Инфоурок Дошкольное образование СтатьиБаяндама "Шағын орталықтағы тәрбие жұмысы"

Баяндама "Шағын орталықтағы тәрбие жұмысы"

Скачать материал

         Шығыс Қазақстан облысы

         Зырян ауданы

         Серебрянск қаласы

        Серебрянск қаласының № 4 орта мектебі КММ

         Мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі

        Бибосынова Алтынгуль Елтаевна

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

                                     Шағын орталықтағы тәрбие жұмысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жас  жеткіншектерді тәрбиелеу  жұмысының  негізі ең    алдымен  отбасында  қаланып, сонан соң  балабақшада жалғасатыны белгілі. Бүгінгі жас ұрпақ болашағының ірге тасының берік  қалануы үшін, балабақшада  берілетін білім  мен тәрбиені дұрыс қалыптастыру  өз қолымызда. Біздің  басты мақсатымыз: Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру стандартының  негізгі ережелері   мен  талаптарын  басшылыққа ала отырып, білім  салаларында білім  алу құзіреттіліктерін  қалыптастыру.
         Қазақ халқы қай уақытта болмасын,ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген.Сондақытан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып,қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек.» Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы»-деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби-ойын әрбір ұстаз,әрбір тәрбиеші,әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр болар еді.Оқу мен тәрбие бір-бірінен бөлек алынып, қаралмайтынын күрделі процесс.Сондықтанда мектеп жасына дейінгі балаларға үлгілі тәрбие берудің маңызы зор.Кішкентай сәбилеріміз ата-анасының, тәрбиешісінің,достарының мінезінен жүріс тұрысынан,сөйлеген сөзінен, істеген  ісінен үлгі алуға тырысады.

           Қазіргі таңда тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік артылып отыр. Бала тәрбиесі тек тәрбиешінің емес, баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаныңда, Мектептің де,мақсат мүддесі біреу,ол заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.  Бүлдіршіндеріміз шағын орталықта бірінші өз-өзіне қызмет етуді үйренеді. Тәрбиеші көмегімен жуынып,киініп,сүртінеді,бір-біріне көмектеседі. «Рахмет, кешір, өтінемін сөздерін айтуды үйренеді.Топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты  таза ұстауды үйренеді.

          Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажет ермек саз, тақтайша, қылқалам т.б. заттарды дайындауға көмектеседі. Серуен кезінде гүлдерді қопсыту, шөптерін жұлу, ойын алаңын таза ұстауды үйренеді. Міне,осылайша біз бүлдіршіндерімізді тазалыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке, еңбекке шақырып баулимыз. Әрине әрбір жасалынған істен кейін «жарайсыңдар балалар!» Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды,бәрекелді!» — деп айтуымыз шарт. Себебі осы сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің  дұрыс екеніне көз жеткізеді.»

              Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру  мәселесі толасыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттермен, мүмкіндіктерді алып, олардың өнегелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінен маңызы зор. Баланың бойында адамгерішілік, патриоттық тәрбиені қамтамасыздандырудың негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді. Ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына,көмекшісіне сүйіспіншілікпен, қамқорлықпен қарау,табиғатты аялау. Қазақ халқының салт әстүріне қызығушылықпен қарау, мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Биылғы оқу жылына оқу- тәрбие  жұмыстарының  жоспары жасалынып, бекітіліп, сол бойынша  біршама жұмыстар  атқарылды. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  жалпыға міндетті білім  беру  стандарты  негізінде мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен оқыту  бағдарламасы  жүзеге асырылуда. Бес  білім беру  саласымен  жұмыс жасау арқылы, тәрбие, білім беру-өнегелі әдептерге үйретуде қолданылатын  жаңа әдіс-тәсілдер  мен ойын түрлері  арқылы  жүргізілетін тәрбие жұмыстары  нәтижесін беруде.

Оқу жылының басында  алдыға қойылған  мақсат, міндетті  оқу жыл көлемінде орындай отыра топтық тәрбие сағаттары, ашық салтанатты шаралар және күнделікті балаларға ұйымдасқан оқу іс әрекеттер  мен әңгімелесу арқылы  балаларға патриоттық  сезімдерін арттыруға, отан- сүйгіштікке, ұлттық құндылықтарын  қадірлей білуге  тәрбиеледік. Сондай –ақ, ойын арқылы, тәрбие сағаттары мен ата-аналарымен тығыз байланыс жасау арқылы балаларды тәрбиелеу, денсаулықты нығайту, қауіпсіздік  сапасын арттыруға жол ашылды.

        Балаларды адамгершілікке, еңбекке, көркем-эстетикалық тәрбие беруге күнделікті өмірде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде  жан-жақты  тәрбиелеу іске асырылды. Бұл балдырғандармен тығыз қатынаста, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде атқарылды. Мұндай мақсатқа бағытталған  жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді үйретуге, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларды ортақ пайдалы жұмысты істеуге, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

Сондай- ақ тәрбиешілер тарапынан балаларды тәрбиелеуде бірініші ата- аналарға дұрыс бағыт беріп,бірлесе жұмыс атқарса, жүргізілген жұмыс жемісті болатыны белгілі.Күнделікті ата- аналармен жүргізілген әңгімелесу мен берілетін кеңес, ескертулерден бөлек, жоспарға сай ата- аналар жиналысы өткізіліп отырады.

Әрбір  өткізілген шараларды  атап айтсақ:

«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Оның маңызды мақсаты балаларды Отанын сүйуге, бірлікке, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге баулу, Отанымыздың білімді ұрпағы болуға тәрбелеу.

«Жол тәртібін білейік, есен – аман жүрейік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Жолда жүру ережесін үнемі сақтауға дағдыландыру. Балаларды бір-біріне көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

«Менің отбасым» тақырыбында тәрбие сағаты балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

«Дәрумендер денсаулық кепілі» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатының басты мақсаты: балаларға көкөністер мен жеміс жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру, олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін көрсету,ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу кезінде  сөзді анық айтқызу, мәнерлі айтып жаттықтыру және еңбекке баулу.

Балаларды игілікті істерді білу, қайырымдылық, мейірімділік, досқа көмек жасау, өздерінен кішіге қамқорлық жасай білу дағдыларын қалыптастыру , бойларына сіңіру, дарыту мақсатында  «Қайырымдылық игілікті іс» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәуелсіздік күніне орай  «Күн дидарлы Қазақстан»  тақырыбында тақырыбында өткізілген тәрбие сағаты өздері тұрып жатқан ел Қазақстан екенін білу,Қазақстан тәуелсіз мемлекет екенін,Қазақстанда тәуелсіздік мерекесі 16-желтоқсанда болатынын білу, еліміздің рәміздерін білу, патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында өткізілді.

«Құтты болсын, Жаңа жыл!»тақырыбында өткен салтанатты мерекенің басты мақсаты балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, балаларды ертегілер әлеміне енгізіп, әртүрлі кейіпкерлер арқылы жаман мен жақсыны айыра білуге тәрбиелеу.

8-Наурыз халықаралық аналар мерекесінің қарсаңында  «Ана - өмірдің гүлі»   атты  ашық салтанатты шара өткізілді.  Оның мақсаты көктемнің алғашқы мерекесі аналар, әжелер, қыздар  мерекесі екенін  және  көктем мезгілінің ерекшеліктерін, құбылыстарымен танысу болды.

Ал  22-наурыз қарсаңында өткізілген «Наурыз- жыл басы» атты салтанатты шараның басты мақсаты балаларға Ұлыстың ұлы күні туралы жалпы мағлұмат беру болды.  Сондай-ақ, Жаңа жыл 22-наурыздан басталып, күн мен түннің теңесетінін түсіндіріп, балалардың Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге, сақтауға тәрбиелеу мақсаты орындалды.

Балалардың өмірін  сақтап, өсіп-жетілуіне, болашақ ұрпақты тәрбиелеп, дұрыс тәлім-тәрбие, білім беруді ең басты міндетім деп санаймын. Мемлекет пен ата-ана тәрбиешіге өзінің ең қымбатты асылын, халықтың болашағы- сәбиінің тағдырын барлық ықылас ниетімен  сеніп  тапсырады. Мұндай  сенім  мектепке дейінгі мамандарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз осы жауапкершіліктің үмітін ақтап, болашаққа нық сеніммен  қадам басамыз.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Шағын орталықтағы тәрбие жұмысы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 833 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.05.2016 1748
    • DOCX 21.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бибосынова Алтынгуль Елтаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бибосынова Алтынгуль Елтаевна
    Бибосынова Алтынгуль Елтаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22177
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Компетенции тьютора и его роль в современном дошкольном образовании

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 319 человек

Курс повышения квалификации

Развитие речевых навыков у неговорящих детей в структуре группового занятия «Мама и малыш»

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня

Педагог-воспитатель группы продленного дня

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 201 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 145 человек

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе