Инфоурок Обществознание Другие методич. материалыБаяндама тақырыбы: Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі туралы рефлексивтік есеп

Баяндама тақырыбы: Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі туралы рефлексивтік есеп

Скачать материал

Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі туралы өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп

 

 

Тыңдаушының  ойлары

 

 

        Қазіргі заманауи заманда білім үдерісі жоғары талаптарды қажет етеді. Сондықтан біз мұғалімдер білімдерімізді әрі қарай  тереңдете түсуіміз керек. Тек тереңдете ғана қоймай жаңа тәсілдерді, жаңа ойларды, идеяларды қоса алуымыз қажет. Сондықтан мен осы сындарлы оқыту бағдарламасы бойынша оқуға  Түлкібас ауданынан, М. В. Ломоносов мектебінен келдім. Бірінші бетпе-бет  кезеңіне келгенде маған барлық нәрсе таңсық болып көрінді. Тобымызда 25 мұғалім бар, барлығы әр ауданнан, қаладан жиналған. Бір ай осы топпен жұмыс жасадық. Нұсқаулық пен бағдарлама бойынша көп нәрсе үйрендім. Бұл «мұғалімге арналған нұсқаулық» Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру  курстарының  үшінші (базалық) деңгей бағдарламасын (бұдан әрі –Бағдарлама) зерделеу және меңгеруге көмектесетін негізгі материал болып табылады. Бұл бағдарламадан күтілетін  нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел –уәждерін нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни-пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларды құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Сондықтан өзгерісті өзімен бастауым қажет. Бұл курстан, бірінші бетпе-бет кездесуде оқыған соң мен көп нәрсені білдім. Осы бағдарламаның негізгі идеясы сабақ барсында 7 модульді кіріктіріп сабақ өту. Бұл бағдарламадан алдымен мен өзімді-өзім реттедім. Мен сыни тұрғыдан ойлай алдым. Осы жерден алған білімімді мен мектеп тәжірбиесінде қолдануға бел будым. Мектепке келе салысымен алдымен мектеп директорына және орынбасарларына осы бағдарламаның негізгі идеясын түсіндірдім. Олар маған қолдау көрсетті.  Бұрынғы дәстүрлі оқытуда біз оқушыларға шектеу қоятынбыз, олардың ойын соңына дейін тыңдамай олардың ынтасы мен қызығушылығын төмендетеді екенбіз. Яғни нашар оқитын оқушыны өзіміз жасайды екенбіз. Мектеп тәжірбиесінде алдымен  мен орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді  жоспарды алдым, бұл кемел бағдарламаның нұсқаулығы бойынша  менің өзгерісімнің бірі. Дәстүрлі оқытуда ондай жоспар құрмайтын едік. Бұл жоспар  толығымен сабақ барысын қамтиды,  сабақ барсындағы оқушылардың толығымен қамтылуын  қамтамасыз етеді екен.  Бұл жоспарда мақсат қойып оның нәтижесін шығарып, қандай әдіс тәсіл  қолданатынымызды, қандай модульді кіріктіретінімізді,  әр стратегияға қанша уақыт арнайтынымызды және қандай дерек көздерін  пайдаланатынымызды  толығымен егжей-тегжейлі жоспарлаймыз және осы жоспар бойынша жұмыс жасаймыз. Сабақ барысында  біз дәстүрлі оқытуда сергіту сәттерін өткізбейтін едік, ал бұл бағдарламаның арқасында оқушылар түрлі тренингтер, сергіту сәттерін ұйымдастыру арқасында бір-біріне жақын бола бастады, өздерін еркін ұстап, бір-біріне жылы жақсы сөз айта алды, бұл мен үшін де оқушылар үшін де үлкен өзгеріс болды.

Өзгеріс.

І Бетпе -бет кезеңінен кейін сындарлы оқыту бағдарламасы бойынша алған білімімді, тәжірбиемді іске асыруға мектепке практикаға  бардым. Іс - тәжірбиені бір ай көлемінде өттім. Сындарлы оқыту бағдарламасы мені көп нәрсеге үйретті. Бірінші кезекте менің ойым, түсінігім өзгерді. Өзіме көптеген жаңалық аштым. Жаңа педагогиканы жаныма алдым. Бірінші кезекте сыни тұрғыдан ойлауды үйрендім және осы түсінікті бағдарламаға сүйене отырып оқушыларға да түсіндіруге, игеруге тырыстым.  Дәстүрлі оқытуға қарағанда осы бағдарламаның тәсілі оқушыны да, мені де көп нәрсеге үйретіп, көзқарасымды өзгертті. Мектеп әкімшілігі мен әріптестермен ой бөлістім. Оларға ойыммен бөлісіп,  бағдарламаның басты идеясы, бағдарламаның негізгі міндеті –Қазақстандық мұғалімдерге  педагогикалық тәжірбиелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу  екенін айтып өттім. Мектеп басшылары мені қолдап барынша іс –тәжірбиені өткізуге көмектесетінін айтты. 5 «ә» сыныбымды алдым. Бірінші күні сыныпқа сабақ өтуге  дайындалдым. Ол үшін парталар мен орындықтардың топқа бөлінетіндей етіп ыңғайлап топтап,  сабағыма байланысты топқа бөлу әдістерін, сергіту сәттерін  және сонымен қатар үлестірме материалдарын, түрлі ресурстарды дайындадым. Тақырыптарға  байланысты тек кітаппен ғана шектелмей түрлі мәліметтерді, суреттерді интернет желісінен дайындадым. Балаларға сабақты қызықты өту үшін үнемі іздендіруде болдым.

          Бірінші кездері балаларға қиын болды. Өйткені олар әбден дәстүрлі оқытуға дағдыланған  және де жақсы оқитын  оқушылар бөлектенетін. Топтық жұмыс жасағанда жақсы оқитын оқушылар да,  нашар оқитын  оқушылар да бір бірімен жарысу  деп түсінді. Сергіту сәтінде де оқушылар бір-біріне жылы сөз айтуға  еркін сөйлеуге кедергі болды, сондықтан алғашқы кедергі берілген уақыттан асып кетіп, уақытты тиімді пайдалана алмадық.

           Қиындықты қалай шештім? Балалармен үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырдым. Топпен жұмыс жасағанда  бұл жарыс емес екенін, бір-біріне көмектесіп топпен жұмыс жасау екенін сөзбен ғана емес, түрлі тренингтер өткізу арқылы көрсеттім. Нәтижесінде оқушылардың көзқарасы өзгерді. Олар топқа бөлініп жұмыс жасағанда әрдайым еркін еш қысылмай, пікірін айта білетін, өзін-өзі бағалай білетін және де өзгені әділ бағалай  білетін болды. Енді топпен  едәуір жұмыс істеуге төселіп алған соң, уақытты да тиімді  пайдалана бастадық.  Әр тапсырма  нақтыланған уақытында аяқталып жатты. Оқушылар өзін –өзі реттеді, сыни  тұрғыдан ойлай алды. Оқушылардың сөйлеу манерасы, өзін - өзі ұстауы өзгерді.  Бірінші келгенде мен зерттеуіме  үш оқушыны алдым. Олар жақсы оқитын Ж. екпінді оқитын М. және нашар оқитын А. болды. Осы үшеуіне күнделікті зерттеу жұмысын жүргізіп отырдым. Бір ай көлемінде бойларында өзгеріс пайда болғанын байқадым. Ж мен М. менменшіл, тек өздерін ойлайтын, ешкімнен көмек сұрамай және көмек көрсетпейтін оқушылар еді, ал А. ағылшын тілінде мүлде сөйлей алмайтын, бір нәрсе айтпайтын, өзінің білімсіздігіне сеніп, мен мұны бәрібір түсінбеймін деген оймен, сабаққа қатыспай отыратын. Жағымды пікірлер өзіндік тиімділігін арттырса, жағымсыз пікірлер оны әлсірете түспек. (нұсқаулық 26 бет). Оларды әрдайым  мадақтау арқылы мақтау арқылы қолдау көрсетіп отырдым.  Соңында Ж. өзін көшбасшы ретінде танытты, әр топта өзі жеке оқушыларға тапсырма беріп отырып, қасындағы отырған жолдасына көмек беріп, топтың ойын тыңдап, өзі соңында қорытып отырды. Бұл кезде Ж.ның өзімшілдігі жоғалып, оқушылармен дұрыс қарым - қатынас құрды, олармен әңгіме айтып, жеке мәселелері бойынша да оймен бөлісіп, олардан көмек сұрай білді. Бұл өзгеріске оқушылар қатты қуанғаны, олардың жүзінен көрініп тұрды. М.та солай өзгеріске ұшырады. Ол тек өзіне сеніп басқаларға сенімсіздік білдіретін, тіпті маған да. Оның өзгергені Выготскийдің айтуы бойынша «Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі түрлі келбетте сахнаға екі мәрте шығады: біріншісі –әлеуметтік, содан соң –психологиялық әуелі шығармашылық санат ретінде адамдар арасында, содан кейін интрапсихикалық санат ретінде баланың жан дүниесінде көрініс табады»  дегендегі осы М.тың бойында табылды. Ал А.ға келетін болсақ ол баста сабаққа қатыспай отыратын еді, кейін келе оқушыларда қызығушылығы болар сабаққа деген, бірте - бірте Алтынайда сабақ барысында өз үлесін қосып отырды. Ағылшын тілінде жеткізе алмағанмен, неше түрлі идеялары бар екенін көрсетіп отырды. Тіпті оқушылар « А. сенің ойың қандай?», «бізге бір идея тасташы», «мына постерге сен  салшы»-деп айтқанда, А. құлшыныспен кірісіп кетті. «Олардың қолынан келген нәрсе менің де қолымнан келеді» деп шешті және сенді.

         Әріптестерім де тәжірибе алдында мені қолдағандар болды, кей мұғалімдер бұл бағдарлама бізге сай емес, өзіміздің дәстүрлі оқытуымыз жақсы деп айтқандар болды. Олармен де біраз жұмыс жасауға тура келді. Конференция кезінде маған 10-15 минут уақыт бөлуін сұрадым. Сол кезде әріптестеріме Кембридж бағдарламасы туралы,  бұл бағдарламадан күтетін  нәтижелер «оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін өзіндік  дәлел –уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (нұсқаулық 6 бет). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістеудегі негізгі тұлға –мұғалім (strong, lvard L Grant 2011) екенін айтып өттім.

         Әріптестермен түрлі тренингтер өткіздім. Осы кезде де әріптестерімнің біршама өзгергенің байқадым. Үйрену процесінің мақсаты ойшыл тұлға қалыптастыру болғандықтан, оның  мазмұнын рефлекциялық іс-әрекеттер құрауы керек екенін білдік (Асхат Әлімов оқу құралы).  Өзім  де осы бағдарлама бойынша оқушыларды оқытып, жаңа идеямен, әр сабаққа жаңалық енгізу арқылы жұмысымды тиімді қылып жасағым келеді. Асхат Әлімовтың айтуы бойынша «Ұстаздық негізгі қағидалары  мынандай болуы қажет «Жасасын қате!»,  «Тек ештене жасамайттын адам ғана қателеспейді», «Адам қателесу арқылы үйренеді! демекші жасаған қателерімді жойып әр оқушының бойынан конструктивизм, оптимизм, позитивизм секілді жағымды қасиеттерді дамытуға ұмтылғым келеді.

          Сабақта қолдану барысында тағы бір тиімді модульдердің бірі деп мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін айтар едім. Себебі аталған модульді сабақтарымда қолдану үшін түрлі әдістерді қолданып, тапсырмаларды орындатқанымда алдымен сол тапсырманы орындатсам оқушылар игере ала ма екен? деген сияқты сұрақтарға жауап іздей отырып өзімнің де сыни ойлана бастағанымды байқадым. Бұлай ойлау мен  үшін тиімді болды, себебі мен тапсырманы орындатып жатқанда сол тапсырманы таңдаған кезде кедергі болса былай әрекет етемін деген қосымша тапсырмаларды да жоспарлап жүретін болдым. Қосымша тапсырманы қалай қолдануды жоспарлай отырып өзімнің сыни ойлана бастағанымды түсіндім. Ал оқушылардың  сыни тұрғыда ойлана алуға қалыптасып жатқанын соңғы сабақтарымда  топтық тапсырмаларды орындату кезінде, постермен жұмыс жасатқанда және қорғау кездерінде, сұрақ қоюдың түрлерін  « ... Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі  болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ  берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі:  төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап («дұрыс» немесе  «дұрыс емес»деп) бағаланады....Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға  болады. Оқушының білім алуын  қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.

        Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.

         Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге , өз идеяларын дамытуға  көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?»  деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.

          Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы,  «Көмектесе алатындар бар ма?» (1, 41-бет)» қолданғанымда және оқушыларға сұрақ қойдырып жатқанда байқадым.

       «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі балалардың пәнге, ондағы тақырыптарға жете мән бере салмақты саралап,зерделеп және салыстыра отырып түсінуіне жол ашатынын сабақтарымда сыни ойлауға бағытталған тапсырмаларды орындатқанда көз жеткіздім. Жеті модуль ықпалдасқан сабақтарымда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты.

         Бағдарламада оқыған бағалаудың 4 түрін сабақтарыма енгізгенде бастапқыда оқыту үшін бағалауды қолдану үшін  өзім барлық оқушыны  бағалап отыруға тырыстым, сонда көп уақытымды  бағалауға бөлгенімді түсіндім. Бұл менің алғашқы сабағыма бағалауды қолданғандағы кедергім болған. Дегенмен бұл модульді ықпалдастыруда тәжірибемде өзгерістер болды. Критерийлер арқылы бағалауды ендіре отырып сабақ барысында бағалаудың оқыту үшін бағалау түрін қолданғанымда оқушылардың оқуға деген ынтасы артты. Себебі топтар бір-бірін өзара бағалап отырды.

         «Оқыту үшін бағалауды пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың алға қойған мақсатқа жетуі үшін таңдаған стратегияларының табыстылығын  ескере отырып, кері байланыс әдісімен өз білімін қадағалауға және бағалауға  көмектеседі. Оқушылар мұндай білім мен қабілеттерді алғанда, олар үшін  бұл әдеттегі философияға айналады, олардың оқу үлгерімі жоғарылайды.Егер мұғалімдер оқу үдерісін оқушылар бағдарламаның мазмұнын игеріп қана қоймай, оқуға деген өз қабілетін дамыта алатындай етіп әзірлей алса, бұл тиімдірек оқуға мүмкіндік береді» (1,36-бет)

           Қашықтықтан оқыту барысында мен үшін көбірек ізденісті қажет ететін модульдің бірі- бағалау болды. Өз сабақтарымда көбіне құрылымды бағалау түрін қолдандым. Бағдарламаның бірінші бетпе бет кезеңінде мен бағалаудың екі түрі: құрылымды және жиынтықты түрлері туралы түсіндім. Өз сабақтарымда құрылымды бағалау түрін жиі қолдана отырып, ол үшін көп жағдайда оқушыларымды сөйлетуге, олардың ойын тыңдап толық қорытынды жасауға тырыстым. Бағалау парақтарын,фишкаларды ,стикерлер арқылы 3 топты бағалап отырдым.

          ХХІ ғасыр білім заманы ақпараттың құрал көздері жаңа технологиялар , жаңашыл ұстаздың жан-жақты дамуына ықпалын тигізуде .Бұл күндері тәуелсіз еліміз әлемдік деңгейде өркениетті елдердің қатарына жету үшін білімді ұрпақтың болашағын бәсекелестікке қабілетті етіп қалыптастыру үшін жұмыстар атқарылып, білім саласында көптеген өзгерістер болып жатқаны қуантады. Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны  білім мен білігін дамытып отыратын, ізденімпаз да еңбекқор жеке тұлға болып қалыптасқан ұстаз ғана қалыптастыра алады.Кембридж бағдардамасы аясында оқығаннан ойға түйгенім ондағы айтылған жеті модуль бала тәрбиесіне оқу мен оқытуда оң өзгерістерге жетелейді.Бағдарламада оқытудың түрлі әдіс тәсілдерімен қоса сындарлы оқыту теориясы негіздері қамтылған. Үш айлық курстың «Қашықтықтан оқыту» кезеңінде  ондағы ұсынылған жеті модульді өз сабақтарымда қолдана отырып, оқушылардың бойында өз бетінше ізденуге қабілеттілігінің, ойлау қабілетінің, сөйлеу құзыреттілігінің  арта бастағанын, оқуға деген ынтасының оянғанын, әрбір тапсырмаға сыни көзбен қарауға бейімделгенін байқадым.

       Ал сабақтарыма модульдерді ықпалдастырғанымда өзімнен де оқушылар бойынан да өзгеріс байқадым. Интерактивті тақтадан таныстырылымдар дайындап, сол бойынша сабақтарымды өткенде оқушыларға әр сабақ соңында рефлексия жаздырып отырдым.  Сонда көптеген оқушымның жазғанын оқығанымда оларға сабақтың қызықты өткені және сабақта тапсырмаларды интерактивті тақтамен орындағаннан сабақты түсінгендігін жазған. Мұның өзінен мен «Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану»  модулін сабақта қолданып отырудың  тиімді екенін түсіндім.»

 Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану заманауи жаңалықтарды сабақтарда үнемі пайдалану үшін АКТ модулін пайдаланудың маңызы ерекше. Мен интерактивті жазу тақтасында түрлі бейнеролик, түрлі материалдарды көрсету үшін, оның таптырмас құрал екендігіне тәжірибе кезеңінде көз жеткіздім. Тек қана интерактивті тақта емес, одан басқа ноутбук, ғаламтор, бейнекамера, фотоаппарат қолданып отыру арқылы өзімнің де АКТ жайлы білімімнің артқанын сездім. Мұның бәрі оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырады және көбірек ақпарат алуына мүмкіндік берді.

          Сабақтың сапасын арттырып,жоғарғы жетістіктерге қол жеткізудің бір жолы - талантты және дарынды оқушыларды анықтап, олармен олардың қабілеттеріне қарай  жүйелі жұмыс істеу. Және де талантты дарынды оқушылармен жұмыс істегенде оларға оңайдан қиынға қарай бағыттап отыратын тапсырмалар беріп отырдым.

          Өз тәжірибем кезінде өзімнің үнемі шағармашылық ізденісте жүруімді, білімімді тоқтаусыз жетілдіріп отыруым қажеттілігін байқадым. Осыған байланысты алдағы уақытта жеті модульді сабақтарымда қолданғанда оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмаларды таңдай білуді үйрену арқылы өз пікірі қалыптасқан, сөйлеу мәдениеті дамыған,ойын жүйелеп жеткізе алатын бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу мен АКТ-ні пайдаланудың мүмкіндіктерін үйренуді алдағы уақытта өз жоспарыма енгізуді мақсат етемін.

  

 Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық

2. Ғаламтор

 

  

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама тақырыбы: Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі туралы рефлексивтік есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.12.2015 1310
    • DOCX 29.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Талдыбеков Жамбыл Абилгазимович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 4033
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 328 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Обществознание")

Учитель обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по обществознанию в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 911 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе