Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыБаяндама Тақырыбы : «Әбілқайыр хан»

Баяндама Тақырыбы : «Әбілқайыр хан»

Скачать материал

Баяндама

Тақырыбы : «Әбілқайыр хан»

 Қарағанды қаласының № 21 негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Алмаханов Елтай  

 

http://thenews.kz/static/news/f/3/f3zHHK16.jpg    Мен халқым үшын қызмет етуге әр 

    уақытта дайынмын, керек болса жеке 

    басымды құрбандыққа шалуға да

    барамын. Сіздерді елдің еркіндігі мен

    тыныштығы үшін бірлікке

    шақырамын.

                                (Әбілқайыр хан)

Мен осы зерттеу жұмысымда Әбілқайыр хан тақырыбын таңдау себебім осы уақытқа дейін  хан жайлы алуан түрлі мағлұматтар  айтылып жүр. Оның ішінде Қазақстан  тарихы оқулығында  толық тарқатылмаған, Қазақ халқы мен қазақ мемлекеттігін сақтап қалуындағы тәуелсіз еліміздің тарихына қосқан үлесін аишықтау, ұрпаққа үлгі ретінде насихаттау үшін тарихи тұлғанның тарихи рөлін тереңірек зерттеу мақсатында төмендегідей мағлұматтарды жинақтадым.

 XVIII ғасырдағы зерттеушілер П.И.Рычков, XIX ғасырдағы зерттеушілер А.И.Левшин, Л.Мейер, В.Н.Витевский, А.И.Добросмыслов, XX ғасырдағы кеңестік тарихшылар А.Ф.Рязанов, М.П.Вяткин, Н.Г.Аполлова, П.Е.Матвиевский, Е.Бекмаханов, В.Я.Басин, А.Сабырханов, қазақстандық тарихшы ғалымдар И.В.Ерофеева, К.Л.Есмағамбетов, Ж.Жақсығалиев Ж.Қасымбаев, С.М.Мәшімбаев, Ә.Қ.Мұқтар, т.б… Міне, осылай әбілқайыртанушылар тізімі жалғаса береді.

Қазақ тарихында бір тарихи тұлғаға осынша қалам тартқандар болған емес. Тағы бір айта кететін жай Әбілқайыр ханнан басқа барлық қазақ хандары мен билерінің портреттері Қазақстан суретшілерінің фантазиясы ал хан портретін салған хан ордасында болған ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: - «Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады.»

Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 -12.08.1748) – хан, қолбасшы, 1718-1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөкенбай тағайындалды. Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған. Ол  Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы.  Егер Шыңғыс ханнан бастап таратсақ, хан әулетінің он сегізінші ұрпағы болып шығады.

Әз Жәнібектің тоғыз ұлыболған. Соның бірі  Өсеке сұлтан Өсек сүлтан әз Жәнібектің токал әйелінен туылуына байланысты дәстүр бойынша ол ұрпақтан хан сайланбаған. Одан Бөлекей ноян, одан Ырыс сұлтан, одан Хожа сұлтан, одан 

Абдолла сұлтан туған. Міне, біздің сіздерге баяндағалы отырған  Әбілқайырымыз – осы Абдолла сұлтанның баласы.

Абдолланың Жолбарыс, Әбілқайыр, Нияз, Досалы деген төрт ұлы  ел билігіне араласқан, тарихта өзіндік орны бар адамдар. Бұлардың ішінде үлкені 

Жолбарыс Ұлы жүзге 20 жыл (1720-1740), Әбілқайыр Кіші жүзге 30жыл (1718-1748) хан болып өтті. Нияз бен Досалы өздеріне қарасты аймақтың беделді 

сұлтандары.

Әбілқайыр Түркістандағы медреседен білім алған болатын. Бала кезінен 

Жауынгерлік машықтарға үйірлігімен көпшілік назарын өзіне аударады. 

Керемет  қылышкер, құралайды көзге атқан садақшы мерген жасөспірім 

жігітке өзгелерден бұрын адалдығымен,әділдігімен, көрегендігімен халқымыз «Әз» атандырған  қазақтың бас ханы Тәуке ханның ықыласы ерекше ауады. Оны өз 

жанында ұстауға тырысады.1707-1709 жылдары Ресейде К.А.Булавин бастаған

 казактар мен шаруалар көтерілісі болғаны тарихтан мәлім. Патша әскерлері көтерілісшілерді талқандап,аяусыз жазалайды. Булавиннің өзін дарға асады. Алайда 

оның С.Беспалый, Н.Голый, И.Накрасов, И.Павлов деген атамандары қашып, 

Еділдің бергі жағына өтеді. Жай ғана өтіп қоймайды,осы төңіректі жайлаған бейбіт қазақ ауылдарын өртеп, адамдарын қырып,тонап, адам айтқысыз айуандық жасай    бастайды. Бұл хабар Түркістандағы Тәукеге жете. Хан дереу қарулы жасақ дайындапоның қолбасшысы етіп Әбілқайырды, елбасшысы етіп Бөкенбайды аттандырады.

Қазақ жасағы көтерілісші қарақшыларды талқандап, Еділден әрі асыра қуып 

тастайды. Міне, осы кезде Әбілқайыр бар болғаны 16 жаста еді. Ал келесі жылы 

тағы бір тарихи оқиғаның куәсі болады. Тәуке хан «Шығыс Түркістандағы қалмақтар қалың қол жинап, жазға салым қазақ даласына шабуыл жасамақшы» 

деген хабар алады. Хан төңірегіндегі сұлтандарды, билерді,батырларды жинап, 

мәслихат құрады. Ақыры «жауды қазақ жерінде емес,өз жерінде талқандау керек» 

деген ұйғарым шығарады. Екі түмендей қазақ жауынгерлері Шығыс Түркістанға 

аттанады. Бұл жолы жасақтың қолбасшысы Бөкенбай, елбасшысы Әбілқайыр еді. 

Бөкенбай мен Әбілқайыр жауды өз жерінде күтпеген сәтте тап беріп, ес 

жидырмастан талқандап жібереді. Сөйтіп, 1711 жылға дейін қазақ ауылдары жоңғарлардың шапқыншылығынан тыныштық табады. Міне, осы екі оқиғадан 

Тәукенің Әбілқайырды ерте мойындап, шешуші шайқастарға сеніп жұмсай 

бастағанын көреміз. 1711-1723 жылдар аралығы қазақ даласы үшін аламан шақтың толастамай, үдей түскен кезі болатын. Әсіресе 1716 жылы Тәуке хан дүниеден өткен соң жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру бұрынғыдан қиындады. Болат Тәукенің орнына аға хан сайланғанымен, өзгелерге сөзін өткізе 

алмады. Қазақ хандары арасындағы таласты пайдаланып, біржолата жеңіп алуды көздеген сыртқы жаулар қазақ даласына шабуылды күшейтті.

Мұның ақыры 1723 жылғы «Алқакөл сұлама, ақтабан шұбырындыға» әкеліп 

соқты. 1723 жылы Сәмеке хан ретінде, Әбілқайыр қолбасшы ретінде10 мыңдық жасақпен Еділ қалмақтарына қарсы аттанды. Қазақ даласына батыстан шабуыл жасауға дайындалған Аюке хан да бұларды қарсы алуға дайын отырғанды. Әбілқайыр мен Сәмеке жаудың түсіне енбеген соғыс амалдарын қолданып, айналасы екі-үш күнде оларды тас-талқан етіп жеңді. Өздерінен төрт есе кем әскерден жеңілген 

Аюке құсадан қайтысболды. Алайда сахарамыздың тең жартысынан көбі жоңғар қол астында өте ауыр жағдайда қалды.1726 жылыүш жүздің игі жақсылары бас 

қосып, әскер жасақтауды ұйғарады. Қаз дауысты Қазыбектің ұсынысымен  

Әбілқайыр үш жүздің әскер басшысы болып тағайындалады. Бұл жорық табаны 

күректейтөрт жылға созылды. Түркістан маңындағы 28 ұлыстүгел  жау табанынан азат етілді.

 Жау Қаратау,Сарысу алабынан асырыла қуылды. Әсіресе 1728 жылы Бұланты 

өзенінің жағасында, 1730 жылы (Аңырақай) Балқаш көлінің оңтүстігінде

жоңғарларды қазақ жасағы күйрете жеңді. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.  Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта, Ресей империясына арқа сүйеуді ойлады. 

Дәл осы жерде менің ойымша Қазақ хандығына бас хан болу Әбілқайыр ханға тиесілі еді деп ойлаймын. Әбілқайыр Ресей еліне бодан болуды өз білемдігімен ғана шешкен жоқ,  жанында Орта және Кіші жүздің бетке ұстар 24 би, сұлтандары болды. Осылардың арасында қолы мен мөріболмаса да, 

Әбілқайырдың ісін қолдаған көптеген тарихи тұлғаларды ұшыратамыз. Олар

алғашында сәл сенімсіздікпен қарағанымен, кейін ілешала Әбілқайыр Ресейге бодан болысымен Кіші жүз халқының экономикалық жағдайын көтеруді ойлады.

Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады.Осы орайда, көп зерттеуді қажет ететін, Барақ сұлтанның орыс үкіметімен астыртын келіс сөз жасап, Әбілқайыр ханға қастандықты ұйымдастыруы еді.

 Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен ен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ Әбілқайырды «орысшылдығы» үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп «қарақшылық» іске барған еді.Хан Барақ сұлтанмен кездескенда аз жасақпен келе жатқан Барақтың 500 астам адамы болған ,сол жерде соғыспай қашып кетуге мүмкіншілігі болғанымен, кашпай қолына қылышын алып нағыз батыр екендігін дәлелдеп соғыс даласында қолындағы қаруымен қаза тапқан. Өз өсиеті бойынша қаза тапқан жерінде жерленген.

Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Ұлқүяққа құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде. Кейін бұл ара Хан моласы аталды. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған.

http://www.aktobegazeti.kz/wp-content/uploads/2011/09/%D0%97%D0%B5%D1%80%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%83%D0%B4%D0%B8%D0%BD-%D0%BD%D1%83%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%81%D0%B8.jpgҚорыта келгенде, Әбілқайыр хан тарихы бүгінгі  егемен еліміздің тар жол, тайғақ кешу кезеңіндегі жүріп өткен жолы. Одан сабақ алу, бар өмірін қазақ жауларын тұмшалауға арнаған, ат үстінен түспеген Әбілқайырдың ұлан-байтақ халқымыз бен территориямыздың тұтастығын сақтаудағы рөлін мойындау, ұрпаққа үлгі ету, ұлықтау маңызды. Тарих тағылымы соны дәлелдейді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Уикипедия ашық энциклопедия

2.   Жазушы Мұқадес Есламғалиұлы «Әбілқайыр хан жайлы сұхбаттың толық нұсқасын» журналымыздың №2 (38) 2012 жылғы санынан оқи аласыз. 

3.   Ақтөбе газеті « Әбілқайыр хан тарихының тағылымы»

4.   Тарих ғылымының докторы Берекет Кәрібаев «Әбілқайыр үш ұлы ханның бірі»

5.   Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев «Әбілқайыр хан»

6.  А.Исагалиев «Великие звезды»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама Тақырыбы : «Әбілқайыр хан»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Осы жұмысымда Әбілқайыр хан тақырыбын таңдау себебім осы уақытқа дейінхан жайлы алуан түрлі мағлұматтарайтылып жүр. Оның ішінде Қазақстантарихы оқулығындатолық тарқатылмаған, Қазақ халқы мен қазақ мемлекеттігін сақтап қалуындағы тәуелсіз еліміздің тарихына қосқан үлесін аишықтау, ұрпаққа үлгі ретінде насихаттау үшін тарихи тұлғанның тарихи рөлін тереңірек зерттеу мақсатында төмендегідей мағлұматтарды ұсынамын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 558 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.06.2015 3848
    • DOCX 135.9 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаяхметова Марзия Тасболаткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11655
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе