Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Баяндама "Педагогика негіздеріне қысқаша сипаттама"

Баяндама "Педагогика негіздеріне қысқаша сипаттама"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое
Мектеп әдістемелігінде оқылған баяндама. «Педагогика негіздеріне қысқаша сипа...
Оқыту процесінің заңдылықтары Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылық...
Оқыту процесінің негізгі заңдылықтары
Оқыту принциптері туралы түсінік. Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын ид...
Оқытудың ғылымилылығы принципі Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға...
Оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі принципі Бұл принциптің өзекті негіздері:...
Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелілік пен бір...
Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақс...
Шарттары: •  жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу; •  түсінікті етіп о...
Көрнекілік принципі Оқыту жүйесінде Я. А. Коменский көрнекілік принципін оқу...
Шарттары: •  балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек...
Беріктік принципі Оқытудың тиімділігін, сапасын жақсарту үшін оқушылардың біл...
Шарттары
Мәселелік принцип - оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары м...
Ынталандыру принципі Бұл принциптің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімні...
Осыған орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар: 1.   Балалардың ақы...
Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті,...
Ізгілендіру принципінің шарттары: •  оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін...
Интеграциялау принципі Бұл - жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламала...
1 из 19

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Мектеп әдістемелігінде оқылған баяндама. «Педагогика негіздеріне қысқаша сипа
Описание слайда:

Мектеп әдістемелігінде оқылған баяндама. «Педагогика негіздеріне қысқаша сипаттама» Оқыған: Орынбекова Л.К

№ слайда 2 Оқыту процесінің заңдылықтары Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылық
Описание слайда:

Оқыту процесінің заңдылықтары Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайтала-натын өзара байланыс заңдылық деп аталады. өзара байла-нысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы бай-ланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.  

№ слайда 3 Оқыту процесінің негізгі заңдылықтары
Описание слайда:

Оқыту процесінің негізгі заңдылықтары

№ слайда 4 Оқыту принциптері туралы түсінік. Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын ид
Описание слайда:

Оқыту принциптері туралы түсінік. Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтің бейнеленуі. Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін іске асырады. Біздің оқулықта арнайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы, мұғалімнің басшылық ролі; ынталандыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту және тәрбиелеу бірлігі; ізгілендіру; жас және дара ерекшеліктерін назарға алу; кіріктіру принциптері. Енді принциптер мен ережелердің мәнін ашу жолдарын қарастырайық.

№ слайда 5 Оқытудың ғылымилылығы принципі Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға
Описание слайда:

Оқытудың ғылымилылығы принципі Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен ғылыми әдістерді меңгерту керек. Бұл принциптің астарында жатқан заңдылықтар: дүниені танып білуге болады, адам өмірінде ғылымның рөлі күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны және мұғалімнің іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет ететінін түсіндіре отырып, оқушыларда дүниеге диалек-тикалық, ғылыми-материалистік көзқарас қалыптастырады.

№ слайда 6 Оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі принципі Бұл принциптің өзекті негіздері:
Описание слайда:

Оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі принципі Бұл принциптің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара байланысты түсініктер жүйесі қалыптасқанда ғана, оның білімі толық және шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасында ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз етіледі; ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзіліссіз, кедергісіз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципімен тығыз байланыста болғандықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде және реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негізгі өзегі болуы тиіс.

№ слайда 7 Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелілік пен бір
Описание слайда:

Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелілік пен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға алады. - Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану. - Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігін сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен әдістерінің бірізділігін қамтамасыз ету. - Оқу пәні - ғылымның көшірмесі болғандықтан оқушыларға ғылымның жүйесін көрсетіп, пәнаралық байланыс-тарды пайдалану. - Бұрын ұғындырған білімді жиі қайталау және жетілдіру; қысқа қорытындылауды сабақтың басында, барысында және аяғында өткізу.

№ слайда 8 Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақс
Описание слайда:

Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытуда аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.

№ слайда 9 Шарттары: •  жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу; •  түсінікті етіп о
Описание слайда:

Шарттары: •  жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу; •  түсінікті етіп оқыту; •  танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану; •  талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану; •  аналогияны жиі қолдану; •  бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау; •  оқушыларға әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру; •  оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену; •  оқушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу; •  "Неге?" деген сұрақты көп өойып, оқушыны дамыту; •  дәйекті дәлелдермен оқыту; • дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану; •  оқушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту; • білім-сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту; •  баланы өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге үйрету; •  түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру;

№ слайда 10 Көрнекілік принципі Оқыту жүйесінде Я. А. Коменский көрнекілік принципін оқу
Описание слайда:

Көрнекілік принципі Оқыту жүйесінде Я. А. Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды. Бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктер де дәлелдеді. Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік есте сақтайды. . Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.

№ слайда 11 Шарттары: •  балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек
Описание слайда:

Шарттары: •  балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау; •  оқытудық алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дөмін таттыру; •  көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы; •  оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру; •  көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану; •  көрнекі құралдық оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға көмектесуі; •  оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату; •  көрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу; •  көрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң көп көрнекілік қолданбау, өйткені балалардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады;

№ слайда 12 Беріктік принципі Оқытудың тиімділігін, сапасын жақсарту үшін оқушылардың біл
Описание слайда:

Беріктік принципі Оқытудың тиімділігін, сапасын жақсарту үшін оқушылардың білімдерінің берік болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тәжірибелік және теориялық заңдылықтарға сүйенеді: оқушылардың білім мазмұнын меңгеруі мен танымдық дамуы, оқу процесінің өзара байланысты екі жағы; білім беріктігі оқушының мұғалімге, оқу пәніне, жалпы оқуға деген субъективті қатынасына тәуелді; оқушылардың білім беріктігі оқытудың ұйымдастырылуы, түрі, әдістері, уақыты арқылы қамтамасыз етіледі; қызықты және маңызды материал ұзақ әрі берік есте сақталады. Осы принципті іске асыру үшін мұғалім бірнеше ережелерді орындауы қажет. Оқушылар білімдерін сабақтар барысында; тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда; тоқсан мен оқу жылының басында, соңында қайталауды үнемі ұйымдастыру. Қазіргі мектеп жаттаудан ойлауға көшуіне байланысты оқушылардың жадын зорламай, білімді санасы мен сезімдерімен қабылдауды үйрету. Жақсы түсінбегенді оқушының есінде сақтауына жол бермей, тек саналы білімді жадында сақтату.  

№ слайда 13 Шарттары
Описание слайда:

Шарттары

№ слайда 14 Мәселелік принцип - оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары м
Описание слайда:

Мәселелік принцип - оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермей, оқушылардан ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Мәселелік принцип - оқушылардың ойлау процесінің психологиясына негізделеді. Өйткені ойлаудық басталуы мәселенің болуына байланысты, басқаша айтқанда, ойлау-мәселелік сұрақ немесе міндеттен басталады.

№ слайда 15 Ынталандыру принципі Бұл принциптің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімні
Описание слайда:

Ынталандыру принципі Бұл принциптің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады. Сондықтан мұғалім, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті. Ынталандыру принципі оқушыларға жеке-дара қарауды керек етеді

№ слайда 16 Осыған орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар: 1.   Балалардың ақы
Описание слайда:

Осыған орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар: 1.   Балалардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес. 2.  Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын абстрактылы оқушы жоқ: оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше. 3.  Оқуда барлық мектеп балалары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттары жоқ. 4. Оқу қызметінің берілген сәтінде әр оқушының неге қабілетті екенін анықтаудың маңызы зор. 5. Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды. 6.  Оқушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды. 7.  Бағдарламада қаралған деңгейге әр оқушы қандай жолмен, қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек. 8. Әрбір оқушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы жүзеге асыру керек. 9. Әрбір баланың күші мен мүмкіндігін ашып, оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту. 10. Қиын балаларға шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру. 11. Әрбір оқушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау.

№ слайда 17 Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті,
Описание слайда:

Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек. Оқу процесінде, сабақтарда балаларды қорқытпай, қысымшылық-жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет. Бұл принцип гуманитарлық бағдарды жүзеге асыруды керек етеді. Мектептерде білім мазмұнын жалпы адамзаттық және ұлттың рухани игіліктерге қарай бағыттау, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, дәстүрін, көркемөнерін, қолөнерін, т.б. терең оқып-білу міндетін іске асыру керек. Бұл принципті іске асыруда халық педагогикасының маңызы зор. Халық педагогикасы қазақ халқының ғасырлар бойы атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Әсіресе балаларды ізгілікке тәрбиелеуде халық педагогикасының қағидалары мен салт-дәстүрлерінің орыны ерекше.

№ слайда 18 Ізгілендіру принципінің шарттары: •  оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін
Описание слайда:

Ізгілендіру принципінің шарттары: •  оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін қолданбау; •  оқушының өз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау; •  үлгерімі нашар, жауапкершілігі төмен оқушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру; •  баланың өзі туралы жақсы бағасын өзіне сенімін, сый-құрметін қалыптастыру; •  қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою; •  жеке тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың көрінуіне жол бермеу; •  баланы түсіну, жақсы көру, бірақ талапта қою; •  оқушының табысына шынайы түрде қуану; •  баланың көңіл-күйін ескеру; •  баланың дене кемістігін сөз етпеу;

№ слайда 19 Интеграциялау принципі Бұл - жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламала
Описание слайда:

Интеграциялау принципі Бұл - жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика, өнер мен еңбек, этика мен әстетика, т.б. өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардық арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 02.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров486
Номер материала ДВ-025314
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх