350138
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокНачальные классыКонспектыБаяндама "Шығармашыл мұғалімнің педагоикалық қызметі"

Баяндама "Шығармашыл мұғалімнің педагоикалық қызметі"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасына сәйкес бастауыш сыныпта меңгерілетін білім, білік дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабының жүйелі орындалуы бүгінгі заман талабы. Оқушылардың білім, іскерлік дағдыларды меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін кеңейту, қабілеттерін дамыту, үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін жасау, тағы басқа талаптарды жүзеге асыру, оқу процесін ізгілендіру, демократияландыру, ұлтгық және аймакгық ерекшеліктерді ескеру, даралап, саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарды. Бұл мүмкіндіктерді шешуде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол тауып кетуі үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері дами түседі.

Ол үшін мұғалім ізденімпаз болу шарт. Демек мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқыту үрдісінің іс-әрекеттері арқылы оқушыда шығармашылық қабілеттері дами түседі.

Бұндай кезеңдерде өтілетін жаңа сабақтың негізгі үш мақсаты (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық) толық шешімін таба білгенде ғана іске асырылып отырылады. Осы жағдайда мұғалім оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырумен бірге сабаққа деген қызығушылықты да арттыра білу керек.

Мұғалімнің өтілетін сабақтары оқушыларды шығармашылыққа ұмтылуын тудыратындай етілуі тиіс. Сабақтың тақырыбына сәйкес алдын ала жоспарланған сұрақтар оқушы ынтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуга септігін тигізетіндей болуы керек.

Сабақта тапсырмалардың жауабын табуда, орындауда қойылған сұрақтарға жауабын беруде «Ой таласын» жасау, тамымдық ойындар ұйымдастыру т.б. ұтымды оқытудың жаңа технология түрлерімен іске асырылып отырған жағдайда сабақ тартымды өтілетіні белгілі.

Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықтарды сезіну, қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік кезеңіндегі «бас қатырулар» табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны қалыптастырып, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл күйге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді. Мұның барлығы бастауыш мектеп оқушыларында болуға тиісті қасиеттер болып табылады.

Әрине, шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда қалыптасып, ары қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі керісінше уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен, тұтас алғанда әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсатгарының бірі де осы.

Қазіргі таңда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оқушыны неге үйрету керек, қалай үйрету керек, әлде оны өзі үйрене ала ма деген сұрақтар тууы мүмкін. Ол үшін оған алдымен мұғалім дайын болуы керек. Оқушыларды шығармашылыққа үйрету үшін:

-мұғалімнің өзі теориялық білімдерін жетілдіріп отыруы керек, шығармашылықпен жеке-дара оқушы емес, сыныптың оқушылары айналысуы үшін жағдай, мүмкіндік жасалу керек;

- шығармашылық процеске баланы үзбей, сатылы түрде қатыстырған жөн;

-шығармашылық жаттығу ойын-тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жасерекшелігіне, қызығушылығына сай болғаны дұрыс;

-оқушы жетістігін мадақтап, көтермелеу керек. Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушының жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір бала бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.

Ол үшін ұстаз бойында шәкіртінің бойындағы өзгеге ұқсамайтын қасиеттерін аша білу, ой-өрісі кең, жан-жақты білімдер, өз мамандығының шебері болуы, үздіксіз өз білімін өз бетінше шыңдай түсуі қажет. Ал ұстаз шәкірттерінен төмендегідей қасиеттерді күте білуі керек:

- оқушы- ой-жүйесі өзінің біліміне берік болуы тиіс;

- оқушыда сабаққа деген құлшынысы тұрақт ы болғаны жөн;

- оқушы білімі, талғамы барлық пәнге дұрыс көзқараста болған жөн;

- оқушы білімінің тереңдігі пәнаралық байланыста болғаны тиімді.

Бастауыш сынып оқушыларының да өздерінің жеке-дара қызығулары, қабілеттері, бейімділіктері болғандықтан, оны дамыту үшін сабақ үстінде әр алуан тапсырмалар беріп, орындатуға болады. Түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындауды меңгерген оқушы өзінің күшін жан-жақты сынап көрсе, ал жалпы сынып оқушылары даралық қабілеттерінің көрінуіне септігін тигізеді.

Қазіргі өмір талабы-оқушыларды іздендіру, сол арқылы өз беттерімен еңбектендіруге дағдыландыру. Оқушылардың тіл байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білімі де артады, тереңдейді, сапалы, тиянақты болады.

Мен осы орайда сабақтарымда қолданып жүрген дидактикалық материалдармен бөліскім келеді.

Ұсынылып отырған материалдар мұғалімнің жұмысын тек жеңілдетіп қана қоймай, оның сабақты түрлендіріп өткізуіне мүмкіндік туғызады.

1.Оқушыларға кейбір сөздері қалдырылып кеткен мәтін беріледі. Сол сөздерді мағынасы бойынша тауып, орнына қойып жазу тапсырылады.

2.Тыныс белгілері қойылмаған мәтін даярлап, оқушыларға ұсынамын, олар сөйлем жігін ажыратып, тыныс белгілерін қояды.

3.«Ұйқасын тап» ойыны арқылы балалардың білсем деген ұғымы артып, қызығып, белсенділігі танылады. Өлеңнің бірінші жолына екінші жолды ұйқастырып құрайды.

1. Өзінше ноян. 2. Тұмсығымен шымшып,

Қорқақ... ? (қоян) Құрт тереді... (шымшық)

4.Берілген дыбысқа байланысты сөздерді торкөзге толтырып, сол сөзге дыбыстық талдау жасайды.

5.«Ойлан, тап» ойыны бойынша ребустар шешіп, сол сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.

6.Берілген суреттер бойынша суреттің аттарын атап, қай дыбыс жоқ екенін табады. Қай суреттегі сөзде Н дыбысы жоқ?

7. Суреттегі сездерге сәйкес торкөздерді бояу.

8. «Сөз өзгерту» ойыны бойынша сөздегі бірінші дыбысты басқа дыбыспен алмастырып, басқа сөз жасау. Мысалы: май, шай, тай, қай т.с.с.

9.«Қос буында бір сөз» әдісі бойынша бір сөздің қайталануын жасалған сөздерді атау, жазу. Мысалы: сеңсең, бұлбұл, баба, бақбақ, т.с.с

10.Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Сабақта балаларға жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады. Мұғалім өтіп отырған тақырыптарына сай жұмбақтарды алып, түрлі дидактикалық материалдар жасауға болады.

Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек?

Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай?

Психологтердің зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен. Сонымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталамыз:

1. Мұғалім, ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл күй тудыру арқылы баланың назарын бір нәрсеге бағыттау керек. Оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі шығармашылық тапсырма, міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн.

2. Шығармашылық жаттығу, ойын-тапсырмалардың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесу керек.

3. Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назардан тыс қалдырмай, шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыру керек.

Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар:

- «Сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі;

- Өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі;

- Жалқаулық.

Осындай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу:

- Оқушыларды шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;

- Шығармашылық бағытқа баланы саналы түрде қалыптастырып отыру.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктері, қызығушылықгарын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қопдануға болады.

Олар мынадай:

- тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;

- арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;

-логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;

-берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есептер құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін, әңгіме құру);

- әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, тақырып қойғызу;

- қиялдау арқылы сурет салғызу;

- ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру;

- ой шапшаңдығын, сез байлығын дамытуда елең шумақтарын құрастыру;

- мәтін, әңгіме ертегіні өз бетінше аяқтау.

Ал, сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:

- мұражайға апару;

- әр түрлі кездесулер өткізу;

- әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыс, интеллектуалды ойын өткізіп, алған әсерінен шығарма жаздыру.

Осындай жұмыстар оқушыларды шығармашылыққа баулуға, оқушы бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу - оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.

Мағжан Жұмабаев: «Бала ауру, зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес,тәрбиеші жазалы» деген.

Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Әбдібекқызы Қ. Оқушылардың, көркем шығармашылық қабілетін дамыту. Алматы, 1994.

2.Тұргынбаева Б.А.,Шәбденов Б.Ш. Шығармашылық баспалдақтары. Алматы, 2003.

3. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиясы. - Алматы.

4. Қарабаева X. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту. - Ақтөбе, 2003.

5. Тұрғынбаева Б.А Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. - Алматы, 1997

8 негізгі мектеп






hello_html_m63aa193d.gif

(Мектепішілік семинар)







hello_html_51bdf0a.gif




Дайындаған: Баймолдина Жанат Ермекбаевна














Арқалық қаласы 2014, қантар

Общая информация

Номер материала: ДБ-042022

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.