Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБаяндама: "Оқушылардың логикалық (қисынды) ой-өрістерін дамыту жолдары"

Баяндама: "Оқушылардың логикалық (қисынды) ой-өрістерін дамыту жолдары"

Скачать материал

Бастауыш сынып баланың логикалық (қисынды) ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады.

Ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың жетілген бейнелі формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логикалық табалдырыққа жеткізеді. Баланы логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.

Бала ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игеруімен бірге есте сақтау, ойлау, елестету, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Баланың дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез-құлық нормаларын игеруі, білім, білік, дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау құралы болып табылады. Өйткені солардың негізінде логикалық ойлау, ұғым қалыптасады.

5 жасында бала көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі бейнелі ойлауға ауысады. Және 6 жасқа қарай Ауызша-логикалық ойлауға үйренуі керек. Баланың көрнекі-әрекеттік ойлауы заттармен нақты әрекеті арқылы жүзеге асады. Ол түрлі заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасау барысында білім және тәжірибе жинақтайды. Көрнекі-бейнелі ойлау мен оған ықпал ететін көрнекі-схемалық ойлаудың мәні одан туындаған жағдайларды шешу үшін бала заттардың өзіне емес, олардың бейнесіне сүйенуі арқылы бейнеленеді. Ол құбылыстар мен заттардың жеке қасиеттерін ғана емес, неғұрлым маңызды байланыстарды, олардың арасындағы қатынастарды анықтап, схема бойынша жұмыс жасай (конструктормен жұмыс) біледі, заттарды әр түрлі кеңістікте елестете алады, оларды ойша орындарынан ауыстыра алады.

Логикалық тапсырмалардың мазмұны қоршаған орта, қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар, адамның әлемдегі орны, табиғат пен оның құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар, математикалық ұғымдар, сөздік қорын дамыту туралы білімдерді қамтиды.

Оларды орындау барысында заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп-салдарды, кеңістік, көлем, өлшем сияқты түсініктерді игереді.

Сөздерді еркін қолдануды, өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылықтарды анықтауды, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлануды үйренеді. Сөздік қоры, тіл байлығы артады, сюжеттік әңгімелер құру қабілеті дамиды.

Бастауыш сынып оқушылырының ойлауын дамытуда екі негізгі саты болады.

1. (1-2-сыныптағы оқытуларға тура келеді) олардың ойлау әрекеті көбіне әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Оқу материалдарын талдау бұл жерде көрнекі әсер ету жоспарында басым болады. Мұнда балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларымен бейнелеулерге сүйенеді. (Мұндай талдауды кейде тәжірибелік әсері немесе сезімдік деп атайды)

2. Өзгерістермен байланысты 1-2- сыныпта-ақ мұғалім балаларға игерілетін мәліметтердің жекелеген элементтері арасындағы болатын байланыстардыкөрсету үшін ерекше қам жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланыстар немесе ұғымдар арасындағы қатынасты көрсету талап ететін тапсырмалар көлемі ұлғая береді.

Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей, жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауға тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру ( тапқырлық пен зеректік) логикалық ойлауды қажет ететін мысалдар құрастырту, есептер шығарту, шығармалар жаздырту-баланың логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолы.

Баланы оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі-бұл көп жылдар бойы көптеген ғалым-психологтардың, педагогтардың, практик-мұғалімдердің пікірталас тудырып келген және күні-бүгінге дейін күн тәртібінен түспей жүрген мәселесі.

Оқушылардың логикалық ой-өрістерінің дамуы негізгі 3 факторға сай жүзеге асады:

1) биологиялық фактор

2) әлеуметтік және қоршаған орта

3) оқу-тәрбие үрдісі

Ғалымдардың пікірінше, оқу-тәрбие үрдісінің рөлі зор. Туғаннан дені сау баланың белгілі дәрежеде дамитыны сөзсіз. Алайда әрбір баланың педагогикалық-психологиялық тұрғыдан даму ерекшеліктерін ескерсек, барлық баланың бірдей дәрежеде дамуы мүмкін емес.

Көптеген ғалым-педагогтар мен практик-мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, оқу тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде рөлді ең алдымен оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділіг атқарады.

Себебі сабақ қаншалықты сапалы болсын, мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.

А.Байтұрсыновтың пікірінше: «Бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің міндеті-балаға орындалатын жұмыстың түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.»

Өз бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз логикалық тапсырмаларды шешуге баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін жұмыс түрлеріне мыналарды жатқызамыз:

1) логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар (Құрастырмалы ойндар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма, т.б.)

2) берілген тапсырмаларды түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтін мазмұнын өңдеу, кері есеп құру, т.б.)

3) өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма, т.б.)

Мұнда басты назар аударылатын мәселе-оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл, логикалық ойы дамыған жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. 

Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген ынтасын, белсенділігін, ойлау қабілеттерін арттыру үшін сабақты қызықты, тартымды, қазіргі өмірдің талабына сай етіп өткізу үшін үнемі іздену қажет.

Көрнекілікті тиімді пайдаланып, баланың ойлауына әсер ететін сөйлем құрап, толық жауап беруді қадағалау керек. Сабақтың тартымды болуы оқушыларды жалықтырмайды дей келе 2-сыныпта өткізген «Зат есімнің жекеше, көпше түрлері» тақырыбындағы кіріктірілген ертегілер елінде сабағындағы қолданған логикалық ойды дамытатын тапсырмаларыма тоқталып өтейін.

Тақырыбы: «Жекеше және көпше зат есім»

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың зат есім, оның ішінде жекеше және көпше түрі туралы алған білімдерін пысықтау, зат есімнің басқа да түрлері туралы, сөз таптары туралы алған білімдерін жалпылау, қамту, тиянақтау;

                  2. Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, табиғат-ананы, ондағы өсімдіктер дүниесі, құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдерін ояту;

                  3. Дамытушылық: Қазақ тілінің байлығы арқылы оқушылардың тілдерін дамыту, сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорларын молайту, ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Сабақтың типі: Жалпылау және қорытындылау сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, экологиялық-ертегі сабақ.

Сабақтағы көрнекі құралдар: Табиғат көрінісі бейнеленген тақырыптық мазмұнды сурет; жасалған құстардың суреттері; жеке оқушылармен жұмыс істеуге арналған үлестірмелер; Ы.Алтынсарин, Н.Айтов портреттері; тыйым сөздер;

Сабақтағы техникалық құралдар: Үнтаспаға жазылған «Ақ көгершін» әні

Сабақтың өтілу барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

- Қазір қай мезгіл?

- Бір күннен соң көктем мезгілі келеді. Табиғат құлпырып, құстар оралатын шақ жақындады. Оларға қамқорлық жасауға ат салысыңдар!

«Бір тал кессең, он тал ек»

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ»-дегендерді есте сақтаңдар.

Бүгінгі күн ауа-райы қандай тамаша! Бір-бірімізге қандай тілек тілейміз?

ІІ Білімді жан-жақты тексеру кезеңі

-       Балалар, біз бүгін қазақ тілі пәні бойынша дәстүрлі емес, экологиялық ертегі сабақ өтеміз. Сөз таптары, зат есім, түрлері  туралы өтілген білімді қайталаймыз. Сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?

-       Олай болса , мені жақсылап тыңдаңдар. Ертегіде жануарлар да, құстар да, ағаштар да, айналадағы қоршаған табиғаттың бәрі де сөйлеп кетеді. Ертегі кейіпкерлерімен бірге бүгін біз де сөйлесеміз, пікірлесеміз, бір-бірімізге көмектесеміз. Олай болса ертегімізді бастайық:

-       Ерте-ерте-ертеде жапан түзде жалғыз емен өмір сүріпті. 20 жасында ер жетіп, 30-ында бұғанасы бекіп, 40-ында кемеліне келіпті де, 50-ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп оның әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?

-       Ух, жаным-ай, жаным-ай! Енді не қыламын? Құрт ауруына шалдықтым. Тесіп жеп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды, жәрдем ете көріңдер-деп, емен күні-түні зарлайды. Оның дауысын бір күні Ақ көгершін ұшып келеді.

-       Емен ата, ауруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін,-деп ұша жөнеледі.

-       Балалар, көгершінмен бірге Еменнің ауруын емдейтін дәрігер іздеп жолға шығайық. Ол үшін мына тапсырманы орындап жіберейік.

1- тапсырма: Тірек сызба бойынша әр оқушы өз алдарындағы парақшаларға тиісті сөздер тауып жазады.

 

 

 

 

 


                                                                                                                            

-       Біз еменді емдейтін дәрігер іздеп келеміз, алғашқы                          

    тапсырманы орындадық. Енді көгершінмен бірге аттанайық.         

    Көгершін ұшып келе жатып бір төбенің басында отырған 

    сауысқанды көреді де, оған келіп болған жайды баяндайды.

    «Еменге жақсылық жасай көр,»-деп өтінеді. Сауысқан:

-       Әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ,- дейді.

-       Сауысқанның уақыты жоқ болса, онда біз көмектесейік.

2- тапсырма: 330-жаттығу

 Зат есімдерді тауып тиісті ұяға салайық:

Трапеция: Жекеше Трапеция: Көпше Трапеция: Жалпы Трапеция: Жалқы
 

 


 

 

 

 

-  Ақ көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың маңына жақындағанда қырғауылды кездестіреді. Оған да мән-жайды хабарлайды. Ол да көгершіннің ұсынысына көмектесе алмайтынын айтты. Ол үшін біз көмектесейік.

3- тапсырма: 333-жаттығу. Әңгімені оқытып, мазмұнын айтқызу. Зат есімнің жекеше түрін бір бөлек, көпше түрін бір бөлек теріп жаздырту:

                 Жекеше                                              Көпше

                    емен                                               бұтақтары

                    ағаш                                               жапырақтары

                    діңі                                                 жаңғақтары

                    қабығы

                    еменнің

                    малға

                    жем

-       Көгершін одан әрі ұшып кетеді. Қалың тоғайдың ішінен құйқылжыта ән салған бұлбұлдың үнін естиді. Ол оған да Еменді емде дегенді айтады.

-       Кешір, Көгершін! Маған ренжіме менің өз кәсібім бар ғой. Менің әнімді аңдарда, құстар да, адамдар да жақсы көреді. Мен үшін адамдардан көмек сұра,-дейді. Қане, бұлбұл үшін біз көмектесейік.

4- тапсырма: 331-жаттығу. Мәтіннің екінші бөлігін көшіртіп, зат есімдерге талдау жасату. Ағаштың пайдасы туралы әңгімелеу.

                  жекеше                                     көпше

  Қазақ халқында үрлемелі музыка  аспаптары көп. Олар:

   жекеше            жекеше   жекеше   жекеше              жекеше             

сыбызғы, саз сырнай, үскірік, керней, қамыс сырнай, мүйіз

жекеше    

сырнай.

-       Көгершін әрі қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген аққуға келеді. Оған да Еменді емдеуін өтінеді. Сонда Аққу:

-       Мен қасиетті де киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келеді, ақыл-кеңес сұрайды, мен саған да ақыл айтайын. Сен осы тоғайда үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар көп, солардың бірін тап та өтініп көр. Мүмкін солардың біреуі көмектесер, - дейді.

5- тапсырма: 329-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқытып, көпше түрдегі зат есімді тауып, сұрақ қойдырту.

Айдын көлді сағынып,

                                             нелер?

Қаздар қанат қақты бір.

Ақ бантигін тағынып,

                                                       нелер?

Алма ағаштар атты гүл.

-       Көгершін аққудың ақылын тыңдап, ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс көгершіннің тілегін орындап, соныменбірге Еменнің қасына келіп, оның құрт ауруын жазған екен.

Проблемалық сұрақ:

-       Ол қандай құс деп ойлайсыңдар?

-       Олай болса бүгінгі ертегімізге қандай тақырып қоюға болады?

-       «Тоқылдақ-орман дәрігері»

-       Содан бері әлгі Емен жайқалып өсіп, тұқымы кеңге тараған екен. Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан, шіруден сақтайды екен. Ал, жасыл өсімдіктерді, ағаштарды күтсек, біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білесіңдер.

ІІІ Қорытынды

           Тыйым сөздер айту:

1. Аққуды атпа.

2. Құс ұясын бұзба,

    Құмырсқа илеуін бұзба.

3. Көк шөпті жұлма.

4. Жалғыз ағашты шаппа.

          Үнтаспадан «Ақ көгершін» әнін тыңдау.

ІҮ Үйге: 332-жаттығу.

Ү  Оқушылардың білімдерін бағалау

Бастауыш сынып оқушылары не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолмен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді, сөйтіп, барлық зейіні соған аударылады. Алайда бұл аталған қасиеттер өзінен-өзі қалыптаспайды. Шаршамай, талмай ыждағаттылықпен жүйелі жүргізетін жұмыстарға, оның мазмұны мен түрлеріне байланысты. Осы орайда өз іс-тәжірибемде әр пәннен қолданған логикалық тапсырмалар жинақталып тақырыптар бойынша сақталады. Олар оқулықтағы тапсырмалардан өзгеше, қызықтырақ деп ойлаймын, әрі олар оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға жетелейтініне сенім білдіремін дей келе олардың шығармашылық жұмыстарынан мысалдар көрсетемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнелік ойлау

(5 жасқа дейін

көрнекі-бейнелі ойлау)

 

 

Логикалық ойлау

(6 жасқа қарай ауызша-логикалық ойлау)

 

 

 

-ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге;

-ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді

-танымдық, шығармашылық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игеруге;

-есте сақтау, ойлау, елестету қабілеттерінің артуына

-заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауы;

-кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауы;

-уақыт қатынасын, себеп-салдарды,кеңістік, өлшем, көлем сияқты түсініктерді игерулеріне мүмкіндік туады;

-сөздерді еркін қолдануды, өз пікірін айтуды,оны негіздеуді, қарапайым заңдылықтарды анықтауды, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлануды үйренеді;

-сөздік қоры, тіл байлығы артады, сюжеттік әңгімелер құру қабілеті дамиды;

 

 

 

Логикалық ой-өрістің дамуы

3 факторға сай жүзеге асады:

 

1) биологиялық фактор

2) әлеуметтік немесе қоршаған орта

3) оқу-тәрбие үрдісі

 

 

 

«Бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі-балаға орындалатын жұмыстың түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру»

(А.Байтұрсынов)

 

Логикалық тапсырмаларды шешуге баулып, белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін жұмыс түрлері:

 

1) логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар

2) берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері

3) өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар

 

Логикалық тапсырмалардың мазмұны:

 

қоршаған орта, қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар, адамның әлемдегі орны, табиғат пен оның құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар, математикалық ұғымдар, сөздік қорын дамыту туралы білімдерді қамтиды

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: "Оқушылардың логикалық (қисынды) ой-өрістерін дамыту жолдары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 054 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.12.2015 1163
    • DOCX 71 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдикенова Динара Жаксыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдикенова Динара Жаксыбаевна
    Абдикенова Динара Жаксыбаевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31204
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 286 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 102 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек