Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Директору, завучу / Статьи / Баяндама " Оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілетін диалогтік оқыту арқылы қалыптастыру"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Баяндама " Оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілетін диалогтік оқыту арқылы қалыптастыру"

библиотека
материалов

Іс-әрекеттегі зерттеу: жаңашыл мұғалімнің тәжірбиесін жетілдірудің тиімді жолы



C:\Users\user\Downloads\ке.jpeg



Сейдалиeва Акмарал Турганбековна

№9 Абай атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын

тілі пәндері мұғалімі,

І деңгейлі сертификатталған педагог

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, тұжырым жасаған. [1, 4-б]. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде : «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». [2, 11-б].   Олай болса, қазіргі заманға сай ұстаздардың жаңашылдықтың іргетасын қалауы міндетті деп, ойлаймын. Көшбасшы ретінде тәжірибеге өзгеріс енгізу  5 сыныбында іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуден басталды. [3, 46-б].  Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс –әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар мен басымдылықтар анықталып, осы сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында  4 бөліммен жоспарладым.

Іс-әрекеттегі зерттеу  жұмысын бастау - орта буынға аяқ басқан 5 сыныптардың мүмкіндіктерін, деңгейін анықтау үшін тиімді әдіс. Зерттеу жүргізудің 1 қадамы зерттеуге арналған тақырыпты таңдау. 2 қадам зерттеуді әзірлеу, дерек жинау   үшін пән иелерімен, оқушылармен  сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамалар қорытындылары талданып, тақырып таңдауға негіз болды. Нәтижесінде сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеудің тақырыбы: «Оқушылардың  сыни тұрғыдан ойлауын диалогтік оқыту барысында дамытуға бола ма?»Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістердің барлығы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға алып келеді. Бұл дегеніміз біз тәрбиелеген оқушылар өзіне қажетті білімді ала білуге, оны кез – келген жерде қолдана алуға және өмір бойы өз білімін жетілдіруге дайын болуы керек. Біздің қазіргі таңдағы білім беру үрдісі біржақты болып отыр. Оқушылар дайын ақпаратты ғана қабылдауда. Сондықтан да, оқушыларды өз бетімен білім алуға және оны өмірде қолдана алуға дағдыландыруымыз бізге қойылған міндет. Мерсер(2005) өз еңбегінде сыныпта талдау кезінде оқушының өз сөзін дәйектеудің үш түрін атап көрсеткен. Олар: Әңгіме-дебат, кумулятивтік әңгіме және зерттеушілік әңгіме. [4, 29,52-б]. Сыныпта топтық жұмыстарды  жоғарыда айтылған әдіс - тәсілдерді  қолдану арқылы орындатсақ  оқушының өз бетімен жұмыстануға дағдыланатыны менің іс-әрекеттегі зерттеумде дәлелденді.      Таңдап алған тақырып құзырлы мұғалімнің алдына  жеке оқушының мүмкіндіктерін жақсы түсінуіне нақты міндеттер қойып отыр. Ұстаздардың пікірі мен қатысқан сабақтарды салыстырып, сараптап төмендегідей қорытынды шығарылды: 5 сыныбына сабақ беретін мұғалім өз сабақтарында пікірталасқа арналған әдістерін  өте сирек қолданады. Мұғалім сабақта басты ұйымдастырушы ретінде оқушыларға дайын білім береді, олардан тек теориялық дұрыс жауаптарын талап етеді. Яғни, бұл сыныпта оқушының өз ойын айтуға жағдай жасақталмаған. Сондықтан, таңдап алынған тақырыптағы зерттеу нәтижесі осы сынып оқушыларының білім сапасына оң әсер етеді деп жоспарланды.

Таңдалған тақырыпқа сай, 3 қадам тәжірибеге өзгерістерді енгізу үщін орта мерзімді жоспар бойынша  тізбектелген 4 сабақ жоспарланды. Сaбaқтap топтaмaсында әpбip жетi модулді  бip-бipiмен үйлесiм тaуып, ықпaлaдaстыpу міндет болaтын. Сабақ барысында пікірталастың тууына ықпал ететін тапсырмалар енгізілуі шарт болды. Ең мaңыздысы осы қойылғaн мaқсaттapғa қол жеткiзуге бaғыттaлғaн нәтижеге  негiзделді.

4 – қадам іс- әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер мен бұдан кейінгі іс - тәжірибеге жасайтын ықпалы.Әр сабақтың жетістігі мен кездескен кедергілерді бейне бақылаудан қарай отырып, талқылап, алдағы уақытта нені ескеру қажет екеніне рефлексивтік есеп жазылып, нәтижесінде оқушылардың жеке даму аймағын анықталып, тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер өзгертілді. Қорытындысында әр түрлі деңгейдегі  оқушылардың зерттеуге алынған пәндерде белсенділіктері артты.  АБС деңгейіндегі оқушылардың тақырыпқа қатысты, тақырыптан тыс қосымша ізденуінен, сабақта өз ойын нақты, дәлелді жеткізе алғандығын, сабақтан тыс уақыттарда үнемі ізденіс үстінде жүргендігі байқалды.

5-ші қадам деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келесі өзгерістерді жоспарлау. 5 сыныбында жүргізілген іс-әрекеттегі зерттеудің нәтижесінде сабақтар топтамасында пікірталас жүргізуге арналған жаттығулар топтамасы сабақтарда нәтижелі пайдаланылды. Оқушының мүмкіндіктері ескеріліп, әдіс-тәсілдер тиімді таңдалса,  оқушылардың  сыни тұрғыдан ойлауын диалогтік оқыту арқылы дамытуға болатыны тәжірибе кезінде дәлелденді. Cабақтағы жұптық және топтық жұмыcтар оқушының cыни тұрғыдан ойлай алуының дамуына көмектеcеді, өз бетімен жұмыc іcтеуі мен жауапкершілігін дамыды. Алдағы уақытта тәжірибені жетілдіріп, сыныптың білім сапасын арттыруда пән иелерімен бірлесіп зерттеу жүргізу жалғасын табады. 5  сыныбында жүргізілген «Оқушылардың  сыни тұрғыдан ойлауын диалогтік оқыту арқылы дамытуға бола ма?» тақырыбындағы іс-әрекеттегі зерттеу қорытындысында пән мұғалімдеріне «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жеке оқушыларға қатысты пікір-ұсыныстар айтылып, кері байланыс жүргізілді.

5 сыныбындағы  іс-әрекеттегі зерттеу  нәтижесін 1 жарты жылдық бойынша  білім сапасының көтерілуінен көруге болады.

Жүргізілген іс-әрекеттегі зерттеу барысында практика-маман ретінде 5 сыныптағы проблеманы тауып, оны шешудің жолын нақты таба білдім.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

[1]   Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңы , 2007

[2] Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

[3]  Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының   бағдарламасы.   Назарбаев Зияткерлік мектебі, Кембридж университеті.  2014 жыл. Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей.

[4]  Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының   бағдарламасы.   Назарбаев Зияткерлік мектебі, Кембридж университеті.  2012 жыл. Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей.



















4


Автор
Дата добавления 09.03.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Статьи
Просмотров171
Номер материала ДВ-510776
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх