Инфоурок Начальные классы Научные работыБаяндама "Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті"

Баяндама "Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті"

Скачать материал

Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін арттыру жолдары

        

Нурмаганбетова Кульзия Байдюсеновна

 

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы   Әлібек Бүркітбаев атындағы

№12 орта мектепбінің бастауыш сынып мұғалімі

 

        Қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа педагогикалық технология әлемдік деңгейдегі ұғым. Бұл-педагогкалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолдалынатын барлық ілім амалдары  мен  әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы немесе жұмыс істеу реті.

     Ал осы жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады: 

-  әрбір оқушының жеке дара ерекшеліктерін ескеру;

- оқушылардың қабілеттері мен  шығармашылығын арттыру;

- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру;

          Өмірдегі сан –алуан  қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Сондықтан шығармашылық қабілетін  дамыту үшін мынадай шарттардың орындалуы тиіс деп ойлаймын:

-  шығармашылық әрекетті жүйелі түрде үнемі жүргізу;

-  шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

- берілген тапсырманы орындауға нақты, нәтижелі жоспарлы түрде бағыттау;

-  ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жету;

          Оқушының шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Ол баланың ойын дамыту туралы «Ойлау  - жанның өте бір қиын, терең ісі», - деп  атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керектігін айтқан.  Осы тұрғыда  менің алға қойған проблемалық тақырыбым:

      «Оқытудың жаңа технология элементтерін сабақта пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту».

       Оқушылардың шығармашылықпен жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

1. Жеке тұлғаны өздігінен ізденуге, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасаудағы қаблеттерінің қалыптасуына ықпал ету;

2. Оқушылардың ой -өрісін, тілін, логикалық ойлау қабілетін арттыру;

3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасап, өз ойларын емін – еркін жеткізе білуге үйрету;

4. Өз ойларын дамыта отырып, әдеби тілде жеткізе білу, сауатты жазуға дағдылындыру;

5. Мәтін, суреттер  бойынша әңгімелер құрап, сценарий құрастыруға ұйымдастырып, баулу;

6. Газет шығара отырып, шығармашылықпен  жұмыс жасау арқылы ойлау қаблеттерін, тілдік қорларын байыту;

7. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс істеу, өздігінен мәтін құрауға бағыттау;

8. Оқушылардың шығармашылық жеке дарындылығын дамыту.

       Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс - әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйрету керек. Яғни тапсырма жеңілден күрделіге түрлендіріп жүргізілуі тиіс.

        Алғашқы әріп тани бастағаннан - ақ танымдық, логикалық қабілеттерін дамыту мына сияқты тапсырмаларды орындаудан бастау керек.

1.  Қай әрпімді жоғалттым?      Күр..к, Сам ...т, Б...қ..., Қ...с, Т...с

2. Түсіп қалған буынды тап.          Дәрі..., Мұға..., Ор..., Күн...

3.  Қандай сөз жетпейді?

Талғат ... оқушы (әдепті, жақсы, жаман, ұқыпты, салақ, талантты  т.б.)

Сәуле анасына ... сыйлады (гүл, орамал, бестік баға, ән, т.б)

Оқушы әріпті, сөзді қоя отырып,оның бір ғана жауабы болмайтынын, көп екенін, тағы іздеуге болатынын түсінеді.

4.  Өлең жаза білуді үйренейік

Кіп - кішкентай Жанат        Жүремін бе ойнап мен текке        Менің мамам  ...

Бүгін қандай ...                     Барамын биыл ...                           Мені жақсы  ...

Көбелектей ...                       Қолға қалам ...                             Мен сыйлаймын ...

Аулада жүр ...                      Суретті де ...                                   Күнде жақсы .

    Мұндай өлең жолдарында мағанасы болуын, сонымен бірге ұйқасының үйлесіп келу керектігін түсінеді, ізденеді. 

    Шәкірттерімнің шығармашылығынан бірер өлең жолдарын ұсынғым келеді.

                      Ана                                                             Көктем  

Ана деген асыл жан ғой ардақты,                                    Көктем келді жадырап,

Құрметтейтін әрқашанда, аялап.                                      Құстар қайтты еліне.

Қуантамын күнде бестік алып мен,                                 Күн шықты жадырап,

Дүниеде жоқ қой маған асыл жан.                                 Күлімдейді, балалар.                                               

Анашымның ақ сүтін мен ақтармын,                                 Құдайберген Ұлпан

Жақсы оқып, кір келтірмей көңілге.

Жақсы көрем шуақ шашқан көздерің,

Мейіріммен қарайтұғын нұрлана.                 Нұрмағанбетова Айтолқын

 

                        Тілім менің ардақты                                      Астана

 Тілім менің ардақты,                                Астанам менің жас қалам,

Тілім барда шаттанам.                               Жайнай берші, бас қалам.

Тілді құрметтеп барлығымыз,                  Атағың биікте асқақтап,

Бақытты өмір сүреміз.                               Аспанымда бақыт құсы болып,

                                                                     Самғай берші, әрқашан.                                              

                          Ілден Нарша                            Сатыбалдиев Бекайдар

5.    Түрлі ұйқастар арқылы сөз мағанасына түсінік жүргіземін, өздеріне мысал келтіртіп, дәлелдетемін.

Арқамнан түс,                 Төгіп кел де күл,                       Ауырса егер іш,

Түскі тамақ іш.                Күлем десең күл.                       Қайнаған су іш.

 6.    Метаграммалар шешіп, құрастыру.

«М» дан егер бастасаң        Сия тиген жейдені                Тақияма апам

Оған қымыз құяды.            Манар көріп кір дейді.         Тағып берді үкі. 

     «М» орнына «Б» қойсаң    «К»орнына «Б» қойып   Шығара алмай  есепті

  Төрттен кейін тұрады.          Тұрар сонда не дейді?    Алып қалдым ...

                 (Мес - Бес)                       (Кір – Бір)                                       (екі)

7.      Сондай – ақ,  жұмбақтар шештірту, жаңылтпаш мағанасын түсіндіріп жаттату, ребустар, шарадалар, сөзтізбектер шештірту,  өздеріне құрастыртудың да маңызы зор. Мұндай жұмыстарды оқушыларға шамасына қарай үйге де беруге болады. Әрине, онда жоғарғы дәрежеде, нашар, тіпті орындай алмайтындар бар. Барлығы өз деңгейінде ізденіс жасайды. Шығармашылық жұмыста да бұл жұмыстың берер пайдасы мол.

     Нәтижесінде балалар бір – бірін тыңдайды, ойына ой қосады, ізденіссіз жұмыстан гөрі ойланып таба алмай немесе әрең тапқан жауабын өзінен басқалар  қалай тапты екен деп тырысады.

8.    Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрасту, жаздыру.

-         Тек оқиғаны ғана жазбай суретке мән беріп қараңдар, табиғат көрінісіне, жыл мезгіліне, көңіл  - күйіне баса мән беріп, ойыңды жүйелеп алып жаз.

-         Әңгімені оқып соңынан немесе тақырып белгілі болған соң оқушыларға проблемалық сұрақ қою арқылы өз көзқарасын нақтылап, ойын шыңдап түрлі ізденістерге түсуге болады. Мысалы: 1 – сыныпта «Он саусақ не үшін керек?» деген тақырыпта балалардың өз білімдерін тыңдап, саралап барып сабақ бастау.

-    Әңгімені жалғастыр. Сабақ барысында түсіндірілген әңгімені жалғастыруға беремін , Әркім өз нұсқасын жазып, ойларын ортаға салады. 

     Мысалы:

  -  Мысалы: Ыбырай Алтынсариннің «Қара батыр» әңгімесі   бойынша балалар диафильм жасап, оз ойларын қағаз бетіне түсіріп, үлкен фильм құрастырды. 

 -Ақселеу Сейдімбек ағамыздың «Әйел - ана» мәтіні бойынша сценарий жасап, өз ойларын қағаз беттеріне тартымды етіп көрсете білді.

-    Қандай тақырыпты хабарлап,  «Не жайында әңгімелейді деп ойлайсың?» - деп өздеріне болжау айтқызу. Мұнда да әркім түрлі ой айтады.

   -  Тақырыпқа немесе бір ұғымға «кластер» құрғызу. Сол ұғым туралы ойларын кеңейтіп, сөздік қорлары молаяды. Мұны сабақта да, сабақтан тыс жұмысқа да пайдалануға болады.

 

Мысалы:                                    Адам бойындағы қасиет

 

                     Білімді                          Сыпайы                  Еңбекқор        Кішіпейілді                                                        

                  

                                     Әдепті        Мейірімді                           Ізетті

                      Қамқоршы               Сымбатты       Қайырымды

 

-        Оқыған әңгімелеріне сурет салдыру. Өз ойынан болған оқиғаны сурет арқылы бейнелей білуге үйренеді. Кей бала сөзбен жеткізе алмағанын сурет арқылы жеткізуі мүмкін. Мұнда баланың суретке деген  қабілеті ерекше айқындала түседі.

9.   Эссе жаздыру. Түрлі тақырыпқа жаздыра беруге болады.

Мысалы: - Кітапты не үшін құрметтейсің?  ;  

   -        Мен, бақыттымын, себебі ... ;     -        Мұғалімге хат ;  

  -        Мен, егер әкім болсам... ;            -        Достарыма хат ;        

 -         Мен ата болғанда ;                       -        Мен қандай баламын ;     

  -        Менің отбасым ;                           -        Менің сүйікті кітабым ;

-        Салақ оқушы ;                                -        Менің сыныбым, т.б.         

             Шәкіртім Ыбыраева Аяжанның «Менің анам» атты эссесінен үзінді.

                Шырылдап жерге түскеннен – ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол – ана. Ол саған бәрінен қымбат. Ол ана, қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып, бауырына жабысатының, шырылдап уанбай, жылап іздейтінің – ана.  Сондықтан ананы құрметтеу, сыйлау керек. Мен анамды жақсы көремін, себебі осы жарық дүниеге әкелген – ана. Анамды өмір бақи сыйлап, аялап өтемін.

            Сонымен қоса шәкіртім Ахметов Диастың «Ана әлдиі» атты шығармасынан үзінді:

       Бала бесікте жатқанда ең алдымен бесік жыры айтылады. Анасы баласын көзінің қарашығындай аялап, өсіреді.  Бала туғаннан соң үш күннен кейін ата-анасын тани бастайды дейді. Ана баласын тәртіпті, ақылды, біреудің ала жібін аттама деп үйретеді. Бала ауырса, жыласа, баламен бірге ауырып, бірге жылайды. Түн ұйқысын төрт бөліп, балам аман болса деп армандайды. Ана – ешқашан баласын тастамайды. Қазіргі кезде көп айтылып жүрген «Тастанды бала» дегенді естігенде, қандай ана екен деп, ойлайсың. Дүниеге әкелген соң баланы тәрбиелеу, асырау міндетті деп есептеймін. Сонымен қоса қазіргі кездері бесік жыры айтылмай ұмыт болып барады, осыны келешекте, бала ұлттық дәстүрден хабардар болса, аналарымыз бақытты балаларының жемісін көрсе деп тілеймін.

10.   «Текше» страрегиясын жарыс ұйымдастыру және қайталау, пысықтау сабағында пайдалануға болады. Мысалы: 4 – сыныпта дүниетану пәнінен «Табиғаттағы су айналымы» тақырыбын өткенде текшенің алты беті бойынша мынадай тапсырмалар бердім.

1.   Суреттеңіз,           2.   Салыстырыңыз,                         3.   Зерттеңіз,

4.   Қолданыңыз,        5.   Ұқсатыңыз,                                6.   Дәлелдеңіз.

2.   Инсерт (insert) кестесін толықтырудың да ерекше көмегі бар. Ол көбінесе сабақтың ой толғаныс бөлігінде пайдаландым.

   Тақырыпты өз бетінше жеке немесе топпен оқып «Инсерт» кестесін толтырады. Жұмыс соңынан оқылып, талданылып, бірін – бірі толықтыра түседі. Қиындық кездессе мұғалім көмектеседі немесе үйден ізденіп келуге тапсырылады.                        

                                 Инсерт кестесі (insert)

 V – білім   + - жаңа білім   ? – білгім келеді  ! – таң қалдым   ... – жалғастыр

V

+ 

? 

! 

Қ   1. Қоян етін жейтінін білемін

2. Қарды күрекпен тазалайды

    1.Шүберек пен майдан шам жасайтынын

2.Мылтықты қазының майымен майлауға болады

1.Неге алғашқы қар жаңа түскенде аңға шығады?

Қ  1. Қайың ағашының кепкен жапырағынан шай жасалатынына

2 Қоян етінің қара болатынына

2. Арнаулы бір тақырыпқа пікірталас туғызу. Адамның суретіне, затқа қарап бейнелеп, суреттеп жазу (адамның кескін – келбеті, сыр бейнесі арқылы көңіл күйі, ішкі жан – дүниесін көре білуге баулу)  Осы тұрғыда шәкірттерімнің шығармашылығынан  «Күнтізбе» құрастырып, әр баланың туған күніне, мерекелік күндерге арнап, өз ойларын ортаға салғызамын.

-        Қандай да бір таныс емес жаңа сөз, күнделікті пайдаланылмай жүрген көнерген сөздерді естеріне ұзақ сақтауы үшін жаңа таныс емес сөз беріп: «Бұл не?», «Не деп ойлайсың?», «Сол жөнінде қысқаша әңгіме жазып, соны суретпен  белгіле» деген тапсырма беріп, артынан оқытып, бір-біріне тыңдатамын. Әр сөйлемнен кейін сұрақ қойып, болжау жасатамын. Тақтаға қате болған пікірлерді жазып отырамын. Соңынан жауабын өздері анықтайды.

       Шығармашылық жұмыстарды қорытындылай келе оқушы ерекшеліктерін ескере отырып, 4 – сынып соңына қарай: суретшілер, математиктер, шахматшылар, ақын-жазушылар,  қөлөнер шеберлері деп бірнеше топтарға бөлемін.

       Жұмыс соңында «Шығу парағы» стратегиясын басшылыққа ала отырып, балалардың шығармашылығын жинақтап, газет-журналдарға беремін. Атап айтсам:  «Алақай балақай» журналында Нұрмағанбетова Айтолқынның «Ана» өлеңі, Сатыбалдиев Бекайдардың «Төле би» мен Ілден Наршаның «Жайлауда» суреттері, Айтолқынның «Ұстазға мың алғыс» өлеңі жарық көрді. Ал,  «Мөлдір бұлақ» журналына «Мен егер Президент болсам» атты тақырыпта шығармашылық жарысына қатысып, дипломмен марапатталды . Аудандық  «Қарқаралы» газетінде Айтолқынның   «Қызықты лагердегі күндерім» атты әңгімесі жарық көрді. Балалардың  өлеңдері, шығармалары  «Ұлан» газетіне жарияланып,  оқушыларым  Алғыс хатпен марапатталды. Шәкірттерімнің  шығармашылық жұмыстары  Республикалық  балаларға арналған әдеби, ғылыми-танымдық  «Алтын арай» газетінде  /2012ж.№05/, балаларға арналған танымдық «Бала би» журналының /2012ж. №6/ «Ауыл + қала» атты бетінде жарияланды.

     Шығармашылыққа баулу арқылы  қабілетті  балаларды анықтауға және олармен жұмыс  жасауыма мүмкіндік туады. «Ақбота» интеллектуалды ойынына,  «Кенгуру – математика барлығы үшін», «Сарыарқа дарыны» сайыстарына  қатысып  жүлделі  орындар  иеленді. 

             2010 жылы аймақтық  ХХХХ-ші  ғылыми – практикалық  конференцияға «Тіс-адам денсаулық кепілі» атты тақырыпта шәкіртім  Байдүйсен  Ерқанат жұмысын  сәтті қорғап, дипломмен марапатталды, ал  Кәбір Бердібек  «Асыранды көгершіндердің қолтұқымдарының мінез-құлық ерекшеліктерін зерттей отырып, шартты рефлекстерді қалыптастыру»  атты  тақырыбында  жұмысын қорғап куәлік иеленді.

            2010-2011  жылы  төрт оқушым  «Золотое руно» халықаралық зияткерлік   сайынан  жүлделі  І орынды  жеңіп  алды. Олар: Манкен  Гүлзат, Байдүйсен  Ерқанат,  Қайырбек  Мирас, Әнуарбекұлы  Алданыш.  Осы  жылы  оқушым  Байдүйсен  Ерқанат  Е.Букетов  атындағы  КарМУ –дің  кәсіби  көркем өнер  факультетінің  ұйымдастыруымен  өткен   байқауда   Алғыс хатпен  марапатталды.

           2011-2012 жылы «Русский  медвежонок» білім сайысынан  2 оқушым  дипломмен  марапатталды. Олар: Түсіпжан Айымгүл  мен  Қайырбек  Мирас.

     Шығармашылық жұмысқа төселген оқушының талабы зор, іздемпаз, айналасына сын көзбен қарап, жақсы мен жаманды айыратын тұлға қалыптасатынына көзім жетті. Келешек, осы шығармашыл шәкірттердің қолында болатынына сенемім мол.

    

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 838 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2016 983
    • DOCX 90.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурмаганбетова Кульзия Байдюсеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13176
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 38 регионов

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 28 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 94 человека из 34 регионов

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 31 региона