Инфоурок Дошкольное образование СтатьиБаяндама "Шағын орталық- бастауыш білім негізі"

Баяндама "Шағын орталық- бастауыш білім негізі"

Скачать материал

                         Маңғыстау облысы     Түпқараған ауданы  

 №1 Жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің жанындағы «Балдаурен» шағын орталығы

                          Дайындаған:  Муканова Айгул  Изденовна

Шағын орталықта құзіретті білім қалыптастыру

 

Бүгінгі таңда балабақшаның немесе шағын орталықтың оқу-тәрбие процесінің сапасына әлеуметтік сұраныс жоғары. Адамның миы логикалықдамудың шарықтау шегіне жеткен заманда білім саласында кері құлдырау басталғаныбәрімізге аян.Сондықтан балабақшадан немесе шағын орталықтан бастап білімнің бастапқы негізін дұрыс қалыптастыру өзекті мәселе күйінде қалып отыр.

Білім берудің жаңа бағыттарының ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап,  болашақта ізденімпаз, қызығушылығы мол бастауыш  сынып оқушысының қалыптасуы үшін төмендегі міндеттерді ортаға салар едік:

-         тәрбиелеу мен дамытушылық әрекетін ұйымдастыру;

-         құзіреттілікті қалыптастыру және дамыту;

-         жеке тұлғаның қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігін зерделеп, шығармашылық қабілетінің ашылуына жағдай жасау.

Мектепке дейінгі педагогиканы терең меңгерген тәрбиеші өз тәрбиеленушісінің болашақ бастауыш сынып оқушысы екенін түсіне отырып, мектепке барған бірінші сыныптықтың алдынан қандай қиындық кездесетінін анық біледі. Қазіргі педагогика талабына сай білімнің құзырлығы басты талап болса,  осы ұстанымды жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің маңызы зор. Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдық белсенділігі жоғары, дүниетанымы кең тұлға қалыптастырады. Құзырлы білім беру  үрдісінде тәрбиешінің кәсіби дәрежесі:

-         танымдық қызмет тәжірибесі;

-         қызметтің белгілі амалдарын жүзеге асыру тәжірибесі;

-         шығармашылық қызмет тәжірибесі;

-         эмоциялық құндылық қатынастар жасау тәжірибесі

секілді бір-бірімен қабыса әрекет ететін элементтерден тұрады. Бұл тәжірибелер оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысы, олар процесс барысында бір-бірінен ажыратылмайды. Осыған орай тәжірибе бойында қалыптасқан құзырлықты бақылау арқылы байқауға болады. Тәрбиеші:

-         тәрбиеленушінің денсаулығына, зиян келтірмей ықпал ету;

-         өзінің сыртқы бейнесімен, ой-өрісімен, педагогикалық әдебімен осы ұстанымның кең тарауына, тәрбиленуші санасында өзіндік бақылау және өзіндік проблема тудыру алу және оны шешу дағдыларын қалыптаса алуына себепкер болып, еркін шығармашылыққа жол ашу;

-         оқушының табиғатына сай үйлесімді дамуына жәрдемдесу;

-         жан-дүниесімен өзі басшылыққа алған ұстанымына кедергі келтіретін келеңсіздіктерді жоюға ынталану және тәрбиеленушісін ынталандыру

секілді талаптар негізінде білім беру және тәрбие үрдісін ұйымдастыра алады.«Зерек бала» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, оқу әрекеттерін тиімді өткізуде шағын орталық тәрбиешісіпроблемалық оқыту, деңгейлеп оқыту секілді жаңа технологиялар негізінде баланың қабілетін ашуға жағдай жасайды.  Шағын орталық тәрбиешісі бастауыш сыныптың мұғалімімен кездесе отырып, ортақ мәселелерді шешуге бірлесе жоспар құрады. Жоспарға жыл бойына бастауыш сыныпқа шағын орталық тәрбиеленушілерінің немесе бастауыш сыныптықтардың шағын орталыққа саяхаты,  сабақтарға қатысу, ертеңгіліктерді тамашалау, бір-бірімен  әңгімелесу   енеді.  Әр айда әр сабаққа кіріп, білімдерін толықтырады, дүниетанымдарын кеңейтеді. Немесе мерекелерде бір-біріне мерекелік сыйлық ретінде өнерлерін тарту етеді.

Бүгінгі  қоғамда баланың коммуникативтік қабілетін дамыту - көкейтесті мәселенің бірі. Себебі өмір сүру тәжірибесі жеке тұлғаның бәсекеге қабілетті болса, сәтті ғұмыр кешетінін айқындап келеді. Бәсекеге қабілеттілік жеке тұлғадан тек терең білімді ғана қажет етіп қоймайды, сонымен бірге жылы қарым-қатынас, іскерлік қабілет пен игі әдеп талап етеді. Немесе  жеке тұлғаның іскерлік әлемімен жеңіл тіл табыса білуі  табыстардың бастауы. Сондықтан шағын орталықта жүзеге асырылатын тіл дамыту процесі бастауышпен тығыз сабақтастықта өтуі тиіс. Ертегіні сахналандыру, оны әңгімелеп айту, рольдер бойынша айту,  суреттерге қарап әңгіме құрау, шағын орталықтағы және үйдегі ойыншықтар туралы әңгімелей білу, жұмбақтарды шешкізу арқылы логикасын дамыту секілді элементтер арқылы баланың әрі қызығушылығын арттыруға, әрі  тілін  дамытуға болады. Қазіргі сәтте балаға тұс-тұстан берілетін ақпараттың шегі жоқ. Оны елеп-екшеп отыруға үйде ата-ананың да мұршасы бола бермейді. Сондықтан шағын орталықтағы өз тобында немесе бастауыш сыныптықтармен біріге отырып, көрген мультфильмдерін, сахнада қызықтаған ертегілерін бірлесе талқылауға үйрете беру ертеңді күтетін шаруа емес. Осылайша тіл дамыту және көркем әдебиет оқу әрекеттері арқылы шағын орталық тәрбиеленушісі үшін болашақта бастауыш сыныпта танысатын ана тілі сабағына жол ашылады.  Сол сияқты бастауыш сыныптағы математика сабағы шағын орталықтағы қарапайым математикалық түсініктерден бастау алады. Тәрбиеленуші санай білуді үйренеді, геометриялық пішіндерді ажыратады, артық, кем немесе тең ұғымдарымен танысады. Мұның өзін бастауыш сыныпқа біліп бару мұғалімнің жүгін едәуір жеңілдетеді. Сандарды ауызша қосу немесе алуды, айналасындағы заттардың санын біліп, оларды артық, кем, тең ұғымдарына қарай топтастыруға үйреніп, кеңістікті бағдарлау арқылы оң, сол, жоғары, төмен ұғымдарының мәніне бойлап, бастауыш сыныпқа қор жинайды.  Ал қоршаған ортамен танысу, экология негіздері тәрбиеленушіні  табиғатты аялап, қорғауға баулып, бастауыш сыныптағы дүниетануға жалғасады. Аулада  бірлесе жүргізілген бақылаулар, серуендер, тазалық жұмыстары шағын орталық тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларының арасында ынтымақтастық тудырады. Осылайша отансүйгіш, сергек ойлы жеке тұлғаның қалыптасу процесі шағын орталықтан бастауыш сыныпқа ұласады. Шағын орталықта жүретін жапсыру, мүсіндеу, бейнелеу өнері болашақ бірінші сыныптықтарды еңбекке бейімдейді. Тәрбиеленушіге шығармашылық өнерді бағалап, өз ұлтының мәдениетімен қатар өзге ұлттың да мәдениетін құрметтеуге үйрете отырып, тәрбиеші бала бойындағы қабілеттің көзін ашуға тырысады. Бастауыш сынып оқушыларымен біріге қол еңбегімен айналысу, шығармашылық көрмелер ұйымдастыру тәрбиеленушілердің ынтасын арттырады. Қағаз, бояу, бор, сазбалшық, құм, ермексаз, қалдық материалдан бірлесе жұмыс істеу барысында аға-әпкелерінің қолынан көбірек келетінін көрген тәрбиеленушілерде мектепке қызығушылық сезімі оянады.  Ән-саз, дене шынықтыру сабақтарының жүруі бастауыш сыныптан бастап кеңінен таралатын түрлі сайыстарға дайындық іспетті.

Жалпы бірлесе жұмыс істеу барысында баланың ересектерден көмек сұрау және өз көмегін ұсынатын сәттерді туғызуға жағдай жасау керек. Бұл баланың өзінен үлкенге бауырмалдық сезімін білдіруге әрі өз мүмкіндігінің бар екендігіне көзін жеткізеді.  Сол сияқты үлкенді сыйлау, олармен бірлесе шешім қабылдау, жағымды эмоциялық көңіл-күй туғыза білу секілді адамгершілік нормалар жүзеге асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

                 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Шағын орталық- бастауыш білім негізі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2017 886
    • DOCX 20.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муканова Айгул Изденовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Муканова Айгул Изденовна
    Муканова Айгул Изденовна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48725
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы системы М. Монтессори в работе с детьми дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 310 человек

Курс повышения квалификации

Алгоритмика для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 398 человек

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов