Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Баяндама "Сыныпта топтық жұмысты ұйымдастыру"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Баяндама "Сыныпта топтық жұмысты ұйымдастыру"

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасы Егеменді ел болғалы өмірімізде түбірлі өзгерулер, жаңа ашық қоғам құруда үлкен бетбұрыс, туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы мектепке, мұғалімге – жалпы білім беру жүйесіне игі әсерін тигізеді.

         Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Жаңа формация мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген, білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол жоғарғы білімді, шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты.» - деген болатын.

         «Қазақстан Республикасының білім беру» тұжырымдамасының жобасында білім берудің мақсаттары мен міндеттерін және бұған дейінгі білім берудегі тежейтін факторларды атап көрсетті.

         «Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өздігінен дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру», - деп айта келіп, білім берудегі кедергі келтіретін факторларды атап көрсетті. Соның бірі:жаңа технологиялардың қолданылмауы;

         Осыған байланысты педагогикалық тың ізденістер, жаңа әдіс-тәсілдер пайда бола бастады. Білім беруде, мектеп өмірінде білім сапасын қайтсек арттырамыз деген көкейкесті сұрақтар туындады. Жаңа қоғамға қажетті тұлғаны оқытып – тәрбиелеуде жаңа технологиялардың қажеттілігі өмір талабы екендігі айқын сезілді.

         Оқушылардың  топтық  оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастыру мәселесінде іскерлік қарым-қатынас  маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас топтағы адамгершілік ахуалды қалыптастыруға, оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік рухани құндылық  қасиеттерін, ең  алдымен,  ұжымшылдықты тәрбиелеуге  ықпал  етеді. Н.К.Крупская  жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы, топтың ынтымақтасып  дамуындағы топтық  жұмыстың  маңыздылығына  тоқтала келе «Топтық жұмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады. Топтық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар» деген.

Оқушылардың мектептегі  және  мектептен  тыс сан  алуан әрекеттері топта өтетіні  белгілі.  Осы  жұмыстарды жүйелі  ұйымдастыру  олардың  сабақ  пен  сабақтан  тыс жұмыстарын  жақындастырады,  топтық  қарым- қатынастың  дамуына септігін  тигізіп,  оқу тәрбиелік  міндеттерді  шешуге  жұмылдырады.

Топтық  жұмыстың  құрылымы  мына бөліктерден  тұрады:

а)  жұмыстың мақсаты: не  үшін  қолданылады  және  соңғы  нәтиже  қандай болу  керек;

ә) жұмыстың   мазмұны:  негізгі  пәндік  бағыттары;

б) жұмыстың маңызы: әлеуметтік  пайдалы бағыттылығы  мен мотивтері,  жеке тұлғаның  және  ұжымның  дамуындағы маңызы;

в)жұмысты  ұйымдастыру:  ұйымдастыру  формасы,  уақытты  бөлу,  жұмыстың  бірізділігі,  мерзімін  белгілеу;

г) жұмыстың  технологиясы: тиімді  тәсілді  талдау,  нақтылы  білім, білік  дағдыларды  меңгеруге  қажетті құралдар;

д) жұмыстың қарқындылығы,  көлемі, оқушылардың  жас  ерекшелігі  мен  педагогикалық міндеттерге  сәйкестігі;

е) жұмысты бақылау: критерилерге сипаттама, топтың қалыптасуының нәтижесі, білімнің меңгерілуі.

         Топтық  жұмыстың тиімділігінің міндетті  шарты: оны  басқара  білу. Басқару  үш  кезеңнен тұрады: жоспарлау, талқылау (орындалуы), қорытынды (топтық  жұмысты бағалау).

Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын оятпай,  оқушының шығармашылығын  дамыту мен өздігінен  білім алуға  үйрету мүмкін емес.  Оқуға  деген  уәжді  қалыптастыру жолдарының ішінде маңыздыларының бірі: оқу-танымдық міндеттерді шешу  барысында топтық  жұмыс  түрлерін ұйымдастыру. Бірігіп еңбек  ету және  жолдастық өзара көмек жағымды эмоциялық  ахуал тудырады, білімге  деген құмарлықтың дамуына, таным үрдісінің нәтижелі  болуына әсер  етеді. Топтық оқу жұмысының кейбір элементтері: жолдасының  жауабын  толықтырады, әңгіме, пікірталастарда  талқылауға  қатысады, шешімді  топтасып  іздейді, жолдастарының шағын  топтармен орындаған  жұмыстарының  қорытындысын бағалайды. Өзара оқыту идеясы ұжымшылдыққа баулиды. Мұнда  ұжымның әрбір мұшесі  бірін-бірі оқытады. Я.Коменский «Ұлы дидактикасында» басқаларды оқытатын адам өзінің білімін тереңдетіп,бекітеді  деген,  бұл идеяны Н.К.Крупская да қызу қолдап, «Балалардың өзін оқытушылыққа тартудың үлкен тәрбиелік маңызы бар.Бала өзінің білімін тексеріп, толықтырып  отыруға мәжбүр  болады, оларда ұстамдылық, шыдамдылық, жолдастарының жетістіктеріне  деген қызығушылық тәрбиеленеді» деп  жазады.

 Шағын  топтарда дербес жұмысты ұйымдастыру топтық іс-әрекетке мол мүмкіндік  ашады, әрбір  оқушы жалпы тапсырманың  бір бөлігін орындайды, одан  кейін топтың барлық мүшелері жұмыстың нәтижесін тыңдап бағалайды, сынып алдында сөйлеуге ұжымдық есеп даярлайды. Е. Конникова   топтық жұмыс жетістігінің үш негізгі шартын атап көрсетті:

а) ол  қызықтыратын  болуы  керек;

ә) ол  балалардың  қызығушылығын ескеріп, оған сүйенуі керек;

б) әрбір оқушы оның белсенді мүшесі болып, өзінің үлесін қосуы  керек.

И.Первина ұжымның дамуының негізгі төрт көрсеткіштерін белгілейді:

а) ұйымдастырушылық бірлігі;

ә) психологиялық бірлік (еріктік, эмоциялық, интеллектуалдық);

б) дайындық бірлігі ( топтық жұмыстағы әркімнің тәжірибесі)

в) жұмыстың бағыттылығы.

Ж. Пиаже «Адамның ақылы өзін  таниды, яғни психологиялық тілмен  айтқанда, басқа  заттармен немесе басқа ақылдармен қатынаста  болады»  деген. Біз бір-бірімізбен қатынасқа түскенде  дамимыз, соның  нәтижесінде жаңа түсініктер қалыптасады. Ал, қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға (олардың пікіріне, идеяларына, көзқарастарына, мінезіне) бейімдеу  деген сөз. Шағын топтық, жұптық жұмыстар  оқушыларда бірлік, бірегейлік сезім қалыптастырып, сол  арқылы өздерінің  ұжымға тікелей қатынасы бар екендігін сезіндіреді. Ал,  «бірлесе  көтерген жүктің жеңіл»  екендігі баршамызға  аян. 

Топтық жұмысты ұйымдастырудағы мұғалімнің  ерекшеліктері

Топтық жұмыстың тиімді  де  қызықты  болуы үшін мұғалімнің бойында қандай  ерекшеліктер болуы керек?

  • оқушылардың бір-бірімен пікір алмасуына жағдай  жасайды;

  • оқушылар  бір-бірімен еркін қатынасқа түсетіндей, өзіне жаңа ақпарат алуына мүмкіндік беретін жұмыс түрлерін ұсынады. Көп  жағдайларда, топ мүшелері арасында  жұмыстың бастапқы кезеңінде қарым-қатынасқа түсе алмау, үндемей отыру сияқты қиындықтар туындайды.

  • топтың  әр мүшесінің   өз ойын айтып, іс-әрекетке енуіне жағдай туғызып, болып жатқан іс-әрекетті бақылап бағдарлайды.

  • «дұрыс» немесе «дұрыс емес»  деген бір жақты ой  айтпайды, сондай-ақ, барлық пікір дұрыс  деген жалаң  ойдың жетегіне де ілеспейді.

  • топ  мүшелерін ынталандырып отырады, жұмыстарының жетпей жатқан тұстарын толықтыруға бағдар береді. Өзінің жұмысқа деген ынтасымен әр  оқушыны алға жетелейді. Шағын топтардың жұмысының шығар  биігін болжап,  тиімді  ой  айтады. Топтың  әр  мүшесінің өсу  жолын  анықтайды. Сыныпта оқушылардың өздерін  жайлы  сезінуі  үшін тиімді  атмосфералық ахуал  қалыптастырады. Эмоциалық қолдау көрсетеді.

  • Топтағы жұмыс барысында топ  мүшелері  «мұғалімнің пікірін қабылдау міндетті»  деген ойдан аулақ болады, бірақ ол мұғалімнің өз ойын айтуға тыйым салынады деген сөз емес.

  • Қарапайымдылық – ең басты  қадамдардың бірі.

  • Кез-келген жұмыстың мақсаты мен міндетін, мазмұнын, түрлерін, құрылымын білумен қатар, топтың жеткен жетістігі, алған жауаптары, бағалары, сондай-ақ уақытты тиімді пайдалану, үзіліс жасау сынды дүниелер мұғалімнің назарынан тыс қалмайды.

  • Топтың әр мүшесінің белсенді жұмыс жасауына жағдай жасайды. Бұл орайда мұғалімнің шеберлігі мен сауаттылығы қатар жүреді.

  • Әр оқушының өз деңгейіне сай өсуіне мүмкіндік жасау.Топ арасындағы қақтығыстарды болдырмау, тіпті туындап жатқан жағдайда оны оңтайлы шешу де мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен сауаттылығына тікелей байланысты.

  • Тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға  уақыт беру кажет, топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, онтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.

  • Оқушылардың жұмысына сыпайы түрде араласады, оқушыларға ұсынылатын әдістерді моделдейді.Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, бастапқы кезендерде барынша қолдау көрсетуді талап етуі мүмкін.

  • Сабақ аяқталған соң оқушылар топтағы жұмыс үдерісін  және оның нәтижелері туралы ойлану үшін түрткі жасайды.

Топтық жұмыстың ережелері

  • Кезекпен сөйлеу

  • Бірін-бірі мұқият тыңдау

  • Пікірталаста өзгенің көз-қарасын түсіну үшін сұрақтын бар немесе жоқтығын сұрау

  • Өз ойын қоса отырып, қосылатын пікірдің  бар немесе жоқтығын сұрау

  • Келіспеген жағдайда бөгде ойды мұқият тыңдау әр пікірге құлақ асу

  • Айтылған пікірді ұжымдап талқылау

  • Көмектесу және көмек көрсете білу

  • Түсіндіруді сұрау

  • Пікірталастың, әңгіменің қортындысын жасау

  • Топпен ортақ бір пікірге келу

  • Уақытты үнемді пайдалана білу

  • Рөлдерді белгілеу (басшы, хатшы, репортер,бақылаушы және т.б)

  • Жұмысты орындауда келісімге келу      

            Топтағы өзара қарым-қатынастың ерекшелігі

            Тапсырманың нақты түрі мен орындалу тәртібін білу-сапалы жұмыстың кепілі. Сол себепті, жұмыс басталмай тұрып оқушыларға олардың нені жасау керектігі жөнінде айтылып өтілуі керек.

               Жұмыс барысында топтың әрбір мүшесі: 

-өз ойын еркін жеткізуі;

-ортақ іске өз үлесін қосуы;

-топпен бірге бір шешімге келуі;

-өзгенің ойымен санасуы;

-жұмысты белгіленген уақытта бастап, белгіленген уақытта аяқтауы тиіс.

           Топтық іс –әрекет – әлеуметтік өзара қарым-қатынастың дамуы

     Топтағы жұмыс ең алдымен топ мүшелерінің тілдесу, сөйлесу, пікірлесу қабілеттерін дамытудың негізгі өзегі, әлеуметтік қарым -қатынастың бастауы. Сынып оқушыларын бір ортаға жинап, оқушылар арасындағы қарым- қатынасты ізгілендірудің бірден -бір жолы – әңгімелесу мен өзара сөйлесуге, талқылауға жағдай туғызу болып табылады. Жоспарланған жұмыстың нәтижелі қорытындысында мақсатты түрде жүргізілген әңгімеге, көзделген дүниені талқылауға тікелей байланысты. Себебі, оқушылардың өзара әңгімелесуі, пікірлесуі, ой бөлісуі, ой қорытуы олардың өз ойларын қысылмай еркін жеткізуіне, сыныптастар арасындағы қарым –қатынастың артуына, топтық жұмыстың жандануына оң әсерін тигізеді.                   

Топтарда  жұмыс  істеу  не  үшін  қажет?

         Ынтымақтастық  оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтиже немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқудың алғы шарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген.

Бірлескен оқудың  мәні

         Ынтымақтастық  оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық  оқуға қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады. 

Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1.Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын  белсенді үдеріс болып табылады.

2.Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3.Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

4.Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

Ынтымақтастық оқыту жағдайында білім алушылар түрлі көзқарастағы пікірлерді естіп, өздерінің идеяларын дұрыс қалыптастырудың және оны қорғай білуді үйренетіндіктен, олардың алдына әлеуметтік, сондай-ақ эмоционалдық тапсырмалар қойылады. Сол арқылы, білім алушылар өздерінің  ұғым-түсініктерін қалыптастырып, және де оқулықта ұсынылған түсініктерге немесе сарапшылардың пікірлеріне ғана сенуден бас тартуды үйрене бастайды. Яғни, ынтымақтастық оқыту барысында білім алушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге, өз пікірлерін айтуға және оны қорғауға мүмкіндік алады.Топтық жұмыстың артықшылығын барынша күшейту үшін, мұғалімдер және олардың оқушылары қадағалау жүргізудің және қарым-қатынас жасаудың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, өзінің пікірін білдіру және басқаларға қолдау көрсету дағдыларын біліп, оларды дамыта алғандары маңызды. 

Топты ұйымдастырудың ережелері

Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді.

Топтық    жұмыстың  тиімділігі

Сабақта, жалпы мектепте оқушыға жайлы және ыңғайлы болуы керек, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады.Оқушы тұлға ретінде жан-жақты дамиды. Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет етуі керек. Мектеп білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек.

         Осы  мақсатты  басшылыққа  ала  отырып,   сабақта  оқушыларды  топқа  бөліп,  топпен және  жұппен  жұмыс  істеу  арқылы,  оқушыда  өзіне  деген  сенімділігі,  жауапкершілігі артып, өз ойын еркін жеткізе алатын,белсенді,өз  алдына  мақсат  қоя  алатын,  ортада  өзін  еркін  ұстайтын,  бір-бірімен  пікірлесе  білетін,  бір-бірін   оқыта  алатындығын  байқадым.  

Бұл мақсатқа мен бірден жете қойған жоқпын,оқушының  өз  бетінше  танымдық  әрекет  ету  әдістері  мен  дағдыларын  қалыптастыру  үшін  көптеген  жұмыстар  жүргіздім.  Ол  жұмыстар:  тақырыпты  меңгеру  үшін  өз  алдына  мақсат  қоя  білу,  мәтінмен  жұмыс,  қосымша  әдебиеттермен,электронды оқулықпен,интернет  материалдарымен,  интерактивті  тақтамен  жұмыс,  тәжірибе  жасау,  бақылау  жүргізу,  өзі-өзі  бағалау,  өзгені  бағалау,  т.б

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жаңа материалды өздігінен меңгере алатын, бір-біріне көмек бере алатын, өз алдына мақсат қойып, алынған нәтижелерді қадағалайтын, өз ойын еркін жеткізе оқушылар қалыптасты. Оқушылардың пәнге қызығушылықтары, белсенділіктері, жауапкершіліктері артты, қосымша материалдармен жұмыс істеуді үйренді.

4-сыныпта  ана тілі  пәнінен  «Тасбақаның шөбі» тақырыбында өткізген   сабағымда мынадай топтық тапсырмалар дайындадым.

1-тапсырма:

1-топ. Ә. Кекілбаев кім?

2-топ. Тасбақа туралы не білеміз?

3-топ. Ырымдар дегеніміз не?

4-топ. Ырымдар айту, мағынасын түсіндіру.

2-тапсырма.

1-топ.Жазушы «кісі мінсе кібіртік, бос жіберсең суаяқ құла» деп нені айтып отыр?Әңгімеден Қарабала мінген аттың жүрісін көрсететін сөйлемдерді тап.

2-топ.Қарабала келе жатып нені көрді? Әңгімеден тасбақа жүрісін көрсететін сөйлемдерді тап.

3-топ.Қарбаланың есіне халықтың қандай ырымы түсті? Көсік деген не?

4-топ.Тасбақаның аузынан шөп алсаң қандай тілек тілер едің? «Шыбын жаны көзіне көріну» дегенді қалай түсінесің?

 Сабақта  оқушылар  жұппен,  топпен  жұмыс  істей  отырып  мынадай  нәтижелерге  жетті:

  1.Тақырыпты  өздіктерінен  меңгерді.

  2.Оқушылар  бір-бірімен  пікір  алмастыра  білді.

  3.Қорытынды  жасап,  өз  ойларын  еркін  жеткізе  білді.

Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері

Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады. Фактілер бұл үдерістің кезең-кезеңмен жүретіндігін растайды. Бастапқы кезеңде топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекет етудің дағдыларын дамытуы қажет, содан кейін оқушылардың арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң, мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады.

1.Әлеуметтік өзара әрекет ету дегеніміз не?

Төменгі және жоғары сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді бола білуге үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара сыйластыққа  және түсіністікке келеді. Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс оқушыларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді.

2.Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не?

  • кезекпен сөйлесу

  • белсенді тыңдау

  • сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау

  • ұсыныс енгізу  және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау

  • өз ойларын және пікірлерін ортаға салу  және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу

  • ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау

  • көмектесу  және көмек беру

  • түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну

  • идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау

  • топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу

  • талқылаудың қорытындысын шығару

  • дәйекті айғақтар келтіру.

3.Проблемаларды шешу стратегиялары

  • уақытты ұтымды жоспарлауға

  • инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға

  • топ ішінде рөлдерді анықтауға

  • тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

                                                                     




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.08.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2868
Номер материала ДA-009028
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх