Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама тақырыбы: "Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың жолдары мен бағыттары"

Баяндама тақырыбы: "Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың жолдары мен бағыттары"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың жолдары мен бағыттары


Тулегенова Бакитжан Карабековна



Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді де бей-жай қалдыра алмайды. Қазақстандағы әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда ойлар мақсатта еркін еңбек ете алатын болуын Елбасымыз қадап айтты. Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі. Қоғамға да ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт. Сол тірек нық та берік, сенімді болуы үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үрдісі арнаулы және орта мектептерден бастау алмақ.

Сондықтан да оның іргетасын, ондағы мұғалімдердің білім деңгейінің жоғары болуын қадағалау және арттыруымыз аса қажет. Өркениетті елдер арасындағы экономикалық бәсекелестік білім деңгейімен айқындалмақ. Елбасы Жолдауы – бұл бүгінгі уақыт талабына сәйкес қажеттіліктен туындаған өте маңызды құжат. Сосын да ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатыны риясыз шындық. ХХІ ғасыр білімнің жаңа философиясын, жаңа ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық технологияларды талап етеді. Бүгінгі таңда білім беру жүйесі алдында заманның жоғары технологияларының талаптарына сай келетін біліктілігі жоғары деңгейлі мамандарды даярлаудың міндеттері туралы әсіресе, мектеп жасына дейінгі, білімнің жоғары кәсіби білімге дейінгі білім проблемаларының кең спектрі Білім сапасын тәуелсіз сырттай бағалау, материалдық-техникалық базаға, жоғары оқу орындарына ғылыми-педагогикалық құрамына арналған талаптардың күшеюі қазақстандық жастарға лайықты білім алуға кепілдік береді, білімдік қызмет нарығында арандатушылықты және бұрмалаушылықты болдырмайды деген пікірдеміз. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған былтырғы Жолдауында ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын, осыған орай білім жүйесін реформалаудың нәтижелерінің бірі жаңа сатыдағы педагогтың өмірге келуі болуға тиіс екенін айырықша атап өтуі көпшіліктің көкейінде жүрген ойды дөп басса, Елбасымыздың биылғы Жолдауында да жаңа дәуір туғызған міндеттерді толық жүзеге асыру мақсатында заман талабына сай білім беру жүйесін жасап, болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми өндірістері үшін алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін, бәсекелестік қабілеті жоғары, қарымы мол басқарушы кадрлар қорын жасақтау туралы тұжырым Жолдаудың ғылыми және тәжірибелік құндылығын айқындай түседі. Жақсы педагог-оқытушы – қазіргі таңда қоғам үшін аса қымбат қазына болып есептелмек. Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті қазақстанның қарышты экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін де ең қажеттісі – білімділік. Елбасының былтырғы Жолдауы мен биылғы Жолдауындағы сабақтастық осы арада топтасады. Жасыратыны жоқ, өтпелі кезең тұсында әркім хал-қадірінше жан бағып, еліміздің білім шаңырақтарындағы білікті педагогикалық буынды шашыратып ала жаздадық. Сол тұстарда мектептерде ұрпақ тәрбиесіне осалдық танытылды. Махмұд Қашқаридың өзі: “Құттылықтың негізі – білік” демеп пе еді?

Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің: “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген өте терең мәнді орынды да әдемі нақылы бар. Ол – еліңнің ертеңі – жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз ғой. Осы міндеттің көп салмағы мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетіні аян. Елдің ертеңгі күніне сенімін орнықтыру, өнімді де шығармашылық еңбекті өрістету, қоғамды кернеп бара жатқан бұзақылықтарға қарсы күшті тосқауыл қойып, адамдардың бейбіт өмірін қамтамасыз ету – бүгінгі күннің мағыналы мақсаты. Тәрбиелеу мен тәрбиеленудің, ұстаздық пен шәкірттіктің табиғи арнаға түсіп, ардақты да беделді орнына ие болуы осындай игі істермен сабақтасып жатқанын мойындағанымыз жөн. Баланың бойындағы дарындылыққа бастар қабілеттерді оятуға, талантының гүл жарып өсуіне қалтықсыз еңбек етер тәрбиелеуші ұстаздар болса елдің өсуі де, ұрпақтың өркендеп қарышты қанат самғауы да болмақ. Ол үшін Елбасымыз өз Жолдауында атап көрсеткеніндей, ең алдымен Ұстаз мәртебесі, Ұстаз беделі артуы қажет.Мұғалімнің кәсіби біліктілігі – нәтижеге бағытталған білім сапасының кепілі. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын қолдау-барша ұстаздардың міндеті екені де анық. Өзекті мәселе-жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса-бізге сын. Тобықтай түйінді тарқатып айтқанда халқымыздың тағдыры- жас ұрпақтың қолында. Оларды жігерлендіру, жаңа бағыт, үлкен серпін әкелу-ұстаздар, бұл сіздердің жауапкершіліктеріңіз ұлы ойшыл Жалал-ад-дин Рулш былай деген екен: «Сен бұл өмірге мақсатты тіршіліктерді тындыруға келдің және алдағы міндетің де сол. Егер осыны орындамасаң, онда ештеңе істемегенің». Осы сөз – әрбір ұстазға арнап айтылғандай. Ұстаз-бұл тек тәрбиеші ғана емес, сонымен бірге дос, біздің қоғамымыздағы білікті тұлғаны биікке көтеретін адам. Озық ойлы білімдар адам заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады .

Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып, мемлекеттік стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдерін қолдануымыз көңілге қуаныш ұялатады. Өйткені қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі –шәкірттің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Осыған орай мемлекеттік білім беру саясатының бағытында мектеп баланың дамуын жүзеге асырып, тұлғаның қабілеттілігін ескеріп, бір қалыпта қалыптасуын қамтамасыз етуі керек.

Адам баласына шын мәнінде білімді болуы үшін үш қасиет: жан-жақты білім, ойлауға дағдыланғандығы және сезім дарқандығы қажет. Әрбір оқушының өн бойына осы қасиеттерді сіңіріп, жаңашыл үрдіспен еңбек ететін болсақ, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда өз шешімін табады.Ұлтты жаңа интеллектуалды белеске көтеру туралы Ел президенті қабылдаған үндеуге сәйкес жүргізіліп жатқан білім беру жүйесіндегі деңгей биік болуы үшін мұғалім әрбір сабағын өзіндік ойы, шиеленісуі мен шешімі бар өнер шығармасындай ойластырып, дайындауы қажет. Қарапайымдылықтан күрделілікке ұмтылатын болсақ, онда жеке тұлғаның талпынысын оятып, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтуға болады. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктерін ескеру-баланың өзін-өзі дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Орыстың ұлы педогогы В.А.Сухомлинский «Мектептің басты міндеті-әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығырмашылық, еңбек жолына бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дәл басып табу, аша түсу, қастерлеу, бұл-тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғарғы деңгейіне дейін көтеру деген сөз»,-деп атап көрсетеді. Қазіргі таңдағы оқыту мақсаты – оқушының танымдық тәжірибесін ескере отырып, жеке тұлға ретінде дамуына оң ықпал, көмек көрсету. Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі нысана-адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, тәжірибелі де текті ұрпақ қалыптастыру. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр. «Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ» деген екен бір ғалым.

Сондықтан әр педогог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс.Оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын ұстаз ғана бүгінгі қоғамның мүддесінен шыға алады. Ойы жүйрік, саналы,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Өйткені жақсы мұғалім жақсы оқушыларды жасайды.Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруде көзделіп отырған мақсаттардың ең негізгісі-әрбір жеке тұлғаға білім алудың өмірлік жолын еркін таңдауына мүмкіндік туғызу. Сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді; әр түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау үшін оқытудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады. Осы мақсатта білім негіздерін өз еркімен үйренетін, іс-әрекет мақсатын, міндетін, түрін,тәсілін,жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға оқушыны жеткізуіміз керек. Оқытудың ұтымды технологиясын пайдалану арқылы шәкірттің тұлғалық болмысын дамытуға мүмкіндік туады. Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір ұстаз шәкіртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде әрекет ету керек және мына мәселелерге назар аударған жөн:

1.Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесін табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы;

2. Оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзін-өзі қорғауға ұмтылдыру;

3. Тұлғаны түсіну, салауатты өмір мен өзіндік қатынастың негізін қалау;

4. Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкіндік жасау;

5. Өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды нұсқау.

Осы жайттарды ескере отырып, оқушының жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын әрбір ұстаз өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Себебі мұғалім ең жауапты міндетті орындайды – ол адамды қалыптастырады. Мұғалімі қандай болса, шәкірті де сондай сенім жүгін көтереді.

Мемлекеттің болашағы, үміті мен сенімі – жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау, заман талабына лайықты мұғалімнің қызмет етуі қоғам дамуын алға бастайды. Ендеше, еңсені биіктетіп, еліміздің болашағы үшін ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иірімі ұрандарыңызға айналып, адамзат құндылығы-білім екенін көрсету жолында еш аянбаңыздар!




5


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров418
Номер материала ДВ-536781
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх