Инфоурок Начальные классы СтатьиБаяндама тақырыбы: "Оқу үдерісін реттеудегі қалыптастырушы бағалау мен шарттар"

Баяндама тақырыбы: "Оқу үдерісін реттеудегі қалыптастырушы бағалау мен шарттар"

Скачать материал

«Қостанай қаласы әкімдігінің  білім бөлімінің  №115 орта мектебі» ММ

 

Ибраева  Э.А.

 бастауыш сынып мұғалімі

 

ОҚУ ҮДЕРІСІН РЕТТЕУДЕГІ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ МЕН ШАРТТАР

   Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдеріс қатысушыларын оқу сапасын арттыруда жаңа ақпараттармен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы. Күнделікті оқу барысындағы оқу үлгерім көрсеткіші. «Білім беру бағдарламасын тұрақты жетілдіруде өзіндік орны бар» бағамдау үдерісін сипаттау үшін «қалыптастырушы» деген терминді алғашқы болып Майкл Скривен қолданған (Скривен, 1967, 41-б.) деген факті кең тараған.Мұғалім тәжірибесінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді алға қояры сөзсіз. Атап айтсақ:

 • оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну; • білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;

• білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты қамтамасыз ету;

• білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;

 • білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде жағдай жасау болып табылады.

       Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі мына кезеңдерде жүзеге асады: жоспарлау, ұйымдастыру, әдістерді таңдау, нәтижені бағамдау, кері байланыс орнату.

         Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінде  оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамти отыра  жоспарлайды:оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен таныса отыра, әр оқу мақсаттарына талдау жасай отыра  сәйкестендіріп,  оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;

 Сонымен қатар тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу; бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру; әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру .

      Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады. Бағалау кезінде мұғалімнің шешімі анық болу үшін тапсырмалардың дескрипторлары дәл, нақты болуы қажет,себебі қай кезеңінде қиындық туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге жағдай жасайды.

     Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру бойынша дағдыларды жетілдіру үшін мұғалім өз тәжірибесінде рефлексия үшін (білім алушылар жұмысының сапасы; бағалау құралдарының сапасы; білім алушылардың, ұжымның кері байланысы; ата-аналармен әңгімелесу және т.б.) сабаққа талдау жүргізу қажет.

       Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды.

Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім ол білім алушылардың атын жазып алуы қажет. Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы: - Бұл туралы сіз не ойлайсыз?...  - Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба? ...- Сіз қазір не істеп жатырсыз?...

 - Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?... - Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?...-деген жетекші сұрақтар қою арқылы кері байланыс орнатылады. Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады.Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге)  сәйкес жүзеге асырылады:

 • Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.

• Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.

 • Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

• Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.

• Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.

Жалпы қалыптастырушы бағалау  оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ете отыра оқу үдерісіне талдау жасай отыра  өзгеріс енгізуге мүмкіндік туғызады. «Оқудан күтілетін нәтижені және табыс критерийлерін түсіндіру, олармен таныстыру (хабарлау) және оқушының түсінуі» және «Оқушыларды өз оқуы үшін жауапты адам ретінде әрекет етуге тарту» стратегияларына қатысты болмақ.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама тақырыбы: "Оқу үдерісін реттеудегі қалыптастырушы бағалау мен шарттар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 745 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2017 2950
    • DOCX 47 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибраева Эльмира Адилбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ибраева Эльмира Адилбековна
    Ибраева Эльмира Адилбековна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23947
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе