Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБаяндама "Ойын- оқушы білімін арттырады"

Баяндама "Ойын- оқушы білімін арттырады"

Скачать материал

ОЙЫН – ОҚУШЫ БІЛІМІН БЕРІК МЕҢГЕРТУ ҚҰРАЛЫ


Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны кесте арқылы көрсетуге болады:



Іс-әрекет

Еңбек әрекеті

Оқу әрекеті

Ойын әрекеті

hello_html_m2df47aa7.gifhello_html_223233e1.gifhello_html_7eaa6950.gif






«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі.

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.

Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Оқу үрдісінде – кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол – дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап – оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту. Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:

а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;

ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;

б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;

в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету;

г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.

Ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:

  • еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты.

  • әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы.

  • ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар;

Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б.

Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының назарын аударатын ойын түрлерінің бірі – спорттық ойындар. Бұл ойын түрі берілген тапсырманы орындаумен қатар баланың денсаулығын нығайтып, т.б. көптеген қасиеттерін дамытады.

Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті – оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу – білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас – бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын – пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек – қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңестік және көрнекі ойлауын жетілдіреді.

Я.А.Коменский «Ұлы дидактика» деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай, бастауыш сынып оқушылырының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-бір құралы «ойынды» айтуға болады.

Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.

Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.

Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.

Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық «деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа» деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.

Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.

Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісіне «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Ойын- оқушы білімін арттырады""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 048 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 1289
    • DOCX 35 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сазанбаева Кулдана Абикеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сазанбаева Кулдана Абикеновна
    Сазанбаева Кулдана Абикеновна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7633
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 198 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 286 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 101 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе