Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Баяндама :Тақырыбы: «Ерте жетілдіру-жеке тұлғаны қалыптастырудың бастауы»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Баяндама :Тақырыбы: «Ерте жетілдіру-жеке тұлғаны қалыптастырудың бастауы»

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Ерте жетілдіру-жеке тұлғаны қалыптастырудың бастауы»


Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды ортаның әсерімен тәрбие ықпалының пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды.

Жеке тұлға өзінің калыптасу барысында өзіндік дамуының объектісі ғана емес, сонымен катар субъектісі де екенін ескеру керек. Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ен маңызды заңдылығы болып есептелінеді.
К. Маркс адам жағдайдың пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және езін белсенді түрде өзгерте алады деп жазған болатын. Демократиялық педагогиканың классиктері де (И. Г. Песталоцци, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген. Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның қажеттіліктер). белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады. Адамның белсенділігінің жануарлардан айырмашылығы оның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдык қажеттіліктермен реттелінеді. Адамның белсенділігі (немесе оның іс-әрекеті) оның себеп-салдарымен, мақсат пен міндеттерін дұрыс қоя білуімен, оларды орындау құралдарын дұрыс таңдай алуымен байланысты. Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін.

Тәрбиеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады.Осының нәтижесінде, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа – ішкі және сыртқы болып бөлінетін болды. Ортаның әсері мен тәрбие жеке түлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер – бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ыкпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттліктері -барлығы ішкі факторларға жатады.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.
Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамығанын анықтайды. Осылайша бұл шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады. Л.Н.Толстойдың адамның дамуын жемісті ағаштың өсуімен салыстыруы тегін емес. Өйткені, сөздің тура мағынасында оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі. Адам тек қана топырағын қопсытады, тыңайтқыштар себеді, артық бұтақтарын кеседі, яғни оның өзіндік дамуына мүмкіндік беретін қажетті сыртқы жағдайларын жасайды, ынталандырады. Ал өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.
Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігін ынталандырған жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады. Осы бір аса күрделі процесс тәрбиенің персонификациясы (лат. – жеке тұлға) деген атауға ие болды. Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендіретін сыртқы факторлар, соның ішінде тәрбие де, жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігінің ішкі механизмдерімен, яғни оның қажеттіліктерімен, сенімдерімен, өзара тығыз байланыста болғанда ғана оның дамуы мен қалыптасуына әсер етеді. Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде өмірдің жағдайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда (үлкендерге) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол адамдарға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген (керек, керек емес, жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып пайда болады.

Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі. Кейбір заттардың қасиеттерін тану үшін оларды қолына ұстап көргеннен кейін бала «Бұл не? Бұл кім? Қалай аталады?» деген сияқты сұрақтар сұрай бастайды. Бұл сұрақтардың жауабы балаға заттар мен кұбылыстардың жалпы мәнін ашып береді. Әлеуметтік белсенділік дегеніміз осы. Әрбір баланы белсенді қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшін белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі баланың жеке тұлғаға сай өзгешелігін зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерінін ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын іс-әрекетті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру – осының бәрі баланың дамуының нәтижелілігін қамтамасыз ететін тәрбиенің басты қызметі.
Сондықтан жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты қалыптастыра отырып, тәрбиеші сол баланы өзіне одақтас етіп алады.

Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың қарқынды іс-әрекеті қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайды.. Баланың қабілетін оята алмайтын репетиторлық жұмыстар қаншама. Қабілеттіліктің дамуы үшін өз барысында баланын бойында жағымды сезімдер туғызатын іс-әрекет қажет. Ал мұндай көңіл-күйге түсу (немесе басқа да) жұмыстан пайда болған сүйсіну сезімімен сипатталатын танымдық қажеттіліктермен байланысты. Осыған байланысты әдебиеттерде өте сирек айтылып жүрген жеке тұлғаның дамуының тағы бір бастауы өзіне көңіл аудартады. Бұл – жеке тұлғаның мәдени ұстанымдарынан бастау алатын өз-өзіне деген қалыптастырушылық, жасампаздық ықпал-әсері. М. Князеваның ойынша, адамның өзін өзі дамыту күштері жеке тұлғаның дамуының ең маңыздысы болып табылады.. Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің объектісі ретінде де, субъектісі ретінде де қарастырылады. Оның объект болу себебі, оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие мақсатты әсерлерге тәуелді.

Субъект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін- өзі дамыту процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше ,
Жеке тұлғаның субъект болып толық жүзеге асуын ойын арқылы жүзеге асыруға болады. Балалар әлемі - ерекше әлем. Оның өзіндік лексикасы, фольклоры, мөлшері, ар-намыс кодексі, өздік қызықтары бар. Бұл таңғажайып әлемнің құралы – ойын. Балалық шақта ойын қызықтырады және қуантады, барлық бос уақытты толтырады, балалар үшін өте маңызды жұмыс болып табылады.

Ойын – барлық балаларды педагогикалық ұйымдарға қосылуға, өзіндік шығармашылық әрекетпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Ойын балаларды коммуникативті дамуын және жеке өзіндік бекінуін, өзін-өзі тануын қадағалайды.
Ойын құрылысына жоспарлау, мақсатын анықтау, мақсатты жүзеге асыру, сонымен қатар жеке тұлғаның субъект болып толық жүзеге асу нәтижесін сараптау әрекеттері жатады. Ойын технологиясының мотивациясы – оның еркіндігін, өзін-өзі бекітуі мен өзін-өзі жүзеге асыруында қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Ойынды оқу үрдісін белсендіруші оқу және тәрбие әдістемесі ретінде, келесі жағдайларда қолданамыз:
Дидактикалық ойынның нәтижесіне жету және оны өткізу үшін келесі жағдайлар жасалуы керек:
педагогтің өзінде дидактикалық ойындарға қатысты білімі мен біліктілігі болуы қажет;
• ойынның өту мәнері;
• ойынға педагогтің қатысуы;
• ойнату мен оқытудың үйлесімді болуы;
• ойынға балалардың көңіл күймен қатысуларын көтеру тәсілдері мен жолдары, өздік мақсат қана болып емес, дидактикалық тапсырманы орындауға апаратын жол болуы;
• дидактикалық ойында қолданатын көріністер, суреттер қарапайым болуы қажет.
Ойын біліктілік белсенділігі бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
Заттық ойындар – мектепке дейінгі балаларды ойыншықтар мен ойнату, қызықтыру. Балалар ойыншық арқылы заттың қалыбын, түрін, көлемін, материал, жануарлар әлемін, адамдар әлемін, т.б . таниды.
Интеллектуалдық ойындар – шығармашылық, көріністі-рольдік болып келеді. Сюжет бұл жерде қызмет қалыбында қолданылады.
«Сапарлар», «саяхаттар» кезінде іс-әрекеттерді елестету арқылы, олардың барлық күйзелістері мен қуаныштары ,балалардың ойындық рольдерімен өткізіледі. «Ғажайып алаң», «Ақылды қыздар мен ақылды ұлдар», «Алтын қақпа», парасаттылық ойындары танушылыққа, білімділікке әр түрлі материалдар жинауға мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындар – бұл ойындардың балалардың белсенділіктерінің дамыуына арналған дайын ережелері бар.
Дидактикалық ойындар 3 негізгі топқа бөлінеді:
1. заттармен ойын ( ойыншықтар, табиғат материалдары);
үстел ойындары ( лото, домино, т.б.);
2. ауызша сөйлесу ойындары – алған білімдерін жаңа жағдайда қолдануды талап етеді. Бұл ойындарға «Асханада», «Дүкенде», «Кітапханада», т.б. рольдік ойындары жатады.
3. Спорттық ойындар. Күш, айла, төзімділік, мергендік сапаларын спорт ойындары «Бәйге», «Итеріспек», «Көкпар» т.б. ойындары көмекке келеді.
Интеллектуалдық ойын технологиясы. Интеллектуалдық (іскерлік) ойындар технологиясы үш кезеңнен тұрады:
Дайындық кезеңі. Интеллектуалдық ойын дайындығы сценарий жасаудан, көрініс жағдайын елестетуден басталады. Сценарий мазмұнына енетіндер: сабақтың оқу мақсаты, оқыған мәселені сипаттау, тапсырмалар, ойын жоспары, кейіпкерлердің (топтың) мінездемелері және оқиға мазмұны. Ойынға кіру, ойыншылардың және сарапшылардың бағдары, жұмыс уақыты анықталады, істің басты мақсаты белгіленеді, ойын мәселесін қоюмен жағдайды таңдау негізделеді.
Материалдар пакеттері, нұсқаулықтар, ережелер беріледі. Қосымша ақпарат жиналады. Ойынға қатысушылар алдын ала өзара сөйлесулеріне, кеңесулеріне болады. Рольден бас тартуға,ойыннан шығуға, ойынға құлықсыз қатынасуға, тәртіп этикасымен уақытты өзгертуге тыйым салынады.
Жүргізу кезеңі – ойын үрдісі. Ойынның өткізілуін ешкім өзгертпеуі тиіс. Ойынның басты мақсатынан шығып бара жатқан жағдайда ойын бастаушы ғана ойыншықтардың іс-әрекетін түзетіп
отыра алады. Қорытындысында педагог нәтиже жетістіктеріне қарайды, қателерді белгілейді, жұмыс қорытындысын қалыптастырады.
Ойын технологиясының нәтижесін көтеру үшін ойынды сабақтың бірінші және үшінші бөлігінде қолданған жөн. Ойынды дұрыс бағаламау оқу-тәрбие үрдісінде нәтижелікті жоққа шығаруы да мүмкін. Сонымен қатар балалардың мінез-құлықтарының жан-жақты толық дамуына, тану қасиеттерінің дамуына, сөйлеу мәнеріне, оқуға қызығушылықты қалыптастыруда, балаға сараптай білуге, салыстыра білуге көмектесу, елестету мен жалпылауға ойынның үлкен әсері бар екенін ұмытпаған жөн.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Тәрбие тағылымдары» авторы: А.Мұсабекова-2011ж

  2. «Тіл және қоғам» авторы: Ш.Құрманбайұлы. №1(25) -2011ж

  3. «Мектепке дейінгі білім» журналы.№2(38)-2012ж

  4. «Әдіскер-методист»педагогикалық журналы №2(44)-2012ж








Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров165
Номер материала ДВ-471594
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх