Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Научные работы / Баяндама тақырыбы: БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ АСПЕКТІЛЕРІ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

Баяндама тақырыбы: БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ АСПЕКТІЛЕРІ

библиотека
материалов















БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ХИМИЯ ПӘНІН

ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ АСПЕКТІЛЕРІ







Авторы: Алтыбаева Ажар Алиевна






Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,

9 жалпы орта білім беретін мектептің химия пәні мұғалімі















Жоспар:

I.Кіріспе бөлім

Оқушыларға сапалы білім берудегі озық технологиялардың тиімділігі



II.Негізгі бөлім

  1. Орта мерзімді жоспар құрудың тиімділігі

  2. Тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану - ұстаз алдына

қойылған талап


III.Қорытынды бөлім

«Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз»


IV.Пайдаланылған әдебиеттер




















«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтылық белгісі бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі түрлі әдісті білу: керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»
А. Байтұрсынов



Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деп айтылғанын ескере отырып, бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір мұғалім күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық өзгеріске өту қажеттігі туындайтыны рас. Иә, егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде болашақ еліміздің көсегесін көгертетін жас ұрпақтың ой-санасын жетілдіріп, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру - мұғалім парызы. Адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - білім. Ал, жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ол үшін әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет-ақ. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары - балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу. Осы орайда XXI ғасыр білім беру саласының іргесін қалауда елбасымыз оңтайлы шешім қабылдады. Яғни, қазақ мектептерінде жаңа бағдарламалар енгізу керектігі қолға алынды. Бұл тұрғыда әйгілі Ұлыбританияның Кембридж университетінің білім беру әдістеріне сүйеніп, сол университет мұғалімдерімен тығыз байланыс орнатып, еліміздің мектептері жаңа бағдарламамен білім алуға мүмкіндік алды. «Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді.

Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту немесе емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. [1, 6 б] Сондықтан осы бағдарлама аясында үш ай курстан жаңа білім алып, өз үйренгенімді, алған жаңа тәжірибемді одан әрі шыңдау мақсатында әуелі химия пәні бойынша орташа мерзімді жоспарлауға 8 сыныпты таңдадым. Сабақ – мұғалім мәдениетінің айнасы, білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы екені белгілі. Өзімнің идеямды іске асыру үшін сұрaқтaр туындaп, көп ойландым: сынып оқушыларына дәстүрлі сабақтан гөрі, жaңa бaғыттaғы сaбaқты қaлaй түрлендіремін? Сaбaқты қaлaй қызықтырып өткіземін? Қaндaй әдіс – тәсілдер қолдaнaмын? Сaбaқтa оқушылaрды қaлaй бaғaлaймын? Сабaқтa үндемейтін оқушыларға қандай жұмыс түрлерін жүргіземін? Оқып - үйрену табысты болу үшін қалай өзгеріс енгізе аламын? Осы сұрақтарға жауап ретінде алдымен сабағымды өткізер алдында бағдарламға сәйкес жоспар құру маңызды болды. «Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім әр жеке сынып сабақтарын егжей-тегжейлі жоспарлау үшін орта мерзімдік жоспарды пайдаланады» [1,91б] - дегендей, жоспар құру үшін бірінші кезекте мақсатын жүйелеп алдым.

1.Құрылған жоспар арқылы бағдарламалық тақырыпты меңгерту

2.Балалардың сабаққа деген қызығушылығын ояту

3.Өз тәжірибемді уақытпен санасып, ұтымды қолдану.

Орта мерзімді жоспар құрудың тиімділігі бұрынғы күнтізбелікке қарағанда барлық тапсырмаларды айқындап жазып, оқушылардың қажеттілігіне сай жұмыстар орындатуға тырысамын.

Тізбектелген сабақтар топтамaсын белгілі бір тараудан алып, оқыту үдерісінің әр кезеңінде белгілеген мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жeту үшін әдістeр мен оқушының белсeнділігін арттыратын тaпсырмалaр жүйeсін жоспaрлaдым. Атап айтса, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлaуғa үйретуге «Джигсо», «Тұжырымдамалық карта», «Сиқырлы терезе», «Түйінді сәттер», тәсілдерін алып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастыру. Оқушылардың алған ақпаратты сақтауының 30 пайызын көрсетілім арқылы көру дағдысын қалыптастыруда АКТ-ны пaйдaлану(«Еске түсір», бейнеролик). Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сөйлеу, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік қабілеттерін негізге ала отырып, тaлaнтты және дaрынды балaлaрды оқыту модульдерінде семантикалық карта, өзіндік жұмыс, «РАФТ», «Артық болмас білгенің» әдістерін ықпалдастырып, алдын ала жоспар дайындадым. Оқушының сабақты қалай меңгергендігін, несімен ұнағанын, түсінбегенін білу мақсатында әр сабаққа оқу үшін бағалау («Екі жұлдыз, бір тілек», Білім ағашы, «Бас, қол, жүрек» ) және оқуды бағалау (дайындаған критерий бойынша өзін – өзі бағалау парағын ұсыну арқылы жиынтық бағалау, бақылаушының бағалауы) сатыларын негізге ала отырып жоспарладым. «Тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану - ұстаз алдына қойылған талап» -деп, жоғарыда көрсетілген әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып бір сабағымның үлгісін ұсынамын.

Сабақ үлгісі.


Сабақтың тақырыбы

Су – еріткіш. Заттардың суда ерігіштігі.


Сабақтың

танымдық мақсаты

Су туралы білімдерін дамыта отырып, судың еріткіштік қасиеттерін түсіндіріп, қатты заттардың,сұйықтықтардың және газдардың ерігіштігінің айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.

Сілтеме

Білім стандарты, пән бағдарламасы, Н.Нұрахметов «Химия» 8-сынып оқулығы , К.Жексенбина әдістемелік нұсқау.

Дереккөздер мен жабдықтар

«Химия» 8-сынып оқулығы Алматы «Мектеп» 2012ж, ресурстық парақтар, акварель, гуашь, бағалау парақтары

Күтілетін нәтиже

-Ерітінділердің анықтамасын айта алады.

-Судың еріткіштік қасиеттерін біледі.

-Сұйықтықтармен газдардың суда қалай еритінін түсінді.

-Кейбір тұздардың суда ерігіштігін графикалық сызба арқылы таба алады.

Кезеңдері

Уақыты


Мұғалімнің іс-әрекеті



Оқушының

іс-әрекеті


Тапсыр

малар




Оқу үшін бағалау және

оқуды бағалау

Мотивациялық кезең

10 мин

Сыныппен амандасу.

Мұғалім үй тапсырмасын

қоржындағы сұрағы бар кәмпитті таратып, жауабын алып, топқа бөледі

Адам денесін қанша пайызын су құрайды?

Адам организміне тәулігіне қанша пайыз су қажет?

Жер ғаламшарының бетін қанаша пайыз су алып жатыр?

Судың құрамындағы қоспалар қандай болып бөлінеді?

Ластанған судың түрлері қандай?

Ластанудың себептері қандай?

Оқушылар амандасады

Оқушылар қоржындағы кәмпитті алып сұраққа жауап береді. Кәмпиттің түсіне қарай топқа бөлінеді.

«Тәтті сый»

Әр тапсырмалар бойынша жетістік критерийі

ұсынылады

оқушы өзін өзі бағалайды

Рефлексиялық кезең Операциялық кезең

10 мин

Презентация қорғау

Дарынды баламен жұмыс

Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстырып судың құрамы, маңызы, ластанған суды тазарту әдістері, су қорының проблемалары,суда қандай заттардың еритінін, қаныққан және қанықпаған ерітінділер, қатты,сұйық,газдардың суда ерігіштігі туралы презентация қорғау.

Әр топтан дайындалған «Судың маңызы, ластанған суды тазарту әдістері, су қорының проблемалары»сияқты тақырыптар аясында оқушылар презентацияларын қорғайды.


«Артық болмас білгенің»

Әр тапсырмалар бойынша жетістік критерийі

ұсынылады

оқушы өзін өзі бағалайды

5 мин

І топ «Қатты заттардың ерігіштігінің температураға тәуелділігі»

Натрий сульфатының температура әсерінен қзгеруін тәжірибе жасап көреді.

ІІ топ «Сұйықтықтардың суда ерігіштігі»

Глицириннің суда еруін жасап көреді

ІІІ топ «Газдардың суда ерігіштігі» Газдалған сусында қысым кемігенде қалай өзгеретінін бақылайды.

Мәтін бойынша теорияны тәжірибемен ұштастыру.


Оқушылар берілген тақырыпшалар бойынша мағлұмат жинайды, постер жасайды; Мәтін бойынша теорияны тәжірибемен ұштастыру.

«Тұжырымдамалық карта»


Әр тапсырмалар бойынша жетістік критерийі

ұсынылады

оқушы өзін өзі бағалайды

10 мин

Оқушыларға уақыт үнемдеуі ескеріліп, ортаға шақырады.

Оқушылар жасаған шығармаларын қорғайды.

Постер қорғау

8 мин

Ү Жинақтау.

Кейбір тұздардың ерігіштік кестеден берілген температура бойынша қанша грамм ерігенін анықтайды.

100мл су

K2SO4

Na2SO4

KCl

KNO3

400С

15г

52г

13г

64г

850С

23г

43г

51г

-

500С

17г

47г

20г

85г

600С

18г

43г

27г

118г


Өз бетімен әр оқушы берілген карточка

бойынша кестені толтырады.

«Семантика

лық карта »


Өзін өзі бағалау


1 мин

кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Үй тапсырмасы

1 мин

Міндетті деңгейлі тапсырма.

§37 Су – еріткіш. Заттардың суда ерігіштігі.


Мүмкіндік деңгейлі тапсырма.

Ерігіштік кесте бойынша есеп құрастырып келу.




«Су – еріткіш. Заттардың суда ерігіштігі» тақырыбында «Тәтті сый» әдісін қолдандым ондағы мақсатым оқушылардың білім алу сәйкестігіне қарай сұрақ қоюдың түрткі болу әдісін қолдана отырып сұраққа толық әрі нақты жауап беру дағдыларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіруді көздейді, оқушылардың өткен білімдерін қаншалықты есте сақтап білетіні. Осы тапсырмада оқушылардың қызығушылығын ояту үшін кәмпитке сұрақтарды жапсыру арқылы және мадақтау белгісімен кәмпитті алу үшін барынша жауап беруге тырысып жатты. Мағынаны тану кезеңінде жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстырып әр топтан презентация қорғау болатын, осы кезде көшбасшылық танытқан балалар презентацияларын қорғады «Ластанған суды тазартудың әдістері», «ҚР Су қорының проблемалары» сияқты тақырыпта оқушылар өз деңгейінде қорғап жатты. Осы кезде оқушылар болашақта осы тақырыптары бойынша еліміздің осы бір проблемаларын шешуге өз үлестерін қосқысы келетінін айтып өтті. Осы кезде оқушыларға бір – бірін оқытуға мүмкіндік беру үшін қолдандым. Оған дәлел Мерсер [2005] құрдастар тобындағы өзара қарым – қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын атап көрсеткен. [1,26-б ]Осылайша келесі кезеңінде «Тұжырымдамалық карта»тәсілі арқылы әр топқа әр түрлі тапсырма берілді. «Зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады» деп, Мерсер анықтағандай, бірінші топ зерттеушілік әңгіме арқылы берілген тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын дәлелдесе, екінші топ сыни тұрғысынан ойлау арқылы теорияны практикамен ұштастыру мақсатында жұмыс жасаса үшінші топ зеттеуді негізге алып, тәжірибелік жұмыс жасап жатты. Жаңа тақырыпты қаншалықты ұғынғандарын білу үшін мен оқушыларға осы тақырып бойынша әр тақырыпшаларда мысалы қатты заттардың температураға тәуелділігін анықтау үшін және сұйықтықтардың температураға әсерін, газдардың қысымды арттырғанда өзгеістерін білу үшін тәжірибе жасау арқылы әр топ өз қолдарымен жасап көрсетіп

[1 сурет] және постерге тұжырымдамалық картаға жазып, оны топ болып қорғады. Бастапқыда оқушылар «Сіз бізге жаңа тақырып туралы мәлімет берген жоқсыз гой! Біз қалай жасаймыз?» деп сұрақ қойды. Менің ойымша «Білім үдерісінің нәтижелі болуы, мұғалім бағыт – бағдар беріп, қолдау көрсетеді, ал оқушы өздігінен меңгеріп, зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады» дегендей «ізденуге, мағлұматты меңгеруге сіздерде қандай дереккөздері бар?» - деп сұраққа – сұрақ қою арқылы оқушыларды ойландырдым. Бұл сабақта оқушылар жұмыстарын қорғағанда бірінші топ оқулықпен жұмыс жасағандықтан, постерді теориялық тілмен жеткізсе, теорияны тәжірибелік жұмыспен айналысқан екі топ өз ойларын қарапайым тілмен жеткізгенін байқадым, себебі, кітаптағы мәліметті оқымай тек жасалу жолдарын ғана қарастырғанын байқадым.

1 сурет

hello_html_m2b741a6a.jpg


Жетістік критерийі

  1. Тапсырма Үй тапсырмасын тексеру:

Жетті - сұраққа жауап берді, дәлелдеді

Талпынды – сұраққа жауап берді, бірақ дәлелдей алмады

  1. Тапсырма Презентация қорғау:

Жетті - Нақты мақсат қоя отырып, таңдаған тақырыбын дәлелмен қорғады.

Талпынды - Нақты мақсаты бар, бірақ дәлел жоқ

  1. Тапсырма Тұжырымдамалық карта:

Жетті – топта белсенді араласып, өз ойын ортаға салды және тәжірибені қолымен жасады.

Талпынды – топта өз пікірін айтты, тәжірибе жасауға ұмтылған жоқ.

  1. Тапсырма Семантикалық карта:

Жетті – семантикалық карта бойынша бәрін дұрыс орындады.

2 сурет

Талпынды – семантикалық карта бойынша 1-2 қате бар.


Сабақта қолданылатын барлық әдіс – тәсілдер сынып оқушыларын оқу процесіне түгел қатыстыруға бағытталған. Бұл жерде оқушылар тек көңіл көтеріп қана қоймай оны орындауда сыни тұрғыдан ойланып, араларында диалог орнатылып, кейбір оқушылар жас ерекшелігіне сәйкес басқалардан дараланып, енді біреулері жақсы деңгейде орындағандарды «Апай Н тақырыпты ашып қолымен тәжірибелік жұмысты жасау арқылы керемет түсіндірді, А сұраққа тамаша жауап берді» деген сияқты бір - бірін мадақтап, оларды бағалап отырды. Бұрын оқушылар өзінің арманын, сүйікті адамын немесе жақсы көретін ісін, мінезінің жағымды – жағымсыз қырларын айтуға бата алмайтын болса, осы күнде олар өзі туралы, қасындағы сыныптасы туралы еркін әңгімелей алады. Тақырыпқа қатысты өзінің сезімін, қызығушылығын білдереді. Осындай коммуникативті дағдылары қалыптасқан оқушылар әлеуметтік қарым – қатынасқа тез түседі. Соның нәтижесінде оқушыларда өзін – өзі құрметтеуге және сыныптасын сыйлауға, мектеп пен оқуға қатысты жағымды көзқарасын қалыптастыруға, мұғалімдерге деген жағымды эмоционалдық қатынас туындауын дамытуға ықпал етті.

hello_html_7d2c65af.gif «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады»[Александер,2001]. [2 сурет] Шығармашылық қабілеттерін дамытуда жақсы орындалған жұмыстарын сыныптың алдында ерекшелеп көрсетіп, «жарайсың», «қиялың жақсы екен», «өте тамаша» деген сөздермен мадақтап отырдым, себебі, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің сегізінші тезисінде қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет делінген сондықтан бағалау ізгі болуы керек деп ойластырып, тапсырма бойынша орындаған жұмыстарына тиісті ұпайларын бағалау парақтарына жазып қоюды ескерттім. Сабақ барысында жазбаша түріндегі «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс не үшін керегін түсіндіріп, алдарына стикер беріп, өздерінің бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оны қандай жолдармен еңсергендігімен бөліседі. [3 сурет] Мұның бәрі сыни ойлану әдістері негізінде жүзеге асып отырды. Оқушылардың химия сабағында теорияны практикамен ұштастыра отырып, жетік сөйлеуіне тілдік қорын молайтуға, білімін әділ бағалауына оң әсерін тигізетініне сенімім мол. Оқушыға қалай оқытуды үйретіп, кері байланыс арқылы оны қайта сұрау керек. Олар: оның оқи, жаза білуі, дауыстап айтуы, естіп, көзімен көруі, қолымен жасауы, қабылдауы қайтадан айтып беруі тағы басқа оқушылардың есінде ұзақ сақталады.

Кез-келген сабақты қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс.

Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.

Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сүруге қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру - мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау зерттеу дағдыларын дамыту керек.[Александер,2008] Кембридждік оқыту технологиясы білім сaлaсындa жүргізілетін жaңa реформaның бaстaмaсы болғандықтaн, күтілетін нәтижесі де зор. Сондықтaн осы жеті модульді терең игеріп, оқушының ой – өрісінің дaмуынa жол aшып, өз ойын aшық айттып, жүйелі сөйлей білуге және зияткерлік қабілетінің дaмуына ықпал етуге жұмыстaну. Бұл жұмысты бaстaу үшін ең алдымен кері бaйланыс ретінде оқушыдaн aлынғaн пікірлерге нaзaр aудaрып, оқушылaрғa сенімділік ұялaту керек деп ұғындым. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халық даналығына сай оқушылар қабілеті мен ынтасын танып, өзгеге таныту мақсатында тәжірибе кезінде осындай азды –көпті жұмыстар жасаған болатынмын. Сөзімді қорытындылай келе, бала дамуы тек іс-әрекет арқылы қалыптасатыны белгілі. Оқушы танымын дамыта алмасақ, ұрпақтың рухани дамуына, қалыптасуына көмек бере алмағанымыз. Сондықтан рухани құндылықтарды ғылым - біліммен ұштастыра келіп, оқушы дүниетанымын әрдайым кеңейтіп отыруға жұмыстанамын.

Жаңаша ізденіс, жаңаша көзқарас жалғасын тауып, ел ертеңі келешек ұрпақтың білім алудағы жетістікке жету жолында нәтижелі еңбек ететініме сенімдімін.




























Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Астана. 2012жыл. 306 бет

  2. http://kzdocs.docdat.com/docs/index-4764.html?page=2

  3. Әмір Ш.. Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары // Қазақстан мектебі. – 2000. - № 5. - 13 б.

  4. Арысбаева З. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері // Қазақстан мектебі. – 2003. - №8. - 20 б.




Автор
Дата добавления 10.03.2016
Раздел Химия
Подраздел Научные работы
Просмотров618
Номер материала ДВ-515900
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх