Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Баяндама. Тақырыбы: «Сәби мінезіндегі ауытқу және оны жою жолдары»

Баяндама. Тақырыбы: «Сәби мінезіндегі ауытқу және оны жою жолдары»


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Насипбаева Аяжан Еркінқызы

Тақырыбы: «Сәби мінезіндегі ауытқу және оны жою жолдары»


Мектеп жасына дейінгі балалар арасында тәрбиесі қиын, мінез-құлқы аумалы-төкпелі балалар да кездеседі. Олар өзге балаларға тиісіп, топтағы тәрбие талаптарына көнбейді. Ондай балалардың қимыл-қозғалысы шапшаң, көбінесе бірбеткей, қисық-қыңыр, жағымсыз мінез-құлықтарымен көзге түсіп, басқа балалардан ерекшеленіп тұрады. Олардың біразы темперамент ерекшеліктеріне қарай жүріп-тұруы баяу, ұстаған нәрселеріне ұқыпсыз, ойыншықтарын кез келген жерге тастап кетеді. Мұндай балалардың бойындағы жетімсіз қылықтары оның жатырдағы кезеңінде пайда болып, бала өмірінің алғашқы жылдарында айқын байқалады. Сондай кемшіліктердің негізгі себебін ғылым бала организмінің дамуындағы биологиялық және сыртқы жағдайлардың (әлеуметтік) қолайсыз әсер етуінің салдары деп түсіндіреді. Бала мінезіндегі кемістік болып саналатын есалаңдықты кейбір зерттеушілер тұқым қуалайтын аурудың көрінісі деп, ал екінші бір зерттеушілер іштен туған жан күйзелісіне ұшыраған аурудың нышаны, не баланың даму барысында сол ауру нышанының жандана түсуі деп дәлелдейді. Осы заманғы психология мен физиология, анатомия мен медицина ғылымдарының зерттеу нәтижелері бала мінезіндегі есалаңдық оның туған кезінде түрлі қолайсыз жағдайлардың теріс әсер етіп жарақаттануы немесе ұрықтың жатырдағы даму кезеңінде миға жұқпалы аурулардың миға әсер етіп, оның қалыпты дамуына тигізген зияны деген тұжырым жасайды. Баланың организмі мен жүйке жүйесінің қалыпты дамуына зиянды әсер ететін мерез, сүзек сияқты ұзақ мерзімге созылатын жұқпалы аурулар және ішкі секреция бездерінің әрқилы ауруларға шалдығу себептері екендігі ғылымда анықталған жәйттер. Бала организмінің кемістігі мен қалыпты дамуынан ауытқып, түрлі ауруларға ұшырауына себепші болатын әлеуметтік өмірдегі жағымсыз фактор – маскүнемдік. Әке-шешенің ішімдікке бой ұрып, онымен жиі әуестенуі психикасы мен жүйке жүйесінің дамуы жағынан жарымжан жандардың келуіне себепші болады. Жарық дүниеге жарымжан, есуас, рухани мүгедек болып келген сондай балалардың бірсыпырасы есалаң деп аталады. Есалаң балалар қатар құрбыларымен салыстырғанда жан жүйесі мен мінез-құлқы, ақыл-ойының дамуы, сана сезімі мен ерікті әрекеттерінің өрістеуі жағынан әлдеқайда кешеуілдеп қалғандығы айқын көрініп тұрады. Бір сөзбен айтқанда, ондай сәбидің ақыл-ойының даму деңгейі қалыпты дамыған құрбыларымен салыстырғанда шектеулі болады. Ақыл-ойы шектеулі балалардың жұмыс қабілеті де мардымсыз. Белгілі нәрсеге санасын шоғырландыра алмайтын зейінсіз, істеген істерінің байыбына барып, оларды тиянақтай алмайды. Түрлі қимыл-қозғалыстары мен жүріс-тұрысына, ұстап-тұтқан нәрселерінің бүлінгеніне жан ашырлық білдіріп, оларға жауапкершілікпен қарамайды. Бала бойындағы осындай жетімсіз мінез-қылығы мен психикасының дамуындағы кемшіліктердің негізгі себептерін жете түсініп, оларға мүмкіндігінше тиімді болатын тәлім-тәрбие шараларын қолданып отыру балабақша мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері мен әдіскерлеріне, ұстаздары мен меңгерушілеріне айрықша талаптар қойып, күрделі міндеттер жүктейді. Жүйке жүйесі мен ми қабығы ісініп, ауруға ұшыраған балалар өздерінің мінез-құлқындағы ұнамсыз қасиеттері мен теріс қылықтарын бағалай алмады. Әрбір нәрсеге жиі ашуланып, не болса соған реніш білдіреді. Ұстап-тұтқан заттары мен маңындағы құрбыларының іс-әрекеттеріне ден қойып, олардың мән-жайын ажырата алмайды. Бала мінезіндегі мұндай көріністер оның сезім күйі мен эмоциясын тұрақсыз, үстірт байқатады. Күшті әсер еткен нәрселерге күйініші мен сүйінішін айқын білдіре алмайды. Ондай балаларда күйзелу, өкпе-реніш, ар-намыс деген болмайды. Елірме, есалаң баланың дамуында үш жасынан бастап тұтығу, қорқақтық, тырнағын тістеу, дегбірсіз қимыл-қозғалыстар жасау, орынсыз дауыс көтеріп айқайлау, өзімшіл, өркөкірек, ашуланшақ, төбелескіш, өз құрбыларымен шүйіркелесіп ойнай алмайтын теріс қылықтары байқалады. Егер бала мінезіндегі осындай жағымсыз қылықтарын мектепке дейін тиісті шаралар қолдану арқылы жоя алмаса, онда кемшіліктері үдей түсіп, мектепке барғаннан кейін де оқу үлгерімі мен тәртібіне зиянын тигізеді. Ондай балалар мектептің тәртіп ережелеріне бағынбай, ұстаздарын тыңдамай, кейде сабағын да тастап, үйлеріне қашып кететін кездері болады. Сәби мінезіндегі өз міндетіне жауапсыз қарап, тиянақсыздығын көрсететін жағымсыз қылықтарының етек алып кетуіне себепші болады. Баланың есалаң болуы оның ойлауы мен есте сақтауын, қабылдауы мен түсінуін, сөйлеуі мен зейінін және басқа психикалық қасиеттерінің дамуын тежеп, ақыл-ойының тоқырап қалуына әкеп соғады. Оқу материалдарын меңгеруі мен сабақтарын үлгеруі нашарлайды. Әрбір іске жүрдім-бардым қарап, дүниетанымдылық өрісін тарылтады, өздігінен іс-әрекет жасауды қиын көріп, олардан тайсалғыш келеді, өзін еркін билей алмайды.

Мінез-құлқы қалыпты жағдайдан ауытқыған балаларға қойылатын талаптарды қалайда орындату үшін көзден таса қылмай, үнемі бақылап отыруды қажет етеді. Ондай балалардың болмашы нәрсеге булығып, ашуланып қалатынын ескеріп, қойылған талаптарды орындай алмаған жағдайда жаза қолданбай-ақ басқа бір іс-әрекетті орындауға бағдарлап отырған тиімді. Қатаң жазалау мен алдау баланы одан сайын өршелендіріп, жағымсыз әрекеттер жасауына себеп болады. Оларды шамасы жетерлік еңбекке баулу жүйке жүйесіне әсер етіп, еліріп қозуын бәсеңдетеді. Өрескел әрекеттер жасап, жағымсыз істермен әуестенуден сақтандырады. Кейбір балалардың бойында қояншық ауруы сияқты ұстамалы, талма қылықтары да кездеседі. Ондай балалардың жан дүниесінен мазасыз, ашуланшақ, күйіп-пісу мінез көріністері айқын байқалып тұрады. Ондай балалар әдетте берілген тапсырмаларды ұқыпты орындамайды. Өздері ұнатпраған нәрселерді есінде сақтағыш, ызақор болып келеді. Кекшіл әрі сараң, қиялшылдыққа бейім тұратын мінезіндегі ұнамсыз қасиеттері де болады. Оқу-тәрбие істерінде мұндай балалардың мінезіндегі ұнамды қасиеттеріне сүйене отырып, оның бойындағы жағымды мінез ерекшеліктерін дамытуға баса назар аудару қажет. Баланың өзімшілдік көзқарасын жою жолында теріс әрекеттері мен қияңқылықтарын түзету үшін оған өктемдік көрсетпей, өздері ұнатып істейтін іс-әрекеттермен шұғылдануларына қолайлы жағдай тудырып тәлім-тәрбие беруді қажет етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың мінезінде жүйке жүйесіндегі ұстамалы аурудың белгі-көріністері бар сырқатқа ұшырағандары да кездеседі. Ондай балалар әрбір кездейсоқ нәрселерге әсерленгіш, жаңа нәрселердің бәрінен қорқады. Енді біреулері бір орында тыпыршып отыра алмайды, бетінің бұлшық еттері жиі қозғалып, жыбырлай береді. Ондай балалардың ақыл-ойы қалыпты дамығанмен, өздерінің қимыл-қозғалысын қалыпқа түсіріп дамуы баяу болады. Соған орай бұл балалардың іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысы, жүріп-тұруы дөрекі және икемсіз болып көрінеді. Бойында аталмыш жетімсіздігі бар балалардың бәріне тән тағы бір ерекшелік – олар өздеріне - өздері сенімсіздікпен қарайды. Алайда олар өз құрбыларына бұйрық беріп, айтқандарын істеткенді ұнатады. Егер осы балалардың ұнамсыз қылықтарын өздеріне айтып, ескерту жасасаң, оларға жерге жата қалып, жер тепкілеп жылайды. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері мен ұстаздары қалыпты мөлшерден психикасы ауытқыған балалардың ерекшеліктерін жете біліп, өздерінің күнделікті тәлім-тәрбие жұмыстарында ондай жәйттермен үнемі санасып отыруы керек.

































Автор
Дата добавления 16.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров132
Номер материала ДВ-531970
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх