Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Баяндама "Оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру"

Баяндама "Оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:


Оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру


Ата- бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған,шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз Ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек,адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу-тәрбие жұмысының негізгі мақсаты.Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз,оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам қалыптастыру керек.Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкараста күн күнге өзгеру үстінде Бұқаралық ақпарат және қарым –қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып,ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Тұлғаны жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкер -шілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттық сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез – құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жанадандыру айрықша міндетті іс.

Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі,есірткі қолданылуы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде.

Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқын -дауда В.А. Сухомлинский сөзімен айтқандай “қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мақтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік- құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез – құлықтарына қалыптастырады” деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.

Балалардың мінез - құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайыбоп есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман - жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары - ең алдымен өздерінің ата - аналары.

А.С. Макаренко сөзімен айтқандай, “Тәлім - тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан- жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысы жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.

Балалардың ата - аналары қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады. Осының бәрі ішімдіксіз өтпейді, дастарханға ішімдікті самсатып қояды. Ал, жастардың қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Өздерін ересектерше ұстайды, ересектерше әрекет жасауды қалайды. Ең қауіптісі сол - бала көргенін істеп, ішімдікке бой ұрады.

Ата-аналар және тағы басқа да ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде жан - жал, төбелес болғандықтан балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай жағдай болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері ішімдікпен әуес бола бастайды.

Екіншіден, отбасының ынтымағының бұзылуы да сол отбасындағы жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар оқуына, тура жолдан ауытқуына әсерін тигізеді.

Ондай балалар қоғамдық жұмыстарға да қатыспайды. Ешбір өнерге де қызықпайды. Бос уақыттарын қызықты өткізуді білмейді. Шындығында келгенде, бұлар қоғамдық өмірден тысқара қалған адамдар болып саналады. Демек, мұндай ата-аналар өз балаларын өнер-білімге, еңбекке баулуда мектепке көмек бере алмайды.

Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші кезекте қалыптасудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіліптікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты. Құқықтық тәрбие –сан қырлы,күрделі процесс,бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды.Соның ең бірінші сатысы-оқушы заңмен хабардар етіп оның жалпы білім деңгейін көтеру. Осыған орай мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай құқық негіздерін оқыту іске асуда. Мектебімізде әр айдың соңғы жұмасы «құқықтық білім беруді жетілдіру күні» болып белгіленген. Мектеп залдарына құқықтық тәрбиеге байланысты көрнекіліктер ілініп, сынып бөлмелерінде бұрыштар ұйымдастырылған, сенім жәшіктері дайындалып, оқушылардан құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуды жүзеге асыруға байланысты тест сауалнамалық сұрақтарға жауап алынып отырады.

1989 ж 20 қарашада Біріккен Ұлтар Ұйымы Бала құқықтары туралы конвенция қабылдады.Сол мезеттен 20 қараша күні бүкіл әлемде Бүкіләлемдік бала құқықтары күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай 20 қазан-20 қараша айларының аралығында «Бала құқығы-Адам құқығы» атты акция өткізілді.Акция барысында оқушылар өздерінің құқытары мен міндеттерімен жөнінде білімдерін көтерді.

Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1- сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Адамның құқықтары мен міндеттері жайында баяндалған 1-бапта “Менің Отаным - Қазақстан Републикасы. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы” деген жолдардан баста, 1995 жылы 30тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1995 жылы 5 қыркүйектен күшіне енген Ата Заңның – Конституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс - тұрысын, мінез - құлқын, адамдармен, жалпы тіршлік ету ортасымен қарым - қатынасын реттейді.

  Ол үшін мектебімізде «Заң және жасөспірім» атты айлықтыр шеңберінде «Мен және заң», «Жауапкершілік түрлері», «Заң бұзушылық неге алып соғуы мүмкін» тақырыптарда сынып сағаттары,дөңгелек үстел,пікірталас өткізіледі. Сонымен қатар ата-атаналар мен оқушылар үшін прокуратура қызметкерлерімен,құқық қорғау органдарынын қызметкерлерімен кездесулер өткізіледі.

Мектепте «Жас полицейлер» және «Жасөспірімдер» клубының жұмысы ұйымдастырылып өткізілуде.

Бүгінгі таңда статистикалық мәліметтер бойынша қылмыс жасаушылардың көп бөлігі мектеп жасындағы балалар мен жастар екендігі белгілі болып отыр.Қылмыстың жастар арасында көбею себебі неде?Ата-анасының баласына уақыт бөлмеу,отбасының тәрбиесінің нашарлығы. Оқушылар мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау үшін әрбір сынып жетекшісі,әрбір мұғалім,әрбір мектеп басшылары оқушыларды жақсы тануы керек. Мектеп психологтары оқушыларға жан-жақты психологиялық зерттеулер жасап,оның нәтижесінде мектебімізде әрбір қиын оқушының психологиялық мінездемесін анықтайтын педагогикалық карталары жасалған.

Құқық бұзушылыққа бейім балалардың бос уақытын тиімді өткізу, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу бағытына сәйкес мектептің іс-шаралар жоспары жасалып жұмыстар жүргізілуде.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров555
Номер материала ДВ-409625
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх