Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама тақырыбы: "Оқушының тілдік құзырлығын дамытуда этнопедагогиканың маңыздылығы"

Баяндама тақырыбы: "Оқушының тілдік құзырлығын дамытуда этнопедагогиканың маңыздылығы"

Скачать материал

 

№ 3 Смирнов орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

Оқушының тілдік құзырлығын дамытуда этнопедагогиканың маңыздылығы

 

 

 

 

 

Дайындаған: Исмакова Ғ.С.

Қазақстан үкіметі қабылдаған «Білім беру»заңының «білім жүйесі»  аталатын екінші бөлімінде Білім беру  жүйесінің басты міндеттері: «... халықтық дәстүрлерді қастерлеу. Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт- дәстүрін мен әдет –ғұрыптарын қадір тұтып игеру кепілді азамат болуы керек» делінген.

Былтыр біздің мектепте этнопедагогика курсы енгізілген болатын. Пән ретінде қарастыратын болғандықтан, оған тақырыптық- күнтізбелік жоспар құрылып аптасына бір рет өткізіліп отырылды.

Балаларға ең алдымен пәнді меңгертуде қиындық туындаған жоқ, себебі өз ұлттарының халық педагогикасын әрбір бала білетіні сөзсіз, тек оны жандандырып, халыќтыќ салт-дєст‰рдi, ±лттыќ µнердi дєрiптейтiн, ана тiлi мен дiнiн ќастерлейтiн, отанын, елiн, жерiн с‰йетiн жан-жаќты жетiлген, саналы, намысќой азамат етіп  тєрбиелеу  мақсататында бір жыл ішінде біршама нәтижелерге қол жеткіздім. Осы мақсатқа жетуде  мына міндеттерді алдыма қойдым.

          Сыныпта және сыныптан тыс уақыттарда этнопедагогика элементтерін барынша  қолдану

         ХАӘ үлгілерін өнеге тұту арқылы  танымдық сайыстар мен үйірмелер өткізу

         Патриоттық мәні бар іс- шараларды ұйымдастырып өткізу

         Діни және имандылық бағытта бейнебаяндар, әңгімелер, кездесулер өткізіп отыру

Этнопедагогика  пәні ғылым ретінде қалыптасқандықтан оның мынадай салалары бар:

 

Жалпы этнопедагогика деген халық педагогикасы. Халық педагогикасы педагогиканың өзегі болып табылады. Педагогика баланың тәрбиесі жайлы ілім, ғылым.  Халық педагогикасында  тәрбиенің біршама түрлерін атап кетуге болады.

1 .Халық педагогикасындағы ақыл –ой тәрбиесі 2. Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие. 3.Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі 4. Халық педагогикасындағы эстетикалық  тәрбиесі 5. Халық педагогикасындағы  дене тәрбиесі 6. Халық педагогикасындағы адамгершілік, имандылық тәрбиесі 7. Халық педагогикасындағы Ерлік тәрбиесі деген түрлерден  тұрады. Бұлар сыныпта және сыныптан тыс уақыттарда қолданылып отырады.  Этнопедагогика элементтерін барынша қолдану арқылы оқушы тілінің,  дүниетанымының, қабілетінің, ақыл –ойының дамуына  септігін тигізеді.   Баланың бойында  1. Қадір- қасиеті қалыптасқан ол деген  қырандай алғыр, сұңқардай өр, қасқырдай өжет, нардай төзімді болуы.  2. Қабілет- икемінің дамуы ( ел басқаратын, дау шешетін, жомарттық жасайтын) 3.  Зерде –зейінінің дамуы ( тылсым сырды ұға алатын) 4.  Өнер-өрісі кең,  қайрат – қаруы , жігер күші (аяқтан шалғанды жыға алатын)  5. Білімінің дамуы (биікке бастап шыға алатын) 6. Адалдығының дамуы  ( туған елі мен дос жаранына  адал болатын) 7. Әділеттілігі ( қара қылды қақ жаратын) 8. Шыншылдығы ( қаймықпастан тура айтатын)  азамат етіп тәрбиеленеді. (Слайд)

   Адам өмірінде  (отбасында, тұрмыста, балабақшада, мектепте, мектептен тыс уақыттарда,  жоғары оқу орындарында үлкен өмірге шыққан кезде)осы тәрбие жүзеге асырылып отырады. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап,  өсе келе анасының ақ сүтімен бойына дарыған   ана тілін ұғынып, үйрене бастайды. Отбасындағы салт –дәстүрлер, ата –әжелерінің  ертегілерін, аңыз- әңгімелерін, батырлар жырларын  естіп өседі. Балабақшада, мектепте әр түрлі ертегілерге, сахналық көріністер қойылады, баланың тілге, ертегіге деген қызығушылығы арта бастағаны осыдан байқауға болады. Мектепте неше түрлі сыныпта және сыныптан тыс уақыттарда халық ауыз әдебиетінің үлгілерімен танысу арқылы сайыстар, факультативтер, үйірмелер, драмалық көріністер,жас  ақындар арасында айтыс түрлері  өткізіледі.  Оқушы  қызығушылық таныту арқылы дүниетанымы кеңейеді, ақыл –өрісі дамиды, өмірге  деген сенімі артады, коммуникативтік, достық, жолдастық  қарым –қатынас  жүзеге асып отырады.

  Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында да  оқушының жазба тілінің сауаттылығымен қатар, ауызекі сөйлеу тіліне де баса назар аударып отырамын. Сабақ үстінде мақал –мәтелдерді өз орнымен пайдалана білу сабақтың сапасының жоғары деңгейде өтуіне оқушылардың ой –өрісінің дамуының, айтар ойын әдемі де әсерлі етіп жеткізуіне ықпал етеді. Мысалы, зат есім тақырыбын өткенде оқулықта берілген жаттығулармен шектелмей, үйге тапсырма бергенде әр оқушы зат есімі бар мақал –мәтелдерді жазып жаттап келуді тапсырамын. Келесі сабақта  оқушылар мақал –мәтелдерге талдау жасайды.  Бұл –баланың шығармашылыққа баулу жолы болып табылады. Мысалы: ана үшін аянба - ант ұрады, өнер алды қызыл тіл сол сияқты  басқа да сөз таптарын өткенде халық этнопедагогикасының озық үлгілерін қолданып оқушы тілінің дамуына септігін тигізу керек.

Мысалы, қазақ тілі сабағында етістіктің бұйрық райын түсіндіргенде тек оқулықтағы мысалдармен шектеліп қоймай, халқымыздың тиым сөздерін ұтымды пайдалануға болады. Тиым сөздерхалықтың тәлімтәрбие, үлгі - өнеге, ақылкеңес берудегі құралдардың бірі. Халықта: «Тыйымсыз елдің жастары дуана» - дейді. Тыйым, негізінен балаларға арналып, өзара жаман әдет, жат пиғылдан, ерсіқимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда өте маңызды қызмет атқарады. Мысалы: «Құстың ұясын бұзба», «Аққуды атпа», «Бұлақтың көзін бітеме», «Құмырсқаның илеуін бұзба», «Сабаққа кешікпе», «Үлкендердің сөзін бөлме» т.б. сөздер арқылы атабабаларымыз жас баланың санасына қоршаған орта, табиғатқа деген ізгі сезімдерді ұялатуды көздеген. Халықта «Тәрбие басытіл, өнер алды - тіл» - деп бекер айтпаса керек. Сөйтіп, сөз арқылы біз экологиялық тәрбие берумен бірге адамгершілік, жауапкершілік, отанға деген сүйіспеншілік сияқты ізгі қасиеттерге баулимыз.  Сан есімдерді түсіндіргенде халқымыздың жеті ата, жеті қазына, жеті жұрт, жеті шелпек, бес дұшпан, бес асыл іс сияқты қасиетті сандарға байланысты жаттығулар құрап, соларға байланысты шығармаларды еске түсіреміз. Мысалы: Ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқып берсе :  Адам болам десеңіз:  «Бес нәрсеге асық бол, Бес нәрседен қашық бол», – дей келе адам бойында кездесетін бес жаман қасиет: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ және бес жақсы қасиет: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым екендігі туралы әңгіме өткізу арқылы бала тәрбиесін этно тұрғыдан өткіземіз. Ал қазақ халқының салт- дәстүрлері тақырыбын өткенде тойларда, шілдехана, тұсау кесу, сүндет тойда берілетін бата түрлерінен алынған үзіінділерден балаға, жастарға айтылған нақыл сөздер мен тілектердің мағынасын түсіндіру арқылы қазақ отбасында ежелден бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгеніне назар аударған абзал.

Этнопедагогика элементтерін тек сабақ үстінде ғана пайдаланып қоймай, сабақтан тыс жүргізілетін білімділік – тәрбиелік жұмыстарға да енгізіп отырамыз. Патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында биыл  мектеп оқушылары облыстық «Алау» әскери- патриоттық сайыста І орын алып республикаға облысымыздың атын шығарып келді.  Сонымен қатар, “Менің қазақстандық полициям” атты облыстық шығармалар байқауында  Ашкенова Шырақ  ІІ орын алып тағы да өзінің патриот екенін дәлелдеп шықты.

 Жыл сайын өткізілетін «Наурыз» мерекесі, «Тілдер күні», «Республика күні» сияқты мерекелерге барлық ұстаздар мен оқушылар белсене қатысады.

Ақын- жазушылардың шығармашылығын насихаттауда мектепте оқушылар театры құрылған.

Абай, Мағжан, Махамбет  шығармашылығын  наихаттауда мектеп оқушылары назардан тыс қалған жоқ Тұрсынәлиева Ләззат Мәнерлеп оқу және көркем сөз оқу шеберлерінің  жеңімпазы. Аудандық  Мағжан оқулары Каримова Қалима 6-сынып  ІІ орын

Оқушылармен жүргізетін  сыныптағы тәрбие жұмыстарының негізінде мынандай мақсаттарға жетуді көздеп отырамын:

• Өз ұлтын сүйетін, ұлтжанды, отансүйгіштік, ерік- жігері мықты, жаны таза жеке тұлғаны қалыптастыру.
• Халқының құндылықтарын көз қарашығындай сақтап, өмірге пайдалана отырып, оны мүмкіндігінше қажетіне жарата білетін  азамат  тәрбиелеу.
• Үшінші, әдепті де парасатты, рухани бай, өресі жоғары, білімді, ел болашағын ойлайтын, аға ұрпақтың арналы ісін жалғастыратын тұлға қалыптастыру.

Осы үш арна тоғыса келе ұлтым дейтін ұрпақтың ұстанар ұранына айналар тұғыры биік  болары сөзсіз.

  Әр мұғалімнің алдына қойған  мақсаты – сабақ сапасын арттыру,  этнопедагогика элементерін қолдану арқылы  тілін дамыту, байыту, ана тілінің жанашыры болып туған тіліміздің мәртебесінің өсуіне өз үлестерін қосатын азаматтар тәрбиелеу,  қазіргі мәдениетті, жан –жақты білімді  жастарымыздың ақыл –ой көрінісі (әр сөзді өз орнына жұмсап, мағыналы сөйлей білуді) – заман талабы екенін ұмытпағанымыз жөн.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама тақырыбы: "Оқушының тілдік құзырлығын дамытуда этнопедагогиканың маңыздылығы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 619 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2016 1067
    • DOCX 62 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исмакова Галия Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исмакова Галия Сериковна
    Исмакова Галия Сериковна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 51670
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов