Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыБаяндама: «Оқу сапасын жақсартуда формативті бағалаудың рөлі»

Баяндама: «Оқу сапасын жақсартуда формативті бағалаудың рөлі»

Скачать материал

 

« Қазақстан жалпы орта білім беретін мектеп » ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Оқу сапасын жақсартуда формативті бағалаудың рөлі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                     Кунанбаева Кульзаим Муратбаевна

 

                                                              Тарих пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызыл-Еңбек 2015  ж.

 

Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы.

Оқыту үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар:

Оны әзірлеудегі және тәжірибеде қолданудағы бірінші басымдық оқушылардың оқуына көмектесу мақсатына бағындыру болып табылады.

Бағалау мұғалімдер және оқушылар, өзін-өзі және өзара бағалау үшін кері байланыс ретінде пайдаланатын ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе алады.

Блэк пен Уильямның Ұлыбританиядағы Бағалау Реформасы Тобымен бірлескен зерттеулері бағалау арқылы оқытуды жақсарту оқытуға енгізілуі тиіс алдамшы қарапайым бес түйінді фактормен байланысты екендігін көрсетті:

         Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

         Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстырады.

          Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.

         Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді. [56 б]

         Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін-өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы құрдастарымен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады:

3.1 Баға: бағалау нәтижесінің шартты-формальды (белгілік) бейнеленуі; білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың сандық көрінісі.

3.2 Бағалау: белгіленген өлшемдер бойынша білім алушылардың іс-әрекеттерінің шынайы қолжеткізген нәтижелерін жоспарланған білім беру нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. [1]

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, оң нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да өте маңызды. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқушыларды оқытуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны , баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналған.

Еліміз әлемдік өркениетке кіріккен тұста білім беру жүйесінде үлкен бетбұрыс болғаны белгілі. Соның негізінде білім сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша мектептегі білім беру жүйесінің 12 жылдыққа көшу мәселесінің енуі бейінді оқытуды мәселесін дамытуды көздеп отыр. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖБС 2.003-2008 ) 12 жылдық оқыту мерзімімен ҚР жалпы орта білім беру ұйымдарының нысанына, типіне, түріне қарамастан, оқушылардың міндетті дайындығының төменгі шегін белгілейді. Стандарт білім берудің базалық мазмұнының мақсаттары мен міндеттерінің жиынтығын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, білім сапасын бағалаудың және білім беру салалары мен жекелеген пәндерді оқытуды ұйымдастырудың негізгі қағидаларын, білім, білік, дағды және қалыптасқан негізгі құзіреттіліктер түрінде күтілетін білім беру нәтижелерін, білім сапасына мемлекеттік бақылау жасаудың тәртібі мен рәсімдерін анықтайды. Осы стандартта білім беру үрдісін ұйымдастырудың төмендегідей тың жолдары іске асырылады: -мектеп бітірушінің қалыптасқан негізгі құзіреттіліктері ретінде күтілетін нәтижелер түрінде жалпы орта білім берудің басты мақсаттарын құру; -үйретуде-білім, білік және дағдыларды игертуден құзыреттіліктерді қалыптастыруға; -жеке тұлғаның мектептегі білім берудің түрлі деңгейінде дамуының бірізділігін көрсететін оқытудан күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесін құру; -кең ауқымды қызметтер тәсілдерінің, яғни құзіреттіліктердің даму динамикасын бақылауға, сондай-ақ оқушының, мұғалімнің, мектептің, барлық білім беру жүйесінің өзіндік дамуын реттеуге бағдарланған оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу; -жалпы орта білім беру құрылымы мен мазмұнының психофизологиялық және жас ерекшеліктеріне, мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкестігі. [13б]

Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді.Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзыреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін- өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін – өзі бағалау – өзіне – өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі.

Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай:

1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?

2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?

3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме ?

4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ?

«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет (мұғалімге арналған нұсқаулық 57-бет).

Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екі құрамды : жиынтық және формативті болуы керек.

Жиынтық бағалаудың немесе оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.

Формативті бағалау үшін не қажет?

Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі;

Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек. Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты,бақыланатын,өлшемді мақсатқа жауап беру керек. 

Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;

Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек. Егер де бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды.Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады.Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп,нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп. [58б]

Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;

 «Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. Сондай - ақ түрлендіру, дамыту,толықтыру керек. Әртүрлі қалып пен мәтінде қарастыра білу керек.

Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі;

 Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек.

Оқушылардың өз жұмыстарын талдауға мүмкіндіктері мен біліктері

Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау және бірін бірі бағалау парақтарын ,өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.

Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы.Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.

Ол қосымшада «Оқушылардың өздерінің немесе біреудің жұмысын жай ғана бағалауға қарағанда, өзара бағалау және өзін-өзі бағалаудың мәні анағұрлым зор. Бұл үдерістің мақсаты олардың назарын өз жұмысының сапасына аудару және жақсартуға болатын жақтарын талдауға көмектесу болып табылады. Нәтижесінде бұл оқушыларды оқытуды дамытуда жауапкершіліктің жалғыз мұғалімге ғана жүктелмейтіндігін көруге мүмкіндік беріп, мұғалімнің жұмысын жеңілдетуі тиіс.

«Б.Блум таксономиясы» бойынша бағалау

Қазіргі мектеп практикасында американдық ғалым Б.Блум таксономиясын қолданылып жүр. Ол – білім және білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық және сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Танымдық салада оқу мақсаттары адамның білімді меңгеру және интеллектуалды білік, дағдыны игеру деңгейлерінде қарастырылады. Интеллектуалды білік және дағдыны қалыптастырумен байланысты мақсаттар: түсіну → қолдану→ талдау → жинақтау→ бағалау деп жіктеледі.

Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға,әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін - бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады», делінген.

Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.

Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді.Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру шкаласы бойынша есептеп көрсетуге болады.

Формативті бағалаудың дәстүрлі бағалау жүйесінің артықшылығына сын көзбен қарайтын болсақ:

Оқушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды;

Білімге деген ынтасын арттырады;

Баланың өзіне деген сенімділігі артып, жауапкершілікті сезінеді;

Оқушының өзін - өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес,кез келген өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады.

"5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады.

"4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.

"3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.

"2"бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:

Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек. Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі – жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.

Екінші себеп – білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.

Үшінші себеп – материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.

Төртінші себеп – пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімнің ашу-ызасын туғызып, түрлі дау-жанжалдарға себепші болады. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.

Бесінші себеп – оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қиын" балаларға еліктеуі.

Үлгермеудің басқа да себептері бар. Ең бастысы – үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің міндеті әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу. Баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп,сыныптағы беделін анықтайды.

Зерттеу нәтижелері. Сауалнаманың нәтижесі. Білім сапасының мониторингісі нәтиже.

Проблема бойынша жұмысқа талдау жасау(SWOT-анализ)

Күшті жағы:барлық жастағы балалардың зерттеу әрекетін қолдайтындар жарыстар , түрлі конкурстар болуы.

Әлсіз жағы:барлық баламен бірге жоба жазу, қатысуының тиімді жолдарын білмеушілік.

Мүмкіндіктер:мұғалімнің дарындылықты дамытудың тәжірибесінің қалыптасуы, жинақталуы, басқа оқушыларды тартуы.

Қауіп:бала бойындағы ерекшеліктерді уақытында қолға алмау, бала қажеттігін қанағаттандыра алмау.

          Қорыта келгенде білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын. Бағалау -одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет.

Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екіқұрамды : жиынтық және формативті болуы керек.

Жиынтық бағалаудың немесе оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.

Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әзірлеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ 2012 жыл.

2.Десятибалльная система оценки результатов учебной деятельность учащихся: Инструктивно –метод.Материалы /Под.ред. О.Е.Лисейчикова Мн:НИО, 2002.400с.

3.Педагогика. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М., Алматы-2004, 3-басылымы 4.Мануал «12 жылдық мектептегі бастауыш білімнің құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері», Ж.Ш.Адамова, Д.А.Сүртібаева, МББҚБА және ҚД институты,2007 5.Мануалға қосымшалар, Ж.Ш.Адамова, Қарағанды,2008

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: «Оқу сапасын жақсартуда формативті бағалаудың рөлі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 543 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.11.2015 4369
    • DOCX 72.5 кбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кунанбаева Кульзаим Муратбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19211
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе