Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Баяндама ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҚ,ДЕРБЕСТІК ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТА ОТЫРЫП,ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСКЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

Баяндама ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҚ,ДЕРБЕСТІК ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТА ОТЫРЫП,ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСКЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ

библиотека
материалов

C:\Users\Школа\Desktop\мои документы\астана фото\DSC00680.JPG

ФАЗЫЛОВА ЖІБЕК ҮБЕНҚЫЗЫ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҚ,ДЕРБЕСТІК ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТА ОТЫРЫП,ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСКЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына құндылықтар,ұлттық рухани мұралар,адамгершілік пен ізгілік,елжандылық қалыптасқан,тәні мен жаны сұлу,өзіне –өзі сенімді,ғылыми теориялық білімділігімен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік,өмірлік және әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отырғаны баршамызға мәлім..Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік,білімділік,шығармашылық арқылы ғана жетуге болады.Сондықтан мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған балалардың жеке қабілетін бейімділігін анықтау және оны дамыту,соның негізінде олардың болашағына бағыт беру,кезек күттірмейтін білім беру үдерісіндегі мәселе болып қала бермек..Осы аталған мәселенің өзектілігі сонда,жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап,оған қолдау көрсету бүгінгі күннің басты жұмысы. Атақты Абай атамыз адамды қоршаған орта табиғатының бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы туылғаннан білуге,түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді.Бірақ бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта бастайды. Біреулер айналадағы құбылысқа , таңдана, тамашалай қарайды,ал біреулер оны сын көзбен қарап, ой қорытуы,сыни пікірлер айтуы мүмкін.Осы таңдана тамашалай қараған баладан шығармашылық қабілетті танып,оның өзіндік қабілет,бейімділіктерін ашу, мектеп қабырғасынан шығармашылыққа баулу ақыл- ойын дамыту мектеп мұғалімдеріне жүктеледі. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Оқыту үрдісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет.Олар–патриотизм,мен парасаттылық нормаларын,ұлтаралық келісім мен толеранттылық, мойынұсынушылық.Бұл құндылықтар,меншіктің қандай түріне жататындығына қарамастан барлық оқу орындарында сіңірілуі тиіс» деп көрсетсе,бұл істе ұрпақ жауапкершілігі тек мұғалімдерде деп сезінеуге болады.

Қазіргі білім беру, ғылым, өмір талабы , оқушы талғамы үнемі өсуде. Соған орай әр мұғалім шәкірт жүрегіне жол табарлық,пәніне қызықтырарлық ең тиімді әдістерді қолдануды іздейді, оқыту тәсілдерін жетілдіреді. Өйткені оқушыдан терең білімділікті , ұтымдылықты , ізденімпаздылықты талап ету үшін , мұғалімнің тәжірибесі де,білімі де маңызды болып отыр. Күнделікті сабақта оқушыға тапсырманы күрделендіріп беріп ,бағыт бағдар берілсе тапсырманы орындағанда шығармашылық ізденіске баулыса,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушы қабілетін,танымдық сұрақтар беру арқылы –оқушының ойлау қабілетін,теориялық тапсырмалар беру арқылы тақырыпты меңгеру қабілетін, салыстыру әдісімен салыстыра талдай білуге, тест әдісімен еске сақтау қабілетін дамытуға ,өз ойын жан-жақты толық дамытуға жол ашуға болады. . Мен биология пәнін оқытуда сабақта оқушыларың қызығушылығын арттыру бағытында сабақты түрлендіре өткізіп,өмірмен байланыстырып,қазіргі заман талабына сай қажетті білім алуына барынша жұмыстанамын.Өз іс-тәжірибемде Оқушының жеке қабілетін ашуда сабақта,үйірме жұмысында,факультативтік оқушылармен даралап жұмыс жасау кезінде шығармашылық қызығуы қалыптасқан оқушылар бойынан мынадай ерекшеліктерді байқап отырдым:

- Оқушының өзіндік ойлау ерекшеліктері басым,түрлі болжамдар жасауға қабілетті,қиялы ұшқыр, өзін танытуға құштар, шығармашылықпен айналысуға ұмтылып тұрады,өз білігін сынауға тырысады,ақыл –ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағытталып, кәсіптік бағдарға,өзінің кім,қандай маман болатынына бағыттала бастайды.

Сонымен қатар оқушының шығармашылық жеке қабілетін шыңдауда мұғалім оқушы шабытын ояту үшін,құлшындыру,еліктіру, «Бәрекелді, сен қабілеттісің!», «Бүгін сен кереметтсің!» деген сөздер арқылы балаға сенім білдіру,жетістігін бағалап,мадақтау, шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық таныту,қамқорлық жасау, қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беріп отыру да ауадай қажет екенін жоққа шығара алмаймын.

Оқушыны шығармашылыққа бейімдеуге,зерттеуге тәрбиелеу үшін оқушылардың ғылыми –тәжірибелік жұмыс жолын,зерттеуге алған тақырыбын таңдап, бағыт –бағдар беріп отыру керек.

Оқыту мен оқуда мұғалім мен оқушы арасындағы үздіксіз байланыс кезінде оқушы дарындылығын мынадай көрсеткіштермен байқауға болады: Оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін өздігінен жұмыстануы,- оқушының жеке қабілетін ашса, өзіне тапсырылған жұмысты орындау барысындағы қиындықты,қорқынышты жою жолындағы еңбек көрсеткіші арқылы- оқушы білімін деңгейін көрсетсе, әрбір істі нақты орындайтын,ақылы орамды,ойы кең,ұшқыр сана көрсеткіші арқылы -сана елгезектігін танытса,тынымсыз ізденгіш,ширақ,қиялға бай жан жақтылық көрсеткіші арқылы- өнер шеберлігін көрсетсе, әр жұмыстың қиындығына қарамай жан тәнімен атқарып жігерін шыңдау көрсеткіші арқылы- нағыз шыдамдылығын байқайсың.

Сонымен қатар, Салыстыру; Кесте,тірек сызба; Биосуреттермен жұмыс, шығармашылық эссе, есептер шығару,зертханалық жұмыстар,сарамандық жұмыстар, Білім, Тестпен жұмыс,Анықтамалармен жұмыс,Қосымша материалдармен жұмыс жасату арқылы осы тәсілдермен сабақ процесінде оқу материалын толық меңгертуге жол ашылады

Биологияны оқытуда өз тәжірибемде шығармашылықпен жұмыс жасауға мектептегі биология кабинеті толық «Биологияны зерттеу арқылы оқыту» жүйесімен жабдықталуының маңызы болды. Мұнда ғылыми тәжірибе –SPARKтм ғылымдарды оқыту жүйесі ,ғылыми тәжірибе Data Studio құрылғылармен жүргізіледі.Зерттеу әдісі оқытудағы басты үдеріс,зертеумен айналысқан оқушылар сұрақтар қойып,оның жауаптарының нұсқаларын ойластырады.Олар мәліметтер жинап,оларды қалай көрсету керектігін шешеді,мағұлмат алу үшін мәліметтерді біріктіреді.,алған білімдерінің дұрыстығын тексереді. Бұл тапсырмаларды орындатуда оқушылар сын тұрғысынан ойлау(сауатты сұрақтар құру,тәжірибелік стратегиялар жасау, ,бар қателерді тіркеу және табу,,жабдықтарды колибрлеу,жобалай білу,аналитикалық ойлау дағдысы дамытылады. Адам ағзасының «Терінің құрлысы қызметі ,маңызы» тақырыбын оқыған кезде оқушылар жүргізген зертханалық жұмыстарға өте тартымды өтті. Зертханалық жұмыстар алдында орындалатын тапсырмалар мен талқылаулар кезінде олар: 1.Тым суық немесе тым ыстық температура кезінде денедегі бірнеше физиологиялық өзгерістерді сипаттады 2.Оқушылардан оларға қай жерде тым суық немесе тым ыстық болғанын сұрап, себептерін талқылады.

[ЛюБоВь м0я]9724[ЛюБоВь м0я]9723Оқушылар SPARKтм жүйесімен жедел қабылдайтын температуралық дачик ,тері температурасы датчигі көмегімен дене температурасын реттеуге мәліметтер жинақтау үстінде

Жауаптар: терлеуден,тері түсінің өзгеруінен және тауықтың терісінің түсіне ұқсас өзгерістердің болуынан. Неліктен осы өзгерістер болды? 1.Қан терінің беткейіне жақын ағады,сондықтан жылу тез жоғалуы мүмкін.Әдетте бұл тамырлар үлкен болып көрінеді және тері күлгін немесе қызыл болады кеңею процесі ішкі органдардың қызып кетуінен сақтайды.Ал тарылу процесінен қанның ағысы тері беткейінің жанында төмендейді.Осылайша тері беткейіндегі жылу беру төмендеп және ішкі жылу сақталады.Неліктен тері сұр,көк болып көрінеді? Суық суда тұрған қолдың температурасы қаншалықты өзгереді,ауа лебі есіп тұрған қолдың температурасы көбірек өзгере ме? Мұны зерттеулер арқылы көріп, орындауға болады. Осы,зерттеу жұмыстарын жасату арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдадым және тест әдістері арқылы оқушылардың еске сақтау қабілеттерін арттыруға жұмыстандым. Мен өз тәжірибемде Джон Дьюй жобалық оқыту әдісін кеңінен пайдаланамын.Джон Дьюйдің жобалық оқыту әдісі оқыту үрдісінде өнімді оқыту идеясын жүзеге асыру құралы,онда оқушылар оқушылардың жеке қабілеті мен қасиеттерін,шығармашылық белсенділік іс - әрекетін қамтамасыз ету және өздігінен білімін жетілдіру көзделеді. Мен өз тәжірибемдегі негізгі ұстанымдарым: 1 Оқушының жеке қасиеті мен қабілетін жетілдіру,дамыту 2.Оқушының жеке қабілетіне орай шыармашылық белсенділік іс әрекетін қамтамасыз ету.3.Оқушы қажеттілігін қанағаттандыру. Бұл жобалық оқыту әдісін пайдалану тиімді,себебі сыныптағы сабақ жүйесінде оқушының дара ерекшеліктерін,шығармашылық қабілеттерін танымдық деңгейден эвристикалық деңгейге көтеруге мүмкіндік болмайды.Сол себептен де оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту үшін қосымша білім беру қажеттілігі туындайды.Бұл қажеттілікті сыныптан тыс оқыту жұмыстарында (факультатив, пәндік үйірме,өнер үйірмесі,техникалық шығармашылық секциясы және т.б) іске асыруға әбден болады.

Мектебіміздегі дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында құрылған оқушылардың «Зерде» ғылыми қоғамы осы тиімді әдісті қолданады. Жобалық оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің жолында бірқатар тәсілдер мен іс-қимылдар қолданады. Атап айтқанда : 1.Ғылыми таным меңгеру(талдау,салыстыру,тасымалдау,ой- негіздеу,жинақтау, ой-қорыту,бақылау, ғылыми талдау,ғылыми түсіндірме,т.б.)

2.Оқушының өзіндік іс-қимылдары (танымжорық,тәжірибе іс-қимыл,ғылыми әдебиеттер оқу,нормативтік құжаттармен танысу,талдау,қоғамдық өмірдегі құбылыстарды тану,бақылау,сөздіктермен жұмыс,эвристикалық әңгімелер,түрлі дарынды тұлғалармен кездесу,сұхбаттасу, эксперимент жүргізу)

3. Жобалық оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың ғылыми айналысуы үшін өзім жүргізген биология пәні үйірмесін «Жас эколог» деп алып, оқушыларды зерттеу жұмысына баули бастадым

Оқушы жұмысын бағалау кестесі

Оқушының аты жөні

Отарғалиева Райхан

Зерттеу тақырыбы

Жайық Каспий сулы сазды жерлердің құстары,оларды қорғау жолдары

Тақырыптың өзектілігі

Әлемдік маңызға құнды сулы сазды жерлерде қоныс аударған құстар мекендейтін орны ретінде кешенді сақтау,қорғау жолдары

Танымдық құндылығы

Жобада осы деңгейдегі экологиялық проблемаларды шешу

Эксперимент

Құстарды санау,есепке алу,Ақ Жайық Резерватымен бірлесе зерттеу ,саябақ, демалыс орындарын ашу,туристік база құру,құстарды қорғауға қатысу

Ой қорыту

Биотүрлерді қорғау сақтап қалу

Зерттеу шеберлігі

Дамбы Пешной аумағында орналасқан Жайық Каспий сулы сазды жерлерінде мекендейтін құстардың санын анықтау

Жұмыс құрылымы

Жұмыс екі жыл бойы практикалық тұрғыда күнделік жүргізе отырылып зерттелді

Баяндау тілі

Қазақша,нақты деректермен

қорытынды

Жұмыс нәтижесі қортындыланды

Осындай зерттеуге бағытталған тапсырмаларды орындау барысында нәтижелі жұмыстардың мазмұнды көрсеткіштері өз деңгейінде көріне бастады. 2005 жылы 8 сынып оқушысы Өтеухарова Мерейлі «Жергілікті жердің бақша дақылдарын егудің оларды өсіру технологиясы мен өсімдікті қорғаудың халықтық шараларын пайдалану мәселелері»тақырыбымен қалалық ғылыми жоба сайысынан, 1 дәрежелі,облыстық ғылыми жоба сайысынан 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

2006 жылы 7 сынып оқушысы Отарғалиева Райхан «Атырау облысының экологиялық проблемалары»тақырыбымен қатысып қалалық жүлделі 2 орынды, облыстық 3 орынды иемденді.

2007 жылы 8 сынып оқушысы Есенғалиева Аида «Атырау облысы бекіре тұқымдас балықтар қоры,оны ұтымды пайдалану және жергілікті жағдайда бейімделген бекіре шабақтарын өсіру мен биологиялық негіздерін жасау» тақырыбымен, жұмысты зерттей отырып, қалалық сайыстан 2 дәрежелі дипломммен,облыстық ғылыми жоба сайысынан 3 дәрежелі дипломмен марапатталды

2008 жылы 8 сынып оқушысы Отарғалиева Райхан «Жайық –Каспий сулы батпақты жерлеріндегі құстарды қорғау жолдары» тақырыбымен қалалық ғылыми жоба сайысынан 2 орынды, облыстық ғылыми жоба сайысынан 2 дәрежелі дипломмен марапатталды,

2009 жылы 9 сынып оқушысы Ахмет Исмағұл «Жергілікті жерде қой өсірудің тиімді әдістері» тақырыбында қалалық ғылыми жоба сайысынан жүлделі 3 орынды иемденді

2010 жылы 10 сынып оқушысы Төлеуғалиев Аманат өзімнің жетекшілігіммен «Жасыл желек» жобасы бойынша Республикалық Семейде өткен «Гүлдене бер туған өлкем» тақырыбында мектептің жасыл желек жобалық макетін әзірлеп құруда мазмұнды жоба қүрғаны үшін жүлделі 1 орынды жеңіп алды.

2012 жылы 9 сынып оқушысы Нұрмағанбетова Айдана «Жайық Каспий сулы-сазды жерлердің өсімдіктері және оның шаруашылық жағынан маңызды» түрлері тақырыбымен жұмысын қорғап, жүлделі 3 орынды иемденді. Қазір Қазақ политехникалық институтында мұнай-газ химия факультетінде оқиды. Ал өзімнің осы жобалық жұмысымнан түйгенім,қазір осы жұмыспен айналысқан оқушыларым Астанада Евразиялық Университте,Алматыда жоғары оқу орындарында бірі эколог,бірі зоолог,бірі агрономия саласында мамандық алып жатыр. .Егер оқушы осы мамандықты өзі ұнатып таңдаса, оның жақсы маман болатынына, Елбасы Н.Назарбаев халыққа жолдауында көрсеткендей ізгілігімен XXI ғасырды құрушы,іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны болып қалыптасатытына» сенімім бар.





Автор
Дата добавления 05.12.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров428
Номер материала ДВ-229111
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх