Инфоурок / Иностранные языки / Статьи / Баяндама "Үш тұғырлы» тілді үйретуде пәнаралық байланыстың ерекшелігі"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Баяндама "Үш тұғырлы» тілді үйретуде пәнаралық байланыстың ерекшелігі"

библиотека
материалов

«Үш тұғырлы» тілді үйретуде пәнаралық байланыстың ерекшелігі» 

Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті»,-деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түскен.

Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр.

Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келешекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.

Үштілді оқыту – заман талабы.     Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. 

Шетел тілі пәні басқа да жалпы білім  беретін пәндер сияқты тәрбиелік білімдік маңызды міндеттер атқарады. Жас  ұрпаққа ағылшын тілінде оқуды, жазуды, сөйлеуді, бір тілден екінші тілге аударуды үйреткенде сол елдің мәдениетін де қоса үйретеміз. Соңғы жылдары мемлекетіміз ағылшын тілін оқып үйренуге үлкен ықпал жасап отыр. Қазір  таңда  ағылшын тілін үйренуге ынталылардың саны біршама артады, өйткені оқулықтар, сөздіктер, әдістемелік нұсқаулар, тестер өз ана  тілімізде шығарылып жатыр.

Пәндерді  бір – бірімен  байланыстырып оқыту педагогика тарихында ерте кезден белгілі. Ол Я. А. Коменскийдің, К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде зерттеліп дамытылған. Я. Коменский оқу пәндерін байланыстырып оқыту кезінде студенттерде оқу материалы жайлы толық мағлұмат  қалатынын, оның терең, әрі жүйелі білімнің шарты екенін түсіндіре келіп, пән аралық байланыстың мақсатты және  тиімді болуына мән береді.

Ағылшын тілін меңгерту үшін бір пәнді жақсы білумен шектелмейді. Соңғы жылдары жинақталған тәжірибеге сүйенсек, ғалымдар шетел тілін оқытуда студенттердің ана тілінің ерекшеліктерін шетел тілін  оқыту барысында тиімді, тиімсіз ықпалын ескергенде ғана тіл үйрету жолында  жақсы нәтижелерге жетуге болатынын  көрсетеді. Өйткені жастардың ана тілі мен шетел тілін меңгеруге елеулі ықпал етеді. Сондықтан шетел тілін ана тілі негізінде салыстыра оқытудың маңызы зор. Оны басқа да пәндермен ұштастырып оқыту қажет.

Басқа тілге  оқытудың  ойдағыдай болуы ана тілін оқыту мазмұнының дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Ана тілінің негізінде екінші бір шетел тілін үйрене алады. Ал ана тілі – басқа тілді үйренудің негізгі қайнар көзі. 

Өзімнің педагогикалық тәжірибеме келсек үш тілді де қатар меңгерген соң өсіп келе жатқан ұрпаққа  ағылшын тілін оқыту кезеңінде қазақ , орыс тілдерімен байланыстырып олардың ұқсастығын  айта отырамын.

Өз сабақтарымда студенттердің интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолданамын. Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: «Полиглот», «Кім тапқыр?», «Үздік тілші» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Студенттерді ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөзжұмбақтар, анаграммалар олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болды. Сондай-ақ, ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, тест т.б түрлерістуденттердің қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болды. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да студенттер қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды. Мысалы, «Мақал-мәтелдердің баламасын жаз» тапсырмасын ұсынуға болады. Бұл жерде студенттер өздері таңдаған тақырыпта үш-тілде мақал-мәтел ойлап, баламасын жазуға талаптанады.

Мысалы: Білім – қуат. Знание – сила. Knowledge is power. Бұл мәтелде 3 тілдегі сөздік баламасы және де мағынасы дәл келіп тұр. Бұл синонимикалық мәтелдер, яғни аудару барысында тікелей аудару арқылы аударылған, мағыналары да, сөздері де бірдей. Бұндай ұқсас синонимикалық мақал-мәтелдерді шетел тілін меңгеруде қолдану өте қолайлы. 1. A good name is better than riches – Добрая слава лучше богатства – Жақсы сөз – жарым ырыс. 2. Two heads better one – Одна голова хорошо, две лучше – Екі кісі бір кісінің тәңірісі. 3. East or west home is best – Вгостях хорошо, дома лучше — Өз үйім өлең төсегім. 4. If you run after two hares, you will catch neither — За двумя зайцами погонишься, ни одного не поймаешь — Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді. 5. There is no smoke without fire – Нет дыма без огня – Жел болмаса, шөптің басы қозғалмайды. 6. There is no place like home – В гостях хорошо, а дома лучше – Айхай өз үйім, кең сарайым боз үйім. 7. There are spots even on the sun – Конь о четырех ногах, и тот спотыкается – Төрт аяқты мал да сүрінеді. 8. Tastes differ – О вкусах не спорять – Әркімнің өз талғамы бар. 9. All is well that ends well – Все хорошо, что хорошо кончается – Басы қатты болса, аяғы тәтті болады. 10. Badnewsfliesfast – Худые вести не лежат на месте – Жамандық жерде жатпайды.

11. We shall see what we shall see – Поживем – увидим – Көргеніңнен көрмегенің көп. 12. Who keeps company with the wolves will learn to howl – С кем поведешься от того и наберешься – Жолдасына қарап, кісіні білерсің. 13. Better late that never – Лучше поздно, чем никогда – Ештен кеш жақсы. 14. All is not that glitters – Не все то золото, что блестит – Жылтырағанның бәрі алтын емес. 15. As you have made you bed, so you must lie on it – Что посеешь, то и пожнешь – Не ексең, соны орасын. 16. Don't count your chickens before they are hatched – Цыплят по осени считают – Балапанды күзде санайды.

Бұл тапсырмалар студенттердің ізденушілік әрекеттеріне, өз беттерімен білім алып, алған білімдерін ортаға салып, дәлелдеу дағдыларына түрткі болды. Ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерін дамытады. Пәнаралық байланыстың негізінде студенттер әр пәннен алған білімдерін тоғыстыра отырып, өз мақсаттарына жете білуге дағдыланды.

Қорытындылай келгенде, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа үштұғырлы тілді меңгерту, олардың зерттеушілік қабілетін ояту бәсекеге қабілетті етіп даярлау  біздің парызымыз.

 

















Общая информация

Номер материала: ДБ-073911

Похожие материалы