Инфоурок Начальные классы СтатьиБаяндама Тақырыбы: "Бастауыш сыныптарда инновациялық технологияны қолданудың тиімділігі".

Баяндама Тақырыбы: "Бастауыш сыныптарда инновациялық технологияны қолданудың тиімділігі".

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

Тақырып:«Бастауыш сыныптарда инновациялық технологияны қолданудың тиімділігі.»

 

 

 

 

Орындаған; Мурзагалиева К.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай 2011


I. Кіріспе сөз.

Қазіргі заман ағыны жағдайында мәдениетті, білімді, өздік ұстанымы мен көзқарасы жетілген азамат тәрбиелеудің маңызы өте зор.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы  еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат – міндеттер жүктеп отыр.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.

Жаңашыл педагогтардың жаңа оқыту технологиясын оқып үйрену, оны оқыту үрдісіне енгізу әрбір ұстаздың төл міндетінің бірі.

Білім беру мекемелерінде жан беріп, оны қозғалысқа келтіретін, әр оқушыны  келешекке жетелейтін – мұғалім.

Мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі және насихаттшысы қызметін атқарады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең басты жаңа технологияны тиімді, жүйелі қолдануы керек. Сондықтан оқу – тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу бұл оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

«Инновация» - бұл «жаңалық енгізу», «реформа жүргізу», «өзгеріс» деген ұғымдармен қатар, кең мағынада жүйедегі кез келген өзгерістерді білдіреді. Технология – бұл қандай да бір жұмысты, өнерді, шеберлікті іске асыру жинтығы.

Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Қазақ тілін бастауыш білім беру деңгейінде меңгерту мақсатында қолданылатын оқыту технологиялары сабаққа деген тиімділігі болу үшін негізгі талаптарға сәйкес болу керек:

-                     білім алушылар оқу барысында өздерін еркін сезінуіне жағдай жасау;

-                     оқуға деген қызығушылығын дамыту;

-                     алдына қойған мақсаттарына жетуге талаптандыру;

-                     бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану;

-         білім алушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, оқытудың түрлері, формалары, әдіс – тәсілдерін түрлендіру;

-                     өз бетімен жұмыс істеуге, шешім қабылдауға мүмкіндіктер жасау.

Бүгінгі таңда жаңа технологиялар өз қолдауын тауып, оқу үрдісінде кеңінен қолдануда. Жаңа технологияларды сабақта қолдануының тиімділігі мол, бірақ ұстаз алдында отырған шәкірттердің жас ерекшеліктерін, олардың мүмкіндіктерін, сабақ алдына қойған мақсаттарын ескере отырып, тақырыпқа байланысты керекті, лайықты технологияны қолдануы керек.

Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық технологияларды енгізу 4 кезеңнен тұрады:

1. Жаңа идеяны іздеу;

2. Жаңалықтарды ұйымдастыру;

3. Жаңалықтарды енгізу;

4. Жаңалықтарды бекіту.

II. Инновациялық технологиялардың түрлері:

1.Деңгейлеп оқыту технологиясы.

2. Проблемалық оқыту технологиясы.

3. Ұжымдық оқыту технологиясы.

4. Дамыта оқыту технологиясы.

5. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

6. Ойын технологиясы.

7.Интерактивті қолдану технологиясы.

8. Сатылай комплексті талдап оқыту.

9. Жобалау технологиясы.

10. Саралап оқыту технологиясы.

11. Модульдік оқыту технологиясы.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты – жан-жақты білімді, дамыған тұлғаны қалыптастыру, бұл технология оқушының білім деңгейіне сәйкес жеңілден қиынға қарай оқытылады.

Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға, бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады.

  Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.

Мұғалім өз шеберлігіне байланысты оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып деңгейлік тапсырмаларды таңдап алады.  Әр оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, тапсырмаларды түрлендіру барысында ойлау қабілеті жетіле түседі. Оқушы өз жетістіктерін көріп, ізденеді, дамиды.

Проблемалық оқыту.

Проблемалық оқыту дегеніміз – мұғалімнің басшылығымен проблемалық жағдайлар туғызу, оны оқушының шешу жолындағы өзіндік қызметінің нәтижесінде шығармашылдығын, білімін, дағдысын, іскерлігін, ойлау қабілетін жетілдіру.

Білімді меңгеру тек қана заңдылықтарды, ережелерді есте сақтау арқылы емес, оны оқушылардың өздері логикалық талдау жасай отырып, алған білімдерін орынды пайдалана білгенде ғана жүзеге асады.

 Проблемалық оқыту әдісі оқушыларды өздігінен еңбек етуге, алған білімін жаңа материалмен ұштастыра білуге үйретеді. Ойланбай алған білім дарымайды. Дұрыс таңдалған әдіс-тәсілдер баланың алдына мақсат қойып, нәтижеге жетуге жетелейді. Әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді.

Қойылған проблеманың шешімін шәкірттің өзі табуы, ізденуі білімнің санаға сіңуіне, ұғым түсінігіне ұйытқы болады. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқудың арнасы ашылады.

Проблемалық мәселе, проблема тууға ыңғайлы тақырыпты таңдай білу, оны кез келген сабақтың бір этапы ретінде кіргізе білу мұғалімнің ізденімпаздығына, тапқырлық шеберлігіне байланысты.

Бұл бағдарлама  оқушыларды ізденушілігін дамытып, алған білімдерін өмірмен ұштастырып, олардың оқуға деген ынтасын арттыру құралының бірі.

Ұжымдық оқыту технологиясы.

Келесі жиі қолданылатын технологияның бірі ұжымдық оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге, ынтымақтастыққа, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді.

Оған мынадай басты талаптар қойылады:

-                     әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегі пайдаға жарау қажет;

-                     өзінің еңбегін және басқаның еңбегіне жауапкершілікпен қарау;

-                     өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту;

-                     түсінбегенің түсіндіріп, көмектесуі керек.

Оқытудың ерекшелігі: жекелей оқыту, жұптап оқыту, ұжымдық оқыту.

Дамыта оқыту технологиясы.

Дамыта оқытудың негізгі мақсаты жеке тұлғаны өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқара алатын деңгейге жету және адамгершілік қасиеттерін дамыту. Сабақта дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуға, өзіндік жұмыс жасауға, білік дағдыларын қалыптастыруға, өз ойларын еркін жеткізуге баулимыз. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып ол білім алуға әрекеттенеді. Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу-іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Әр оқушыға өз ойын, пікірін ойлауға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

 Демек, дамыта оқытуда-оқушы өз іс-әрекетін өзі құруға, өзін-өзі дамытуға, білімді өз бетімен меңгеруге, өз ойын еркін айтуға, дәлелдеуге, шешімнің дұрыс-бұрыстығын қабылдауға, өз бетімен іздену жұмыстарын жүргізуге, өзін - өзі бағалауға үйретіледі.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Біліктілік арттыру жүйесінде соңғы уақыттарда отандық педагогикалық технологиямен қатар шет елдік, әлемдік озық идеялар негізінде жасалған жобаларды қолдану жақсы нәтижелерді береді. Солардың бірі – RWCT жобасы «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту».

Бұл жобаның мақсаты – демократиялық қоғамда көзқарасы, пайымдауы бар, өз - өзін сыни көзбен қарап жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, мұғалімнің бағыттаумен оқушының өз бетінше білімді игеру. Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйрету.

Бұл технология 3 сатыдан тұрады:

а)  Қызығушылықты ояту – оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап оны байырғы біліммен ұштастырады. Алдымен ойын дәптерге жазады, жұпта талқылайды, осылайша ойы ашылып, жаңа білім жайлы ақпарат жинайды.

ә)  Мағынаны тану:

Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмаларды орындайды.

Мысалы INSERT стратегиясы бойынша алдымен мәтінді түртіп оқып танысады сол мәтін бойынша белгілерді қояды «v»- білемін, «- » - білмеймін, «+»- жаңалық, «?»-таң қалдырды, өз бетімен жұмыс жасап белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.

б) Ой толғаныс – дәл осы кезде үйренуші не үйренгенін саралап салмақтап оны Қай? Қандай? жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегіне өткізеді. Оқушы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады.

Бұл кезде мұғалім оқушыларға серік болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын айтып отырады.

Бұл технология балаларды бірін – бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретеді. Бұрын үндемейтін балалар, сабаққа қызу араласып кетеді, ойын ашық айтып, еркін жеткізеді.

Бұл технолгияның 100-ден астам стратегиялары бар.

Бастауыш сыныптарында тиімді қолданылатын стратегиялар бұл «Түртіп оқу», «Екі түрлі түсініктеме күнделік», «Жигсо I», «Сематикалық карта», «Эссе жазу», «Топтастыру», «Венн диаграмасы» және т.б стратегиялар.

Бұл бағдарлама оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, шығармашыл, ізденіш, біреудің пікірін сыйлай білу, құнды пікір айта алатын, жан- жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Ойын технологиясы.

Ойын технологиясы – бұл түрлі ойындар арқылы оқушының ынтасын, көңілін көтеру, сабақты жандандыру, оқушылардың сабаққа деген қызушылығын арттырудың жолы.

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың  орны ерекше.

Тіл үйренудегі ойынның мақсаты:

-                     ойын арқылы оқушылардың білім – білік дағдылары қалыптасады;

-                     ойнап отырып жаңа білімді меңгереді;

-                     танымдық қызметі мен ой - өрісі кеңейеді;

-                     оқушының өзіне деген сезімі артады;

-                     оқуға деген белсенділігі дамиды;

-                     сөйлеу қабілеті жетіледі;

-                     көңіл – күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды;

-                     сөздік қоры көбейеді сонымен қатар сабақ сапасы жақсарады;

-                     тәртіп сақтау дағдысы қалыптасады.

Сабақ барысында фонетика, лексика, морфология салаларын оқытқанда шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады. Бұл ойындар біріншіден теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, екіншіден ойлау қабілетін дамытады. Сөзжұмбақтар, чайнвордтарды шешу кезінде оқушылар өзара жарысқа түседі. Рөлдік ойындар арқылы оқушылардың тілдері жаттығып, сөздерді еске сақтап қалуға мүмкіндік береді. Ойынсыз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл – ой тәрбиесі болмайды. Баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйрету қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген ұтымды.

Интерактивті технологиясы.

1991 жылы дүниежүзінде бірінші рет интерактивті тақта ұсынылатын болған.

Ал әлемдік интерактивті технологиялардың ең алғаш кең тараған саласы    - білім беру саласы. Ұстаздар қауымы да, оқушылар да жаңа интерактивті технологияларды үдерісінде пайдалану артықшылықтарын өте жоғары бағалады.

Бүгінгі күні көптеген оқу сыныптары мен оқу дәрісханалары интерактивті тақталармен жабдықталған. Біріншіден, жалпы білім беру мектептеріндегі оқу үрдістері қызықты да көрнекті болды, ал орта және жоғары білім беру мектептері кәсіби білімін тереңдете түсуге үлкен мүмкіндіктер алды.

Интерактивті технологиялар білім беру жүйесінде мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқу үдерісінде терең де сапалы білім беруге жол ашып, ерекше орын алып отыр.

Жаңа ғасырға – жаңа технологиялар. Интерактивті тақтамен және проектормен жұмыс кезінде бейне слайдтар және компьютерлік анимациялар жасауға көп мүмкіндік аламыз, сонымен қатар тақта алдындағы жұмысымыз бормен жұмыс істеп отырған секілді қарапайым да жеңіл болады.

Интерактивті тақталарының негізгі артықшылықтары:

 1. Тұсаукесер презентациялар, баяндамашының өз баяндамасын толық жеткізуіне мүмкіндік;

 2. Оқу материалын көрсету, экран алдында суреттермен қоса жазба мәліметтер бере алу мүмкіндігі;

 3. Интерактивті тақтаға жазылған барлық мәліметтерді сақтап, электронды пошта арқылы жіберу мүмкідігі;

 4. Интерактивті тақтада берілген оқу материалын жазып алып, бірнеше рет пайдалана алу мүмкіндігі;

 5. Тест өткізіп, нәтижесін экранға шығарып оқушылар назарына ұсына аламыз;

 6. Интерактивті тақтамен жұмыс істеу барысында тыңдаушылардың зейін аударуын жақсартады, оқу материалы тез меңгеріледі, нәтижесінде әр тыңдаушының оқу үлгерімі артады.

Интерактивті технология – оқушылардың ең сапалы білім алуына бар мүмкіндіктерді жасаумызға жол ашады.

Инновациялық технологиялар нәтижелері:

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2. Оқушылардың барлығы сабақта белсенді қатыстыруға мүмкіндік туғызады.

3. Олардың әрқайсысынның деңгейін анықтай алу.

4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік алу.

5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

6. Оқушыдардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсендігі артады.

7. Өз ойын жеткізуге, жан – жақты ізденуге үйретеді.

8. Тіл байлығын дамытады.

9. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді.

Сондықтан бүгінгі күні білім беру ісінде оқытудың тиімді  жаңа технологияларын кеңінен таратып, күнделікті қолданысқа ендіретін ұстаздарымыздың шеберлігі ең маңызды мәселе болып жатыр.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу – тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

21 ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен өлшенбейді, оның критерийі – функционалдық сауаттылық.

Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек.

Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу бүгінгі күннің мақсаты.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама Тақырыбы: "Бастауыш сыныптарда инновациялық технологияны қолданудың тиімділігі"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 617 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2016 2991
    • DOCX 67 кбайт
    • 64 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мурзагалиева Гулипа Орозобековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5017
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 197 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 414 человек

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции