Инфоурок / Другое / Статьи / Баяндама "Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы"

Баяндама "Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы"


библиотека
материалов

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы


Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып ,адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады.

Осы тұрғыда бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін,жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, қоршаған ортаны қорғау арқылы экологиялық тәрбие беру ұстаздардың басты міндеті болып отыр. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса ,бала деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс әрекеті емес , оған уақыт керек.«Ұстаздық ету уақыт ұту емес ,өзгенің бақытын аялау ,өзінің уақытын аямау» деп Ж.Ж Руссо бекер айтпаған.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында оқыту формасын ,әдістерін ,технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға,педагогикалық процестерді кез келген үлгімен,тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін мектептегі биология пәнінің негізі бастауыш білім беру сатысында дүниетану пәні негізінде құралады.Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы ,ғылымы мен мәдиниеті, этика ,әдеп , эстетика , адам-адам , адам-қоғам , адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми-сарамандық ұғымдар беріледі.Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам ,табиғат саласынан білім алады. Биология,химия, география пәндерінің бастама негіздері қаланып ,соның ішінде қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады.

Биология-бұл орта буында алғаш қосылатын пән.Сондықтан оқушы орта буында өсімдік құрылысы ,өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғалім мен оқушының тең субъектіге түсіп ынтымақтастықта болуын қажет етеді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған азаматтандыру мәселесі ,еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күшінің дамуына шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектесетін жоба қажет болады.Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлесін қосады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда оқушының ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашылады. Оқушы жүрегіне жол тауып , оның білімге деген құштарлығын арттырып,өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін ,әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып,

Тұлғаның негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз.Ұстаз өзінің құзырлығының деңгейін бағытты жетілдіріп,ой іс бірлігін қатар дамытуы қажет.Бұл жердегі басты тұлға оқушы ,ал мұғалім жетелеуші , бағыттаушы болып табылады.Осы іс-әрекетте ынтымақтастық болмайынша оқытудың нәтижесі болмайды.«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасымен танысып ,оның стратегияларын өз тәжірибемде қолданғаннан бері өзімнің кәсіптік біліктілігімнің жетіле түскенін аңғардым.Биология пәні бойынша,

өсімдіктердің көбею мүшелері. Гүлдің құрылысы атты тақырыптағы сабақтарымда осы технологияның тиімді әдістерін қолдандым. Сабақтарымда үнемі қолданатын «Кубизм», «Топтастыру»,«Бес жолды өлең»,«Түртіп алу жүйесі»,«Венн диаграммасы» стратегияларын жиі пайдаландым.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып ,оқушылар жеке, жұпта , топта ойларын ортаға салып талдайды.Осы

Стратегияларды пайдаланып, өткізілген сабақтарда өз ойын анық айтып,өзін

еркін ұстап, өз білімін өзі толықтыруға оқушыларға мүмкіндік жасалынады.

Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсіреді де қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап жатқанда сөйлейтін оқушы да топ мүшелерінің аргументтерін жинақтап сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып ,әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап,білімін кеңейте түседі.Осы сабақтардан менің байқағаным,мақсат-

Стратегия қуу емес жұмыс істеу кезінде бір ерекшелігі сыныптағы барлық оқушылардың жаппай жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі.Оқушы белсенді іс-әрекетте болады.Ортамен қарым-қатынас жасай білуге басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге,

Айта білуге үйретеді. Оқушының жазған пікірі басқа оқушылардың пікірін тыңдап толықтырып,топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі қажеттісін жазады.

Әрине «Топтастыру» маңызды бірақ та,оларды өз ойын сезімін ішкі дүниесін

Білдіруге үйрету одан да маңызды. Ең маңыздысы олар қате жіберуден, өз ойын анық жеткізе алмаудан қорықпау керек.

Эссе-өз ойын білдіру, ішкі жан дүниесін ұғу, күнделікті өмірде туындайтын ойларды айту мен эссе жаздыруға көп көңіл бөліп, өсімдіктану тіл сабақтарымен интегративті қолдануға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде оқушыларға «Тамырдың маңызы» ,«Өсімдік пайдасы»,«Гүлді өсімдіктер» тақырыбында үйге эссе жазып келуге тапсырма беруге болады.

Негізгі мақсатым – сабақ барысында оқушыларға тереңде, тиянақты білім беру. Жан – жақты түрлендіре өткізілген сабақтың оқушылардың тіл байлығын дамытуға, ой - өрісін кеңейтуге, логикалық ойлауын жетілдіруге ықпалы зор. Оқушылардың шығармашылық ізденістерін арттыру, бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, өз ойларын дұрыс жеткізуге, саралап талдауға, ізденуге, зерттеу жаңалығымен толықтырып отырады. Биология пәнінен «Кірпікшелілер, спорлар типі», «Көкнәр, алабота тұқымдастар», «Құстар жоғарғы класы», «Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар» атты ашық сабақтар өткіздім. Сабақ барысында сынып оқушылары 3 топқа бөлінді. Тапсырманы оқушылар топтасып орындайды.

І. Қызығушылығын тану. Жұмбақ арқылы аштым. Инсерт (түртіп алу жүйесі)

ІІ. Топтастыру (мағынаны тану бөлімі)

Асқабақ тұқымдастар

Орамжапырақ тұқымдастар

Көкөністер арифметикасы

ІІІ. Толғаныс

Бес жолды өлең


Жалпы жоғарыдағы айтылған стратегияларды орындау барысында оқушы іс-әрекетіне тоқталсақ :

  • мақсат қоюға үйренеді;

  • әр нәрсеге өз көзқарасы қалыптасады;

  • бұрынғы білетіндерін салыстырады;

  • бірігіп жұмыс жасайды;

  • бір-бірімен тіл табысады келісімге келуді үйренеді;

  • қорытынды жасай алады.


Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде мұғалім мына нәтижеге жетеді:


-Жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;
-оқушыны басқа жақтарынан таниды

-өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды;

-өзі білмейтін ақпараттарға тап болады;

- оқушының жұмысын бағалайды.


Осы міндеттерді орындауда ұстаз өзінің тақырыбы мен сабақ үрдісінде стратегияларды ұтымды пайдаланып,оқушылар арасында, топтық іс-әрекеттерді ұйымдастырады.

«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» стратегияларын сабақта пайдалана отырып өткізу барысында мынандай қорытындыға келуге болады:


  • оқушы мен мұғалімнің кең дәрежеде сыйласуына;

  • оқушыларға өз пікірін айта білуіне;

  • оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтуға;

  • шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды.


- Ал енді басты маңызы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба.Жаңа технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін ,әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат мүддесіне байланысты ,өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденіс, өз мамандығына сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы

Белогор негізгі мектебі





hello_html_m22d2a655.gif








Тақырыбы:


Сын тұрғысынан ойлау технологиясы






Баяндамашы: Н.Е.Нұрланбаева








2015 - 2016

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-018483

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG