Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Баяндама Тақырыбы: «Химия пәні сабағында жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану»

Баяндама Тақырыбы: «Химия пәні сабағында жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану»



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Баяндама

Тақырыбы: «Химия пәні сабағында жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану»

Химия пәні сабағында жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылығына жол ашу менің өзекті мәселеме айналғалы талай жылдар болды. Мәселені Ж. Қараевтың “ Деңгейлеп – саралап оқыту “ технологиясымен шешуді қолға алдым.

Технология бойынша әр жылдары оқылған баяндамалар, ізденіс жұмыстарымнан әріптестеріме үзінді келтіргім келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасау, кәсіптік қайта даярлау, жаңа идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамытуда – білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез – келген азаматы әлемнің кез – келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады, - деп атап көрсеткендей, ұстаздың алдына қойған мақсаты: ой – өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде жұмыс істей алатын, дүниетанымы жоғары, жан – жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

Ал, жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізуі үшін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын пайдалана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау керек. Жаңа технологияның қай – қайсысын алмайық, оқу үрдісінде өзінің оңтайлығымен ерекшеленеді, ал тиімді технологияны таңдау мұғалімнің өз еркінде.

Мен өзімнің ұстаздық іс – тәжірибемде профессор Жауынбай Амантұрұлы Қараевтың “ Деңгейлеп – саралап оқыту “ технологиясының элементтерін пайдалану жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде тигізетін пайдасы зор деп есептеймін. Себебі: әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы оқушы таңдау құқығына ие бола алады, танымдық белсенділігі жоғарылып, өзінің білім деңгейіне сәйкес тапсырманы орындауға мүмкіндігі туады, қабілетті оқушыларды ізденіске жетелейді. Ж. Қараевтың педагогикалық технологиясы – оқытуды дифференциалауға негізделген, оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының іс – әрекетінің байланысын қалыптастырады.

Ерекшелігі:

Оқу үрдісінде толық нәтиже береді.

Оқушы білімі шынайы бағаланады.

Оқушының шығармашылық қабілеті артады.

Білім сапасының артуына ықпалын тигізеді.

Басты ерекшелігі оқушы бір сабақтың үстінде бірнеше деңгейде тапсырма орындайды.

Бірінші деңгей тапсырмалары мемлекеттік стандарт талабына сәйкес келеді,сынып оқушылары толық жұмыс жүргізеді,тапсырма көп ойлануды қажет етпейді,сондықтан да оқушылар тез орындайды. Яғни, тапсырма жаттап алуға лайық, алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей, қайтадан пысықтап берілуі тиіс. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және жаңа тақырыппен байланысты болуы мүмкін. Мысалы: Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі арқылы химиялық элементтерге тұрған орны бойынша сипаттама беру, энергетикалық деңгейде орналасқан электрондардың сызбанұсқасы т.б.

Екінші деңгей тапсырмалары күрделене түседі, оны орындау барысында оқушылардың ойлау,танымдық қабілетттері қалыптасады, өз бетінше ізденіп жұмыс жүргізеді. Екінші деңгей тапсырмалары өткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, химия сабағында мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге реакция теңдеулеріне ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және осындай тапсырмаларды орындау арқылы танымдық белсенділігі, қызығуы артады.

Үшінші деңгей тапсырмаларын орындау барысында оқушының логикалық ойлау қабілеті артады. Өз ісін талдай алады, шығармашылыққа деген мотивтері айқын көріне бастайды, белсенділігі жоғарылайды. Эвристикалық түріндегі тапсырмаларды өз бетінше орындайды. Танымдық – іздену түріндегі тапсырмаларды орындау барысында оқушы жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімін химиялық анықтамалар құрастыру арқылы жүзеге асырады. Күрделенген тапсырмаларды орындау барысында проблемалық жағдай туындап, оқушы оны шешудің жолдарын іздестіреді.

Төртінші деңгей – шығармашылық деңгей, ізденгіш, қабілетті, ойы ұшқыр, өз бетінше идеяларды жүзеге асыра алатын, жауапкершілігі мол оқушылар жұмыс жүргізеді.

Іс тәжірибемде қолданып жүрген деңгейлік тапсырмалардан мысал келтірсем:

I деңгей:

Оттекке жалпы сираттама беріңіз?

ә Оттексіз тіршілік жоқ дегенді қалай түсінесіз?

б) Глюкоза СН₁₂О құрамында қанша пайыз оттек бар?

в) Судағы НО құмдағы SiO оттектің массалық үлесі (%) қанша екенін есептеңіз.

г) Алюминий оксиді табиғаттағы боксит құрамында 25% мөлшерінде кездеседі. 1 т бокситтегі алюминийдің және оттектің массалық үлесін (%) есептеңіз.

II деңгей

Зертханалық әдіспен калий перманганатынан оттекті алу және жинау.

Оттектің химиялық қасиетін сипаттайтын тәжірибе жасау.

а) Ағаш көмірдің кесегін қыздырып,шоқтанған көмірді оттек бар ыдысқа апарып өзгерісті бақылау; жану тоқтаған соң ыдысқа әкті су құйып, шайқап, неліктен лайланғанын түсіңдіріңіз.

ә) Темір ұнтағын ауада қыздырып алып, оттек бар ыдысқа салғанда не байқауға болады?

б) Темір қасыққа салынған қызыл фосфордың аз бөлігін оттек бар ыдысқа батырыңыз. Не байқадыңыз? Фосфордың жаңа теңдеуін жазыңыз.

в) Темір ұнтағын ауада қыздырып алып, оттек бар ыдысқа салыңыз. Темірдің оттекте жану теңдеуін құрыңыз.

III деңгей

Ағаш көмірінің фосфордың темірдің оттекте жануы, олардың физикалық, химиялық қасиеттерін сипаттау.

Мөлшері 0,5 моль фосфор жанғанда түзілетін дифосфор пентаоксидінің массасы қанша болады?

Массасы 12,25 г бертолле тұзы KCIO айырылғанда бөлінетін оттектің массасы қандай?

IV деңгей

Оттектің химиялық таңбасы.

Салыстырмалы атомдық массасы.

Химиялық формуласы.

Салыстырмалы молекуалалық массасы.

Оттектің валенттілігі.

Оттектің табиғаттағы таралуы.

Тірі ағзадағы маңызы.

Ауаның құрамында оттек бар екенін зерттеген швед ғалымы кім?

Сынап оксидін ыдырату нәтижесінже оттекті алған ағылшын ғалымы кім?

Зертханалық жағдайда оттекті қандай заттан алуға болады?

Құрамында оттек бар күрделі затты атаңыз.

CaO - кальций валенттілігі.

MgO - магний валенттілігі.

SiO - кремний валенттілігі.

Судың құрамында оттектің ... атомы бар.

Балықтар суда еріген ... тыныс алады.

Оттек ... зат.

Барлық тапсырмалар орындалып біткеннен кейін оқушының жеке ведомісі, даму мониторингісі толтырылып, қорытынды бағалаулары шығады.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров195
Номер материала ДВ-410788
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх