттелген ғылыми еңбектері мен мақалаларын орыс тілінде топтастырыпты. Шығарма «Ислам өркениеті және Қазақстан», «Исламның гуманитарлық әлеуеті» және «Исламның толеранттылық өрісі» деген үш тараудан тұрады. Әр тарау ғылыми негізде жазылғандықтан ерекше маңызға ие.

























































































Автор
Дата добавления 11.03.2016
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров359
Номер материала ДВ-517325
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх