Инфоурок Другое СтатьиБаяндама тақырыбы: "Отбасы - тәрбие іргетасы"

Баяндама тақырыбы: "Отбасы - тәрбие іргетасы"

Скачать материал

Баяндама «Отбасы – тәрбие іргетасы»

 

Үш – ақ нәрсе – адамның қасиеті
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,
жылы жүрек
АБАЙ

 

Тұрғандай ана сөзі тербеп мені,
Өмірім өнеріммен өрнектелді
Тілейді әр ізіме ақ жол менің,
Әрқашан әке үні жебеп мені
Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,
Тілейтұғын сыртта жүріп бақ саған.
Тіршіліктің тынысы мен ажары,
Әке – шешем теңдесі жоқ жақсы адам!

 

Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?! Құрметті ата – аналар, ұстаздар! Отбасы – қоғамның ең кіші бөлшегі. Отбасы адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасының басты қызметі – баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Дәстүрлі қазақ отбасында ата – ананың қадірін ерекше әспеттеген Ана – адамзат мекен ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде достық пен туыстықтың туын тіккен адам. Сондықтан ананың ақ сүтін ақтау, әкенің адал күшін ақтау, яғни өз болашағымызды сақтау болып табылады.

Ата – аналарға сұрақ:

1. «Баланы жастан» дегенге қосыласыздар ма?

2. Бала тәрбиесінде қандай қағиданы ұстанасыз?

3. Балаңыздың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыздар?

4. Балаларыңыз игілікті іс істесе мадақтайсыз?

Адам баласы - өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Бірақ біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіпті жоғары оқу орындары мен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударыламады. Мұндай надандылықтың адамдарға тарттырған азабы да аз емес. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып, азды – көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік.

 Психологиялық көмектің бағыттары.

 Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата – аналардың үкімді де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да, қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып – үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер үшін, бұл атап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе, үлкендер тарапынан болатын дөкір де, дөрекі қылықтар толып жатыр.

 Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары – осындай жағдайларға тап болған  балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады. Осымен қатар,  жүргізілетін екінші бағыт – тез арада ата – аналар мен бала тәрбиесіне  қатысты  үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық көмектерді атауға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасының мән – жәйі туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын – кітаптардан, кино – филмдерден, арнайы жасалынған оқулық филмдерден – тереңдей талдап көрсету арқылы, ата – аналар  мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.

 Осылайша, жас баланың психикасының ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан  туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабы мен қатаң да жедел күресетін мезгіл жеткен сияқты. Сөз жоқ, мұндай жағдайды ата – аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.

 Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек: бірінші баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру (мысалы, «Сен ойнай білмейсің», «сен дұрыс сөйлей алмайсың» деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей  жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор. 

 Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне теріс те, зілді баға берумен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, «Сен ойнай білмейтінің мен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың» деудің әсерімен, баланың бүкіл жан – дүниесін терең жаралауға болады. Сондықтан да, балалардың іс - әрекеттерін дұрыс бағаламау,төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қабілетін тұтылдырумен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігінен де жиренері хақ. Оның алдындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды. 

 Баланың жанын жаралайтын психологиялық жаман әсерлер үнемі жалғаса берсе, оның ішкі қарсылығын оятып, бірте – бірте тұрақтанған қарама – қайшылықты мінез – құлқын қалыптастырады. Бұдан кейін ол ешқандай психологиялық хабарларды қабылдамайтын күйге ауысады.

 Жалпы ішкі қарама – қайшылықтары мол адамдар ашуланса да, өкпелесе де, өрекпіп қызынса да өзін - өзі тоқтата алмай ұзақ әуреленеді. Мұндай сәттерінде ол мақсатты ой, елеулі қайырымдылық жасау қаперіне де кірмейді. Қайта қолындағысын лақтырып, айналасындағысые сындырып, шамасы жеткенді талқандап жіберуге ұмтылады. Осы тұста жанындағы адамдардың бәріне де тіл тигізуден де тайынбайды. Міне, ашулы адамдардың күйлері осындай болмақ.

 Ал, адамның көңіл – күйі екінші бір жайсыз жағдай  болғанда да, мәселен, қызғану мен көре алмаушылықтың күйіне ауысқанда да, жанындағылардың бәріне сенімсіздікпен қарап, өзінен - өзі секемденіп, сергелдеңі мол іштей қарама – қайшылықтарға ұрынады. Бұндай жайсыз жағдайлар, адамды физиологиялық – эффектілік күйге түсіреді. Ол мұндай күйде не істеп, не қойғанын байқамай да қалады.

 Сондықтан  адам атаулы ол үлкен бе,  жоқ әлде кіші ме бірібір, өзара қарым – қатынастарында аса ұстамды да, мейірімді болуға ұмтылу қажет. Адамды ашуландырып көңіл – күйін бұзу қаншалықты оңай болса, ал оны жадыратып қайыра жақсы жағдайға түсіру соншалықты қиын екенін естен шығармаған жөн.

 Әр адам осындай әділетсіздіктің бар екенін іштей түсініп, оған саналы түрде қарсы шаралар жасауды ұмытпаса, түптің – түбінде үлкен жетістіктерге жетіп, өзінің адамдық күш – қуатын да сезіне бастайды. Бірте – бірте ол жаман көңіл – күйдің құлы болудын да құтыла алады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама тақырыбы: "Отбасы - тәрбие іргетасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 484 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2016 2259
    • DOCX 43 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исмагамбетова Анаргуль Умирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34508
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой