964806
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокФизическая культураРабочие программыБаяндама тақырыбы: «Дене тәрбиесі сабақтарында қозғалыс сапасын дамыту»

Баяндама тақырыбы: «Дене тәрбиесі сабақтарында қозғалыс сапасын дамыту»

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ








Баяндама тақырыбы:


«Дене тәрбиесі сабақтарында қозғалыс сапасын дамыту»


С. Б. Айтжанов



2 жалпы білім беру орта мектебі

Дене тәрбиесі



















2011 ж.

Кіріспе

90-шы жылдардың басында мектеп оқушыларының дене тәрбиесіне деген қызығушылық артып, ол жалпы білім беру мектепке арналған жаңа бағдарламалық-нормативтік құжаттарда өз көрінісін тапты.

Алайда, қолданыстағы бағдарламаларды практикада іске асыру мектеп оқушыларының физикалық дамуын қажетті деңгейде сақтауына мүмкіндік жасамайды. Бұл мәселе балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайының нашарлауына, физикалық белсендік деңгейінің төмендеуіне байланысты аса көкейкесті болып отыр.

Осыған байланысты біз жалпы білім беру мектебінде оқушылардың физикалық көрсеткіштерін дамыту сұрағын зерттеу мақсатын өз алдымызға қойып отырмыз.

1. Физикалық көрсеткіштер, оларды оқушыларда дамыту әдістері мен құралдары.

Қозғалу әрекетін меңгеру тек қана дағдының қалыптасуымен ғана емес, сол сияқты физикалық жаттығуды қажетті күшпен, жылдамдықпен, төзімділікпен, ептілікпен және буынның қозғалмалығымен орындауға мүмкіндік туғызатын ерекшеліктердің дамуымен байланысты. Осындай заңдылықтарды білу мұғалімге физикалық жаттығудың техникасында жұмыс істеудің дұрыс ара-қатынасын және сандық нәтижесін табуды, әр бір сапалық ерекшеліктердің дамуында үйлесімді кешендік шамасын белгілеуге, оның нәтижелі түрде даму шегіндегі жас мөлшерін анықтауға жағдай жасайды.

Қозғалыс (физикалық) көрсеткіштері деп қозғалу әрекетінің келесі сапалық ерекшеліктерін айтады: күші, жылдамдығы, төзімділігі, ептілігі және буынның қозғалмалығы.

«Қозғалу» және «физикалық» көрсеткіштер терминдерінің екуі де дене тәрбиесі туралы ғылымда біркелкі, себебі осы сапалық ерекшеліктерді белгілейтін әр түрлі факторларға назар аудартады. Қозғалуды басқару үрдісінің орталық-жүйке реттеушілерімен байланыс негізінде «қозғалу сапасы» термині қолданылады. Егерде қозғалыстың биомеханикалық сипатын белгілеу қажеттіігі туындаса, онда «физикалық көрсеткіштер» термині әрекетке түседі. Ең соңында, физиологиялық және психологиялық реттеу (адам еркінің сипаты) тарапынан қозғалу әрекетінің сапалық ерекшеліктерін қарай келе, үшінші «психомоторлық сапа» термині қолданысқа енеді.

Қозғалу сапасын екі біршама өз бетінше сипатқа ие болатын топтарға бөлуге болады: жылдамдық, күш қасиеттері және т.б. Алайда, бірқатар сапа түрлерінде ұқсас психофизикалық механизмдер көзге түседі. Сондықтан, күшті, жылдамдықты, төзімділікті, икемділікті біршама өз бетінше пайда болған сапалық ерекшеліктерге (ең алдымен бұл икемділік) қолдан жасап шығаруы барынша көзге түседі. Әр түрлі сапаның жалпы бөліктері мен механизмдерін іздеу оларды дифференциациялауға, құрамын нақтылауға әкеліп соғады. Осыдан бұрын қарапайым деп есептелген қозғалыс сапасы, енді бір бірінен тәуелсіз осыдан гөрі анағұрлым қарапайым қатарына бөлініп отыр. Қазіргі кезде толық аяқталған жіктеу жоқ, соның салдарынан әр түрлі қозғалу сапасының пайда болу механизміне жүгіну мүмкін емес. Солай болса да, құрылым күрделігіне қарамастан әр бір қозғалу сапасы қозғалу аппараты мен жалпы алғанда дененің құрылысын, ал кейбіреулері реттеу жүйелерінің жұмыс істеу ерекшеліктерін бейнелейді. Мысалы, ептілік (қозғалу нақтылығымен қатар) биохимиялық және морфологиялық бөлімдеріне қарағанда көп мөлшерде орталық-жүйке әсер етумен сипатталады, ал күш пен жылдамдық көп жағдайда морфологиялық бөлімдерге (бойы, салмағы), бұлшықеттердегі, жалпы ағзадағы биохимиялық және гистологиялық өзгерістерге тәуелді. Қозғалу сапасының құрамдас бөлімдерінің арасында жалпы және арнайы түрлері ажыратылады. Жалпы түрі бірнеше қозғалу сапасына тән (мысалы, шыдамдылықтың әр түрі кезінде батылдық пен төзімділіктің жігерлік қасиеті). Арнайы бөлімдері белгілі бір сапаның өзгешелігін көрсетеді. Жалпы бөлімдердің болу арқасында жаттыққандықтың бір сапасы екінші түріне өтуі мүмкін. Сонымен қатар, бір бөлімнің дамуы екіншісін тежеуі мүмкін, сондықтан бір сапаның дамуы екішсінің деңгейін төмендетеді. Қарапайым және күрделі қозғалу сапаларын ажырату мақсатқа сай келеді.Мысалы, соңғысына икемділік пен дәлдік жатады. Олардың міндетті сипатына психикалық қасиеттер (мысалы, дәлдікте – көзбен өлшеу қасиеті) жатады. Қарапайым және күрделі қозғалыс сапасына ерекшелік қасиеті тән (баскетболистің икемділігі гимнастың икемділігімен бірдей емес). Қозғалу сапасының жас мөлшерлік дамуы әр түрлі уақытпен сипатталады. Ол әр түрлі қозғалу сапасы өзінің барынша табиғи дамуын әр түрлі жас мөлшері кезінде жететінін дәлелдейді (жылдамдық сапасы 13-15 жаста, күш-жігерлік сапасы 25-30 жаста және т.б.). Қозғалу сапасының әр түрлі бағытта өзгеруі әсіресе жыныстық даму кезінде байқалады. Бұл кезде жылдамдық-күш-жігерлік қасиеттер кенеттен артып, қозғалысты реттеу және мөлшерлеу тоқтайды немесе артқа қарай ауытқиды. Бұл нейродинамиканың өзгеруімен байланысты: жылдамдық-күш-жігерлік қасиеттерді арттыратын және реттеу мүмкіндігін тежейтін қозудың, жүйкелік үрдістердің қозғалмалығының өсуі.

1.1 Күш және оны дамыту әдісі

Адамның күші дегеніміз ол сыртқы күшке қарсы әсер ету және сыртқы қарсыласуды өту. Адам күшінің негізгі факторы бұл бұлшықет күші, сонымен қатар дене салмағының да маңызы зор. Оқушылардың жас мөлшерінің ерекшеліктеріне байланысты дене тәрбиесі сабақтарында күш жаттығуларын қолдану шектеулі. Кіші және орта жастағы оқушыларда күш-жігер қасиеттерін жедел түрде дамытудың қажеті жоқ. Жаттығулар статикалық бөлімдерді шектеумен жылдамдық-күш бағытқа ие болған жөн. Алайда, соңғыны мүлдем алып тастаудың қажеті жоқ, себебі, мысалы статикалық қалыпты сақтаумен байланысты жаттығулар дұрыс келбетті қалыптастыруда пайдалы. Жас өте келе осы жаттығуларды пайдалану кеңейе түседі. Бұл кезде тыныс алуға міндетті түрде бақылау қажет, себебі ұзақ уақыт тыныс алуды тоқтату зиянды әсер етеді (әсіресе қыз балаларда) және кейбір кезде естен тануға әкеліп соғады. Мектептегі күш жаттығуларының негізгі міндеті дұрыс келбеттің дамуымен байланысты арқа және қарынның ірі бұлшықеттер топтарының дамуы. Сол сияқты қалыпты жағдайда нашар дамитын бұлшықеттерге (дененің қиғаш бұлшықеттері, жамбастың артқы бұлшықеттері) назар аударған жөн. Күшті дамытудың қатардағы әдістеріне жатады: 7-9 жаста — құралдармен жалпы дамыту жаттығулары, көлбеу орындықтарға, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу, секіру, лақтыру; 10-11 жаста — біршама салмағы бар заттармен (толтырмалы доптар, гимнастикалық таяқшалар және т.б.) жалпы дамыту жаттығулары, үш рет тік арқанға көтерілу, қашықтыққа жеңіл заттарды лақтыру және т.б., 14-15 жаста — толтырмалы доптармен, салмағы аз гантельдермен жаттығулар, «арқанды тарту» ойындары, тартылу, тік тұру және т.б. 13-14-жаста қыздарға арналған күшті дамыту жаттығулары ұлдарға қарағанда дене салмағын ауырлату, оқшауланған күш түсіру және гимнастикалық құралдар мен басқа да жеңіл снарядтарды пайдалану жаттығуларымен ерекшеленеді.

1.2 Жылдамдық және оны дамыту әдістері

Қозғалыстардың және қимылдардың жылдамдық сипаты шапшаңдық деген жалпы бір атпен біріккен. Қозғалыс әрекетінің жылдамдық сипатына келесі қозғалыс түрлері жатады: 1) жеке қозғалу жылдамдығы (сыртқы қарсылықтың аз мөлшерде болуы); 2) қозғалу жиілігі; 3) қозғалу реакциясының жылдамдығы. Өз бетінше жеке дара қозғалысты дамыту құралдары мен әдістері туралы тек шартты түрде айтуға болады. Спорттық жаттығулардың кейбір түрлерінде (мысалы, лақтыруда) қозғалыс жылдамдығы бұлшықет күшімен бірігіп, кешенді жылдамдық ерекшелігін – қозғалыс кенеттілігін құрайды. Сондықтан, жылдамдық-күш-жігер сипаты бар спорт түрлерінде қозғалыс жылдамдығының дамуына бұлшықет күшін дамытатын құралдар әсер етеді (әсіресе үлкен сыртқы қарсылықтың болуы кезінде лақтыру түрлеріне тән). Бұлшықеттің тез арада жиырылуын дамыту үшін күш жаттығуларының құндылығын өсіретін, жылдамдық жаттығуларының санын арттыру, сонымен қатар күш мүмкіндіктерін жоғарлату қажет. Қозғалу жиілігі циклдік қозғалыстармен сипатталады. Қозғалу жиілігінің өзгеруі қысқа уақыт аралығында жүреді. Мысалы, 100 м жүгіретін спринтерлердің орташа жүгіру жиілігі 1 с бір қадамға тең. Жас ерекшеліктері қозғалыс жылдамдығының даму мүмкіндіктерін біршама шектейді. Аса қолайлы болып қыз балаларда 11-12 жас, ер балаларда 12-13 жас болып есептеледі. Балаларда қозғалу жылдамдығын дамыту кезінде табиғи қозғалыс түрлеріне және олардың орындауына стереотиптен тыс әдістерге сүйенген жөн. Жылдамдықты барынша пайдаланумен стандарттық жаттығуларды қайталау бала кезінен бастап жылдамдық тосқауылын қалыптастыруға әкеліп соғуы мүмкін. Кіші мектеп жасындағы қозғалмалы ойындар мен орта және жоғары мектеп жасындағы спорттық ойындар жылдамдыққа бағытталған стандарттық жүгірістер алдында үлкен артықшылыққа ие болады. Кіші мектеп жасында тез арада қысқа мерзімді орын ауыстыру мен оқшауланған қозғалыстарды қажет ететін әр түрлі жаттығуларды қолданады. Оған қысқа және ұзын секіргішпен жаттығулар (кіру және шығу), жүгіріспен эстафета, допты лақтыру және ұстап алу және т.б. жаттығулары жатады. Орта мектеп жасында күш-жігерлік жаттығулар барынша көп орын алу керек: секірулер, жылдамдықпен секіріп түсу және секіріп міну, жүгірістегі шапшаңдықпен орын ауыстыру, лақтыру. Сонымен қатар қысқа дистанцияларды (30-дан 60 м-ге дейін) барынша жылдамдықпен қайталап өтуді енгізген жөн. Жоғары мектеп жасында жылдамдық шыдамдылығын арттыратын жылдамдық, күш-жігерлі жаттығулар кешенін қолдану керек. Спорттық ойындар мен эстафеталар да қолданыста болуы тиіс. Жылдамдықты дамытуға бағытталған жүгіру 80-100 м дейін артады. Қозғалу реакциясының жылдамдығы, яғни кез келген дабылға (жарықтық, дыбыстық, тактилды) адамның жауап қайтару жылдамдығы сенсомоторлық реакцияға жатады. Қарапайым реакция әр түрлі жылдамдық жаттығуларын жасау барысында жақсы дамиды. Алайда, кері бағытта өту байқалмайды, яғни реакция жылдамдығын арттыра келе қозғалыс жылдамдығын арттыру мүмкін емес. Реакция жылдамдығын дамыту үшін әр түрлі қозғалмалы және спорттық ойындар аса құнды, бұл жерде баскетбол ойыны көш бастауда. Мектептегі дене тәрбиесінің сабақтарында реакцияны алдын ала белгіленген дабылдар (мысалы, тоқтаумен бірге еркін жүгіру немесе мұғалімнің белгісі бойынша бағытты өзгерту) көмегімен дамытады. Реакция қайтару жылдамдығын дамытудың жақсы құралына спорттық ойындар жатады.


1.3 Төзімділік және оны дамытудың әдістері

Төзімділік деп адамның қарқындылықты төмендетпей жұмысты ұзақ уақыт істеу қаблетін айтады.Төзімділікті дамыту — бұл жұмысты ұзақ орындауға себеп болатын биохимиялық үрдістердің дамуы және үлкен қарқындылықпен қозу кезінде жүйке жүйенің тұрақтылығы. Төзімділік айқын түрде байқалады, себебі әрекеттің нақты шарттарымен белгіленеді. Алайда, қарқындылығы ұқсас әрекет түрлерінде жалпы физиологиялық және биохимиялық механизмдермен сипатталатын төзімділікті тасымалдау құбылысы байқалады. Мысалы, шаңғы тебуші әрекеттің басқа да циклдық түрлерінде (жеңілатлетикалық жүгіріс, ескек және т.б.) үлкен төзімділікке ие болады, себебі онда ағзаның аэробты мүмкіндіктерінің даму деңгейі шешуші факторға айналады. Төменгі сыныптардың оқушыларында орташа және ауыспалы қарқындықтағы жұмысқа деген төзімділікті дамыту мақсатқа сәйкес келеді. Төзімділікті дамыту құралдар қатарына моторлық тығыздығы жоғары қозғалмалы ойындар жатады, алайда бұл ойындар жүктемені дәл бөлуге мүмкіндік туғызбайды. Дене тәрбиесі сабақтарында дәл мөлшерде әрекет ету мүмкіндік беретін жаттығулар қолданылады: 12-13-жастылар үшін — жүріспен алмасып отыратын 200-400 м жүгіріс; ұлдар үшін ұзақтығы 2 мин дейін, ал қыздар үшін ұзақтығы 1,5 мин баяу жүгіріс; ұлдар үшін 3-3,5 км, ал қыздар үшін 2-3 км шаңғы тебу; 14-15-жастыларғаұлдар үшін 400-500 м, ал қыздар үшін 200-300 м жүгіріс; 2-3 км дейін жылдамдықпен шаңғы тебу; 16-17- жастыларға — кросстық жүгіріс; 3-4 км шаңғы тебу; ауыспалы және қайталану жүгірісі.


1.4 Ептілік және оны дамыту әдістері

Ептілік дегеніміз үйлесімдік қаблеттерінің жиынтығы. Осындай қаблеттердің бірі жаңа қозғалыстарды тез арада меңгеру болса, екіншісі тез арада өзгерген жағдайдың талаптарына сай қозғалыс әрекетін жедел түрде қайта құру. Тек қана осы кезде үйлесімділікті дамыту барынша көп нәтиже береді. Кіші жастағы оқушылар күрделі физикалық жаттығулар техникасын өте оңай меңгеріп алады, сондықтан техникалық тұрғыдан күрделі спорт түрлерінде ерте спорттық мамандану байқалады. Кіші және орта мектеп жасында дененің тепе-теңдігін сақтау қаблеті салыстырмалы түрде оңай қалыптасып, қозғалыс дәлдігі (қозғалыстың кеңістік, күш-жігерлік және уақыттық шамаларын дифференциациялау және жаңғырту қаблеті) күшейтілген түрде дамиды.Содан кейін, жыныстық жетілу кезеңі келген кезде осы сапаның бәсеңдеуі, ал кейбір жағдайда тіпті нашарлауы байқалады.






Қорытынды



Қазіргі замандағы оқушының дәстүрлі «отырықшы» өмір қалыпы төмендетілген физикалық ауыртпалықпен сипатталады, сондықтан дене тәрбиесінің сабақтарына мақсат қою оқушыларды тәрбиелеудегі маңызды аспектілерге айналады. Физикалық белсенділікті қалыптастыруда барынша нәтижелі уақыт болып мектеп кезеңі табылады. Физикалық жүктемелердің эмоционалдық тартымдылығы аса маңызды болып табылады, сондықтан спорттық физиологияда ойын әрекетін пайдалану ұтымды болып саналады. Тек қана ойын арқылы командалық және пәндік өзара әрекет ету адамның физикалық және психологиялық қасиеттерін барынша дамытуға жағдай жасайды. Осы жұмыста біз әр түрлі жас мөлшеріндегі топтарда физикалық қаблеттердің даму ерекшелігін байқап, балалардың физикалық жағдайына салыстырмалы түрде баға бердік және мектепте дене тәрбиесі бойынша оқушылармен жұмыс жасаудың негізгі түрлеріне назар аудардық.



Пайдаланған әдебиет

1.  Дене тәрбиесіеің теориясы және әдістемесі. Пед. ин-тардың дене тәрб. фак. с тунденттеріне арналған оқулық /Б. А. Ашмарин, М. Я. Виленский, К. Х. Грантынь және т.б.; Б. А. Ашмарина ред. – М.: Просвещение, 1979.

2. Дене тәрбиесі: Оқулық/ В. А. Головина, В. А. Маслякова,  А. В. Коробкова және т.б. ред. – М.: Жоғары мектеп, 1983.

3. Дронов А. А. 1-2 сыныптар үшін дене тәрбиесінің жалпы сауықтыру сабағы.  – Бастауыш мектеп, 2005, № 8, 63-65 бет.

4. Оқушының дене дамуы, Просвещение, 1968. Г. П. Сальникова.

5. Сабақ сабақтанкейін.. М. «Дене тәрбие және спорт». 1972. М. Г. Каменцер.





















Тезистар.

90-шы жылдардың басында мектеп оқушыларының дене тәрбиесіне деген қызығушылық артып, ол жалпы білім беру мектепке арналған жаңа бағдарламалық-нормативтік құжаттарда өз көрінісін тапты.

Бұл мәселе балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайының нашарлауына, физикалық белсендік деңгейінің төмендеуіне байланысты аса көкейкесті болып отыр.


Осыған байланысты біз жалпы білім беру мектебінде оқушылардың физикалық көрсеткіштерін дамыту сұрағын зерттеу мақсатын өз алдымызға қойып отырмыз.

Қозғалу әрекетін меңгеру тек қана дағдының қалыптасуымен ғана емес, сол сияқты физикалық жаттығуды қажетті күшпен, жылдамдықпен, төзімділікпен, ептілікпен және буынның қозғалмалығымен орындауға мүмкіндік туғызатын ерекшеліктердің дамуымен байланысты.

Қозғалыс (физикалық) көрсеткіштері деп қозғалу әрекетінің келесі сапалық ерекшеліктерін айтады: күші, жылдамдығы, төзімділігі, ептілігі және буынның қозғалмалығы.

Қозғалу сапасын құрайтын бөлімдер арасында жалпы және арнайы бөлімдерін атап көрсетуге болады.

Қарапайым және күрделі қозғалу сапаларын ажырату мақсатқа сай келеді.Мысалы, соңғысына икемділік пен дәлдік жатады. Олардың міндетті сипатына психикалық қасиеттер (мысалы, дәлдікте – көзбен өлшеу қасиеті) жатады.

Адамның күші дегеніміз ол сыртқы күшке қарсы әсер ету және сыртқы қарсыласуды өту. Адам күшінің негізгі факторы бұл бұлшықет күші, сонымен қатар дене салмағының да маңызы зор. Оқушылардың жас мөлшерінің ерекшеліктеріне байланысты дене тәрбиесі сабақтарында күш жаттығуларын қолдану шектеулі.

Қозғалыстардың және қимылдардың жылдамдық сипаты шапшаңдық деген жалпы бір атпен біріккен.

Төзімділік деп адамның қарқындылықты төмендетпей жұмысты ұзақ уақыт істеу қаблетін айтады.

Ептілік дегеніміз үйлесімдік қаблеттерінің жиынтығы.

Физикалық белсенділікті қалыптастыруда барынша нәтижелі уақыт болып мектеп кезеңі табылады.

Общая информация

Номер материала: ДA-030288

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Физическая культура и спорт: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»
Курс «Гид-экскурсовод: Основы туристского сопровождения»
Курс профессиональной переподготовки «Экскурсоведение: основы организации экскурсионной деятельности»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания конституционного права с учетом реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Маркетинг в организации, как средство привлечения новых клиентов»
Курс повышения квалификации «Правовое регулирование рекламной и PR-деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация тренерской деятельности по физической культуре и спорту»
Курс повышения квалификации «Дополнительное образование в системе спортивного менеджмента по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация тренерской деятельности по адаптивной физической культуре и спорту»
Курс повышения квалификации «Психодинамический подход в консультировании»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и методическое обеспечение процессов физкультурной и спортивной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Спортивный менеджмент: управление в области физической культуры и спорта»
Курс профессиональной переподготовки «Организация процесса страхования (перестрахования)»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и методическое обеспечение процессов физкультурной и спортивной деятельности в отношении лиц с ограниченными возможностями здоровья»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.