Инфоурок Алгебра Другие методич. материалыБаяндама: "9 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейі"

Баяндама: "9 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейі"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

 

9 математикалық қазақ сыныбы оқушыларының

функционалдық  сауаттылық деңгейі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тараз 2016

 

Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды. 

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Қазақстан оқушылары  TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуда.

PISA (Programme for International Student Assessment) – халықаралық зерттеудің мақсаты 15 жастағы оқушылардың математикалық, жаратылыстану мен оқудағы сауаттылығын бағалау болып табылады. Зерттеудің негізі мектептің бағдарламасын меңгеру ғана емес, жеке тұлғаның дамуындағы білімін, дүниетанымын шыңдау, әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдай алатын қабілеттерін дамытуға бағыттау.

Халықаралық зерттеу.   Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: математикалық сауаттылық,жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы.Тыңдаушы елдердің білім беру және өз оқушыларының қабілеттері мен өздерінің білім беру жүйесінің тиімділігі жөніндегі тұрақты және анық хабардар болу қажеттіліктеріне қарай, Экономиялық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) PISA бойынша жұмыс істеуді 1990 жылдардың ортасынан бастады. PISA өзінің ресми қызметін 1997 жылы бастады, бірінші зерттеулер 2000 жылы, екінішісі 2003 жылы, үшіншісі 2006 жылы, төртіншісі 2009 жылы, бесіншісі 2012 жылы, 2015 жылы өткізілді. Келешекте зерттеулерді 2018 жылы және т.с.с. өткізу жоспарланған.

Бұл зерттеулер кезінде білім алушылардың білім жетістіктігімен қатар, бағдарламаға қатысатын елдердің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар қарастырылады. Бұл жиынтық сұрақтар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудан бастап, отбасында баланың дамуына қажетті жағдай жасауға кешенді баға беріледі.

Математикалық сауаттылық

Оқушылардың математикалық дайындықтарын тексеру мазмұны математикалық сауаттылық түсінігіне негізделген, ол «адам өмір сүретін әлемде математиканың рөлін анықтау және түсіну қабілеті, жақсы қисынды математикалық пікірлерді айту, қазір және келешекте мүдделі, саналы азамат жасайтын қажеттілігін қанағаттандыру үшін математиканы қолданып білу» деген түсінікті береді.

Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабілеттіліктері жатады:

·         қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге болатын мәселелерді тани білу; бұл мәселелерді математика тілінде құрастыру;бұл мәселелерді математикалық айғақтар мен әдістерді қолдана отырып шешу; шешімдерде қолданылған әдістерді талдау; қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсіндіру;шешімдердің нәтижелерін құрастырып жазу.

 

9 мқ сыныбы оқушыларының математикалық сауаттылығына талдау

            2016 жылдың 18 наурызында оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтау зерттеуіне 9мқ сыныбының 23 оқушысы толық қатысты. Бұл тестте математика лық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілері мен байланысты және өз шешімдері үшін математикалық талдау талап ететін, және т.б. туралы мәліметтер ұсынылды.

Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөлімдерінің біріне сәйкес келеді: сандар;   кеңістік және форма;   өзгерістер мен қатынастар;    белгісіздік.

Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі, осы аталған мазмұнды бөлімдермен қатар «математикалық құзыреттіліктің» даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзіреттілігі зерттеуде «тұлғаның математикалық білімдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады. Зерттеуде үш математикалық құзіреттіліктің деңгейлері қарастырылады: елестету деңгейі, байланыс орнату деңгейі, ойлау деңгейі.

Зерттеуде математика бойынша жеке ойлау қабілеттеріне бағытталған  тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше көңіл бөлінді. Ол математикалық ойлаудан және құбылыстарды сипаттауға, түсіндіруге және болжау үшін математикалық тұжырымдама ларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан тұрады.

PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар оқушыларға сандық, кеңістік, ықтимал болатын және басқа да математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады. Сондықтан бұл тестте математикалық сауаттылығын анықтауға 5 тапсырма , әрқайсысында бірнеше сұрақтан берілді

1 тапсырма: Фудзи тауына шығу

сұрақ

тапсырма

Дұрыс жауап

нәтиже

қорытынды

1

Фудзи тауының басына шығу көпшілік үшін әр жылдың  1 шілдесінен 27 тамызына дейін ашық. Осы уақыт аралығында 200000-ға жуық адам Фудзи тауының басына шығады.

Дұрыс жауабын табу

23

100%

Шартын толық түсінген

2

Фудзи тауына апаратын Готемба жолының ұзындығы 9 километрге (км) жуық. Жаяу жүргіншілер 18 км жүрістен 20.00 келуі керек. Марат орташа есеппен бір сағатта 1,5 километр тауға шығатындығын, ал төмен қарай оның жылдамдығы екі есеге көбейетіндігін есептеді. Бұл жылдамдық тамақ ішуге және демалуға үзіліс жасауға мүмкіндік беретін уақытты ескереді. Мараттың есептеуін қолдансақ, кешкі сағат 20.00-де қайтып келуі үшін оның жүруді бастайтын ең кеш уақыты қандай?

Талдау жасап, есептеу жүргізу

15

65%

Шартын толық түсінбеген, тапсырманы байланыстыра алмаған

3

Марат Готемба жолындағы жүрісінде өзінің қадамдарын есептеу үшін қадам есептегішті киіп алды.Оның қадам есептегіші оның жоғарыға қарай 22500 қадам жасағанын көрсетті.Мараттың Готемба жолындағы 9км жүрісіндегі орташа қадам ұзындығын есептеңіз.

Есептеу

21

91%

 

 

1тапсырма Фудзи тауына шығу

 

2 тапсырма: Жарыс машинасының жылдамдығы

сұрақ

тапсырма

Дұрыс жауап

нәтиже

қорытынды

1

Сөре сызығынан ең ұзын тура сызықтың басына дейінгі арақашықтық неге тең?

График бойын ша дұрыс жа уапты  белгілеу

18

78%

Ақпаратқа толық мән берілмеген

2

Екінші айналымда тас жолдың қай жерінде машинаның жылдамдығы ең аз болды?

График бойын ша дұрыс жауапты  белгілеу

23

100%

Сұрақ накты

3

2,6 км және 2,8 км белгілері қойылған тас жолдағы машинаның жылдамдығы туралы не айтуға болады?

Өзіндік тұжырым жасау

20

87%

Сызбадан қорытынды жасай алмауы

4

5 түрлі пішінде келтірілген жарыс тас жолдарының қайсысы берілген графикте

Пішінді анықтау

10

43%

Графикпенжұмыс жасай білмеуі Елестете алмауы

 

3 тапсырма: Ағаш пойыз бөлігі

сұрақ

тапсырма

Дұрыс жауап берген оқушы саны

нәтиже

қорытынды

1

Шеңбер жол жасау үшін Берік пен Айгүлге жоғарыда көрсетілгендей қанша иілген бөліктер қажет?

Есептеу жүргізу

22

96%

Шеңбер бөлі гімен жұмыс жасай алады

2

а бұрышының келесі қасиеттері болуы тиіс пе?

а жұп санды бұрыш болу керек

а-900-тан аз болу керек

Қорытынды жасау

13

56%

Ақпаратты 1 бағытта қабылдаған

 

 

4 тапсырма: Нөмірленген орындықтар

сұрақ

тапсырма

Дұрыс жауап берген оқушы саны

нәтиже

қорытынды

1

Алдыңғы тоғыз қатардағы орындықтардың жалпы саны қанша?

Сурет б/ша есептеу

23

100%

 

2

Еріктің орындығының нөмірі 148.Еріктің орындығының орналасқан жері қандай (қатары мен бағанасы)?

Алдыңғы тапсырмамен байланыстыру

19

83%

 

 

 

5тапсырма: Құрлық аумағы 

hello_html_mf2a5ed0.png

 

 

 

 

Масштабы берілмеген, әр оқушы өздерінің түсінгендері бойынша жуық есептеулер жүргізген. Дұрыс жауаптар саны 11 , пайыздық көрсеткіші 48%

 

 

 

 

 

 

Оқушыларымыздың логикалық  есептерді  шығару және өмірмен байланыстыру дағдыларының  төмендігі  байқалды.  Стандарт бойынша білім дағдыларын  меңгерген үздік  оқушыларымыздың өзі  есептерден қиналатын байқалды.

Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала тағдырына жауаптымыз

Қорытындылай   келе оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру жұмысын жүргізуде мынандай ұсыныстар айтқым келеді:

1.      Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы бойынша “білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау”  деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды күшейту

2.    Сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту

3.    Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында . алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға , логикалық есептер шығаруға үйрету.

4.    Халықаралық зерттеулер мен Ұлттық емтихандардың нәтижелері бойынша мектепте оқушылармен мақсатты түрде жұмыс істеу.

5.      PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерді жүргізудің маңыздылығы мен ерекшелігі туралы ата – аналарды, оқушыларды, қоғамды кеңінен таныстыру.

6.      Мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту стратегияларын пайдалануды үйрену

 

Біздің ортамыз жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай, оны жағымды жаққа өзгертуге белсенді қатысатын ұстаздарға толы болғай.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: "9 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 249 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.09.2016 3360
    • DOCX 146.4 кбайт
    • 71 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Талканбаев Мухтар Даулетулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Талканбаев Мухтар Даулетулы
    Талканбаев Мухтар Даулетулы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17960
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 182 человека из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 058 человек

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика: отрицательные числа, дроби, возведение в квадрат, извлечение квадратного корня

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 113 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по математике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 189 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 697 человек

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 202 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека