Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыБаяндама "Шағын жинақты мектептерде сындарлы оқыту теориясы негізі арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру"

Баяндама "Шағын жинақты мектептерде сындарлы оқыту теориясы негізі арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру"

Скачать материал

ШҚО Жарма ауданы

Шар қаласы

Т.Көбдіков атындағы орта мектеп

Тарих пәнінің мұғалімі

Ажимбетова Каламкас Байкеновна

 

Шағын жинақты мектептерде сындарлы оқыту теориясы негізі арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру

 

Кез келген елдің өркендеуі, оның ұлттық білім жүйесінің дамуына тікелей байланысты. Әр мемлекеттің білімді ұрпағы өз елінің айнасы. Бүгінгі мектеп алдында жас жеткіншектерді, білім беру мен тәрбиелеудегі дәстүрлерді жетілдіре отырып, білім сапасын арттыру болып отыр.

      Сондықтан да  ұстаз болып жұмыс атқарғаннан кейін әр біреуміздің міндеттіміз, әрбір біздің қара домалақ балаларымыздың білімге деген қызығушылығын арттыра отырып білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Білім беру сапасын жақсартудың бірден бір жолы-жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.

     Өзім үшінші деңгей бағдарламысын 2015 жылы Астана қаласында аяқтадым. Осы бағдарламаны оқығаннан кейін тиімді екененің және сабақ барысында оқушының қызығушылығы артатының байқағаннан кейін шағын жинақты мектепте сындарлы оқыту теориясы негізінде сабақ жүргізсе оқушының белсенділігі арттады деп ойлаймын.

     Өйткені, осыған дейін де, қазір де ауылдың шағын мектептері оқу-тәрбие үрдісін іске асыруда күрделі мәселелерге, қиыншылықтарға тап болып отырғаны ешкімге де құпия емес. Әсіресе оқу үрдісіне байланысты шешілмеген, ғылыми жүйелендірілмеген мәселелер толып жатыр.

Қазіргі заманның балалары оқуға деген көзқарастары әртүрлі болып келеді және оларды қызықтыру оңайға түспес.

Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі – еліміздегі шағын жинақты мектептер қызметін дамыту болып отыр.

Сындарлы теориясына негізделген оқытудың мақсаты –оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Бағдарламаның негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.

Бағдарламаның модульдері:

1.     Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

2.     Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

3.     Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

4.     Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

5.     Талантты және дарынды балаларды оқыту

6.     Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

7.     Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты берген, оқушы тек тыңдап ақпаратты қабылдап отырған. Сабаққа көбінесе тиімсіз әдістер қолданылған. Қазіргі кезде оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді. Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады. Мұғалім сабақта басқарушылық міндет атқарады, оқушыға бағыт-бағдар беріп отырады. Оқушылармен сабақ барысында топ ережесін құрудан бастап топқа бірігіп жұмыс жасаса, көптеген сұрақтарға бірлесе жауап іздесе. Сонымен қатар әр сабаққа рефлексивті есеп беру арқылы оқушыға сенім білдіру арқылы бір-бірімен қарым-қатынас белсенділігі арттады. 

Күнделікті сабақ жоспарын құру кезінде бірнеше жыл бойы сабаққа мақсатты дұрыс қойып жүрмегеніме көзім жетті. Дәстүрлі сабаққа үш мақсат қойылады білімділік, дамытушылық, тәрбиелік сонда мен мақсатты жалпылама алып  көптеген өзіме міндеттер алады екенмін.  Қазіргі таңда қысқа мерзімді жоспар құрғанда оқушыға бағыттап сол қырық бес минутта қарастырылатын тақырып бойынша мақсат қоя бастадым.

Сондай – ақ қысқа мерзімді жоспар құруда сонымен оқушылардың жас ерекшеліктерін және жан дүниесін де оқытуға байланысты тақырып дайындауда да назар аударатын боласын. Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Үшінші деңгей бағдарламасы мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің  оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.

Шағын жинақты мектепте мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Сондықтан қазіргі таңда әр оқушыға көңіл бөліп көбінесе оқушылардың сөйлеу мәдениеті және ойын жетік жеткізе алу керек. Қазіргі таңда мектептеріміз қаншалықты қазақ тілді болғанымен оқушыларымыз орыс тілде ойланып, қысқа да нұсқа жауап береді. Сабақта диалогтық оқыту технологиясын қолдануы жайлы көптеген он көзқараста пікірлер қалыптасқан.

Ғылыми зерттеу нәтижелері де сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.

Сыныптағы диалогттің оқытудың  әрекеттерінің көп септігін тигізді деп ойлаймын. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, оқушылардың ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгіменің үш түрі бар:

-         Әңгіме-дебат

-         Топтық әңгіме

-         Зерттеушілік әңгіме   

Сабақ жоспарларын құруда да басты мақсатты оқушылар бір-бірімен пікірлесіп, ой бөлісу арқылы сөйлеу мәнері мен тыңдау дағдылары қалыптасыптасуы жайлы назар аудару керек.

Дана қазақ халқы айтқандай «Жақсы сөз - жарым ырыс» дегендей, сабақ барысында оқушылар ең бірінші ынтымақтастық атмосфера құру да бір –біріне ізгі ниет білдіру арқылы диалогқа түсе білді. Сол арқылы өзара қарым-қатынастары жақсарып көңіл-күйлері көтеріліп отырды.

Ауылдағы шағын жинақты мектеп халқымыздың қадір-қасиетін жан-тәнімен қабылдаған, ұлттық рухымызбен рухани мұраларымыздың қайнар бұлақтарынан нәр алған небір дарындармен даралар шығарған, әліде шығара берер киелі қарашаңырақ, руханият ордасы.

Сондықтан шағын жинақты мектептерде жоғарыда айтылған технологияларды қолданса оқушыларда білімге деген құштарлық және белсенділік пайда болады, әр оқушыға жеке көңіл бөлініп сенімділік артады.

Оқушы сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияны да жақсы меңгеріп шығуы керек. Оқушымен компьютермен жұмыс жасасақ және интернет қолдана отырып тапсырмалар берсен оқушы бар күшімен тапсырманы орындауға кіріседі. Әсіресе қазіргі кезде тапсырманы шеше отырып бағалау сатысына келгенде бір-біріне ұялы телефон арқылы жіберіп жұмыс жасаса оқушының белсенділігі мен қызығушылығы артып сыныптың барлық оқушылары қатысады.

Өкінішке орай көптеген ауылда орналасқан шағын жинақты мектепте компьютердің аздығы мен интернет желілердің жоқтың қасы.

Оқушылар  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеріп қана қоймай, көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап та ала алады.

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі  үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін  оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуын нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Қорыта айтқанда шағын жинақты мектепте білім беруді ұйымдастыруда:

1.     Мұғалімдерді деңгейлік курстараға жіберу

2.     Мұғалімге үздіксіз қала мектептерімен тәжірибе алмасу

3.     Біліктілігін арттыратын курстарға жіберіп отыру

4.     Мұғалімдерді әдістемелік кітаптармен қамтамасыз ету

5.     Жылына бір рет болса да онлайн режімде республикаға сабақ беруге шығару және тәжірбие алмасу

6.     Мектепті ақпараттық-коммуникациялық құралдармен толықтай жабдықтау және интернет желісімін жұмыс жасау, электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету.

Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман.

Егеменді ел болып, «Ел межесі-елулікке ену» басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүние жүзілік деңгейге жеткізетін тұлғаның бірі мұғалім.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Шағын жинақты мектептерде сындарлы оқыту теориясы негізі арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2016 909
    • DOCX 27.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ажимбетова Каламкас Байкеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9703
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 328 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1354 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек