Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Баяндама Тақырыбы: "Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары"

Баяндама Тақырыбы: "Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары"

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ БАСТАПҚЫ САТЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ АУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ



 Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары

Қазақстан Республикасының  тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында ерте жастан оқыту қолға алынып отыр.

Бастауыш сынып табалдырығында оқушының оқу дағдысын қалыптастыруды жалпы жазба тілімен ауыз екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс әрекеттерін әңгімелеуге үйрету.

Линвистикалық негізгі  обьектісі – сөйлеу, адамзаттың сөйлеу тілі. Сөйлеу – адамзаттың іс – әрекетінің ерекше формасы. Сөйлеу адамзаттың ойлауымен және басқа да психикалық процестерімен тығыз байланысты. Сондықтан адамзаттың сөйлеу іс – әрекетін тексеру бір ғана тілі білімінің үлесі емес, бұл басқа да ғылымның мәселен, психологияның, физиологияның, логопедияның т.б зерттеп қарастыратын облыстілі.
Сөйлеу екі түрлі формада – 
ішкі және сыртқы формада жүзеге асырады. Ішкі сөйлеу формасы – ойлау процесі үшін осы қажет нәрсе, ал сыртқы форма арқылы адам өз ойын басқаларға жеткізеді, белгілі бір информатика береді.
Сөйлеудің екі  жағы бар: сөйлеу процесінің  нақ өзі және сол сөйлеу іс – әрекеті процесінде жасалынған нәтиже яғни сөйлемдер, мәтіндер т. б.
Адамның өмірінде сөйлеудің маңызы өте зор. Ол сөйлеу арқылы өз ойын айтып жеткізеді және біреудің ойын ұсынады. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым – қатынасты атқарады.
Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біреу шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін – бірі көріп тұрады немесе  дауыс жететіндеу алшақтығы  болуы мүмкін. Сөйлеуге үйрету 
манолог және диалог түрінде іске асырылады. Манолог және диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым – қатынас әрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, әдептік және сезімдік – бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.

Монолог – оқушылар мәтіндердің мазмұны туралы өз ойын, көз қарасын білдіру үшін жеке  тәжірибиелеріне және суреттер тізбектерімен тағы басқа көрнекіліктеріне сүйене отырып, суреттеу, хабарлауды қолданып, мәлімдемелер жасайды.
Диалог – оқушылар қысқа және толық жауап беру түрлерін қолдана отырып, құттықтау, шақыру, кешірім сұрау, бір нәрсе жайлы керек мәліметті сұрап білу немесе айту, талқылаған деректерді анықтау, оларға баға беруге дағдыланады. Диалогтық сөйлеу әңгімелесушілерді өз ара қысқа сөз алмасуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауы мен ерекшеленеді.
Сөйлесу арқылы тек қана ақпарат жүрісі орындалып қалмастан, әңгімелесушілер арасындағы бір – біріне деген ықпалда жасалынады, яғни өзара бағыт бағдар көрсете отырып, олар бір – бірінің іс – әрекет қылықтарын үйлестіруге не өзгертуге тырысады.
Ауызша сөйлеуді жүзеге жарғанда өзгеше лингвистикалық та, лингвистикалық емес те құралдар үлкен роль атқарады. Өзгеше лингвистикалық құралға арнайы таңбаланған  лексикалық бірліктерді,кейбір грамматиканы   жатқызуға болады. Ал, лингвистикалық емес құралдарға ауызша сөйлеуге тиісті құралдардың  барлығы – оқушының тұрысы, ымдауы, ишарат білдіреді, көз қысуы, жымиуы, күлкісі, жылауы және т.б. жатады. Бұл эксромингвистикалық бөліктер ауыз екі тілде сөйлеуді айтарлықтай толықтырып тұрады.

Ауызша өз пікірін айту жазбаша түрде ойын жеткізуден, ең алдымен, қарым – қатынастың тікелей өзгешелігімен және коммуниканттандардың арасында нақты байланыстың  болуымен оқушылардың өз ойын жеткізудің формасына және тәсіліне таңба салғандай ерекшеленеді. Сөйлеу әрекеті кезінде әңгіме дүкен жүргізушінің серігінің болуы немесе тыңдаушысының болуы сөйлеп тұрған адамға өзінің серігінің кез келген іс қимылын байқап тұруға мүмкіншілік береді. Бұл оқушының ойын ауызша жеткізу жолына әсер етуге және үнемі үндестірілуіне мүмкіншілік береді.
Ауызша сөйлеуге үйрету жайлы айтқанда, оқу үрдісінің шартымен  және мақсатымен емес, сонымен қатар ауыз екі тілде сөйлесудің қандай түріне үйрету керектігін анықтау қажет.
Лингвистикалық жоспар бойынша ауызша әңгімелеп жеткізудің  3 түрлі формасы бар: 
монологты, диологты және полилогты.
Ауыз екі тілде сөйлеу психологиялық жобада да белгілі  бір қызығушылықты ұсынады. Ауыз екі тілде сөйлеу психологиясында кибернетика саласындағы ойдың әсерінен бір жүйеге келтірілген екі коммуникативтік үрдіс табанды түрде танылуда. Олар түсіне отырып тыңдау және сөйлеу.
Оқушы өзіне тиісті пәндерді жан – жақты меңгеріп алғысы келеді және де шетел тілін жетік меңгеруі арнайы әдебиеттерді оқығанда оған баға жетпес көмегін  көрсетеді. Ауызша сөйлеуге үйрету барысында оқушыларды сөйлеу әрекетінің екі түріне үйреткен жөн. Олар түсіне отырып тыңдау және сөйлеу. Бұлардың әр қайсысы өзіне тиісті жаттығуларды жүргізуді талап етеді.

Ауызша сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауыз екі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:1) Ауызша сөйлеудің монологты және диологты формалары оқытудың барлық кезеңдеріндеқатар жүреді; 2) Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады; яғни бұл ауызша сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;3) қосымша оқыту құралдарының жиі жиі қолданылуы; 4) лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызша сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.

Ауызша сөйле ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогты құрастыра білуге үйрету, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты.

Осы орайда бірінші кезеңде төрт өзекті мәселе туындайды: диалогты және монологты түсіне отырып тыңдау, сонымен қатар диалогты, монологты дұыс формада сөйлеу білуге үйрету.

Сөйлеу әрекетінде түсіне отырып тыңдауға үйретудің басты мақсаты түсіне отырып тыңдаудың көлемін ұлғайтуға қол жетізу, нақтырақ айтқанда әр адамға тән сөйлеу сипаттамасы бар, бірнеше адамды түсінуге мүмкіншілік беретін жаттығулар көлемін қалыптастыру.

Ауызша сөйлеуге үйретудің біріншіден, белгілі бір көлемде диалогты түрде және монологты түрде сөйлеудің арасында айтарлықтай формасы жағынан да, мазмұны жағынан да қандай да бір байланыстың болуы; екіншіден, оқушының өзіне тиісті пәнді жетік меңгеруімен; үшіншіден, қандай да бір мәтін материалдары мен ауызша сөйлеуде едәуір байланыстың болуы.

Оқудың бірінші кезеңінде іштей оқуға көңіл бөлу керек. Әдетте оқып болғаннан соң түсінік айтылады және жаттығулар жасалады. Сөйлей алудың әдістерімен қорытындыланады. әңгімелесу балалардың логикалық ойлауын, тілдің қалыптасуына, қорытынды жасауға көмектеседі.

Оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мәтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен әңгіені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар өрбіп отырады. Сондай ақ берілген мәтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан жақты артып отырады. Мұнда мәтіндерді көбіне оңайдан қиынға қарай өрбіткен мұғалім үшін ыңғайлы

Оқу біліктілігін меңгерту мақсатында мәтінді оқу, көру арқылы мазмұын түсіну мен мәтіннің мазмұнын өз бетінше оқып түсіне білу, мәтін бойынша талқылауға белсенді араласу сияқты жұмыстар кеңінен қолданылады. Оқылған мәтінге байланысты оқушы өз ойын салыстырмалы түрде жеткізе біліп, қоғамдық орындарда жазылған нұсқауларды оқып түсіну сынды талаптар қойылады.

Ал бұл сөйлеудегі оқушы сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: оқушы меңгерген лексикалық материалдар бойынша талқылауға қатысып, мәтін бойынша түсінгенін еркін жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез және нақты жауап беру және сурет бойынша әңгіме құрастыру, әр түрлі жағдаяттарға баланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады.

Оқу біліктілігін меңгеру мақсатында ортадан жоғары деңгейде жұмысты күрлендіре отырып, көптеген жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік туады. Көлемді мәтінді оқып қана қоймай, көру арқылы мазмұнын түсініп мәтіннің мазмұны бойынша түсінгенін айта білу. Сондай ақ өз бетімен әңгіме құрап, мәтінге байланысты қанатты сөздерді, мақал мәтелдерді пайдалану арқылы сөйлеуге дағдыландыру. Бұқаралық, ақпараттық хабарларды оқып түсіну (газет, журнал материалдары,теледидар хабары) мен талқылауда белсенділік танытып, біліктілікті жоғарылату жұмыстары басшылыққа алынады.

Оқу біліктілігін меңгерту мақсатында роман, поэма, эссе, әңгіме оқыту арқылы жан жақты жұмыс жүргізуге жол ашады.

Сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, оқыған үзінділері бойынша негізгі кейіпкерлерге сипаттама беру, роман, эсселердің тақырыбын,идеясын талқылау, пікірсайыс, дебат барысында өз ойын әдеби тілде еркін жеткізе білуге дағдыландыру басты мақсат болып табылады.

Ағылшын тілін орта мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргеннен кейін де шетел тілінде сөйлеп, оқып түсіне білу қабілеттерін қалыптастыруға мектеп қабырғасында мән берілуі тиіс. Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге және кітап арқылы жұмыс жасауға баулу қажет. Шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулып, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кездерде шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Осы мақсатпен анықтама әдебиетерді пайдалана білу, мәтін мазмұнын өз бетімен түсінуге бейімделу және одан түйгенін қысқаша етіп қағазға жазып алу, шағын хабарлар дайындау және өз пікірін айтып, баға беру сияқты әрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор.

Ағылшын тілін оқытудағы оқушының өз сөзін жоспарлай білу икемділігін, мәтін мазмұны мен ағылшын тілін үйрету құралдарын ұштастыра отырып, сөйлеу этикасын пайдалана алуын талап етеді. Оқушылар басқа халықтардың тұрмыс тіршілігімен олардың көрнекті өкілдерінің өмірімен алынған деректермен, бұл халықтар тарихының эпизодтарымен, мәдени ескерткіштерімен, көрікті жерлерімен танысады. Оқулық, оқу кітаптары, газеттегі қарапайым мақалалар арқылы оқушылардың шетелдегі адамдардың өмірімен танысуы олардың жалпы білімділік ой өрісін кеңейтеді. Оқушылардың жан жақты дамуы және олардың тұлға ретінде қалыптасуы үшін тілдік материалмен жұмыс істеу сипаты мен сөйлеу біліктілігінің елеулі мәні бар. Шетел тілі құралдарымен (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық) және сөйлесу іс әрекетінің негізгі түрлерімен қарулана отырып, оқушылар танымдық белсенділік, дербестілік көрсетуі, қорытынды жасай алуы маңызды болып табылады.

Оқу бес пайызға дейін бейтаныс сөзі бар ғылыми көпшілік қоғамдық саяси және көркем әдебиеттен қысқартылып алынған мәтіндердің негізгі мазмұнын түсінулері тиіс. Оқушылар газетті қарап шығып, одан өздерін қызықтыратын мақалаларды таңдап ала алатын болуы тиіс. Мәтінді оқи отырып алынатын хабарға байланысты оқушылар оқу қарқыны мен түсінігін қалыптастыруы керек.

Тілдік материалдар оқушыларға өз қалауларын айтуға және өз пікірін білдіруге қажет болады. Өз пікірін ситуациялар және тақырыптармен байланыстыра қолдану мынадай пікірлер айтуға, жеткізуге жетелеуі тиіс:

  • қалауын, сезімін, жанашырлығын білдіру;

  • өз көзқарасын айту, қарапайым ғана дәлел келтіру;

  • істің мән жайы мен оқиғалар туралы мәліметтер алу және әріптесінің пікірін сұрау.

Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес.Шетел тілін меңгеруде тыңдап түсіну қабілетін дамытудың алар орны ерекше.

Ауызша сөзді түсіну адамның естіген сөздердің мағынасына талдау жасап, аяқталған ойды білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланысты болады

Тыңдап түсінудің негізгі топтарына мыналар жатады:

А) тыңдап түсіну дағдылары  (мәтіннің грамматикалық және морфологиялық формаларын тани білу);

Ә) сөздерді және сөз тіркестерін түсіне білу қабілеті;

Б) дыбыстарды, дауыс интонациясын ажырата білу;

Тыңдау процесі есту қабілеті  механизмімен тығыз байланысты. Есту, тыңдау қабілетін техникалық құралдар көмегімен жаттығулар жасау арқылы дамытуға болады. Логикалық түсіну механизмі талдау процесінде күрделі болып саналады.

Ауырма сөзді түсіну үшін бір материалды бірнеше рет тыңдаудың қажеті жоқ. Сөзді толық түсіну бірден (толық) және толықтай бір рет айтқанда қабылданады. Қазіргі кезде шетел тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау және т.б. мүмкіншіліктері өте көп. Шетел мамандарының сөйлеуімен  жазылған үнтаспалар, видео-фильмдер көптеп саналады. Тыңдау қабілетін ұнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы видео жаттығулар мен аудио мәтіндер қажет. Осы орайда мәтінді тыңдау, оқып отырудың мәні зор.

Тыңдауға үйренуді сөйлеумімен бетпе-бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқытушының сөйлеуі, видеофильмді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады.

Шетел тілін тыңдап түсінудің өзіме тән ұғындыруға тырысып, тілдік материалдарды көп беру қабылдауды қиындатады, сонымен бірге дағдыны қалыптастыруға кері әсер етеді. Осының әсерінен оқушы тез тыңдап түсіліп, жауап дайындау үшін ойланып отырады.

Ауызша сөйлеуге үйрету – шетел тілім оқытудың ең қиын аспектісі болып салалатындықтан, ең негізгі мақсат – естігенін түсіне білуге үйрету.

Түсінуге тексерудің ең басты бөліктерін – сурет арқылы, екіншіден – жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады.

Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау – алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады.

Шетел тілін аудармасыз түсінудің тағы бір жолы үнтаспа арқылы әртүрлі бұйрықтар беріп, орындату. Оқытушы дұрыс,не бұрыс екенін қадағалайды. Бұйрықтарды тек бұйрық рай түрінде берумен қатар әртүрлі нұсқаулар түрінде де беруге болады.

Мысалы: “When Tom walks to the window, John will write Kate’s name on the blackboard“ Мұндай бұйрықтар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырады және сөздерді, шетел тілінің грамматикалық формаларын есте сақтауға көмектеседі.

Фонетикалық және грамматикалық құрылымдарды тыңдау арқылы салыстыра және ажыраты білуге арналған тапсырмалардың мұндай түрлерін бірте-бірте күрделендіруге болады.

Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдау шетел тілін түсініп үйрене білудің ең қажетт бөлігі болып табылады. Тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалдар негізінде құрылады. Оның ішіне 3-4% таныс емес лексикалық материлдар қосуға болады. Алғашқы рет тыңдауға арналған мәтінге жіберілген уақыт 1-1,5 минут көлемінде болуға тиіс. Төмендегі мәтінді мысал ретінде алуға болады:

My friend Bill is a geologist. He does not stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother in low the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife in his opinion spends too much time on cooking. So he does not let her stay in the kitchen.

Neither his wife nor his mother in low contradicts him, for he never stays long at home.

When he lives his children are sorry to part with him but they are glad that grandmother will cook their meals again.

Тыңдаған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:

  1. Жазбаша жоспар құру, мәтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.

  2. Ауызша мәтінннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру. Жұмыстың мұндай түрі шетел тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Шетел тілін тыңдап түсіне білуге үйрену үшін тек ұнтаспа ғана емес, сонымен бірге видео-фильм және диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Шетел тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдармаларды тыңдауға немесе көркем және деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады.

Түсініп тыңдау жұмысы кезінде естіген хабарды қаншалықты  түсінгендігі тексеріледі. Онда шағын мәтін немесе сөйлемдер оқылып, тыңдату, мәтінді қайталап тыңдау арқылы екі-үш сөйлемнен мәтіннің мазмұнын айту, сипаттама беру, жаңа сөйлемдер құрастыра білу сынды жұмыстарды жанжақты жүргізген туста істің нәтижелі болатынына көз жеткізе аламыз. Түсініп тыңдау деңгейде жан-жақты жүргізіліп, естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Шағын әңгіме, үзінді, мақала мазмұндары оқылып, түсініп тыңдау мәтінді екі рет тыңдау арқылы екіүш сөйлеммен мәтіннің мазмұнын айту жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс барысында сипаттама беру, мәтін бойынша жоспар құру, сұрақ қол білу сынды жұмыстар тіл дамыту жұмыстарына негіз бола алады.

Оқушылар өздері оқығандары мен тыңдағандарының ішінен оқиғаларды және фактілерді тауып, соған өздерінің қөзқарасын қысқаша айтып берулері тиіс. Олар өз пікірін айту үшін мәтінді жоспар жазбаларын пайдалануына болады.

Шетел тілінде тыңдағанын, естігенін түсіну біліктілігі басқа кісілермен сөйлесуге, тілдік қарым-қатынас жасауға қажетті жағдайлар тудырады. Шәкірттер тыңдап түсінуге арналған аутентті мәтіндермен түрлендіре жұмыс істеуге, сөйлеуге одан ары қарай жаттығады, баяндамалар жасайды.

Ағылшын тілінде мектеп бағдарламасы ауқымында шәкірттерді сөйлеуге үйрету, ауызекі тілде сойлету күні бүгін шетел тілін оқытудың ең басты міндеті болып отырғаны белгілі. Әр мұғалім өзі еңбек етіп жүрген  мектебінің қарай оқыту тәсілдерін тиімді етіп, түрлендіре отырып жоспарлауы тиіс.

Мектеп жағдайында оқушыны ауызша сөйлеуге үйрету үшін жүргізілетін жұмысты дифференциялап жүргізуді екіге болуге болады: іштей және сырттай.

Іштей дифференциялау барысында оқушыларды қабілетіне қарай шағын топтарға бөліп, олармен тіл үйретуде ерекше әдістемелік тәсілдерді қолдану қажет. Бұндай топтарды әрине оқушылардың деңгейлеріне және мүмкіндіктеріне қарай жұмыстар атқарылады.Әр мұғалім сынып оқушыларын әр түрлі бөлуі мұмкін, мысалы бір топта тілге қабілеті бар оқушылар, екінші топта тілді нашарлық білетін оқушылар, үшінші топта қабілеті, білімі жоғары да, нашарлау да оқушылар аралас болады.

Ал сырттай дифференциялау бойынша әрбір топ пен топтардағы оқушылардың  коммуникативтік икемдігін, олардың шеьел тілін оқуға деген психологиялық жағынан дайындығын, елтануға байланысты материалдарды оқып және де оларды өз еліндегі және басқа елдердегі реалиялармен салыстыра отырып меңгеруге қабілеті, мүмкіндіг ескеріледі. Іштей дифференциялау сырттай дифференциялаумен өзара біріге келе оқушылардың тіл үйренуге деген мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Бұл орайда, әрине, оқушылардың жеке бас ерекшелігіне баса назар аудару керек. Сыныпта бала саны неғұрлым көп болса соғырлым мұғалім оқушының өзіне тән ерекшелігіне көңіл бөліп, дефференциялауға неғұрлым көп мүмкіндік жасауға тырысу қажет.

Сабақты өтудің әдістәсілін түрліндіре, көрнекіліктермен әрлендіре отырып үнемі әрі жүйелі тұрде оқушылар жұмысын тексеріп кезде біз бұрынғы ескі тәсілмен оқушылар жұмысын тексеріп үнемі әрі жүйелі түрде оқушылар жұмысын тексеріп отырған дұрыс. Шәкірттердің білімін біркелкі бағалай салмауымыз керек, әр оқушының жауабының мазмұнын ескере отырып баға қоюымыз керек. Сонда, мазмұнды, жақс сөйлейтін оқушы одан нашарлау сөйлейтін оқушыға қарағанда өз білімнің жоғары екенін түйсінеді.

Оқушыны ауызша сөйлеуге жаттықтыруда тоғы бір ескеретін жағдай- жеке оқушыдан сабақ сурау кезеңі. Бір ғана оқушы жауап беріп тұрса, нашарлау (сөйлейтін) оқитын оқушылар оны тыңдамай отыруы әбден мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақ сұраудың әрбір кезеңінде барлық оқушыны қамтитындай тәсіл қолдануы тиіс.

Ауызша сөйлеуді дұрыс жолға қою үшін ең әуелі оқушылардың шетел тілінен сөз қорын дұрыс жинақтауына көңіл бөлу керек. Оқушылар әр сабақта өтілетін жаңа сөздерді жазып алып, жаттауы міндетті. Тіл үйренуші мектептегі сабақта тілді қалай үйренудің, қалай сөйлеудің жолдарын үйрене, үйде, сабақтан тыс кезде көп оқыса білімі сөйлеу дағдысы бай болары сөзсіз. Мектеп мұғалімі шәкірті жақсы сөйлесін десе оқушылардың  екеуара сөйлесуіне көп көңіл бөлгені жөн. Пәнді жақсы меңгеріп келе жатқан оқушы мен үлгерімі төмендеу оқушыны нашар үлгерімді баланың айтқанын түзеп, көмектесіп отырады.

Ауызша сөйлеуге баланы дұрыс жаттықтырудың тағы бір түрі үйренген матрериалды жаңа материалға ауыстырғызып дағдыландыру. Өтімен материалды, сөздерді бала түрлі ситуацияға байланысты өзгерте отырып қолдануға дағдыланса сөйлеу қабілеті мығымдала түседі. Оқушылардың білімін бағалағанда мұғалім бірден «Сен төртке білесең», «Сен екіге білесің» деп бағаламауы тиіс, оқушылардың  сөзінең қандай деңгейде болғанын сөзбен бағалап, содан кейін ғана баға қою керек. Тәжіребесі мол мұғалім сөйлеуге үйрету барысында сөйлеуге бейім тұратын және сөйлеуге аса ұмтылса қоймайтын міңезі ауыр балалар болатынын да ескертгені дұрыс болады.

Ауызша сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай жолдармен жасауға болады:

А) «Көз алдыңа елестетіп көр» және «қиялдап кор» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру.

Ә) белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамыта, күшейте түсетін суреттер тізімін қарап, соның көмегімен сөйлеу;

Б) Оқушыны қоршаған орта күнделікті өміріндегі болып жатқан жағдайына ұқсас, сәйкес келетін нәрселерді сипаттау. Ситуацияны бұлайша шектеу оны оқушыны ойландыратын тапсырмаларға айналдыруға мүмкіндік береді.

Ғалым И.В. Рахманов «заттық ситуация» мен «қарымқатынасқа байланысты ситуация» бөліп қарау керек деген пікір айтты. Ол негізінде осында ситуациялардың тақырыптарымен бірге бағдарламаға енгізуге ұсынған болатын. Заттың ситуациялар оқушылар өз жанұясын, үй-емін т.б. өзіне жақын  нәрсені суреттегенде пайда болса, қарым- қатынас ситуациялары шәкірт бір нәрсеге, біреуге өзінің жеке қозқарасын, қатысын білгенде жасалынады. Бұңдай ситуациялар бір нәрсе жайлы ойлап, өз ойын білдірісі келген жағдайда құралады. Сабақта әсіресе қарым-қатынас ситуацияларын пайдалану, практикалық міндеттерді:

Іске асыруға мүмкіндік жасайды, ойткені олар белгілі бір проблеманы қозғап, соған арнайы құрылады. Сабақ үстінде ситуациялар құру, әсіресе қарым-қатынас ситуацияларын пайдалану, практикалық міндеттерді іске асыруға мүмкіндік жасайды. Қарымқатынас неғұрлым терең әрі жанжақты болса, соғұрлым сөйлеуге дайындалу процесі жеделдетіп, оңайлана түседі, өйткені сөйлеу негізінде белгілі бір контекст тұрады. Ол контекст қарымқатынас жасайтын адамдардың іс-әрекеті.

Сөйлеу үшін ең алдымен оқушыларды тіл арқылы қарымқатынас жасауға ситуациялар арқылы үйрету керектігін негізге ала отырып Ресейлік ғалым Е. Пассов мынадай байлам жасайды: біріншіден, оқушылардың қара іс-әрекет жағдайын ескергенде ғана сөз әрекет іске аса алады; екіншіден, сипуацияларды үнемі өзгертіп жаңалап отырғанда ғана оқыту нәтижелі болады үшінші, ситуация оқушыны өз бетімен ізденуге мәжбүр етеді, себебі ол ес, ойлау сияқты жеке бас қабілетін сүйенеді.

Оқытудың ситуативтілігі оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасқа негізделген жағдайда ғана сабақ үстінде қатынас ситуациясы пайда болады. Е.Пассов өзінің ұзақ жылдар бойы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде комуникативтік оқытуда «ситуация» мен «ситуативтілікті» анықтап алу қажет екеніне көз жеткізген. «Ситуация-дегеніміз қарым-қатынас жасаушылардың, сөйлесушілердің санасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасының жүйесі, ал ситуативтілік дегеніміз-осы қарым-қатынастармен байланыс» деп қорытынды жасайды. Ол іс-әрекеттерде дара қарым-қатынастарда мынадай жетекші факторлар болады деп көрсетеді. Е.И.Пассов: а) статустық, ә)рольдік; б)іс-әрекеттік; в)ізгілік.

Шетел тілінде сөйлеуге , қарым-қатынас тіліне үйретуде оқушыларды әсіресе өз бетімен жұмыс істеуге, өзі ізденіп білім алуға дағдыландыруы керек. Бұл қазіргі уақыт талабы. Сонымен оқушының шаршауын сейілтіп, қызығуын арттыратын сабақ арасындағы ойын түрлері үлкен роль атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Сондай-ақ ойын оқушының сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігімен мүмкіншілігіне сай және тәрбиелік, дамытушылық мәні зор болуы тиіс. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.

Ойын түрлерін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Сынып оқушылары оған түгел қатынасуы шарт. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын түрлері болып табылады. Ойын  оқушыны бірігіп  жұмыс  істеуге бағыт  береді,іздендіруге  дағдысына  қалыптастыруына  мүмкіндік  туғызады.

Ағылшын тілінде ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс:

  1. Әліпбиді дұрыс меңгерту;

  2. Орфографияны дұрыс оқыту;

  3. Оқу дағдысын қалыптасыру;

  4. Лексиканы меңгерту;

  5. Грамматикалық құрылымды меңгерту;

6. Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру.

Таңдап  алынған  ойындар    оқушылардың сөз байлығын, тіл қорына   сай  болу  керек.Мұғалім кез- келген ойынды өткізу үшін  алдын-ала  жоспар құрып  алуы  керек. Тиімді пайдаланған ойын түрлері мұғалімнің  түсіндіріп  отырған  материалын оқушылардың зор ынтамен  тыңдап  берік  меңгеруіне  көмектеседі.                Өйткені  төменгі  сыныптағы  оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап  отырады. Қызықты  ойын түрінен кейін  олар тез  серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын    болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.

Сонымен  бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер  арқылы да оқытуға  болады.Біз  сынып ішінде  ойындарынды қашан қолдануымыз керек.Мысалы  сабақ үстінде  жаңа  сөздерді қайталау үшін,отілген жаңа  сабақты  еске  түсіру  үшін қолданған жөн.

Сынып ішінде  мынадай  ойындарды ойнауға  болады:

What’s  in the  bag?

Around  the  world

Board Race

Order Race

Question race

Bingo

Go fish

ойындарын қолдануға  да болады. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің  жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін  меңгеруіне  көп көмектеседі.

Ойындар оқушылардың танымын, ақылой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша  алған  білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды  көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынтаықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытадыОйындар арнайы  мақсатты көздейді  және нақты  міндеттерді шешеді.

Ойын  сабақтың  әр  кезеңдеріндетақырыбына   қарай   мұғалім   өзі   таңдап  алыпқолданып     отырадыСондықтан  осы  жобадада    тілді   меңгерту   мақсатында   сабақта   қолданылатын   түрлі  ойындармен   таныстыра   кетуді  жөн  көріп  отырмын.

1.What’s  in the  bag? Сумкада  не бар?  ойыны.

Мұғалім алдымен  балаларға  бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада  не бар? Балалар  ішінде  дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында  қолданса  болады. Әсіресе  жаңа  сөздерді  еске түсіру үшін қолдануға  болады. Мұғалім сумканың ішіндегі  заттармен таныстырады.Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан  What’s this? Сұрағы арқылы затты  көрсету арқылы сұрайды. Мысалы:  Pen, copybook, pencil, ruller, rubber  деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке  қайталатады.Сөздерді  ұмытпау  керек. Сосын оқушыларға  сумка ішіндегі  заттарды  таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады.Мысалы: Who has a  pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде  екенін табу керек.Оқушылар тапса  Janatbek  has  a  pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының  cабаққа  деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары  молайып, есте сақтау  қабілеті артады.

2.Board race  Тақта  сайысы  ойыны

Бұл ойынның шарты:

Мұғалім  оқушыларды екі  топқа  бөліп,ойынның ережесімен таныстырады.Бұл ойында мұғалім  түстер,сандар,сөздер айтады сол айтылған  сөздерді,сандарды оқушылар қатесіз  жазу керек.Келесі  оқушы әрі қарай жалғасын  жалғастырып отырады.Соңында  оқушылардың жазғанын тексеріп қателерін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды.Мысалы:

P-1                                                                     P-2

Red                                                                    Red

Ten                                                                               Тen

Stone                                                                  Stone

Winter                                                                Winter

Book                                                                  Book

Осылай  рет-ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қателерін жөндеп  қай жақтын жеңгенін  айтады. Бұл ойында оқушылар  шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді,есте сақтау  қабілеттері  артады.

3.Question Race  Сұрақтар  сайысы

Бұл ойынның шарты:

Мұғалім сол сабаққа  қатысты  сұрақтар қойылады. Осы  сұрақтар  оқушыларға  таратылып беріледі. Оқушылар  сол сұрақтарға  дұрыс жауап  беру  керек. Мысалы  жыл мезгілдерін  өткен  кезде суреттер арқылы да  мынадай  сұрақтар  арқылы  қолдануға  болады.

1.How  many seasons are there in a year?

2.What  are  they?

3.How  many  months  are  there in a  year?

4.What are  they?

5.What season is it  now?

6.What month is it now?

7.How many days are  there in a week?

8.What  are they?

Осы  сұрақтар  арқылы  оқушылардың сөйлеу   қабілеттері    артып,сөздік  қорлары  молайып,сабаққа  деген қызығушылығы  арттырудың  өту  барысының  жоспарын  жасау.

 

Оқушының ойынға белсенді қатысуына қарай еңбегі бағалануы қажет.

І. Алфавитті дұрыс меңгеру үшін барлық  әріпке карточкалар жасалады. Мысалы карточкалардағы сол әдіптен басталатын аңдардың суреттерін салуы. Бұл ойында оқушылар әріптермен қатар аңдарын аттарын қоса жаттап, әріптерді әліпби тәртібі, ретімен қойып үйретеді.

ІІ. Орфографияны дұрыс оқытуда алдыңғы сабақтармен байланыс ретінде «Сөздіктен сөзді тап» сөзжұмбақтары шешіледі. Тақтаға шыққан оқушы қате жіберсе, қалғандары дұрысғ керекті әрңптерді айтады. Оқушылардың тіл дамыту жұмысын осылай ауызша, жазбаша екі бағытта жүргізу. Олардың тілін дамытуда көрнекіліктің алатын орны ерекше.

ІІІ. Лексиканы меңгертуде төменгі сыныптар үшін ойынға қажетті материал: карточкада бірінші басталатын әрпі жоқ сөздер жазылады. Ойынның мақсаты-сөздің бірінші әрпін тауып жазу.

ІҮ. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру. Қазіргі мектептегі негізгі мәселелердің бірі-оқушыны өз бетімен оқуға үйрету. Сондай-ақ бұл мәселе өздігінен білім алуға да әсерін тигізеді. Ынта қойып оқуға жаттығу арқылы оқушы көп нәрселерді біліп, өздерінің білімін толықтырып, ой-өрістерін дамиды. Сонымен қатар дұрыс оқуға дағды алған оқушы мәтіннің ішінен өзіне қажетті деректі материалдарды таңдап алуға мүмкіншіліктері болады. Мәтін оқумен байланысты мақсаттар қойылады: мәтіннің негізгі идеясын анықтау, мәтін не жөнінде айтылған, оқиға қай жерде болған, шығармадағы басты бейнелер. Мәтіннің мазмұнын айту үшін оқылған мәтінге жоспар құрылады, оны бөлімдерге бөледі, ат қояды, оны анықтау мақсатында жоспар құрылады.

Ү. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттырудың тағы бір жолы-грамматикалық ойындарды жиі ұйымдастыру. Ойын оқушылардың белсенділігін арттырып, өтілген тақырыпты қалай меңгергенін көрсетеді. Екі команда оқушылары: а)сөйлем, ә)жіктеу, б)жаттығу орындау, в)суреттеу, г)осы етістіктер арқылы 3-4 сөйлем көлемінде әңгіме құру арқылы жарысады. Мұндай жұмыстар оқушылардың сабақ үстінде шаршамай сергек отыруына жағдай жасап, сабаққа ынтасын арттырады және пәнге көзқарасын қалыптастырады.

Оқушылардың өзін-өзі басқару, өздігінен іс-әрекет жасау үшін сыныптан тыс тәрбие жұмыстары, апталықтар, кештер ұйымдастырып отырады және оқушылар оған белсене атсалысады. Шетел тілінде дұрыс сөйлеу мәдениеті тек қана лексикамен, мәтінмен жұмыс арқылы жүзеге аспайды, сонымен қатар оқушыларды сергіту, қызығуын арттыру мақсатында жұмыс әнмен түрлерін пайдалану. Әндер арқылы оқушылардың білімін өмірмен байланыстырып, үйреніп жатқан тілде сөйейтін елдердің өнерімен, мәдениетімен танысады және өнер жұлдыздары туралы өз білімдерін молайтады. Әнмен жүргізілетін жұмыс түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: әндік диктант, ән мазмұны бойынша әңгіме жазу, әнді оқи отырып таныс грамматикалық жүйелерге талдау жасау, т.б Әнмен жұмыс 3 кезеңнен тұрады: 1. тыңдау алдындағы тапсырма, 2. тыңдау кезіндегі тапсырма, 3. тыңдағаннан кейінгі тапсырма.

Мысалы, «Битлз» тобының танымал Уesterday әні бойынша мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі. Алғашқы жұмыс түрі бойынша бірінші «Битлз» тобының мүшелерін атау, екінші берілген топтамадағы сөздерден сөйлемдер құрап, олардан өлең шумақтарын құрастыру. Келесі жұмыстың түрі бойынша әнді тыңдай отырып, ән шумақтарының кезегін белгілеу. Үшінші кезеңде сұрақтарға жауап беріледі, ауыспалы өткен шаққа байланысты тапсырмаларды орындайды және ән мазмұнына сай сөздермен диктантты толықтырып жазады.

Осылайша өткен материалдар арқылы оқушылардың тілдік қарым-қатынасын қалыптастыру үшін олардың тыңдауға, сөйлеуге, оқуға, жазуға деген шын ықыласын қамтамасыз етуіміз керек.

Қорыта айтқанда сөздік қор тілдесудің қай түрінде болмасын сөз алмасу барысында өте маңызды жәрдемші. Ауызша сөйлеуге үйретуде әр түрлі технологияларды пайдаланған тиімді.

Мысалы, қазіргі білім беру үрдісінде еніп жатқан инновациялық технологияларды басшылыққа ала отырып, практика жүзінде ауызша сөйлеуді іске асыруға болады. Яғни, біз деңгейлеп саралап оқыту технологиясында білім алушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы әр баланы ауызша сөйлеуге үйретеміз.

Балалар сөйлеу арқылы өз ойындағысын жеткізеді. Ұжымдық, топтық білім беру технологиясы түрінде ауызша сөйлеуге үйрету оқушылар мен мұғалімдер, оқушы мен оқушы арасында іске асырылады. Біріншіден, олар бір бірімен ауызша тілдесу арқылы қарым қатынаста болса, екіншіден, ұжым арасында еңбек етуге үйренеді. Дегенмен, әр ұстаз қандай технологияны таңдағанына қарамастан ең алдымен өзі сол технологияны жете түсініп, меңгеруі тиіс.

Оқушыларды ағылшын тілінде сауатты сөйлеуге, жазуға, оқуға үйрету үшін әрбір мұғалім өз бетінше ізденеді. Осыған байланысты кейбір әдістемелік кеңестерді ұсынуға болады. Мысалы:

  1. Оқушы мұғалімнің қандай тапсырманы сұрап тұрғандығын білу керек. Әр сабақ соңында мұғалім оқушылармен осы сабақта нені үйрену керектігін талқылап отырғаны дұрыс.

  2. Ана тілі мен ағылшын тілін араластырып сөйлемеу керек. Қажет болса грамматикалық ережелерді түсіндіруде ана тілін қолдануға болады.

  3. Оқушы жауап беріп тұрғанда оның қатесін бірден жөндеп, оны сөзін бөлудің қажеті жоқ. Қатені жөндеудің ең дұрыс тәсілі жауаптарды бағалау кезінде түсіндіру.

Оқушылар сабақты толық меңгеру үшін төмендегі тапсырмаларды ұйымдастыруы қажет:

  1. Үйге берілген тапсырманы үнемі орындау;

  2. Көрнекілік, техникалық құралдарды қолдана білу;

  3. Сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау әрекеттеріне арналған өзіндік жұмыстарға көңіл бөлу;

  4. Белсенді талдау кезінде топтасып шулауды тоқтатпау;

 

Қазаргі таңда біздің алға қойған мақсатымыз  егеменді еліміздің болашағы үшін, тәуелсіздігіміздің баянды болуына, қазақ халқын, яғни мемлекетіміздің дамушы мемлекеттер қатарына қосу үшін аянбай еңбек ету.

«Тарбие басы бесіктен» демекші, егер біз мектептегі тәрбие мен білім беру үрдісін дұрыс және тиімді, ұтымды ұйымдастырсақ, тәуелсіз, егемен іліміздің болашағының жарқын әрі жарық болғаны.

 

 

 

 

 



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 27.12.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров631
Номер материала ДВ-293169
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх