Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Баяндама "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда сындарлы оқытудың маңыздылығы мен нәтижесі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

Баяндама "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда сындарлы оқытудың маңыздылығы мен нәтижесі"

библиотека
материалов

Умыткуль Советхановна Мусралинова

Өскемен қаласы әкімдігінң

"Ахмер орта мектебі» КММ

Тарих пәні мұғалімі


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА

СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН НӘТИЖЕСІ


Аннотация


Аталған мақалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын сындарлы оқыту теориясы негізінде дамыту əдістері сөз етілген. Балалардың мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-əрекеттердің əр түрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен əлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайтын əлемдік зерттеулерге байланысты өзекті мəселелер қарастырылған.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA, TIMSS жəне PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нəтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген. Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бəсекелестігін арттыру, білім, білік, дағдыларын өмірде қолдана білетін, шығармашылыққа, өзгермелі заман жағдайында өзіндік шешім қабылдай алатын əлеуметтік құзыретті тұлға қалыптастыру мақсаты анық белгіленген. «Функционалдық сауаттылық» дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық адами қызметінде әртүрлі шеңберде өмір тапсырмаларын максималды диапазонының шешімі үшін үнемі пайда болатын білім, оқу және дағды өміріндегі қабілеттілікті пайдалануды, араласу және әлеуметтік қарым- қатынасты қарастырады. Тұлғаның функционалдық сауаттылығының негізгі белгілері: бұл ұқыпты, адамдар арасында өмір сүре алатын, негізгі сапасы, кілттік компетенциялары бар адам. Әрбір білім беру аймағы функционалдық сауаттылықтың барлық түрлерінің дамуына қатысады (оқу мен жазу да сауаттылық, жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық, математикалық сауаттылық, компьютерлік сауаттылық, отбасы өміріндегі мәселелік сауаттылық, денсаулық мәселесіндегі сауаттылық, заңды сауаттылық).

Əлемдік білім беру жүйесіндегі көшбасшы елдер тəжірибесі бойынша мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері айқындалған, олар: білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); оқыту нысандары мен əдістері; білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі; мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары; мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

барлық мүдделі тараптармен əріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы; ата-аналардың балаларды оқыту мен тəрбиелеу үдерісіндегі белсенді рөлі [1, 2-б.].

Осы орайда мектеп мұғалімдерінің оқыту əдістері мен қазіргі заман талабына сай интерактивті, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, сынып ұжымын жаппай оқыту нысанынан əрбір білім алушының жеке білім беру аймағын іске асыру ерекше мəнге ие болып отырғандығына көзіміз жетеді.

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің деңгейлік біліктілігін арттыру курстары мектеп мұғалімдерінің аталған технологияларды игеріп, қоғам сұранысына сай білім беруге, заман талабы негізінде нəтижелі еңбек етуіне бағдар беріп, өзіндік ой- тəжірибесімен байланыстыра отырып жаңаны меңгеруге ықпал етеді. Мұғалімдер қауымының білім берудегі Кембридж тəсілінің, яғни сындарлы теориялық оқытудың мəн- мақсатын жəне негізгі идеяларымен танысуы, оқытудың тиімділігін арттыру əдістерін ой елегінен өткізуі, оқытуды балаға жайлы, жағымды ахуалда жүргізуі жəне оқушының өз

пікірін еркін жеткізе білуі – еліміздің жас өркенінің білім сапасын арттыруға апарар жол болып табылады.

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пəнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету [2, 5-б.]. Міне осы тұста біз сындарлы оқыту теориясы мен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мəселелерінің өзара байланысы мен өзектілігін айқындаймыз.

Американ психологі Б.Блумның таксономиясы бойынша осы деңгейлерге тапсырмалар беру арқылы оқушылардың мəтінмен жұмыс жүргізуде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейлеріне сай əрекет етуін тиімді ұйымдастыру пəн мұғалімінің жұмысының нəтижесіне ықпал етеді. Мəтінді түсіну деңгейлері бойынша жалпы түсіну, ақпаратты табу, мəтінді интерпретациялау мен интеграциялау, мəтін мазмұнына байланысты рефлексия, мəтіннің берілу үлгісіне байланысты рефлексия жүргізу барысында өз тəжірибемізде сындарлы оқу теориясы негізінде жұмыс ұйымдастыру, оқытудың белсенді стратегияларын қолдану тиімділігіне көз жеткіздік.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда мəтінмен қоса тест сұрақтарын да тиімді қолдануға болады. Тест үлгісіндегі тапсырмалар арқылы оқушының меңгерген білім де деңгейін бақылаумен ғана шектелмей, жеке тұлғаның дамуына да жағдай жасауға болады [3, 50-б.]. Тест түріндегі тапсырмалар сан алуан болуы мүмкін. Тапсырмаларды ашық түрдегі жəне жабық түрдегі тест сұрақтары деп екі топқа жіктеуге болады. Жабық түрдегі тест сұрақтарында оқушы бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдайды. Ал ашық үлгідегі тест сұрағында бала қысқа немесе толық жауапты өзі жазады.

Жауаптар арасындағы сəйкестікті табуға арналған тест сұрақтары жəне сұраққа байланысты жауаптардың берілу жүйесін түзуге бағытталған тапсырмаларды ұсыну оқушының дайын жауап арасынан дұрысын оңай-ақ таңдай қоюдан гөрі ойлануға, тапсырманы сыни тұрғыда қабылдап, өзіндік шешімін табуға жетелейді. Жабық үлгідегі бірнеше жауапты сұрақ үлгілері:

1. XI-XII.ғ. жататын “қоржын үй”табылған қала

А) Сығанақ

В) Ақбешім

С) Құйрықтөбе

D) Тараз

Е) Отырар

2. X ғасырға жататын шыны ыдыстар табылған қала

А) Сығанақ

В) Суяб

С) Испиджап

D) Иасы

Е) Құйрықтөбе

3.1217-1218жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш қай қалада теңге соқтырды

А) Отырар

В) Тараз

С) Суяб

D) Иасы

Е) Шаш

4. Терракота кеңінен қолданылған ғасырлар

А) VIII-IX.ғ

B) IX-X.ғ

C) X-XI.ғ

D) XI-XII.ғ

E)XIII-XV.ғ

5. 1837-1847 жылдары болған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы

А) М.Өтемісұлы

В) С.Датұлы

С) К.Қасымұлы

D) Ж.Нұрмұхамедұлы

Е) Ж.Тіленшіұлы

6. 1836 жылы Кенесарының ағасы Саржан өлтіруге бұйрық берген хан:

А) Қоқан ханы

В) Бұқар әмірі

С) Хиуа ханы

D) Ташкент билеушісі

Е) Ноғай ханы

7. Кенесары Қасымұлының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен

А) ағасы Саржан

В) әкесі Қасым

С) ағасы Есенкелді

D) С.Датұлы

Е) Ж.Тіленшіұлы

8. Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім» өленің жазды:

A) 1941жылы.

B) 1937жылы.

C) 1927жылы.

D) 1924жылы.

E) 1918жылы.

Сəйкестендіру түріндегі тапсырма үлгісі:

1. Салықтардың анықтамасы бойынша сәйкестендір

А)Баж

Жер салығы (жердің көлеміне қарай)

В) икта

Өңделетін жерге салынатын салық

С) қалан

Жерге жеке иелікті көрсетеді

Д) тағар

Әскери салық

2. Адам типтері бойынша

А) Австралопитек Франциядан табылған

В) Питекантроп Ява аралынан табылды

С) Неандерталь Африка мен Оңтүстік-шығыс Азияда табылды

Д) Кроманьон Германиядан табылды

Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығы дағдыларын дамытуда сындарлы оқыту жүйесіндегі қалыптастырушы бағалау əдістері де оң нəтиже береді. Сабақ барысында мұғалімнің қойған бағасынан гөрі оқушының өз жұмысына сыни тұрғыда қарап, өзін-өзі бағалауы немесе сыныптастарының берген бағасының балаға оң ықпалы болатындығын, өзіндік, өзара жəне мұғалім бағасы сабақ қорытындысында салыстырылып, сараланып отырса, бағаның объективтілігі артатындығын, бағаның əділдігіне оқушының өзінің, тіпті ата-анасының да еш күмəнінің болмайтындығын ұғындық.

Бағалау парағы

Кезеңдер

Қойылған баға (топтағы оқушылар)







Картамен жұмыс істеуі







Даталармен жұмыс







Мәтінмен жұмыс істеуде дұрыстығы







Сұрақтарға берілген жауаптардың нақтылығы және дәлелділігі







Cұрақтар қою







Тақырыптағы терминдер







Оқушылар бағалаудың осы түрінде өзінің білім алу əрекетіне белсене қатысады. Мұғалім мен оқушының арасында жедел кері байланыстың болмауы оқушылардың оқуға деген ынтасына кері əсер ететініндігі анық. Баға арқылы мұғалім оқушының оқуға деген ынтасы мен өзіндік бағасын төмендете алуы мүмкін екендігін жадынан шығармауы тиісті. Сондықтан əр мұғалім шəкіртінің өзін-өзі бағалау жəне өз жұмысы нəтижелерін жақсарту əдістеріне ұмтылдырып, дамуына үлесін қосады. Оқыту үдерісінде тиімді жұмыс моделі төмендегідей: жоспарлау – оқыту – бағалау –жоспарлау. Бағалау тың жоспарларға, жаңаша ізденістерге жетелейді, өйткені мұғалім оқушылардың білім нəтижесіндегі өзгерістерге байланысты оқыту əдістері мен технологияларына сыни тұрғыда қарап, жаңартып отырады. Əр оқушының жеке тұлға ретінде дамуына, мектепте алған білімін өмірде кез келген жағдайда қолдана білетіндей құзыретті түлек ретінде қалыптасуына ұстаздық жауапкершілігін сезінген мұғалім жан-жақты, үздіксіз, кешенді жұмыс жүргізсе ғана білім сапасы анық болатындығы сөзсіз. Бұл мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындаудағы үш маңызды мəселеге тіреледі. Олар:

Өз қызметтері аясында, оқу үдерісі мен өз оқушыларын дамыту үдерісінде сарапшы болу үшін құзыретті мұғалімдерге қандай білім түрлері қажет болады?

Мұғалімдерге əр түрлі оқушылар үшін тиімді оқу тəжірибесін ұсыну, оқушылардың идеялары туралы кері байланысты қамтамасыз ету, өзінің мұғалімдік тəжірибесін сыни бағалау жəне оны жақсарту үшін қандай дағдылар қажет?

Əр баланың жеке тұлға есебінде де, кəсіби ұжым мүшесі ретінде де табысқа жетуіне, өз білімі мен дағдыларын дамытуды жалғастыруына көмектесу үшін мұғалімдерге қандай кəсіби міндеттердің шешімін табуы қажет?

Өз тəжірибемізде Л.С.Выготскийдің «Білім беру үрдісінің негізін білім алушының жеке іс-əрекеті құрауы қажет, оқытушы осы іс-əрекетті дұрыс бағыттап, реттеп отыруы қажет» деген пікіріне сай болатыны жөнінде шешімге келдік [3, 174-б]. Тарих сабағында тарихи деректерді пайдалану өзара бір-бірімен байланысты бірнеше міндеттерді шешуге: толық əрі терең білім беру, білімді нақтылау, теориялық идеялардың дəйектілігін қамтамасыз ету, оқушылардың сыни ойлауын дамыту, дербес қорытындылар жасау, оқушылардың өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, танымдық мүмкіндіктерін қалыптастыруға, жеке тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Əрине, тарих сабағында тарихи деректермен жұмысты дұрыс əрі тиімді ұйымдастыру мұғалімнің тарихи дерекпен жұмыс жасау білігі мен тəжірибесіне байланысты, мұнда мұғалімнен деректану ғылымы бойынша дайындығы талап етіледі. Тарих пəнінде қолданылатын деректерді пайда болу тегіне, сыртқы ерекшелiктерiне карай үлкен типтiк топтар, оның iшiнде шағын топтарға

бөлуге болады:

  • заттай деректер — археологиялык ескерткiштерден бастап казiргi машиналар мен техникаға дейiн;

  • көркем сурет деректері — сурет өнерінің, жалпы өнер саласының барлық туындылары;

  • сөздiк деректер — күнделiктi сөйлеу мəнерiнен бастап халықтың ауызша

шығармашылық ескерткiштерi толығымен;

  • жазба деректер — этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы сан алуан болып келетiн жазба ескерткiштерiнiң бəрi;

  • дыбысты деректер – сөзсiз немесе сөзбен бiрге орындалатын (саз, əуен, əн т.б.);

  • салттық деректер — тұрмыста, мiнез-құлықта қалыптасқан дəстүрлер, əдет-ғұрыптар

Оқушылардың құжаттармен жұмыс жасауы олардың жас ерекшелігі жəне танымдық мүмкіндіктері, сондай-ақ танымдық деңгейіне байланысты күрделеніп отырады. 7-8 сыныптарда тарихи деректер тек сипаттаушы мақсатта ғана қолданбай, сыни талдау жүргізілгендігі жөн. Бұл сыныптарда оқушылар: терең сараптамалық құжаттарға сұрақ құрастыру, берілген жоспар бойынша деректі талдау, құжатты тарихи кезең мен тарихи оқиғалар контексінде талдау, құжатты өз пікірлерін дəлелдеу үшін пайдалану, бір немесе бірнеше тарихи құжаттардан қажетті ақпараттарды іздестіру. Жоғары сыныптарда оқушылар оқу мақсатын өз бетімен орындау үшін бірнеше деректен керекті материалды таңдай білу, тарихи құжатты басқа тарихи деректермен салыстыру, бір оқиғаға түрлі көзқарас білдіретін тарихи құжаттарды салыстыру, тарихи құжатта сипатталған оқиғалар мен фактілердің себеп- салдарлық байланыстарын ажырата білу, бірнеше тарихи құжатты талдау, сұрыптау нəтижесінде алынған ақпараттарды еркін қолдана білуі қажет [3, 13 б.].

Оқушылардың тарихи деректермен жұмыстануының үш деңгейін бөліп қарастыруға болады: Бейнелеп-сипаттау деңгейінде мен оқушыларға деректен негізгі ұғымдарды, анықтамаларды, қорытындыларды жазып алуға, сұрақтарға жауап беруге, топтық талдау барысында кестелер мен сызбаларды толтыруға, дерек мазмұны бойынша жоспар құрастыруға тапсырмалар беремін. Жаңғырту деңгейінде оқушылар деректерді талдап, басқа да теориялық материалдармен, басқа дерек көздеріндегі идеялармен синтез жасау, өз бетімен сұрыптау, фактілер менидеяларды топтастыру, толық жоспарлар, тезистер, мəтіндер, кестелер мен сызбалар құрастыру, т.б. бағыттағы тапсырмалар беріледі. Шығармашылық ізденіс деңгейінде бірнеше құжаттағы көзқарастар мен идеяларды салыстырып, ұғынуды қажет ететін шығармашылық, проблемалық, танымдық тапсырмалар беріледі.Мысалы,салыстырмалы кестелер мен логикалық тізбек құрастыру, пікір-таластарда өз пікірін дəлелдеп, дəйектеу, талқылау үшін құжаттың теориялық мазмұнын пайдалану, өз бетімен қажетті материалдарды іздеп тауып, зерттеу, талдау, рецензиялау, эссе жазу, т.б.

Тарихи құжаттарды қарапайым талдау сатыларын былайша қарастыруға болады:

1. Құжатты «паспорттау»: қашан жəне қайда пайда болды? Авторы кім? Құжаттың түрі?

2. Тарихи – логикалық талдау: тарихи деректе не туралы жазылған?

3. Аксиологиялық талдау: құжат мазмұнында қандай құндылықтар бар?

4. Сыни талдау: ақпарат шындыққа сай келе ме? Құжат мазмұнына сенуге бола ма?

5. Праксиологиялық талдау: тарихты зерттеуде бұл құжатты қалай қолдануға болады?

Оның қандай пайдасы бар?

Тарихи деректермен жұмыс тəсілдері:

- Оқу жəне жалпы талдау;

- Негізгі ұғымдар жазу, мазмұндау, басты идеясын анықтау;

- Құжатқа түсінік (комментарий) беру;

- Топпен талқылау;

- Құжатқа сұрақтар құрастыру;

- Фактілік жəне теориялық материалды зерттеліп жатқан қоғамдық құбылыстарды

нақтылау мақсатында пайдалану, сілтеме жасау;

- Автордың дəлелдемесін талдау;

- Бірнеше деректі салыстыра отырып, мəселені шешудің түрлі жолдарын табу;

- Талдап жинақталған қорытындылар жасау.

Білім беру үдерісі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, оқушының интеллектуалдық-танымдық, шығармашылық іскерлік сапаларын, коммуникативтілігін, əлеуметтенуге бейімділігін, рухани-адамгершілік мəдениетін қалыптастыру. Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырады. Сондықтан қазіргі кезде білім берудің негізгі объектісі тек білім, яғни оқу материалы ғана деп қаралмайды.


Библиограммалық сілтемелер

1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы. Астана: Əділет, 2012.

2. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Астана, 2012.

3. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімнің шығармашылық əлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория жəне тəжірибе. Aлматы, 2005.

4. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Оқыту әдістемесі. Алматы, 2010.


Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров293
Номер материала ДВ-397706
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх