Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Баяндама Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі

Баяндама Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Павлодар облысы

Баянауыл ауданы

2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі


Тарих және география пәнәң мұғалімі:

Е.А. Кайырбаева


Баяндама

Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі

Андатпа

Баяндама жалпы өзімнің іс тәжірбием туралы айтылған. Жалпы құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін - өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Бүгінгі шәкірт-ертеңгі ел тізгінін ұстар, мемлекетіміздің болашағы деп тану үшін Оқушыға сабақты түрлендіріп, қызықты ұйымдастырса бала неге оқымасқа. Сондықтан мен өзім алдыма бір ғана мақсат қойдым сапалы білім беру мұғалімнің міндеті. Осы міндетке жету үшін әр түрлі технологияларды қолданудамын.



Бүгінгі шәкірт-ертеңгі ел тізгінін ұстар, мемлекетіміздің болашағы. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне  ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін - өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушылар мұғалім қауымынан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ ұстаздарымыз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзіреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:

- бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);

- мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);

- оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);

- коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);

- ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);

- әлеуметтік - еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік - қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);

- тұлғалық өзін - өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).

Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан - жақты болуы талап етіледі.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс-оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, өзін-өзі ұстауы - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі-педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға құзіреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады.

«Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) - жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген

«Құзырлылық - тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді  белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.

Білім беру жүйесіндегі негізгі талап - сабақта білім берудің жаңа технологиясы әдістерін қолдана отырып, оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын деңгейге жеткізу. Соңғы кезде мектеп оқушыларының оқу пәндеріне деген қызығушылығы мен белсенділігі әр түрлі себептерге байланысты біршама төмендеп барады. Осы орайда мұғалім тиімді технологияларды сабақ үрдісінде тиімді қолданғаны дұрыс. Әдіс - тәсілдер арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді.

Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан - жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс еңгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі кезде білім беру үрдесінде 50-ден астам технологиялар қолданылады. Соның ішінде «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын басшылыққа алдым.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі ойлау процесі болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет.

Ол ортада оқушы:

  • Ойлауға үйренуге;

  • Өз ара пікірлерімен санаса біледі;

  • Әр оқушыға сын тұрғысынан ойлауды қабілеті бар екендігіне сенеді;

  • Еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сын тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:

  • Нақты мақсат қоюға дағдыланады;

  • Өзіне деген сенімді артады;

  • Оқу процесіне белсенді қатысады;

  • Жолдастарының пікірін сыйлайды;

  • Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі;

  • Айтылған жауаптарының құндылығы жоғары болады және алуан түрлі жауап бере алады;

  • Сараптауға, бағалауға дағдыланады;

  • Пәнге деген қызығушылығы артады;

Бұл жағдайда жүзеге асыруға бізге көмекке СТО стратегиялары келеді.

Мәтінмен жұмысқа арналған стратегиялар: Жигсо, Жигсо -1, Инсерт, ойланып оқу стратегиялары арқылы оқушы тек қана жаңа ақпарат алып қана қоймайды, ол тақырыптың негізгі түйінін жасап, тақырып бойынша ой қозғап, өз бетімен білім алуға белсенділігі артады, өз пікірін ортаға салады. Оқушылар топпен жұмыс жүргізуге дағдыланады.

Жазбаша стратегиялар: еркін жазу, 5 минуттық эссе сияқты стратегиялар аркылы оқушы: берілген тақырып бойынша өзінің пікірін, ойын, аргументтерін жазады.

Керек кезінде тақырып бойынша ұсыныстар жасап, болжау жасауға мүмкіндік береді. Басқа пікірлерді сынға салады. ЕТЖК - үлкен мәтіннен негізгі түйінді жазады. Оқушыны осы стратегиялар арқылы өздерінің танымдылық құзырлығын дамытады.

Пікірталасқа арналған стратегиялар: Кубизм, бұрыш, болжау таблицасы, семантикалық карта, жұппен ой бөлісу стратегиялары арқылы оқушылар өзара пікірталас, диспут жүргізу арқылы өз ойларын айту, оны дәлелдеуге үйренеді, басқалардың пікірін тындай біледі. Топпен, жұппен, жеке жұмыстар жүргізу барысында өзара қарым - қатынаста болды. Оқушылардың шығармашылық құзыреттілігі артады.


Көп деңгейлі сұрақтар:

  1. Нақты сұрақтар - белгілі бір формула, анықтамаларға арналған сұрақтар.

  2. Сұрақ баға - бағалау - белгілі бір мәселе бойынша шешім қабылдауыды немесе өз пікірін айтуды талап етеді.

  3. Қосымша сұрақ-белгілі проблеманы шешу, зерттеуді талап етеді.

  4. Сараптау сұрақ-оқушыға жаңа мағлұматты қолдана отырып сыни жауап беруді талап етеді.

Оқушылар осы типтегі сұрақтарға жауап іздей отырып, өздерінің бұрынғы білімі мен жаңа алған білімдерін қолдау арқылы өздерінің пікірлерін, ұсыныстарын айтады. Осы стратегиялар арқылы оқушының белсенділігі артып коммуникативті, әлеуметтік құзіреттілігі артады. СТО технологиясы мен білім жетілдіру тақырыбым бойынша өз зерттеу жұмысымды бастадым.

Сол себептен бүгінгі таңда алдымда тұрған проблема: оқу үрдісінде оқушылардың білімін бағалаудың жеткіліксіз болуы.

Зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін сабақ үрдісінде қолдана отырып, оқушылардың білімін рейтинг арқылы бағалау»

Мақсаты: сабақ үрдісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып, рейтинг бағалауының әдіс - тәсілдерін білу, қолдану.

Міндеттері: 1) СТО технологиясының әдіснамалық негізін білу;

2) СТО технологиясының әдістерін оқып үйрену;

3) Рейтингтік бағалау жөнінде әдіс-тәсілдермен танысу;

4) Сабақ үрдісінде рейтинг - рангті қолдану;

Болжамы: егерде рейтинг - ранг арқылы оқушылардың білімін бағалай алса, олардың пәнге деген қызығушылығы оянар еді.

Әдістері:

  • Әдебиеттермен, интернет материалдарымен танысу;

  • Статистикалық мәліметтерді жинақтау;

  • Салыстыру, зерттеу, жалпы жинақтау.

Кезеңдері: диагностикалық, болжам, ұйымдастыру, практикалық, жинақтау, қолдану, тарату, қорытынды.

Өздігінен жұмыс жасау дәрежесі мен жаңашылдығы: оқушылардың рейтингтік бағалауын сабақ үрдісінде қолдану.

Әдістері: өзін - өзі бағалау, Рейтинг әдісі, модельдеу әдісі.

Нәтиже: география пәнінің тараулары бойынша 6-7 класс оқушыларының рейтингтік бағалауын жасау.

Зерттеу жұмысымның құрылымы: ғылыми жоба кіріспе, екі тараудан тұратын зерттеу бөлімінен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Практикалық қолдану. Класс, тәрбие сағаттарында, география пәнінен факультатив, эллективті курстарда, тарих сабақтарында қолдануға болады.

Зерттеу жұмысымның нәтижесінде: СТО технологиясы бойынша материалдар жинақталды. География пәнінен 6-11 сыныптарға арналған күнделікті - тақырыптық сабақ жоспары, 6-7 сыныптарға рейтинг-ранг бойынша сынақ кітапшасы мен тапсырмалары, 10 сыныпта «Павлодар өңірінің географиясы», 11 сыныпқа «ТМД елдерінің географиясы» авторлық арнайы эллективті курс бағдарламасы мен ОӘК құрастырылып, рецензияланды. 6-11 сыныптарға деңгейлік тапсырмалар мен тест жинақтары құрастырылды. 12 жылдық білім берудегі 7-8 эксперимент сыныптарына «Материктер мен мұхиттар географиясы» курсына арналған 50 флипчарттық сабақ үлгілері құрастырылып, сабақ үрдісінде қолданылып өз жемісін беруде.

Қорытындылай келе, әр ұстаз - ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.

Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...

Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,

Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін, - деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік. Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше.

Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді - кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім ғана жүзеге асырмақ.






















Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



  1. А. Ташенова., Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту //Білім-Образование .-2006ж., -№2. 15-18 бб. бб.


  1. Ә. Қабдешова., Сын тұрғысынан ойлау // Қазақ тілі мен әдебиеті.- №10. 35-45



  1. В.П.Симонов., «Педогогический менеджмент»– М, 1997ж. 4. «Вестник оброзавания» №6 2002 ж., 55б.


  1. Е.Т. Акитбаев., «Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» -2006 ж., 15 б.



  1. Компетентностно деятельностны подход общего образования №1 2003ж,44-45бб.


  1. Қ.Жүнісханов., Бәкелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу. 2008ж., 3-39б.


7. М.В.Кларин ., «Педагогическая технология в учебном процессе» - М, 1989ж., 17б.


8. «Мастер класс»- журналы, - Алматы, 2007 ж.


9. Т.С Сабыров., Оқыту технологиясының негіздері. - Алматы Республикалық баспа кабинеті 1993ж.,14 б.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 23.12.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров382
Номер материала ДВ-280411
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх