Инфоурок Начальные классы КонспектыБаяндама "1 сыныпқа бейімделу"

Баяндама "1 сыныпқа бейімделу"

Скачать материал

1-ші сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі

Мақсаты:  бастауыш сынып мұғалімдеріне баланың мектептегі  оқуға бейімділігі мәселесінің теориялық негіздері туралы білім беру.

Дәріс материалдары:

     Бейімделу – ағза функцияларының, құрылысының, оның органдарының және клеткаларының орта жағдайына ыңғайлануы, бейімделуі. Баланың мектепке бейімделуі жылдам жүрмейді: ол үшін, яғни мектепке толығымен үйренуі үшін бір күн, бір апта талап етілмейді. Бұл барлық ағза жүйелерінің маңызды ширақтылығымен байланысты ұзақ процесс (М.М.Безруких – 5-6 апта, И.В.Дубровина – 4-7 апта, Н.В.Самоукина – 3ай-1,5жыл).

     Баланың мектепке физиологиялық бейімделуі. Баланың мектепке физиологиялық бейімделу процесін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Мамандар баланың мектепке физиологиялық бейімделуінің үш кезеңін бөліп көрсетеді:

     Бірінші кезең – нысананы, жүйелі оқытудың басталуымен байланысты, барлық комплекске жаңаша әсер етуге, қарқынды реакциялардың және ағзаның барлық жүйелерінің маңызды күшпен жауап беруі. Бұл «физиологиялық толқын» ұзаққа созылады (2-3 апта). Бұл кезеңде бала өз мүмкіндігінің шегінде жұмыс істейді. Сондықтан оқудың алғашқы аптасында бірінші сынып оқушыларында салмағының төмендеуі, ұйқысының бұзылуы, бас ауруы байқалады.

     Екінші кезең – тұрақсыз бейімделу. Бұнда бала ағзасы бұл әсерлерге қандай да бір тиімді реакциялар нұсқаларын іздеп табады. Бірінші кезеңде ағза ресурстарын үнемдеу туралы сөз болмайды: ағза не бар, соның бәрін жоғалтады, ол кейде «қарызға алады»: сондықтан мұғалім бұл кезеңде әрбір бала ағзасы қандай жоғары «бағаға» төлейтінін білу керек. Екінші кезеңде бұл «баға» төмендейді, «толқын» жайлап әлсірейді.

     Үшінші кезең – тұрақты бейімделуге қатысты кезең. Мұнда организм мектеп жүктемесіне әсер ететін, барлық жүйелердің (ақыл-ой, физикалық, эмоционалды) аз мөлшерде күшін талап ететін қажетті нұсқаларды табады.

     Осыларға қатысты, барлық педагогикалық процесті әр баланың денсаулығына зиян келтірмейтін етіп құру қажет. Олардың денсаулық жағдайындағы өзгешелік, бұл мектепке бейімделу процесінің әр жағдайда әр түрлі болатының ұмытпау керек.

     Бейімделудің барлық үш формаларының ұзақтығы шамамен 5-6 апта, бұл кезең 10-15 қазанға дейін сөзылады, ал ең қиыны бірінші-төртінші апталар болып табылады.

     Оқудың алғашқы аптасы қалай сипатталады? Ең алдымен, жұмысқа қабілеттілігінің тұрақсыз және төмен деңгейде болуымен, жүрек-қан тамырлар жүйесінің жоғары деңгейімен, әр түрлі ағза жүйелерінің бір-бірімен өзара байланысының төмен көрсеткіштерімен сипатталады.

     Тек оқудың 5-6 апталарында жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері тұрақты бола бастайды және біртіндеп жоғарылайды. Ағзаның өмірді қамтамасыз ететін негізгі жүйелерінің күштері төмендейді, яғни оқумен байланысты барлық жүктемеге қатысты тұрақты бейімделу басталады. Оқу жүктемесіне ағзаның физиологиялық бейімделуі қиын кезең болғанымен, ол оқудың 5-6 апталарында аяқталады. Алғашқы оқу жылын барлық ағза жүйелерін тұрақсыз және қызу реттеу кезеңі деп есептеуге болады.

     Бейімделу процесінің табысты болуы, көбіне баланың денсаулық жағдайымен анықталады, сондықтан мектепке бейімделу мәселесімен ертеден дәрігерлер айналысады. «Мектеп күйзелісі», «мектептік қорқыныш» жөнінде дәрігерлер 50-жылдардан бастап сөз қозғап және бұл құбылыс жоғалмайды, жылдан-жылға үлкен қиыншылықпен пайда болатынын көрсетті. Бұл түсініктер ӘДҰ (әлемдік денсаулық ұйымы) құжаттарында маңызды орын алды.

     «Мектеп күйзелісі» - бұл баланың мектепке баруымен байланысты психикалық күйінің бұзылуы. Баланы қарапайым өмірден алшақтатып, денсаулық жағдайының жылдам бұзылуына әкеледі және балаға оқу жүктемесін табысты орындауына жол бермейді.

     Денсаулық жағдайына, өмірдің өзгерген шартына байланысты мектепке бейімделу әр түрлі жүреді. Балалар тобын жеңіл бейімделу, орташа ауыртпашылықты бейімделу, ауыр, қиын бейімделу деп бөледі.

     Жеңіл бейімделуде бала ағзасының функционалды жүйесінің жағдайы бірінші тоқсан мерзімінде дұрысталады. Орташа ауыртпашылықты бейімделуде денсаулығының және көңіл-күйінің бұзылуы бірінші жарты жылдықта байқалуы мүмкін. Кейбір балаларда мектепке бейімделу ауыр, қиын өтеді. Мұнда денсаулық жағдайының бұзылуы оқу жылының басынан аяғына дейін созылады.

     Жеңіл және орташа бейімделуді бала ағзасының, өмірдің өзгерген шартына заңдылықты жауабы деп есептеуге болады. Бейімделудің ауыр өтуі бірінші сынып оқушыларының ағзасы үшін оқу тәртібі және оқу жүктемесі аса ауыр болуымен сипатталады.

     Өз кезегінде, бейімделу процесінің ұзақтығы баланың денсаулық жағдайына, жүйелі оқудың басталуына тәуелді. Дене жағынан дамыған және барлық ағза қызметтері қалыпты, дені сау балаларда мектепте оқу кезеңі оңай жүреді және ақыл-ой, физикалық жүктемелерді жеңе біледі. Мектепке сәтті бейімделудің ақыл-ой, физикалық жүктемелерді жеңе біледі. Мектепке сәтті бейімделудің белгісі ретінде жұмысқа қабілеттіліктің диагностикасы мен оның бірінші жарты жылдық өтуінде жақсаруы, денсаулық жағдайында әлдебір өзгерістердің болмауы және бағдарламалық материалды жақсы игеруі табылады.

     Бірақ, өкінішке орай, қазіргі уақытта мектепке келетін дені сау балалар 20-25% құрайды. Ал қалғандарының денсаулық жағдайында біршама бұзылыстар, ақаулар бар. Мұндай балалардың бейімделу үрдісі ұзаққа созылады.

     Қандай балаларда бейімделу қиын жүреді? Сәбилік кезеңі қиын өткен, бас сүйегінен жарақат алған, жиіауыратын, әр түрлі созылмалы аурулармен ауырған және нервнопатикалық өрісінің бұзылғандығы байқалған балаларда болады.

     Жалпы, баланың әлсіреуі, кез-келген созылмалы ауруы, жетілудің бөгелуі, орталық жүйе жағдайының нашарлауы бейімделудің қиын жүруінің басты себептері және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне, үлгермеушілікке және денсаулықтың нашарлауына себепші болады.

     Баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуі.

     Баланың  мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуінің шарттары:

-         Баланың әлеуметтік ролі өзгереді: мектепке дейінгі баладан ол оқушыға айналады, әлеуметтік қоғамның мүшесі болады. Бала-бақшадағы ересек шақтан, мектептегі ең кіші балаға айналады.

-         Жетекші іс-әрекеті ауысады (ойын-оқу). Ойын әрекеті жағымды эмоционалды болып табылады, ал оқу әрекеті баланың еркін тырысуына негізделеді.

-         Баланы әлеуметтік қоршау:

А) Мұғаліммен қарым-қатынас – балабақшадағы тұлғалық  қарым-қатынастан мектептегі іскер қарым-қатынасқа ауысады. Мұғалімнің баламен қарым-қатынасы оның мектептегі оқуының табысты болуына тәуелді.

Ә) Бейімделудің табысты болуы, баланың өз орнынсыныпта құрдастарының арасында нығайта білуіне байланысты.

Б) Отбасында бала жағдайы өзгереді:

- қимыл-қозғалыс белсенділігін тежеу мәселесі.

- үлкендердің талаптарына бағыну және тәртіпті сақтау.

- мектептегі оқудың басталуында 67-69% дайын емес балаларда спецификалық реакциялар пайда болады: қорқыныш, олқылық, тежелу, истерика. Балалар мұғалімнен қорқады, төмен баға алуға, тақтаға шығуға деген қорқынышты сезінеді.

     Мектепке алғаш келу кезеңі, баланың жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу кезеңі.

     Бала жаңа өмір жағдайына бірдей емес үлгеріммен «көндігеді». Г.М.Гуткинаның зерттеуінде балалардың мектепке бейімделуінің үш кезеңі көрсетілген.

     Бейімделудің жоғары деңгейі. Бірінші сынып оқушысы мектепке дұрыс көзқараспен қарайды, ұсынылған талаптарды бірдей қабылдайды; оқу материалын жеңіл меңгереді; бағдарламалық материалды толық және терең игереді, қиындатылған міндеттерді шешеді; мұғалімнің түсіндірмесін, нұсқасын назар қойып тыңдайды; тапсырмаларды ішкі бақылаусыз орындайды; өзіндік жұмысқа үлкен қызығушылық танытады, барлық сабаққа дайындалады; қоғамдық тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды; сыныпта жақсы беделге ие.

     Бейімделудің орташа деңгейі. Бірінші сынып оқушылары мектепке жағымды көзқараспен қарайды, оның мектепке келуі жағымсыз уайымды туғызбайды; оқу материалын мұғалім нақты және көрнекі түрде түсіндірсе ғана түсінеді; оқу бағдарламасының негізгі мазмұнын игереді, типтік есептерді өз бетімен шешеді; үлкендердің нұсқауларын, тапсырмаларын орындауда ұқыпты, бірақ оның бақылауымен сабаққа дайындалады және үй тапсырмасын үнемі орындайды; қоғамдық жұмыстарды адал орындайды; сыныптастарының көбімен дос.

     Бейімделудің төменгі деңгейі. Бірінші сынып оқушылары мектепке кері және енжар көзқараспен қарайды; денсаулық жағдайына жиі шағымданады; тәртіп бұзушылығы байқалады; мұғалімнің түсіндірген материалын үзіп-үзіп меңгереді; оқулықпен өзіндік жұмыста қиналады; өзіндік оқу жұмысын орындауда қызығушылық танытпайды; сабаққа үнемі дайындалмайды, мұғалім және ата-аналар тарапынан оған бақылау, ескертулер қажет; демалуға берілген үзілісте зейіні мен жұмысқа қабілеттілігін сақтайды; үлгі бойынша жаңа есепті шешу үшін зейіні мен жұмысқа қабілеттілігін сақтайды; үлгі бойынша жаңа есепті шешу үшін мұғалім мен ата-аналардың маңызды көмегін талап етеді; қоғамдық тапсырмаларды ешқандай ықылассыз, тек бақылаумен ғана орындайды, енжар; жақын досы жоқ, сыныптастарының кейбіреулерінің ғана аты мен тегін біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ

1.Ата-анаға баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығы бойынша кеңес беру

1.      Баланы біртіндеп мектеп күн тәртібіне бейімдеу керек.

2.      Бала мұғалімді дұрыс тыңдауы үшін оған беретін нұсқауларыңыз анық, аз сөзді, жылы лебізді, жайдарлы әрі жайлы болуы қажет. Баланы мектепте болатын қиындықтармен қорқытпаңыз.

3.      Мектеп алдында әрі оқу кезінде баланың көру және есту сезгіштігін тексертіп отырыңыз.

4.      Оқуға дайындық: 6-7 жастағы бала әліппенің баспа әріптерінің барлығын білуі тиіс. Кейбір балалар буындап, кейбірі тұтас мәтінді де оқи алады. Балалардың дайындығы әр түрлі болғанымен барлық балалар оқу процесінен жылдам шаршайды.

Сабақты демалыспен кезектестіріңіз. Балаңыз айна алдында дыбыстарды нақты, дауыстап, жекелеген дыбыстарды бөліп әрі созып айтуына мүмкіндік беріңіз. Бұл сөйлеу апаратын дамытады.

5.      Жазуға дайындық: қаламды бала дұрыс жаттыққан қолмен ұстауы тиіс. Бояуды трафарет және штрихтаумен алмастыру. Сызықтар төменнен жоғары, оңнан солға, егер ол қисық болса, онда сағат тіліне қарсы болуы тиіс. Сызықтардың арасы 0,5 см болуы тиіс, бұл жазба әліппесінің негізгі принципі. Есіңізде болсын, сабақтан қалай шаршаса, оқудан да солай шаршайды.

Есіңізде сақтаңыз!

     Балаңызды мектепке дайындағанда сіз өзіңізге мұғалім ролін алмай, балаңыз үшін оны жақсы көретін және түсінетін ата-ана болып қала беруіңіз керек. Бала өзінің қолынан келетіндердің бәрін бар ықыласымен орындайды. Сондықтан ол жалқау бола алмайды.

     Балаңыздың жетістігін ешқашан өз жетістігіңізбен және үлкен бауырының, сыныптас құрбысының жетістіктерімен салыстырмаңыз. Тек қана сіздің шыдамдылығыңыз бен сүйіспеншілігіңіз балаңыздың оқуда алға ұмтылуына кепіл бола алады.

 

2.Педагогтерге оқушының баланы мектептегі оқуға психологиялық дайындау бойынша кеңес беру

- Бала үшін жағымды психологиялық ахуал орнату;

- Оқу түрткісін өзектендіру, оқушыға өзінің оқуы үшін жауапкершілікті түсініп, оны мойнына алуға үйрету;

- Балаға  «Оқушы» позициясыналуға көмектесу;

- Қарым-қатынаста коммуникативті дағдыларын дамыту;

- Баланы мұғаліммен, оқушылармен оқу ынтымақтастығына тәрбиелеу;

- Баланың тұлғалық дамуына қолайлы психологиялық жағдай жасау.

3.Ата-анаға: Балалардың қорқыныш, үрей сезімінен арылту бойынша психологиялық кеңес беру:

     Егер сіз өзіңіз бірдеңеден қорықсаңыз қорқынышыңызды балаға көрсетпеуге тырысыңыз. Әлемді өлімге апарар ауру кезіп жүр, қалада қанішер адам пайда болды және т.б. дегенді үнемі айта берудің қажеті жоқ.

1.      «Қорқынышты» фильмдерді көрсетуге рұқсат етпеңіз.

2.      Баланы қорқыту үшін өзіңізге қорқынышты кейіпкерлерді, мыстан кемпірді, қапшығы бар ағаны, ашулы полицейді және т.б. одақтас етіп алғанды доғарыңыз.

3.      Күрделі жағдайларда (ажырасу, отбасында жаңа мұрагердің пайда болуы, жөнді танымайтын туысқандарға көшіп бару) баланың эмоционалдық жай-күйіне көңіл аударыңыз – жағымсыз жағдайларда ол ересектердің назарын өзіне аудару үшін санасынан тыс қорқынышты пайдалану мүмкін.

4.      Баланың ұйықтау  мен сергек жүру тәртібінің жасына сай екендігіне, күні бойы оның жеткілікті мөлшерде жағымды әсер алуына көз жеткізіңіз.

5.      Егер балаға қараңғылықтан қорықпауды үйреткіңіз келсе, күштеу шараларын қолданбаңыз, бұл қараңғы бөлмеге кіруге қатысты бастаманы баланың өзі көтергенде ғана мүмкін болмақ.

6.      Баланы тым күшті қорқыныш билеген кейбір кездерде, психологтар жаны түршігер құбыжық немесе қорқынышты оқиғаның суретін салып, бұдан соң салтанатты түрде күлге айналғанын баланың көзіне көрсеткен дұрыс дейді. Бұл рәсімді қаншалықты қажет болса, сонша істей беруге болады.

7.      Баланың қорқынышты жеңуге деген талпынысын мақтаңыз. Ол өз мінез-құлқының оңды беки түскенін қалайды.

8.      Балада қорқыныш пайда болған жағдайда денелік жақындасудың маңызы зор – оны құшақтап, құшағыңызда тербетіңіз, сүйіп, босансытатын массаж жасаңыз.

9.      Үйде бала өзін қауіпсіз сезінетіндей ахуал қалыптастыруға тырысыңыз.

Есіңізде болсын!

     Жылулық пен жайлылық сыйлайтын байсалды да зейінді, мейірімді ана және тұрақтылық пен қауіпсіздік нұрын шашады.

 

4.Педагогтерге: оқушыларды мазасызданудан арылту бойынша психологиялық кеңес беру.

     1.Жоғары мазасыз балалар тобына ерекше назар аудару керек. Олармен қарым-қатынаста психологиялық жарақат әкелетін сыни пікірден, ескертуден, олардың тұлғасын жағымсыз бағалаудан аулақ болыңыз. Олармен оқу мен өзара әрекетте жеке даралық ұстанымы тұрғысынан қарым-қатынасқа түсу қажет.

     2.Сабақтан тыс шараларда эмоционалдық қысымды азайтуға және балалар ұжымын нығайтуға, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмысты ұйымдастырған жөн.

     3.Шаршауды болдырмау үшін жағдай жасау: қимыл және эмоционалдық босаңсуға бағытталған жаттығу элементтерін сабақта қолдану, оқу жүктемесі мен үй тапсырмасының көлемін бөліктерге бөлу іс-әрекеттің жиі ауысуына әкеледі.

     4.Мазасызданудеңгейі жоғары балалар тыныш, әрі қалыпты ахуалда табысты жұмыс істейді, керісінше жағымсыз ахуалда: уақыт тапшылығында, жедел жауап беруді талап ететін сұрау кезінде сәтсіздікке жиі ұшырайды. Сондықтан балалармен жұмыста қолайлы психологиялық ахуалды орнату қажет.

5. Ата-анаға баланың зейін ерекшеліктерін дамыту жайлы кеңес беру

     Бастауыш сынып оқушысының  оқудағы жетістігі мен табыстылығы тікелей баланың зейін қасиетімен байланысты. Балалардың зейінін жаттықтыруда келесі ережелерді ескеру керек:

     Бірінші ереже: Баланың ақыл-ой жұмысының әр сағатында 5-10 минут дене жаттығуын, кішігірім массаж, көзге гимнастика жасатып отырған жөн.

     Екінші ереже:   кейбір балалар кез-келген жағдайда жұмыс істей береді, бірақ балалардың басым көпшілігіне сыртқы ықпалдар да өте маңызды: тыныштық, жұмыс столының үстіндегі заттардың жинақы тұруы, жарықтың дұрыс түсуі, жұмыс істеу қалпының дұрыс болуы.

     Үшінші ереже: ақыл-ой жұмысына қолайлы уақыт мезгіліне бағдарлану. Көптеген зерттеулерге сүйенсек адамның жұмыс белсенділігі 5,11,16,20 және 24 сағатқа келеді екен. Осы кезеңдерде зейін тұрақтылығы жоғары дәрежеге көтеріледі.

     Төртінші ереже: 6-7 жастағы балалардың зейіні тұрақсыз болып келеді, бала ұзақ уақыт бойы бір затқа немесе іс-әрекетке назар салып тұра алмайды. Бала зейінін тез аударады, себебі қозу тежелуден басым болады. Сондықтан баланың зейінін аудару үшін ашық, қызықты заттар, ғажайып құбылыстар пайдалану керек.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "1 сыныпқа бейімделу""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 210 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2016 13713
    • DOCX 29.7 кбайт
    • 241 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурманбетова Гаухар Женисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурманбетова Гаухар Женисовна
    Нурманбетова Гаухар Женисовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75209
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 523 человека

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека