Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыБаяндама "Педагогикалық технологияларды қолдану"

Баяндама "Педагогикалық технологияларды қолдану"

Скачать материал

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ.

 

Жанболатова.Н.С

Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту

 қабілеті бұзылған балалар

мектеп – интернат колледжінің

математика пәнінің мұғалімі

 

Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгігі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жадалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Ол қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жатқызылып келеді. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне сай өскелең ұрпақты өмipгe бейімдеудің жаңа талаптары туындап отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект–субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін тануға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық–бағытталған өзара әрекеті болып табылады. [1]

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген  пәндер мен әдістемелердің: оқу–тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. [2]

Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.

Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дәл кезеңде қажет болған әдістерге және басқа да негіздемелерге тәуелді келеді.

Оқу технологиясын оқу әдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы - оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына және педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал әдістеменің соңғы тиімді нәтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, әдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме шынайылық, сенім, сәйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады. [1]

Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі - шеберлік. Бір технологияны әрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.

Оқудың дәстүрлі (қайта жасау - репродуктивті) технологиясы білім, ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамаасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (әсіресе орта мектепте). Оның мәні: жаңаны игерту-бекіту-қадағалау-бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін және оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу - оқытудың басты әдістері ретінде 1) көрнекілік және онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-әрекеттері түрлеріне - тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап және тиімділіктің негізгі көрсеткішіне - игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері -түсіндіру, әрекеттерді көрсету, оқушылар орындагандарды бағалау және реттеу, түзету. [3]

Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Н.Оралбаеваның, М.М.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

 Педагогикада модульмен оқыту идеясының нeгiзiн салушы ғалым АҚШ-тағы Падуа университетінің профессоры С.Н.Постлезвейт оқушының өзіне қолайлы қарқында жұмыс жасауына, нақ өзіне сай оқу тәсілін таңдап алуына мүміндік беруге тырысты. Ең алғаш рет 1969 жылы осылай Падуа университетінде оқу үрдісіне енгізілген миникурстар, кейін АҚШ қолледждері мен университеттеріне тез тарады. Мұнда олардың бірнеше түрі пайда болды: «пакеттегі ұғым», «consent оррасу», «меңгеру пакеті» т.б. Модульмен оқыту мәселесімен айналысқан ғалымдардың тағы бipi Дж.Д.Рассельдің пайымдауынша, модуль - оқу материалының бip концептуальды бірлігін қамтитын оқу пакетін білдіреді. В.Гольдшмидт және М.Л.Гольдшмидт деректері бойынша, АҚШ қолледждері мен университеттерінде модульмен оқыту инженерлік пәндерді, химия, психология, социология, лингвистика, ағылшын тілі және басқа пәндерді практикалық тұрғыда оқыту үшін пайдаланылады. Аталған мәселемен айналысқан ғалымдардың келесі тобы - студенттердің білімді меңгеру мүмкіншіліктерін өздері анықтауына көмектесуге, үшіншілері оқытудың қалыптасқан бірліктеріне оқу мазмұнын икемді етіп құру деп пайымдады. Ал П.Юцявичене сияқты ғалымының пікірінше, модульмен оқыту арқылы болашақ мамандардың кәсіби білімін жетілдіру жоғары деңгейге жеткізуге болады, ғалым К.Вазинаның айтуынша, модульмен оқыту - адамның жалпы өзіндік даму, моделі. [4]

Модуль арқылы оқытуды экспериментті және практикалық түрде тәжірибеде қолдану АҚШ, Батыс Еуропа елдерінің колледждері мен жоғары оқу орындарында, ТМД елдеріндегі жоғары оқу орындарында қазір кеңінен жүзеге асуда.

Қазақстанда жоғары оқу орындарында модуль арқылы оқыту мәселесін ғалымдар Г.Қ.Нұрғалиева, Р.Масырова – дидактикалық тұрғыдан, Қ.С.Мусин – салыстырмалы педагогика мәселесі қырынан, ғалым Н.Оралбаева – лингвистикалық тұрғыдан зеттеп қарастыруда. Модульмен оқытуды ғалымдар К.Сариева, М.Жанпейісова, З.Бейсенбаева практикалық тұрғыда өз тәжірибелерінде қолдануда. Аталған еңбекке әр ғалым модуль арқылы оқыту мәселесін өздерінің зерттеу объектісі тұрғысынан әр түрлі қырынан қарастырады.

Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы және басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды. [3]

Жалпы алғанда проблемді оқыту технологиясының сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады және оның шешу әдіс-тәсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен әдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайлылығын тексеру тәсілдерін белгілейді әрі талқылайды, дәйектейді, нәтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дәлелдейді. [3]

Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың бәрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда әбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша шәкірттерді теңдей шапшаң және жоғары күрделілік деңгейінде оқытып, тәрбиелеуге болмайды. [1]

Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту. БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер, Б.Скиннер, С.Пресси).

БОТ - бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-машинасы, ЭВМ және т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама бойынша орындалатыи өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология әрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі және т.б.) оқуына мүмкіндік береді.

БОТ-ның өзіне тән сипат белгілері:

- оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі;

- әр бөлшекті игеруге арналған нақты әрекеттерді орындау нұсқаулары жүйесінің берілуі;

- әр бөлшек игерілуінің тексерілуі;

- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы материалдың ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі;

- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек түсініктемелерін алуы;

- қадағалау тапсырмаларының нәтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі кері байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы. [4]

Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді.

Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады және оның шешу әдіс-тәсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен әдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайлылығын тексеру тәсілдерін белгілейді әрі талқылайды, дәйектейді, нәтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дәлелдейді. [2]

Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік және дағдылар жүйесін меңгеруге жәрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нәтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілігі: жоспарланған нәтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жүйелі басқару қиын.

Қашықтан оқу технологиясы - бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар және интернет жәрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердін бәріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады.

Оқудың инновациялық технологиялары бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен ерекшеленген. Олар - үнемділігі, күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тәрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануға өте икемді.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы. Бастауыш мектеп. 1999. - № 8,9.

2. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде / Аударған Д.А.Қайшыбекова/ - Алматы, 2002.

3 Ж.Қобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. - Алматы, 2002.

4. Педагогика. - Алматы, 2003

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Педагогикалық технологияларды қолдану""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 033 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.11.2015 3175
    • DOCX 46 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанболатова Назия Сагингалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23650
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе