Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Статьи / Баяндама тақырыбы " Математика пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту"

Баяндама тақырыбы " Математика пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту"

В ПОМОЩЬ УЧИТЕЛЮ ОТ ПРОЕКТА "ИНФОУРОК":
СКАЧАТЬ ВСЕ ВИДЕОУРОКИ СО СКИДКОЙ 86%

Видеоуроки от проекта "Инфоурок" за Вас изложат любую тему Вашим ученикам, избавив от необходимости искать оптимальные пути для объяснения новых тем или закрепления пройденных. Видеоуроки озвучены профессиональным мужским голосом. При этом во всех видеоуроках используется принцип "без учителя в кадре", поэтому видеоуроки не будут ассоциироваться у учеников с другим учителем, и благодарить за качественную и понятную подачу нового материала они будут только Вас!

МАТЕМАТИКА — 603 видео
НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА — 577 видео
ОБЖ И КЛ. РУКОВОДСТВО — 172 видео
ИНФОРМАТИКА — 201 видео
РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТ. — 456 видео
ФИЗИКА — 259 видео
ИСТОРИЯ — 434 видео
ХИМИЯ — 164 видео
БИОЛОГИЯ — 305 видео
ГЕОГРАФИЯ — 242 видео

Десятки тысяч учителей уже успели воспользоваться видеоуроками проекта "Инфоурок". Мы делаем все возможное, чтобы выпускать действительно лучшие видеоуроки по общеобразовательным предметам для учителей. Традиционно наши видеоуроки ценят за качество, уникальность и полезность для учителей.

Сразу все видеоуроки по Вашему предмету - СКАЧАТЬ

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Математика пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту



Шығармашылық - проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Қазіргі тез өзгеріп тұратын заманда оқушының дүниетанымын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселесі болып табылады.

Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады, осыған сәйкес мектептерге қойылатын талаптар да жоғары. Оқыту және тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін уақыт ағымымен үндестіріп отыру ұстаздың жаңашылдығын айғақтайды.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары сан алуан, оны таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оқушы шығармашылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру мұғалімнің сабағына назардан тыс қалмауы тиіс.

Қабілеттілік, дарындылық дегеніміз- дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі мүмкін емес. Оқушының қабілеті педагогтардың ықпалының аясында шыңдалады. Шығармашылықпен жұмыс жасауға мектеп қабырғасынан бастап баулу керек.

Әр түрлі оқыту әдістерінің барлығының көздейтін түпкі мақсаты оқушылардың білім алуының тиімді жолын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін ғылыми-көпшілік әдебиеттерді дұрыс пайдалана білуі керек. Ал, сабақты ірілендірілген блок әдісімен өткізу оның өз бетімен ізденуіне көп мүмкіндік жасайды. Мәселен, математика пәнінде үлгі есептер шығарып көрсету арқылы оқушыларды өз беттерімен еңбектенуіне мүмкіндік туғызу керек. Берілген тапсырманың танымдық және шығармашылық сипаты болғанын да ойластырған жөн. Мұғалім сабағын қызықты өткізіп, тарихи мағлұматтармен байланыстырып отырса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, ынтасы артады. Осы арада математика пәнінің күрделілігін ескере отырып, қосымша сабақтар жүргізудің тиімділігі зор. Мұғалім оқушыға тапсырма есептер беру кезінде оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, қабілетін де назарға алады. Есептер барлық оқушыларды қызықтыратын және оның күші жетерлік шамада болуы керек. Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру, оларға логикалық тапсырмалар беру, сұрақтар қою, тесттік тапсырмалар құрастыру, эксперименттік есептерді шештіру, сыныптан тыс жұмыстар жүргізу, ойындар мен кештер өткізу, рефераттар қорғау, ой жұмбақтар мен сканвордтар, ребустар құрастыру арқылы іске асырылады.

Өзім ұстаздық іс-тәжірибемде шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушылар үшін өз алдыма мынандай мақсаттар қойдым:

1.Есептерді шешу тәсілдерінде жаңалықтар енгізуге жетелеймін.

2.Есепті шешу тәсілдерін ешкімнің көмегінсіз табу іскерлігін қалыптастырамын.

3.Ойлау амалының қысқа жолын үйретемін.

4.Есепті шешудің тиімді тәсілдерін іздестіріп отырамын.

5.Алынған нәтиженің дұрыстығын анықтай білуге дағдыландырамын.

6.Оқушының оқу материалын теориялық тұрғыдан терең білуін қадағалаймын.

7.Пән аралық байланыспен тәрбие мәселесіне көбірек көңіл бөлемін.

8.Оқушылардың шығармашылық қызметін дамытып отыруды ойластырамын.

Қорыта келіп айтарым, мұғалім өзінің пәнге деген қызығушылығын өз оқушыларының бойына сіңіре білу қажет. Сонда ғана мұғалім еңбегінің нәтижесіне жете алады.

Математиканы оқытуда алға қойған негізгі бағыттырының бірі-оқушылардың таным белсенділігін арттыру. Оқушылардың, ой-өрісінің белсенділігінің, ізденпаздылығың арта түсуі олардың өздігінен ізденуін, өз бетімен қортындылар жасай білу қасиеттерін дамытады. Оқушылардың оқудағы танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін қалыптастыру

проблемаларын іс жүзінде шешудің әртүрлі жолдары бар:

танымдық іс әрекетінің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен оқу міндеттерін іріктеп шешу;

танымдық іс әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру;

іс- әрекеттердің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімде енгізу;

оқытуға әдістемелік білім элементерін енгізу;

іс- әрекеттерін өздігінше бақылауды дамыту.

Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінің формаларының бірі-өзіндік жұмыс.Қазіргі кезде негізгі талап оқушылардың белсенді іс- әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оқушылардың өз бетінше ізденуі арқылы білімін көтеруі, біліктілікке талпынуы, есептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы екендігі ертеден белгілі.

өзіндік жұмыс –оқушылардың ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әркеті.

1. Дидактикалық мақсаттары бойынша оқып үйренетін, тексеретін алынған білімді баянды ететін және тағы басқа.

2. Даралау дәрежесі бойынша мазмұны әр түрлі бірақ бірдей тәсілмен орындалатын, мазмұндары әр түрлі тәсілдермен орындалатын.

3. Білім материалдары бойынша : оқулық пен және оқу әдебиетімен жұмыс, есептерді шешу және графиктік жұмыстар.

4. Оқушылардың іздемпаздық дәрежесіне байланысты жұмыстар және т.с.с.

Осы жіктеулерге сәйкес оқу процесінде өзіндік жұмыстардың төрт түрі қарастырылады. Олар мыналар:

1.Үлгі бойынша орындалатын;

2.Реконструктивті-вариативтік;

3.Жаңалық ашатын

4.Шығармашылық

Бірінші жұмысты орындаған кезде оқушы көрсеткен үлгі бойынша белгілі бір іс-әрекеттің жолын ұсынады. Тапсырмаларды нұсқаулар, белгілі формулалар , теоремалар арқылы орындайды.

Реконструктивті-вариативтік өзіндік жұмыстар оқушылардың алған білімдерін қолдануға ынталандырады, сонымен қатар білімін тереңдей түседі. Тапсырмалар тек шешімнің жалпы принциптерін ғана көрсетеді.

Мысалы: 1кг мақта ма, 4кг темір ауыр ма? Әтеш бір аяқпен тұрса,2,5 кг, егер екі аяқпен тұрса неше кг болады?

Шығармашылық өзіндік жұмысы оқушылардың математика пәніне деген ынтасын қалыптастырады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді, математикалық ой-өрісін дамытады.

1.Есепті шығару, теоремаларды дәлелдеуді әдеттен тыс, жаңа тәсілмен орындау;

2.Есепті бірнеше жолмен шығару;

3.Оқушылардың өз бетінше есеп, мысалдар құрауы;

4.Баяндамалар және басқа жұмыс түрлері;

5.Оқушылардың жұмысын тексеру, қателерін анықтау.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттің нәтижесі олардың білімді өз бетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын тапсырмаларды орындауы болып табылады.

Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.

Оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.Оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым:

«Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».

Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.

Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі».

Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:

1. Жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек.

2. Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.

3. Жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай - ақ қайталауда да қолданылады.

Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндетінің тұрғаны баршамызға белгілі. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың маңызды мәселе екендігі туындайды.

Бұл қызыға оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Оны қалыптастырудың негізгі жағдайлары:

- оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы;

- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру.

Бұған жататындар сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

- Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып, жүрек жылынуының болуын қамтамасыз ету. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс - тәсілдерді қолдануына болады:

Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет.

Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту.

Шығармашылық: іс - әрекет, зейін, есте сақтауы, интеллекттісі, ойлауы

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор.

Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалар күрделеніп беріледі. Сабақта қызықты жаттығулар, логикалық есептер мен тапсырмаларды тиімді пайдаланудың пайдасы зор. Мысалы:

1. Қосарланып жегілген үш ат бір сағатта 12км жол жүрді. Бір ат неше км жол жүрді? (12км)

2. Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Тауық пен қой нешеу? (2 қой, 3 тауық).

3. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар 5 - еу, біреуі жерге қонса нешеуі қалады? (біреуі қалады, қалғаны ұшып кетеді)

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай топқа бөліп, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.

Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.



Қорытынды: өзімнің баяндамамды қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.

1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады.

2. Оқушылардың танымдық белсенділіктері дамиды.

3. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы молаяды.

4. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс - әрекетке қабілеті артады.

5. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.

Ол үшін, жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

Білім берудің басты шарты оқу процесінде оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алуға талаптандыру болып табылады.

Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ойлау қабілетін дамытуды математикалық сөзжұмбақ шешудің маңызы зор.

Оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіруде, білім сапасын арттыруда топқа бөліп оқытудың маңызы зор. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.

Математика пәнін оқуыту процесінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістермен мақсаты жүйелі түрде пайдаланып, оқушылардың шығармашылық ойлауын, ғылыми көз қарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін жетелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылар оқыту барысында білім алады, ал содан соң оны қолдану әрі қарай шығармашылыққа үйлеседі.

Алдымен математика сабағында оқушылардың шығармашылық қызметін қалыптастыруға бағыт беретін тақырыптарды таңдап алу қажет. Ол үшін алдымен оқушының деңгейін анықтап, дарынды оқушыны білу керек. Дарынды оқушыны білу үшін мыналарды ескеру керек: оқушыны зерттеу, оқушыны қызықтыратын тақырыптар, пәнге деген қызығушылығы. Осы үш мәселені пайдаланып, оқушыларға анкета сұрағын қойып, нәтижесінде дарынды оқушыны анықтау керек.

Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология түрлерін қолдануға болады. Олар деңгейлеп оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және тағыда басқалар.

Оқушылардың шығармашылық ізденістерінің деңгейлерін көтеру процесі үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең - мұғалім оқушының қарапайым таным әрекетімен танысады. Ұлы адамдардың есептерін, тарихи есептерден, ертегі есептерді шығару әдістері көрсетілген есептерді жинақтап рефераттар дайындауға үйретеді. Логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есепті жеңілдерінен бастап тақырыпқа жетелейтін әзіл есептерді шығару барысында пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге баулу керек. Оқушының әрбір басқан қадамына көңіл бөліп бақылап отырған жөн. Сонда оқушы өз мүмкіндігіне сеніп, қызығушылығы артады. Кейбір жеке есептерді шығару барысында кітаппен жұмыс істеуге, шығарылған есептерді оқып түсінуге, соған ұқсас есептерді тауып шығара білуге көмектеседі. Есептердің шығарылуына нұсқау беріп, өз бетімен орындауына мүмкіндік береді.

Екінші кезең - бұл кезеңде мұғалім есеп шығарудың әр түрлі әдіс тәсілдерін көрсетіп, талқылай отырып қолайлысын, тиімдісін таңдай білуге үйретеді. Берілген тапсырмалардың бірнеше әдіспен шығарылуын талап етеді. Кейбір жаңа материалды оқушының өз бетімен оқып, әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды оқу құралдарын, анықтамаларды пайдаланып, шығару керек. Есептерді шығарудың қалыптан тыс әдістерін қолдана білуге үйретеді.

Үшінші кезең - бұл кезеңде оқушыға өте үлкен жауапкершілік жүктеледі. Осы кезеңде оқушы негізгі деңгейге шығады. Мұнда оқушы сыныптан тыс қосымша оқуға жалпылама қорытынды жасай білуге үйрену керек. Оқушылар өз жұмысна анализ жасап, қателерді болдырмау үшін нені әлі жетік білмеймін деген мақсатта өз жұмысын қорытындылап, алдағы жұмысына жоспар құра білуді үйрену керек.

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.

Міне осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.

- оқушы өзін жеңімпаз ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды әртүрлі күрделілік дәрежеде орындату арқылы оқушылардың білімін саралауды ұйымдастырдым;

- білімді дайын күйінде бермей, оқушының өзі білімді қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы жетуін ұйымдастырдым;

- оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін тудыратын, қабілеттерін жан-жақты дамытатын әр түрлі белсенді оқыту әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдандым;

- оқушылардың білім алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап қорытынды жасап отырдым.

Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі.






Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 06.05.2016
Раздел Математика
Подраздел Статьи
Просмотров286
Номер материала ДБ-069621
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх