Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / БАЯНДАМА Тақырыбы: Білім беруде ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі

БАЯНДАМА Тақырыбы: Білім беруде ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК











БАЯНДАМА

Тақырыбы: Білім беруде ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі














Дайындаған: педагогика және

психология пәнінің

оқытушысы Асанова М.А


 



Семей 2016ж

 ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі.

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпаратттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Осы ретте ақпаратттық технологияны пайдаланудың тиімділігін ашып айтуға болады. Қазіргі таңда жаңа технологияның жетістіктері интерактивті тақта мен электрондық оқулық.

«Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады. Бағдарламалық-техникалық кешенді дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.  

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

-         Пән бойынша базалық білімді меңгерту;

-         Алған білімді жүйелеу;

-         Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

-         Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

 Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.

       Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

               Жаңа технологияның бізге ұсынып отырған тағы бір жетістігі бұл әрине мультимедиялық оқулығымыз - электрондық оқулық. Білім берудің кез келген саласында танымдық белсенділікті арттырып, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайтын – электрондық оқулық. Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің  ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық , бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда  өзін-өзі тексеру жүйесі бар.Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып тұратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.

            Компьютерлер мен интерактивті тақта оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстететикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады.   

Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар қалыптасуда.

Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.

Дәл осы жаңа технология мен әрбір тұлғаның өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде тұлғаның оқу үдерісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:
– ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
– бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
– оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;
– пәндер бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;
– бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн бағдарламалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық бағдарламаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;
– педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігі даусыз. Педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру, қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану, педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:
– вариативтiлiк – әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
– болашаққа негiзделген –күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;
– рефлексивтi-креативтi – жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;
– эргономикалық – нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;
– iзгiлiктiлiк – бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;
– тәжiрибеге бағытталған – оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану ой-пікірі жүзеге асырылады және нақытылы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық үдерістерінің өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
– жекелеген кеңес беру – тыңдаушыларға кеңес беру ұсынылады.
– жаңа технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
– жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
– жаңа технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
– бiздiң елiмiздегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
– мультимедиялық электрондық оқулықтарды пайдалану.
– отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру және т.б.
– жаңа технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
– жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
– жаңа технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
– бiздiң елiмiздегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
– мультимедиялық электрондық оқулықтарды пайдалану.
– отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру және т.б.
Кәсіптік оқытуда оқушылардың ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы біліктіліктерін көтеруге байланысты жұмыстардың 3 кезеңін атапкөрсетугеболады.

hello_html_63bc3997.jpg

  • Компьютермен, түрлі коммуникациялық жүйелер мен алғашқы танысу;

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жеке түрлерін терең, зерттеу, жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру;

  • Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды мамандықтарына байланысты қолдана білуді меңгерту.

«Ақпараттық – коммуникациялық технолгиялар құзыреттілігі» дегеніміз – оқушының ақпаратты таба білуі, сонымен бірге алынған  ақпаратты өзекті, әлеуметтік және жеке мәселелерді  шешуде қолдана білуімен  анықталады. Бұл әрбір оқушыдан  әуелі ойлау жүйесін қалыптастырып, мәселені шеше білу қабілетін қажет етеді. Ал, ондай қабілет  бақылау арқылы логикалық шешім қабылдап, болған жағдайда түрлі көзқараспен  қарай отырып, талдау арқылы қол жеткізеді. Оқушының  ақпараттық құзіреттілігін  анықтау үшін көрсетілген схеманы пайдалануға болады.
Берілген схеманы  талдау  арқылы   оқушының құзіреттілігін  анықтауға көз жүгіртсек:

  • hello_html_m3885e871.jpg
    Мүмкіндік – электронды поштаға келіп түскен хатты табу және оны ашу;
    Басқару – хатты тауып соған сәйкес ақпарат қалыптастыру;
    Интеграция – ұсынылған кеңестердің  артықшылығын таладй білу;
    Бағалау – тиімдісін таңдап, сайтарда берілген сатушы ақпаратына сай интернет дүкен 
    арқылы тапсырыс беру;
    Құру – электронды почтадағы хат үлгісіне сай өз рекомендациясын құру.
    Бүгінгі таңдағы кәсіптік  оқытудағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың  ойлау қабілетін қалыптастыратын  және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы  заңдылықтардан  тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігін жоғары деп есептеймін. Жас ұрпаққа  білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде  оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

      Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

     Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.

Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 

 










Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.

2. Еркебаева Г.Ғ.Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттеру, бағыттары мен мазмұны. Халықаралықғылыми-практикалық конференция. Шымкент, 2011. – Б.6-9.

3. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.
4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.

5. Істеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. - Алматы, 2007. - С. 120.

6. Ошанова Н.Т. Білім беру жүйесінде коммуникациялық технологиялардың кӛмегімен оқушылардың дүниетанымдық кӛзқарастарын қалыптастыру. – Алматы. - С. 86.

7. Түсіпова А.Ж. Компьютер жаңаоқытудыңтехнологиясы. Алматы, 2012.

8. Бейсенова Г. Жаңаақпараттықтехнологиялардыңтиімділігі. Қазақстанмектебі №6 - 2006ж. 6Дәстүрліжәнеэлектрондықоқытудыкіріктіру. Қазақстанмектебі, №7,8 – 2006ж.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров16
Номер материала ДБ-398989
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх