Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Баяндама Тақырыбы: Қазіргі мектептегі шығармашылық сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Баяндама Тақырыбы: Қазіргі мектептегі шығармашылық сабақ

библиотека
материалов

Қазіргі мектептегі шығармашылық сабақ

Білім жүйесінде мектеп негізгі топ болып табылады, онда шы-ғармашылық ой-өрісі және жалпы адамгершілігі бар адамдар тәрбиеленуге тиісті.

XIX ғасырда француз психологы Рибо былай жазған: "Егер де ойлау шығармашылығына оқытуға болатын болса, онда етікшілерге қарағанда өнертапқыштар көп болар еді". Мұндай көзқарасты жақтаушылар шығармашылық қызметтің табиғи алгоритмделмегенін де жақтайды. Бұл ұстанымның қарсыластары да бар. Олардың ойынша шығармашылыкқа, оның ішінде өнертапқыштыққа үйренуге болады.

Шығармашылық жөніндегі мәселені жандандырудаға белгілі жаңылыс мектепте оның практикалық мүмкіндіктегі шешімі шығармашылықты әр түрлі белгілермен араластырып, оның біркелкі негізгі ұстамай жиі қарастыратындығынан шығады. Не оны нәтижесі бойынша (жаңа сапалыны жасауға), не шығармашыл адамдардың мінезіне қарай (жинақылық, қиындықты жеңе білу және т.б.), не оқытудың тәсілдері бойынша, тәсілдердің әр түрі неге үйрететінін таңдамай, не бұл қызметтің эмоционалдық бояуы бойынша, не оның процестік сипаттамасы бойынша көрсетеді.

Егер нәтиже бойынша шығармашылықтың кеңінең танымал анықтамасын алсақ, онда мектепке дейінгі балаларды айтпағанда, оқушылардағы шығармашылықтың түп нұсқасының бір де бір актісін мойындауға болмайды. Тіпті жоғарғы оқу орындарында да студенттерді негізгі шығармашылық қызметке тек кейінгі жылдарда ғана, онда да олардың ең таңдаулысын ғана кірістіре бастады. Мұндай әдісте бір-біріне байланыссыз, бір ғана нәтижеге келгендердің шығармашылық табыстарын мойындауға болмайды.

Шығармашыл адамдардың мінез-құлықтарындағы белгілерді де есепке алу нәтижесіз. Жинақылық, ұқыпсыздық, қажырлылық соларда ғана кездеспейді. Мұның бәрі ескеруге жатады, бірақ нағыз шығармашылық процеске үйретпейді. Адамды өнертапқыштыққа үйретудің бір ғана жолы бар — шығармашылық процеске, яғни шығармашылық қызметінің мәнін құратын сол құрылымдарға оны үйрету. Қалғандары көмекші қызметін орындайды. Шығармашылық процедуралар:

1. Бұрын меңгерілген білімін және білігін жаңа жағдайға дербес көшіру.

2. Таныс жағдайдағы проблеманы көре білу.

3. Объектінің жаңа қызметін көре білу.

4. Объектінің құрылымын анықтау.

5. Шешімнің немесе оның әдістерінің баламасын көре білу.

6. Бұрын меңгерілген қызмет тәсілдерін пайда болған проблемаға үйлесімді қолдану.

Мектептің және жоғары оқу орындарының шетелдік және отандық педагогикасында шығармашылық қызметті енгізетін көп тәсілдер мен түрлер жинақталған. Мектепте талқылаудың әр түрлі үлгісі қолданылады — топтық, дөңгелек үстел, семинардағы пікір-сайысы. Шығармашылықтың осы түрлерімсн қатар, жоспар құруға ұсыныс және қызықты адамнан сұхбат алу болып табылады. Шамаға шақ жоспарлауды кірістіру орынды (мысалы, көрмелер, коллекциялар, газеттен өз бетінше іріктеп алынғанды талдау және т.б.)

Шығармашылықтың түрі болып, әсіресе, жоғары сыныптарда ойын болып табылады. Бұл ойын әр түрлі бағыттағы "саясаткерлердікі", ғылымның әр түрлі ілімін жақтаушылардікі немесе қалалық проблемалар туралы әр түрлі пікірлер жөнінде.

Қазіргі заманда шығармашылық тәрбиенің шешуші басты шарты интеллектінің дамуы болып табылады.

Тұлғаның іскерлік сипаттамаларына интеллект саласында мазмұндай білетін, ақпарат бере, құбылыстың құндылығы мен қорытындыларды анықтау, проблемаға бейімделе білу және ұмтылу, оның күйі, елеулі емес және орташаны анықтау қабілеті, жинақтау, элементтен құрылым жасау, елеуліні іздеугс бағдар жасау, айыра білу, талдау және басқалар жатады.

Шығармашылық қабілеттердің дамуы қаланатын, дамыған интеллект, интеллектілік біліктілікті меңгеру негіз болып табылатынын ұғыну қажет.

Шығармашылық сабақты әзірлеу

Егер сабақта және тәрбиелік жұмыстарда шығармашылық, тап-сырмалар басым болса, ондай жағдайда тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мүмкін. Педагогтың шығармашылығына балалардың шығармашылық деңгейі де байланысты болады.

Білім беру жемісін құруда, оқушыларды қисыңды әрекетке бастайтын, шығармашылық сабақтың жетістігі "стартты" тапсырмамен анықталады.

Оқушылардың өздері орындауының шығармашылық деңгейі, тек айтылған тапсырманың мазмұнына тәуелді екенін тәжірибе көрсетеді. Егер тапсырма нашар берілсе немесе оның өзінің тәжірибесінің немесе негізгі ғылымның нақты проблематикасынан түсініксіз алыс болса, онда сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік аз.

Әзірлеп жатқан тапсырмаларға қойылатын талаптар:

- тапсырмалар оқу бағдарламасында көрсетілгендей нақты базалық сұрақтарға оқудың тақырыбына немесе объектісіне қатысты болуға тиіс;

- тапсырмалардың алдымен белгілі шешімі болмауы керек;

- тапсырманың тұжырымдамасы оқушылар үшін де, мұғалім үшін де сондай қызықты немесе тосын болуы керек.

Ашық тапсырмаларды әзірлеуде мұғалімге оқушылар алуға тиіс нәтиже туралы өзінің түсінігінен алшақ болу қиын болады. Оқушылардың өзіндік жауаптарын сезіну - ашық тапсырма сапасының маңызды субъективті белгісі. Мысалы, "Ғарыш дегеніміз не екенін қысқаша жаз" тапсырмасын жеті жасар бала қысқаша былай орындады: "Ғарыш - бұл шексіздік". Оны орындау кезіңде баланың ойланған шығармашылық деңгейі тәрізді тапсырманың қиындығы маңызды емес.

Шығармашылық сабақтар базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынады. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтежесін құру болып табылады.

Шығармашылық сабақтар, әсіресе, бастауыш және орта буын сыныптарында, қағида ретінде аралас, яғни оқушылардың қызметінің 3-4 бір-бірін ауыстыратын түрін қосады. Жоғары сыныптарда сабақтың әрекеттік доминантасы оны жүзеге асырудың әр түрінде біреу ғана болуы мүмкін.

Төменде шығармашылық сабақ түрлері аттарының тізімі көрсетілген. Олардың негізінде аралас сабақтар да құрылуы мүмкін. Бұдан басқа, айтылған шығармашылық сабақтың әрқайсысы оны құрудың шексіз жиынтық нұсқаларын өзіне қамтады (А. В. Хуторской).

Когнитивті үлгідегі сабақтар:

тәжірибе сабақ;

бақылау сабақ;

объектіні зерттеу сабағы;

ізденіс сабағы;

зертханалық — практикалық сабақ:

роблема қою және оны шешу сабағы;

үсініктерді құрастыру сабағы (ережені, заңдылықтарды, гинртезаны);

теорияны құрастыру сабақ;

концерт сабақ, әлсм суреттемесін немесе оның бөлігін жасау;

бірінші басылымдармен жұмыс сабақ;

интегративті сабақ;

метапәндік сабақ;

пәнаралык сабақ;

философиялық талдап қорыту сабағы;

Креативті үлгідегі сабақтар;

міндеттерді құру және шешу сабағы;

диалог сабақ (талқылау, пікір-талас, эвристикалық әңгіме);

қайшылықты сабақ;

қиял сабақ;

өнертапқыштық сабақ;

техникалық (ғылыми, қолдаңбалы, көркем, әлеуметтік, мәдени. педагогакалық) шығармашылық сабақ;

модельдеу сабағы;

рәмізді — шығармашылық сабақ;

тарихты "өзгерту" сабағы (тарихи оқигаларды өз бетінше шешу);

эвристикалық жағдай сабақ;

жаңалық ашу сабағы;

шығармалар;

іскерлік ойын;

рөлдік ойын;

саяхат сабақ (нақты, виртуальды);

керісінше сабақ (оқушы мұғалім ретінде);

болашақ мектептегі сабақ;

болжамдық сабақ;

шығармашылық жұмыстарды қорғау сабағы;

олимпиада сабақ;

  • шығармашылық талдап қорыту сабағы;

Ұйымдастыру кызметтік үлгідегі сабақтар:

мақсатты есептеу сабағы;

нормативті-шығармашылық сабақ;

жеке білімділік бағдарламаны әзірлеу сабағы;

жеке білімдік бағдарламаны қорғау сабағы;

топтық жұмыс сабағы;

кеңес сабақ ( бір-біріне кеңсс беру);

жоба сабақ;

өзіне-өзі баға беру сабағы (бір-біріне баға беру);

рефлексия сабақ;

Коммуникативтік үлгідегі сабақтар:

бинарлы сабақ (екі мұғалім өткізеді);

рецензиялау сабағы;

өзара бақылау сабағы;

вернисаж сабақ;

көрме сабақ;

аукцион сабак;

конференция сабақ;

жарыс сабақ;

КВН сабақ;

"'құбылыспен сот жүргізу" сабағы;

спектакль сабақ;

өңгелек үстел" сабағы;

панорама сабақ;

шығармашылық есеп.

Айтылған сабақтың үлгілері оқытудың тұтас технологиясын құратын тапсырмалар жүйелерін жасауға мүмкіндік береді.

Бұл технологиялардың негізінде мұғалім нақтылы сабақтарды өткізеді және әзірлейді.

Оқушылардың шығармашылық қызметіне бағытталған сабақтың құру ерекшеліктерін және кезеңін қарастырамыз.

1. Шығармашылық сабақтың жоспары - бұл мұгалімнің өзінің білім бағдарламасын жүзеге асыру құралы. Сондықтан сабақты жоспарлау бір тақырыпта (тарауда) тапсырмалар семинарларын жоспарлаудан басталады. Мұғалім бір-бірімен байланысқан бірнеше сабақтарды ойластырады, оларды мақсаты, тақырыбы бойынша шамалап бөлінуін, қызметтің басым болған түрлерін ойдағы нәтижелері бойьнша жүзеге асырады. Пән бойынша оқудың жалпы бағдарламасында көрсетілгсндсй оқушылардың басты білімділік нәтижелері калыптасады және оқыльп жатқан тарауда жетістікке жетуі үшін жүзеге асады.

2. Мұғалімнің санасындағы оқушылардың шығармашылық шамасын өзектендіру. Сабақ өткізілетін сол сыныптың оқушыларының ерекшеліктері ұмытылмайды. Өткен сабақтьң едәуір сәтті элементтері еске түседі. Оқушылардың жағдайына ене отырып мұгалім сезіммен жөне оймен тақырыпқа байланысты олардың іс-әрекеттерін сезеді және болатын сабақ процесіне, қажет кезінде жоспарланған мазмұнның және оқытудың құралдарын түзетеді.

3. Мұғалім тақырыптың проблематикасын өзіндік қарым-қатынас қалыптастырады. Бұл мақсатына оқулықпен, әдістемелік құралмен, кітаппен және сабақтың тақырыбы бойынша басқа материалдармен танысу өтеді. Мұғалімнің өзіне қызықты (онда бұл проблемалар окушьларға да қызықты болады) проблемалар іздестіріледі. Оқып білетін проблемаларға мамандардың (ғалымдардың) қарама-қарсы көзқарасын немесе алуан түрлілілігін белгілеу жәнс табу қажет. Проблеманы әр түрлі түсіну туралы мұғалімдердің алдын-ала білімі, сабақта баланың пайымындағы олардың авторларының жеке ықпалын көруге, оқушылар ойларының өзіндік бағыттарын ескермей кетпеуге көмектеседі.

4. Сабақтың мәнін анықтау, оқылатын курс бойынша басты мақсатты осының мәнімен арақатыстығын белгілеу. Сабақтың мәні мен оқылып жатқан тақырып, әр оқушының санасында әр түрлі болуы мүмкін екенін есепке алу маңызды. Оқушылардың жеке білімділік бағдарламасының бағыттары, игеру саласындағы олардың ынтасы жөніндс түсінік болу пайдалы.

5. Сабақтың идеясы әзірленеді, сабақтың таңдап алынған үлгілерімен, сонымен бірге ұйғарылған шығармашылық нөтижесімен қамтамасыз етіледі. Оны орындауының дәл нұсқасы нұсқауы болмайтын бір немесе бірнешеашық тапсырмалар ұйымдастырылады және әр оқушыға өзінің даралығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

6. Өз білімінің мазмұны оқушының «дүниеге келуін» қамтамасыз ететін материал иен құралдар, іс-әрекет әдісі мен түрлері таңдап алынды. Ортаның оқушыларға ұсынатын түрі болуы мүмкін, олар соған әрекет етеді.

7. Оқушылардың мүмкін шығармашылық нәтижелерінің білімстандарттарына сәйкес келуі. Оқушылардың жоспарлайтын шығармашылық туындысына күні бұрын мәдени-тарихи ұқсастықтар таңдап алынды. Мысалы, сабаққа оқушылардың сандарды қосудың өзіндік кестесін дайындайды.

8. Оқытудың әр түрлі субьектісіне қатысты сабақтың әр түрлі дәрежедегі мақсатын нақтылардыру және жазбаша қалыптастыру, оқушыға қатысты мақсаттың үш деңгейіне мысал келтірейік: «өзіндік математикалық заңдылық негізінде сандық қатар құру» (пәндік байланыс); «Заңдылық түсінігін қалыптастыру» (мета пәндік байланыс); «өзінің мақсатын, жұмыс тәсілін, пайда болған қиындықтықалыптастыруға үйрену, графикалық рефлексияның тәсілін меңгеру» (әдістемелік мақсаттар).

9. Сабақ құрылымының бір немесе бірнеше нұсқауларын әзірлеу. Сабақтың талаптарының бірі-«сабақтың тынысы», яғни білімдік доминантты сақтау кезіндегі оқушылардың іс-әрекетінің қарама-қарсы түрінің алмасуы. Бастауыш мектеп оқушыларының сабағында мұндай алмасу 10-15 минут сайын болады (ұжымдық «дауысты жұмыс); одан тапсырма беріледі және 15 минут ішінде әр оқушы аталған проблеманы шешеді (даралық, «ақырын» жұмыс); әрі қарай оқушылар 10 минут ішінде өздерінің нәтижелерін бір-бірінің алдында немесе топ алдында айтады (жеке-топтық «дауысты» іс-әрекет); аяқтаушы 5 минутта жазба рефлексия өтеді. Әр оқушы дәптеріне жазады, ол не түсінеді және нені үйренеді (даралық «ақырын» іс-әрекет).

10. сабақтың(жоспардың) конспектісін жазу. Оның үлгілі құрылымы:

-сабақтың тақырыбы, өткізу күні;

- сабақтың түрі;

- сабақтың мақсаты;

-сабаққа материал және жабдықтау;

-білімдік фундаментальдық обьекті, оның бағытына қарай оқушылардың қызметі жоспарланады;

- сабақтың басты проблемасы;

- шамамен минут бойынша уақытқа бөлінген оқушылар қызметінің кезеңдері мен түрлері;

- сабақтың әр кезеңінде оқушыларға оны орындауының әр түрлі нұсқалары енген жағдайында тапсырмалар беріледі, мысалы: «Өз әлеміңнің суретін сал»;

- оқушылардың тапсырмаларды орындауының берілген нәтижелері (нәтиженің 2-3 мүмкін нәтижесін көрсетуіңіз керек);

- қаралатын мәселе бойынша мәдени-тарихи ұқсастықтар;

- суреттер, тапсырмалар (шешуімен), кестелер, схемалар, мектеп тақтасының түрі;

- оқушылардың іс-әрекеттерінің рефлексиясы бойынша тапсырма;

- сабақ нәтижесінің бағасы және бақылау түрі;

- үйге тапсырма (таңдауы бойынша әр түрлі нұсқаулар немесе жеке);

- оқушыларға ұсынылған материалдар (оқулық, оқу құралы, интернет жүйесіндегі мекен-жайлар және т.б.);

- мұғалімнің сабаққа дайындалунда қолданылған әдебиеттің және басқа материалдың тізімі;

-өткен сабақтың талдау түрі, оған қатысқан оқушылар және әріптестермен оны қарастыру қортындысы.








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.05.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров185
Номер материала ДБ-067721
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх