Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыБаяндама: Тақырыбы: «Дайындық тобы оқушыларының танымдық үрдісін жетілдіру»

Баяндама: Тақырыбы: «Дайындық тобы оқушыларының танымдық үрдісін жетілдіру»

Скачать материал

Жоспар:

I.Кіріспе.

Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту

II.Негізгі бөлім.

1.Балалардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру

2.Балалардың ойлау қабілетін дамыту

3.Балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар

1)Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

2) Қиялды дамытуға арналған ойындар

3) Ойлауды дамытуға арналған ойындар

4) Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар

5) Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар

6) Шапшаңдық дамытуға арналған ойындар

4.Балалардың танымдық қызметін арттыратын тренинг-жаттығулар

III.Қорытынды.

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

      Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты, ой – өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.

Олай болса, қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты. Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің әдіс- тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына , адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеру шығармашылық пен жұмыс істеуге және  ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды.

         Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс – тәсілдерін, яғни Ж.Караевтың “саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы”, М.Жампейсованың “Модульдік оқыту технологиясы”, СТО стратегияларының элементтерін пайдаланып, оқушының ізденушілік, зерттеушілік әрекетін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, оқушылардың танымдық  белсенділіктерін дамыту ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, бала деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс -әрекет емес, оған уақыт керек. “Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады” деп, ұлы Абай.

         Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескеріп, білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғаның негізінің ашылуына жол көрсететін ұстаз. Ұстаз өзінің құзырлығының деңгейін бағытты жетілдіріп, ой, іс бірлігін қатар дамыту қажет.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» -деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің бip міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ақыл-ой тәрбиесінің бұл acпектісі баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. 6-7 жастағы баланы оқу-тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты ролді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады. Ғалымдар С.Л. Рубинштейн, Д.П. Годовикова, Т.А. Куликова, А.И. Сорокинаның еңбектерінде 6-7 жастагы балалардың білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, түрткісінің дамуы танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған. А.П.Усова өзінің «Балабақшадағы оқыту» атты еңбегінде мектепке дейін балалардың оқу әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген теориясын басшылыққа алуды ұсынады.

 

6-7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы педогогтардың үлесіне тиіп, үйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-әрекетінің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруга ерекше көңіл бөлуде.

Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап, дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну. Балабақша педагогі өзін жай ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. 6-7 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді. Баланың өзіндік iшкі позициясы қалыптасып және екі қажеттілігі; eкіншісі белгілі бip әлеуметік қатынасқа байланысты қажеттілігі.

Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педогог-тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші-педагог алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оку-тәрбие процесін жүргізу қажет.

Тәрбиеші - педагог - мектепалды жастағы балалардың танымдық, белсенділігін қалыптастыруда, оның көзін ашуда басты тұлға. Қaзipri таңда мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа технологиялары енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып отыр.

Сонымен бipre, оқушылардың танып, білуге, қабілетін дамытуға, өз пікірін еркін айтуға шығармашылығын дамыту арқылы icкe асырылады.

Жұмыстың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта жайлы қарапайым түсініктері мен танымдық іс-әрекетінің қарапайым дағдыларын меңгерту және игерген дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.

Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл – ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және  талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады.

Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл – ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл – амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз. Сондықтан оқу барысында оқушының таным белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас – ынтасын шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырады. Шәкірттің қабылдауы негізінен, мүғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Баланың өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:

1-Дәреже – жаңғыртушы белсенділік – шәкірттің материалды жадылап, қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға , меңгеруге ұмтылысымен сипатталады. Белсенділіктің 1 – дәрежесіне тән көрсеткіш – оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.

2-Дәреже – түсіндіруші белсенділік-оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын меңгеруге   ұмтылысынан   көрінеді.2-дәрежеге   тән көрсеткіш оқушының бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда   оны    жеңудің   жолдарын қарастыруынан    байқалатын   үлкен дербестігі.

3-Дәреже – белсенділіктің шығармашылық дәрежесі – оқушының тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады.Бұл дәреженің ерекшелігі – мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып  саналады.

Танымдық белсенділікті психологиялық -педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін  қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.

     Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.

Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге  және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. 

     Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады.  Келешекті болжай алады.  Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады

     Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану- бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды.

 

БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

          XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің  шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде  ойын әдісінің маңызы көп.Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.

Ойынның маңызы:

Тәрбиеленуші  үшін

1. Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы,  

    артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.

2. Тәрбиеші  үшін:

    Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын      

     арттыруда, сабақты  қызықты өткізуге, мұғалім үшін тиімді.

3. Ата-ана үшін

Балалардың есте сақтау қабілетін,қиялын,қабылдау қабілетін,зейін тұрақтандыруға,аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған  көмек құралы ретінде төмендегі ойындар топтамасын ұсынып отырмын.

1) Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

      Төрт құбылыс

    Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.

      Көңілді шеңбер

   Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.

      Орныңды тап

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығарылады.

     Ойыншықты сипатта

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

    Сөзді есіңде сақта

Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.

            көктем – жаңбыр

            жаз – күн шықты

            аспан – бұлт

             жер – шөп

2)    Қиялды дамытуға арналған ойындар

 

Менің көңіл-күйім қандай

  Балалар өз көңіл-күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып атайды (көңілді – көңілсіз, ренжулі, қорқынышты, ...т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.

Жаңа ертегі

Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.

Сиқырлы дөңгелектер

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұртын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.

Қиял жалғасы

Мұғалім ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларын толық сурет салып береді екен деп өз алдарындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды

      3)  Ойлауды дамытуға арналған ойындар

Матадағы менің орным   Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс. Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.

     Ойлан да аяқта

- лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)

- егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық...

- екі, бірден көп, ал бір...

-пышақ та, әйнек те...(өткір)

    Ойлан да аяқта

 -       Ат шабады, ал қарлығаш... 

-       Ит үреді, ал қарға...

-       Жылан жорғалайды, балық...

    Қарама-қарсы сөзді ата

Балалар шеңберге тұрады.  Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады.  Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөзді айтулары тиіс.

 Қара –

 Күн –

 Аласа –  

4)   Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар

Ине мен жіп  Жүргізуші: Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.

Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

 

Бұл қашан болады?

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.

Кесте, құрал-жабдықтармен жұмыс.

Айлардың аттарын ата

Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата

Әр мезгілде неше ай бар?

Бір айда неше апта бар?

Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

Не үлкен Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

Сиқырлы қапшық Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б. Балалар қолымен заттарды сипап, бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.

5)   Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар

     Мен жеңімпазбын Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, «мен жеңімпазбын» деп айтуы керек.

       Құлақ-мұрын  Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.

       Өз орныңды тап  Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

       Дайын бол  Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.

       Зейінді бол  Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады. 

6) Шапшаңдықты дамытуға арналған ойындар

Көпір . Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға көз байлайтын екі орамал керек. Ойын басқарушының нұсқауымен көпір жасайтын екі баланың көздері байланады. Олар біріне бірі қарама-қарсы тұрып, қолдарын созып «көпір» жасайды. Олар көпір жасағанда тек саусақтарының ұштарына тигізіп қана тұрады, қолдарымен ұстаспайды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:Қалған балалар осы қақпадан бір-бірлеп өтуге тиісті. Көпірден өткен кезде ұсталған бала өзін ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады. Ойын шарты бойынша басқа ойыншылар көпірдің астынан білдірмей өтуге тырысады. Ойын соңында көпірдің астынан көп өтіп, қолға түспеген балалардың аттары аталады.Екі топқа бөлініп те ойнауға болады. Ойын барысында, қай топтың балалары аз ұсталса, солар жеңімпаз атанады. Бірақ ойын барысында екі команданың ойыншылары көпірдің астынан кезектесіп өтулері тиіс.

Шырмауық Ойнаушылардын санына шек қойылмайды. Балалар өзара қол ұстасып шеңбер бойына қатарға тұрады. Олар оңға, не солға шеңбер бойымен айнала қозғала бастайды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:  Ойын басқарушы: Аш қасқырым, ап, деп айналдыру бағытын өзгертеді

Асау мәстек. Ойынды өткізу үшін күні бұрын арасы 1,5-2 метр, биіктігі бір метр екі бөрене жерге қағылады. Енді екі бөренені үш-төрт рет айналдыра тартып арқан керіледі. Жерге бір-екі тақия тасталады. Осы жасалған құрал «асау мәстек» деп аталады. Арқан үстіне көрпешік төселеді. Ойнаушылардьщ санына шек қойылмайды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:  Ойынды басқарушы ойыншыларды шақырып:                                                                                                                           Ер екенінді білейін,                                                                                                                               Ешкі сойып берейін.                                                                                                                           Тақия алсаң еңкейіп,                                                                                                                     Кұламасаң теңкейіп,                                                                                                                        Ерлігіңе сенейін,

 - деп қайталайды. Енді, ойын басқарушының белгісінен соң, кез-келген ойыншыға асау мәстекке мінуге рұқсат етіледі. Ойын басқарушы асау мәстекке мінетін ойыншыға ойын шартын түсіндіреді. Ол асау мәстекке атша мініп отырып, рұқсат берілгеннен кейін, енді жерден тақияны алуға бағын сынайды. Басқарушы ойын қорытындысын шығарғанда, қай ойыншы ережені бұзбай, үш кайталымнын қорытындысында тақияны жерден көп рет көтеріп алса, сол ойыншы жеңімлаз атанады. Және одан кейінгі ойыншылардың жүлделі орын-дарын анықтап береді.

Тапшы кімнің дауысы?   . Ойынға көз байлайтын орамал керек. Ойнаушылардың санына шек койылмайды. Ойын басқарушы бір баланы шеңбер бойымен қатарда тұрған балалардың ортасына алып шығып, оның көзін байлайды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:     Осы кезде барлық ойыншылар хормен:

Секір-секір деген кім,                                                                                                           Білгіш болсаң таба ғой,                                                                                                                                 Тауып ал да, өзін кеп,                                                                                                                                             Сол орынға тұра ғой,

 - деп, өлеңдетіп шеңберді айнала козғалып тұрады.Хор айтылып біткен соң, ойын басқарушы белгілеген оқушы «секір-секір»- дейді. Айтылып болған сон, басқарушы ортадағы тұрған баланың көзін шешеді. Ол «секір» деп айтқан баланы іздеуге кіріседі. Тапса, айтқан бала ортаға шығып, ойын баскарушы көзін байлайды. Егер таба алмаса, өзінін көзі кайта байланады. Осылайша ойын жалғаса береді.

         Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.

 

БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН АРТТЫРАТЫН ТРЕНИНГ-ЖАТТЫҒУЛАР.

 Ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар,тренинг-жаттығулар  ұйымдастыру қажет.

Солардың бірнешеуіне мысалдар келтіре кетсек:

«Суреттің жұбын тап» ойыны.


Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту
Қажетті құралдар: Магниттік тақта, магниттер, 12 жұп суреттер: фасоль – горох, анар - алма, шәйнек - кесе, қораз - әтеш, аққу – шағала, шегіртке – құмырсқа, күрек – тырна, қызғалдақ – раушан, ешкі – қой, қасқыр – аю, картоп – сәбіз, кітап – дәптер.
Ойын өтілу барысы:

Психолог магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ, ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына – горох, анар, кесе, әтеш, шағала, шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп, дәптердің суреттерін қояды.
Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенің түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде асқа жатады.

Психолог негізгі дұрыс жауапты алғанан соң, суреттің орның ауыстырып жұбтарын бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің жұбтары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды.

«Түлкінің балалары мен бүркіт»


Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту.
Ойын барысы

Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады.
Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.



«Көкөністер» ойыны.
Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, зейінің дамыту, өзара келісімге келуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Көкөністердің суреті бала санына қарай.
Ойынның өтілу барысы:

Психолог әрбір балаға көкөністің суреті бейнеленген карточкаларды таратады. Балалар шеңбер құрып тұрады да, әрқайсысы қолдарындағы қандай көкөніс екенін айтады. Содан соң психолог шеңбер ішіне кіріп қандайда бір көкөністің атауын атайды. Аталған көкөністің суреті бар бала шеңбер бойымен айнала қашады, ал жүргізуші баланы қуа жөңеледі. Ойыншы ұсталап қалмауы үшін балалардың қолындағы қандайда бір көкөністің атауын атауы қажет. Сол кезде кімнің қолындағы көкөністің атауы аталса сол ортаға шығып, қаша жөңеледі. Ал, 1 ойыншы көкөністің атауын атаған бойда орнына тұрады. Жүргізуші ұстап алам дегенше келесі көкөністің аты аталады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Алғашқы ойын кезінде психолог жүргізуші орнына ойнайды, кейінен жүргізушіні балалар арасынан таңдайды.


«Суретті есіңе сақта» ойыны.
Мақсаты: көру есін және зейінің дамыту.
Қажетті құралдар: Ойын карточкалары бала санына қарай.

Ойынның өтілуі барысы: 

Психолог әр балаға ойынға араналған карточкаларды таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. 10 сек. соң карточканы аударып «суретте не орналасқан» деп сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін карточкаларды ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді. 
Ескерту: Дұрыс жауапқа балаларға жұлдызша немесе фишка беріп отырады.

Осылай жеңімпаз анықталады.
«Ұқсас сөздер» ойыны
Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын дамыту.

Барысы: психолог ойын ережесімен таныстырады. «Балалар бұл ойында мен атаған сөзге, ұқсас сөз айтуларың керек». Мысалы: психолог «үлкен» сөзін ұсынады, балалар: «ірі, дәу, зәулім».
Мейірімді - жанашыр, жылыжүрек, жақсы.
Аласа - кішкентай, биік емес және т.б.

«Сиқырлы дыбыстар» ойыны
Мақсаты: ойлауды, берілген дыбыспен сөзді атау іскерлігін дамыту.


Барысы: Мұғалім балаларға сиқырлы дыбыстармен ойын ойнауды ұсынады:
- «Ш,Ж,С» дыбысына басталатын сөздерді атаңдар.
- «Р» дыбысы бар көкөніс, жеміс-жидектерді (жүгері, алмұрт, қарақат), «Л» дыбысы бар заттарды (үстел, гүл, қаламсап) атаңдар.

«Көбелектер әлемі» жаттығуы
Мақсаты: релаксация және қиялын дамыту.
Қажетті құралдар: МР3, баяу орындалатын музыка, кілемшелер (бала санына қарай)

Жаттығудың өтілу барысы: 

Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады. 
Психолог арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаңыңдар! Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнентөмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғанға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар... енді көздеріңді ашыңдар!
Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады.

«Тік ұшақтар»

Тік ұшақтын екі ұшқышы ұшуға дайындалды

-мен дайынмын!

-мен де дайынмын       

Жудырықты үстелге қойып, бармақты жоғары көтеріп.Баспармақпен сол және оң жақты қозғалту.

Біз жоғары ұшамыз

Әне, төменде ағаштар, төбелер, жолдар және егістік далалар.бұл үлкен жер Біз онда да мұнда барғымыз келеді.

Біз ұшамыз!       

Бармақпен ызылдап отырашеңбер жасау бармақпен тез – тез айналдыру. Баланың қалауы бойынша бөлме ішінде жүгіру.

Біз қонуға дайынбыз

 

Рейс аяқталды.

Бәрі жақсы.         

Саусақтын қозғалысын баяулата отырып, қолды төмен түсіру тудырықты үстелге қою.

«Кім жоғын тауып ал»

Ойыншылардың барлығы көздерін жұмуы керек.Осы уақытта жүргізуші бір баланы иығынан түртеді, ол дыбыссыз жәй кетіп қалады. Жүргізуші белгі бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенің тауып алуы керек. Кім жоғын ең бірінші кім тауып дәл осылай қиялдаңыз немесе ұйықтар алдына тіпті күні бойы осылай армандаңыз».

«Бірге ән айту» жаттығуы.

Топтың мүшелері бір-бірінің қолдарынан ұстап дөнгелене тұрады да, ыңылдау арқылы кез – келген нота бойынша әндете бастайды. Осылайша олар бірте – бірне дөнгелектің ортасына бір – біріне жақындай қозғала бастайды. Олар бір ырғақпен музыканы бірге айтуға тырысу керек. Тек сол кезде ғана олар бір – біріне деген жақындықты сезінеді. Жаттығудың шарықтау шегі – ойыншылардың хормен әндетуі .Егер тренинг кезінде ойыншылар шаршай бастаса,     осы жаттығуды орындату керек.

«Әйнек арқылы ойыны».

Қатысушылардың біреуі параққа бір мәтінді жасырады, оны әйнек арқылы, яғни, ым – ишарамен, мимикамен келесі адамдарға жеткізеді, олар ұққандарын айтады. Берілген және  жазылған мәтіннің  сәйкестік денгейі қарым – қатынас орната білуге болады.

 

Қорытынды

Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.

Балалардың «ересек адамдармен бірлесіп өмір» сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді рана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үл-ендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын  ойыының пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қа-тынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттердіорындауды талап ететінін және бір-сыпыра праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексері қарауға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға авосы бар екенші бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты  ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің езі рольде көрсетілген міндетті орындау және ойынның басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жуйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іо әрекет үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалынатын мүндай шынайы әзара карым-қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сонмен бірге баланың өзіндік санасын да жоғары көтереді. Құрдастарына, туа бастаған коллектив пікіріне қарап бағдар алу баланың әлеуметтік сезімдерін: топқа ілесу, басқаға жаны ашу т. б. қабілеттерін қалыптастырады.

Сонымен, егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар» ойындарында. байқалатын түрлі жағдайларда өзін үстай білуге үйретеді. Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына,«балалардың осы тобыныц талаптарына және өзінің жеке-дара қабілеттеріне сай ұстауға үйренеді. Мінез-құлықты таңдау балалардың жалпы құрамына және өзіндік мүмкіндіктерін бағалауына бай-ланысты. Бұйырып билеп-төстеуді ұнататын, сондай-ақ тасада қалып қойғанды дұрыс көретін балалар да болады. Баланың ойында алатын орны оның пассивтілігінің дәрежесін анықтамайды.

Мектепке дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Қалайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талаптануын кебінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады.

Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы статустық рольге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу («идентификация») күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі ретінде балаға танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына қуану қиындау болады. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер бөлінгеннен кейінгі ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу, қажеттілігі және бірге тебірену қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-әрекетпен шұғылданушы құрдастар тобындағы қарым-қатынастардан туындайды. Осы айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-құлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын қайсібір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасу қабілетін үйренеді.

Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолдана алады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзін де қолданады. Мысалы, мылтықтан атып жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі қүлап түседі, қиялдағы тепловозды жүргізеді әрі өзі .Тепловоз  ретіңде  дүрілдеп, жылдамдық ала бастайды.

Сонымен, ойын бұл кезеңде өзінің мәнісі жағынан символикалық болады. Символикалық ойын, баланың символдарды қолдануы — оның психикасының дамуының елеулі сәті. Символдарды пайдалану, бір объектіні екінші объектінің көмегі арқылы ауыстыра білу қабілеті кейінірек әлеуметтік таңбаларды игеруді қамтамасыз ететін жетістік болып табылады. Символикалық функцияның дамуы арқасында баланың жіктеп қабылдауы қалыптасады, ақыл-ойының мазмұндық жағы және басқа да адамға тән қабілеттері елеулі өзгереді. Бір заттарды екінші заттардың орынбасарлары ретінде кең қолдану «балалар ойынында бір затты әр түрде қолдануға болады деп дәлелдеуге негіз бермейді. Бала орынбасар-заттардың қасиеттеріне қарап бағдар алады. Мәселен, дүкен ойнына материалдар іріктегенде балдырған балмұздақ орнына ақ кірпіш, шүжық орнына қызыл цилиндр, алма орнына пласмассадан жасалған жасыл дөңгелектер қолданылса қанағаттануы мүмкін. Ойыншық мылтық, қажет болған жағдайда адамға, жәшік — үйге айнала салады. Барлық, осы жәве осыған ұқсас ауысулар формасы, түсі немесе функциялық ерекшеліктер ұқсастығынан барып шығады. Мынадай жайтты да атап өткен маңызды: бала затқа өзі ат койған соң енді онымен бастапқы касиеттеріне сай іс-әрекет жасамай, оның жаңа атына сай әрекет жасай бастайды. Егер таяқ мылтыққа айқалса, ол одан атады, атқа айналса, оған мініп шабады; пароходқа айналса, ол жүзіп отырып жағаға келуі тиіс.

Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі. Ойын жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағыдан зейінін жақсы жинақтайды. және көбірек есте сақтайды.Ойынның шарттарының өзі қатысушылардан ойын ситуациясына ететін заттарға ойналатын іс-әрекеттер мен сюжет мазмүныма зейін жииақтауды талап етеді. Егер бала болашақ ойын ситуациясының талабына зейінді болғысы келмесе, ойынның шарттарын есінде сақтамаса, онда оны құрдастары ойыннан қуып жібереді. Қарым-қатынас жасауға, эмоциялық мадақтауға деген қажеттілік балаларды мақсатты түрде зейін жинақтауға және есте сақтауға мәжбүр етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

№15 С.Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

Мектепалды даярлық тобы

Тақырыбы: «Дайындық тобы оқушыларының танымдық үрдісін жетілдіру»

 

 

 

Тәрбиеші: Давлетова Нұрайна Жакенқызы

 

 

 

 

 

Құлсары қаласы

2014-2015 оқу жылы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Кішібаева Д. Ұлттық ойындардың пайдасы.//Бастауыш мектеп, 2004. 

2.Тұрыскелдина М.Т.Дене шынықтыру оқыту әдістемесі (3 сынып)- Алматы1999.

3.Мухина С., «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы». Алматы, 1986.

4.Қаженбаева А.Е. Бала танымын ойынмен дамыту//Отбасы және балабақша, 2002, №1.-Б.

5.Алпысбаев Т.  Қазақ халық әдебиеті.  Т.З; Ертегілер. ─ Алматы, 1975.

 6. Ғылыми әдістемелік педагогтік журнал «Отбасы және балабақша» №2. 2012 ж.
7. Ғаламтор сайттарынан алынған.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: Тақырыбы: «Дайындық тобы оқушыларының танымдық үрдісін жетілдіру»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 467 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 1994
    • DOCX 46.4 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Давлетова Нурайна Жакеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Давлетова Нурайна Жакеновна
    Давлетова Нурайна Жакеновна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 54536
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя по реализации программы воспитания в образовательной организации

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 392 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 482 человека

Курс повышения квалификации

Педагогические основы деятельности воспитателя в условиях ФГОС ДО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 386 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование: особенности обучения и воспитания детей дошкольного возраста

Воспитатель детей дошкольного возраста с отклонениями в развитии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 604 человека

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 158 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек