Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Баяндама: «Сегіз қырлы-бір сырлы Сәкен Сейфуллин».
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Баяндама: «Сегіз қырлы-бір сырлы Сәкен Сейфуллин».

библиотека
материалов

Бектемирова Бакытгуль

Балгереевна

Мәртөк ауданы

Жайсаң орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі

Баяндама: «Сегіз қырлы-бір сырлы Сәкен Сейфуллин».


Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын-жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып кетті.Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды.Өмірге жұлдыз болып келетін,халықтың еркесі,халық жүгін көтеретін дара адамдар ,дарынды жандар аз-ақ.Бірақ қазақ әдебиеті поэзия әлемінде әлемдік деңгеймен салыстырғанда 20-сыншы ғасырда кенже қалған емес.Керісінше өзінше жаңа қырымен дами бастады.Қандай марғасқа ,жаны жайсаң адамдар өмір сүрді сол кезеңде.Айтқым келгені әр адамның өз келбеті,өз жан-дүниесі болады.Егер ақынға сезім мен сұлулықты,қосып берген жағдайда одан нағыз шедевр дүниелерді күтуге болады.Қазақтың маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин дәл сондай сері адам болатын.Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас ) (15.10.1894 ж. , қазіргі Жезқазған облысы , Ақадыр ауданы , « Ортау » совхозының « Қарашілік » қыстағы , - 25.02.1938 ж.) – қазақ кеңес жазушысы қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы , мемлекет және қоғам қайраткері , 1918 жылдан КПСС мүшесі . Шағын дәулетті саясатшының жанұясында туған .

Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі. Айналасына абайшыл, қылтың-сылтыңы жоқ біртоға бала болады, Ұғымтал Сәкен ауыл молдасынан оңай хат танып, қолына түскен ескілі-жаңалы кітаптарды бас алмай оқиды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл үйренсін деп Нілдідегі таныс орысының үйіне тұрғызады. Сәкен әлгі үйдің таусылмайтын қара жұмысын тиянақты атқара жүріп, кемпірінен бір жыл орыс тілін үйренеді. Одан кейін екі жыл зауыт мектебінде оқиды. Болашақ күрескер ақын кенішті қаладағы зауыт, шахта жұмысшыларының аянышты өмірімен танысып, ереуілдерін көріп, соларға бүйрегі бұрады .

Сәкен Нілдідегі орыс-қазақ , Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде

( 1905-08 ) , үш класты қалалық училищеде ( 1908-13 ) , Омбыдағы мұғалімдер семинариясында ( 1913-16 ) оқыды . 1914 жылы Қазан қаласында « Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды . Омбыда қазақ жастары ашқан « Бірлік » қауымы басшыларының бірі болды . 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып , орыс тілінен сабақ берді . 1917 жылы 9 наурызда

« Асығып тез аттандық » атты өлеңін жазды . Кешікпей Ақмола қаласына ауысып ,

« Жас қазақ » ұйымын ашты , « Тіршілік » газетін шығарысты , үш айлық педагогикалық курсқа оқытушы болды . Сәкен 1917 жылы қарашада « Кел , жігіттер » өлеңін жазып , Қазан революциясын зор қуанышпен қарсы алды . Осы жылдың 27 желтоқсанында Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды . 1918 жылы сәуірде « Жас қазақ марсельезасын » жазып , 1 мамырда « Бақыт жолына» атты пьесасының премьерасын көрсетті . 1918 жылы 4 маусымда ақтардың көтерілісі болып , Ақмола Совпедшілері тұтқындалды . Атаманның « азап вагонында » 47 күн ажалмен арпалысқан Сәкен 1919 жылы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шықты. Татарка – Славгород – Павлодар – Баянауыл – Сарыадыр арқылы еліне жетті. Осы жылдың желтоқсанында Әулиеата қаласына ( қазіргі Жамбыл ) келді . 1920 жылы 7 мамырда Ақмолаға қайтып оралып , Атқару комитеті председателінің орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болды . 1920 жылы 4 қазанда Қазақтың Советтік Автономиялық Республикасын жариялаған Советтердің 1-Құрылтай съезіне делегат болып қатысып , Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі болып сайланды . Жер – су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық етті . Сәкен 1926 жылы БКП Өлкелік комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі . 1927 жылы Қызылордадағы халық ағарту институтының , Ташкенттегі қазақ педагогика институтының директоры болып жұмыс істеді . 1927 жылы шыққан « Жыл құсы » альманахына басшылық етті . « Жаңа әдебиет » журналын ашуға ат салысты . 1922 жылдан бастап « Қызыл Қазақстан » журналында жариялана бастаған « Тар жол , тайғақ кешу » атты мемуарлық шығармасын жеке кітап етіп шығарды . « Жер қазғандар » повесін ( 1927 ) ,

« Тұрмыс толқынында » жинағын ( 1928 ) , « Көкшетау » поэмасын ( 1929 ) бастырды . 1929 жылы қазақтың зиялы азаматтарына арнап ауыз әдебиеті үлгілерін жинау жөнінде жазған « Ашық хатын » жариялады . Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институтының доценті болды . 1932 жылы

« Қазақ әдебиеті » атты тұңғыш оқулық – хрестоматия шығарды . 1932 жылы « Әдебиет майданы » журналының редакторы , 1934 жылы Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметін атқарды . 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші он күндігіне қатысты . Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталып , шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы мерекеленді . Сейфуллин поэзия саласындағы алғашқы қадамын 1914 жылы шыққан

« Өткен күндер » атты өлеңдер жинағынан бастаған . Сәкеннің өнерпаздық тұлғасын ірілендіріп көрсететін поэзия саласы болғанымен , оның қазақ прозасын өркендетуге қосқан үлесі де қомақты . 1917 жылы « Жұбату » атты тұңғыш көркем әңгімесін жазды , « Тар жол , тайғақ кешу» романының алғашқы тараулары 1922 жылы « Қызыл Қазақстан » журналында жарияланды . Бұл – Сәкеннің прозамен ерте шұғылданғанын көрсетеді . Кейіннен повеске айналған « Айша » әңгімесі де ( 1922 ) осы журналда басылды . Екі тарауы жарияланып , аяқталмай қалған « Қыр балалары» атты көлемді повесі де сол кезде туды . Сәкен әңгіме , очерктерді былай қойғанда , бес повесть ( « Жер қазғандар» , 1927 ; « Айша » 1922-35 ; « Біздің тұрмыс » 1932-34 ; « Сол жылдарда » , « Жемістер » , 1935, бір мемуарлық роман

( « Тар жол , тайғақ кешу ») жазды . Осы шығармалардың ішінде « Тар жол , тайғақ кешу » мен « Жер қазғандардың » орны ерекше . Өйткені , бұл туындылар - өзіне тән көркемдік ерекшеліктерімен ғана емес , қазақ кеңес әдебиетінің өмірімен өзектес туғандығын , бүгінгі шындықтың ұрпақ үшін мәнді екендігін дәлелдеген шығармалар . Қазақ кеңес әдебиеті тарихында

« Тар жол , тайғақ кешу » романының атқарған ролі зор . Бұл тарихи – мемуарлық шығармада қазақ халқының Қазан революциясына қатысқаны , оның жеңісін қорғау жолында талай ерлік көрсеткені , бақытты өмір орнатудың қандай қиын өткелдерден өткені барынша нақты және тартымды баяндалған . Сондықтан да бұл роман – революциялық күрестің көркем шежіресі . Жиырмасыншы жылдары қоғамдық өмірде болған түбегейлі өзгерістер, жаңа заман дамуының қарқындылығы, тарихи оқиғалардың жедел ауысып отыруы Сәкен поэзиясында сол дәуір бейнесін берерлік екінші образ — жүйрік пойыз-экспресті тудырды. «Біздің тұрмыс — экспресс» деп жырлады ол. Жаңа қоғамдық құрылыстың даму қарқыны мен өзіндік сипатын, қанша ұшқыр да арынды болғанмен, тұлпар бейнесі таныта алмайды деп түсінген жаңашыл ақын.Отарбаны біздің осы тұрмысқа! — деп жазды. Жаңа елдің даму жылдамдығын ұшқыр пойызға — экспреске теңеу Сәкеннің басқа да туындыларында кездеседі. Жаңа өмірдің болашағына, оны орнатушылардың жасампаздығына ақын кәміл сенеді.Жаңа замандағы еңбектің, техниканың рөлі Сәкеннің көптеген өлеңдерінің мазмұнын құрайды. «Қара айғыр», «Аэропланда», «Аспанда» деп аталатын өлеңдерінде жаңа тұрмыс көрсеткіші ретінде көрінетін экспресс, пойыз, ұшақ образ-символдары ақын поэтикасында жиі ұшырасады. Шексіз алыс қиыр, өлшеусіз мұхит, асуы жоқ тау, аспандағы жұлдыз, тас қақпа — ауыз әдебиетінде, халық ұғымында арман-мұрат жолындағы қиямет қиын бөгет, кедергілер. Жаңа тұрмыс жыршысы «болмағанды болдырып», жаңа өмір орнатуға шақырады. Халық әдебиетінің дәстүрлі образы бойынша, ақын паравозды «қаһарлы күшпен ақырған», «дүбірі жер жарған» жүйрік тұлпар — қара айғыр бейнесінде суреттейді. «Біздің Сәуле», «Маржан» өлеңдерінде Сәкен теңдік альш, жаңа өмірдің белсенді құрылысшысы болған қазақ әйелінің ұнамды бейнесін жасайды. «Бұлшық ет» атты лирикалық өлеңінде барлық әрекет, қозғалыстың, динамиканың, даму атаулының тұтқасы — тас қопарып, жер үңгіп, шыңырау қазып, байлық шығарған, темір жол салып, жер қыртысын сыдырған адам қолын ардақтай келіп, ақын бұлшық етті айғырдың тоқпақ жалына, бөкеннің серке санына, қайыңның қырған безіне, шортанның жұмыр беліне теңейді. Бұл — адам баласының тән саулығын, күш-қайратын образды деталь арқылы әсем бейнелеп, шалқыта мадақтаған келісті де ықшам, көркем де шебер жыр. Көңіл күй әуендері. Сәкен Сейфуллин — адам жанының күйініш-сүйініштерін, алуан сипатты сезім күйлерін, ынтық, құштар жүректің нәзік сыр, ыстық толқындарын шебер де әсерлі суреттеген тамаша лирикалардың авторы.Сәкен лирикасының өзіндік сыр-сипаты алуан түрлі. Туған жерге сүйіспеншілік, табиғат көріністері мен құбылыстары, махаббат сырлары, сағыныш сазы, мезгіл суреттері, аң-құсты аялау, ана-бала сүйіспеншілігі — ақын лирикасының басты тақырыптары.Ол, әсіресе, табиғатты жан-жүрегімен нәзік сезініп, сүйіне жырлады. Ақынның әйгілі «Көкшетау» поэмасы қазақ жерінің ең бір көркем, сәулетті өңірінің естен кетпес мынандай керемет сұлу суреттерінен басталады. Сыршыл да ойшыл ақын, сұлулық жыршысы табиғатты онда мекендеген адамның көңіл күйімен, жасампаз еңбегімен байланыстыра жан бітіре суреттейді. Сәкеннің күрес жолындағы кейіпкерлерінің елге, туып-өскен жерге деген сезім күйлері табиғатқа- ынтықтығы арқылы ашылады. Мысалы, «Қамаудан» деген өлеңінде жау қолында зарыққан тұтқын туған жер табиғатынан жанына демеу табады. Табиғат қамаудағы тұтқынның жабырқау көңілін жадыратып, бойына бостандыққа деген сенім ұялатады. «Сағындым» атты өлеңінде де «туғалы қапас көрмеген», еркін өскен бұла жастың «Сарыарқа сары белі бар» қырын, «өзенді, көлді жайлаған, көрмеге тұлпар байлаған» ауылын, «еркесі қырдың бұралған» сәулесін, «айналып-толғанып өсірген» анасын сағынуы табиғаттың әсем суреттерімен, ел өмірінің әсерлі көріністерімен астастырыла берілген. Лирикалық кейіпкердің қыр тіршілігіндегі өзгерістерге сүйінген қуанышты көңіл күйін ақын «Қырда», «Далада» атты өлеңдерінде еркелей, шаттана ескен дала желі арқылы бейнелейді.Табиғаттың кіршіксіз тазалығы

«Ақша қар» өлеңінде кір-лас дүниеге қарсы қойылған. «Күздігүні далада», «Жаздыгүні далада» атты өлеңдерінде де ауыл тіршілігі табиғат суреті арқылы көрсетіледі. Ғашықтық, сүйіспеншілік сырлары көбінесе табиғаттың қошеметі мен қолдау-құттауы аясында ашылады. Ақын махаббаттың арман-аңсары мен құпия сырларына сұлу табиғатты куә етеді. «Тау ішінде», «Біздің жақта», «Жазғы түнде» өлеңдеріне осы сипаттар тән. Оларда туған өлкенің сырлы табиғаты жастардың жүрек құпиялары, ынтық сезімдерімен жарастық тауып, оқырманды ерекше әсерге бөлейді. Ал «Анаға хат», «Анаға жауап» өлеңдерінде аналық-балалық махаббаттың, сағыныш-мұңның, өкпе-наздың, жүрек қылын шертер, көзге жас үйірілтіп, ет жүректі елжіретер нәзік лирикалық сезім жеті-сегіз буынды, шалыс ұйқаспен келетін өлең өрнегімен аса сәтті бейнеленеді. Ақын «Сыр сандық» өлеңін досына хат түрінде жазған. Адалдық пен арамдық, талант пен күншілдік, мансап пен ождан, достық пен қастық туралы тебірене сыр шерткен ақын мұзбалақ, зеңгір тау, сыр сандық, сым перне, алтын сарай образдары арқылы эстетикалық-этикалық мұраттарын ірікпей толғаған.Сәкен адамның көңіл-күйін, сырын, тұспалдай жырлап, оны биік таудың басындағы кілттеулі сыр сандыққа балайды. Дос жанын түсіне білетін нағыз адам — дос қана сол құзар биіктегі сыр сандықтың кілтін тауьш ашып, көңілдің күй пернесін баса алмақ.Өлеңде жаныңды түсіне білетін шынайы достарға «қолыңда жемің барда шырқ айналып, жем таусылса, жалт беретін жанама достар» қарсы қойылған. Сөйтіп, Сәкен лириканы тек сезімді жырлаумен шектемей, оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн дарытып, жаңа мүмкіндіктерін ашты. Қазақ лирикасының үздік үлгілерін тудырған ол ізгі де сұлу сезімдердің, айнымас достық пен махаббаттың шабытты жыршысы болды. «Аққудың айырылуы» поэмасы. Сәкен Сейфуллин шығармашылырына тән тұрақты сипаттардың бірі — аллегориялық тәсілді символ бейнеге жиі пайдалануы. Оның «Аққудың айырылуы» поэмасында да мәңгілік те асқақ махаббатты жырлауға қазақтың ежелден бергі түсінігінде (аңыздарындағы) тазалық пен сұлулықтың, махаббатқа шексіз адалдықтың символы саналатын аққу бейнесі алынған.Оқиға Арқадағы бір сұлу көлдің жағасында өтеді. Ақын маржан сөз, шымкесте өлең өрнегін төгілдіріп, алдымен әлгі көлдің кісіні тамсандырғандай көркем суретін салады.Көл бетін мекендеген қызғыш, тауқұдірет, шағала, сұқсыр, қасқалдақ үйректердің қылығы мен қызығы қандай келісті десеңізші! Сөйтсе де ақын көңілі мұның бәрін олқысынады. Өйткені «аққу әні— жүрегінің тілегі» — жұбай аққу көл бетінде көрінбейді.Аққулардың келуімен көл бетінің тіршілігі күрт өзгеріп, жайнап, жанданып сала береді. Поэма адал махаббатты мадақтайды, өмірдің мәні мен сәні шынайы сүйіспеншілікте екеніне нандырады. Сонымен қатар, ақын өмірдегі де, табиғаттағы да ұлы жарасымды, гармонияны бұзудың орны толмас трагедияға апарып соғатынын көрсетеді, адамдарды абай болуға үндейді.

Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі. Айналасына абайшыл, қылтың-сылтыңы жоқ біртоға бала болады, Ұғымтал Сәкен ауыл молдасынан оңай хат танып, қолына түскен ескілі-жаңалы кітаптарды бас алмай оқиды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл үйренсін деп Нілдідегі таныс орысының үйіне тұрғызады. Сәкен әлгі үйдің таусылмайтын қара жұмысын тиянақты атқара жүріп, кемпірінен бір жыл орыс тілін үйренеді. Одан кейін екі жыл зауыт мектебінде оқиды. Болашақ күрескер ақын кенішті қаладағы зауыт, шахта жұмысшыларының аянышты өмірімен танысып, ереуілдерін көріп, соларға бүйрегі бұрады.

Дүниедегі сұлулықты Сәкен ақынның өлең жолдарымен сипаттауға болатындай.Жезді мекен Жезқазған жерінің тумасы Сәкен ақын қазақ халқының жүрегінде.Себебі өмірдің өзі бізге үлгі тұтатын жандарды сыйлап отыр.Біз солармен мақтануымыз керек.





Пайдаланған әдебиеттер:

1.С.Сейфуллин «Тар жол,тайғақ кешу» роман-эссе 1927﴿

«Қазығұрт» баспасы,2004 ж. Алматы.

2.Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал «Қазақ тілі мен

әдебиеті орыс мектебінде» №5,2007 ж.

3.Қазақтың «Үш бәйтерегі» кітапша «Аруна» баспасы

4.Баспасөз материалдары

5.Ұстаз газеті

Автор
Дата добавления 07.12.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров475
Номер материала ДВ-237627
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх