Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама "Ұстаздық ұлы жол"

Баяндама "Ұстаздық ұлы жол"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

ҰСТАЗДЫҚ- ҰЛЫ ЖОЛ


Тұрағұлова Б.Т., Жұматаева З.Ж.- Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік- гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары, колледж түлектері.


Әр заманда басымдық алатын әр алуан әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін тарих сахнасына шығарып отыратыны мәлім. Олар елдің мұң-мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзенттік махаббатын арнаған, елдің игілігі үшін бар күш- жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алған. Мұндай азаматтардың игілікті істері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дәстүрге айналып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал ететін болған.

Қазақ халқының тарихында айрықша орын алған сондай көрнекті тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу-маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен ақын әрі жазушы. Білімін өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат-мүдделеріне сәйкестендіріп, халық кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.

Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнаған мектеп ашумен бірге онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда, мұғалімдерді даярлауға аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты тұлға – мұғалім деп есептеген. Жақсылап салынған мектеп үйі, болуы мүмкін, тамаша жазылған оқу құралдарын да табуға болады. Бірақ бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы деп есептеген.

«Халық мектептері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін»,- деп жоғары бағалады.

Ұлағатты ұстаз есімімен аталатын Қазақстандағы алғашқы орта кәсіптік білім беретін оқу орнының бірі- Рудный әлеуметтік- гуманитарлық колледжі.Қасиетті қара шаңыраққа биыл 75 жыл.

1887 жылы 10 желтоқсанда көрнекті ұстаз Ы.Алтынсарин Қостанай уезінде Обаған бір сыныптық болыс мектебінде жеке алғашқы сабақтарын берді. Бұл мектеп кейіннен орыс-қазақ училищесі болып өзгертілді және 1940 жылы 7 шілдеде 2 курс құрамымен Меңдіқара қазақ педагогикалық училищесі ашылды. 1949 жылы училищеге қазақ халқының ұлы перзенті, оның негізін қалаушы - Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді. 25 жыл өткеннен соң училище Рудный қаласына көшірілді, 2000 жылы Қостанай облысы Білім департаментінің 06.06.2000 ж. № 158 бұйрығымен Рудный педагогикалық колледжінің атауы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі болып өзгертілді.

Білім ордасы 75 жыл ішінде талай кәсіби шеберлікке шыңдалған сан мыңдаған түлектерін ұясынан ұшырды. Атап айтсақ, Тілеміс Тілеуғабылұлы Мұстафин, 1945 жылғы түлек, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Манаш Қабашұлы Қозыбаев, 1947 жылғы түлек, Қазақстан Ғылымдары академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Оразақ Ысмағұлұлы Ысмағұлов, 1950 жылғы түлек, Қазақстан АН корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы; Нина Гавриловна Полтавец, 1952 жылғы түлек, бастауыш сынып мұғалімі, облыстағы мұғалімдер арасындағы жалғыз Социалистік Еңбек Ері; Рәбиға Тәуірбайқызы Мендекинова, 1955 жылғы түлек, ҚазҰПУ профессоры, филология ғылымдарының докторы, жаңа буын орыс тілі және басқа да көптеген кітаптардың авторы.

Колледждің тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт – бағдар сілтеген, ширек ғасыр оқу ордасын басқарған, үлкен жүректі ұстаз, іскер басшы, талантты ұйымдастырушы Досмағұл Есләмұлы Сүймеков те түлектердің бірі.

Сүймеков Досмағұл Есләмұлы 1940 жылдың 22 сәуірінде Қостанай облысы, Меңдіқара ауданының Қаражар ауылында туған. 1951 жылы Қаражар бастауыш мектебін бітіреді. 1954 жылы Майлыағаш жетіжылдық мектебін бітіріп, Ы.Алтынсарин атындағы Меңдіқара педагогикалық училищесіне түседі. Ол оқу орнын үздік дипломмен бітіріп, бастауыш сыныптар мұғалімі мамандығын алады. 1963 жылы Қостанай педагогикалық институтының физика-математика факультетін тәмәмдап, өзі оқыған Меңдіқара педагогикалық училищесіне мұғалім боп келеді. 1976 жылдан 2001 жылға дейін Ы.Алтынсарин атындағы туған қара шаңырақтың директоры болып істеді.

Досмағұл Есләмұлы директор боп істеген жылдарда 6000-нан астам студенттер білім алып, кәсіби маман атанып, Қазақстанның түкпір- түкпірінде еңбек етуде.

90- жылдары қиын- қыстау кезеңде училищенің ауыр жүгін арқалап жүріп, жабылуға шақ қалған оқу орнын көрегендігі мен беделінің арқасында сақтап қалды. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру және орыс тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру үшін қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушылары қажет болды. «Мемлекеттік тілде оқытылмайтын мектептердегі қазақ тілі және әдебиеті» мамандығымен қоса, колледжде «Физика және математика», «Бейнелеу өнері және сызу», «Құқықтану» мамандықтары да ашылды. Қазақ тілінде оқитын оқушылар саны 7 пайыздан 50 пайызға көтерілді. Оқушылар мен оқытушылар жұмысының сапасы көтеріліп, алдыңғы қатарлы оқу орнының бірі болды.

1984 жылы оқу- тәрбие жұмысындағы үздік көрсеткіштер үшін педагогикалық ұжым Қазақстан Оқу- ағарту министрлігінің, 1987 жылы КСРО Ғылым және Оқу Министрлігінің көшпелі Қызыл Туларымен марапатталды. Кеңес Одағы бойынша үздік 10 оқу орнының қатарына енді. Досмағұл Есләмұлының қолдауымен Қостанай мемлекеттік университеті және Қостанай әлеуметтік академиясымен келісе отырып, «ОАОО-ЖОО» оқу кешені ұйымдастырылды.

«Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше үлес қосу-әрқайсысымыздың міндетіміз»,- деген Ыбырай Алтынсариннің сөзін жадынан шығармаған Досмағұл ағай колледждің материалдық базасының нығаюына көп күш жұмсады. Жаңа оқу ғимараты, тоғыз қабатты жатақхана салынды.

Мұғалімдердің бала оқытудағы орнын жоғары бағалап, өзі бір- бірлеп облыстың түкпір- түкпірінен жоғарғы санатты, терең білімді мамандар жинады.

Досмағұл Есләмұлы- педагогикалық еңбек ардагері, педагогикалық кадрлар дайындаудағы жетістіктері үшін және ұлы педагог Ы.Алтынсариннің идеяларын дәріптеп, оқу-ағарту ісіне кеңінен енгізгені үшін Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталды. Үш рет ауылдық және қалалық Кеңестің, Қазақстан мұғалімдерінің 5,6 съездерінің делегаты болып сайланған.

Досмағұл ағай 40 жылға жуық уақыт бойы абыройлы еңбек етіп, көпшілік құрметіне бөленді, халықтың аяулы ұлына айналды.

Мейірімділік пен сүйіспеншілікті, адамгершілік пен ұстамдылықты, шәкірт санасына ұялата білген, бүкіл саналы ғұмырын аяулы білім ошағына арнаған Досмағұл Еслямұлының өмірі мен қызметі келер ұрпаққа әрқашан өнеге болып қала бермек.




Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Алтынсарин Ы. «Екі томдық шығармалар жинағы». Алматы, 2003 ж.

  2. Алтынсарин Ы. «Қазақ хрестоматиясы». Алматы, 2003 ж.

  3. Байсарина Р.А., Гизатуллин И.Г., Мачнева С.Г. Жүректен шыққан ой- пікірлер. Қостанай, 2012 ж.

  4. Ламашев Ә. «Алтынсарин туралы естелік». Алматы, 1991ж.








.


Автор
Дата добавления 02.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров155
Номер материала ДВ-302178
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх