Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Баяндама тақырыбы: " Өскелең ұрпақты тәрбиелеудің әдістері"

Баяндама тақырыбы: " Өскелең ұрпақты тәрбиелеудің әдістері"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:


ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ


Сулейменова Молдир Болатбековна

«№ 3орта мектебі» Сәтбаев қаласы.

В этом статье рассматриваются вопросы обучение и воспитание путем использования инновационных методов.


Білімді болу дегеніміз-белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген сөз.

Әл-Фараби

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Бұл педогогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болды.[1]

Қазіргі заман талабына орай ұрпақтарымызда парасатты да, білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда білім берудің түрлері мен әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыруымыз керек. Үйреншікті әдіс – тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін - өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпал етеді.

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтама берген.Мысалы,Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді:« Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».Маилс « Инновация – арнайы жаңа өзгеріс.Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын,шешімдерін күтеміз»,- дейді.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады.Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педогогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. « Масырова Р. Линчевская Т. – «Жаңару» дегенімізді былай түсіндіреді: « Жаңару» - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданылған уақытымен анықталатын жаңа идея.[6]

Инновациялық технологияны іске асыру үшін мектептегі компьютерлер санын көбейту, оны түгелдей интернет жүйесіне қосу, әдістемелік жұмыстарға жаңаша бағыт беру , әрбір мұғалімнің шығармашылық мүмкіндігін ашу керек. Инновациялық технологияны пайдалану арқылы педогогикалық әрекетте үздік тәжірибелерді таратып, дарынды балаларды анықтайды.[5]

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында: « Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоты болады» дегеніндей, жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары.Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Ғылыми әдебиеттерде инновацияны үш түрге бөледі.

1. Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу.

2. Комбинаторлық инновация –бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру.

3. Радикалдық инновация –білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл - ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңарту әрбір оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру жаңа инновациялық технологияны ендіруді міндеттейді.[4]

Уақыт алға жылжыған сайын мұғалімдерге қойылатын талаптар да жоғары деңгейге көтеріліп келеді. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс істейді.Сол жас бүгінгі күннің жаңалығынан қалмай ізденісте болуы үшін заман талабына лайық жаңа білім, жаңа тәрбие керек. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ. Өз кәсібін қадірлеген ұғана педогогтік мәртебесін биік ұстай алады. Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар әр оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.Сонымен бірге оның ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедогогика, этнопсихология негіздерін меңгерген және әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелеу алатын ұста болуы – бүгінгі заман талабы. Мектебімізде осы тұрғыда атқарылатын жұмыстардың негізі қаланған. Мектеп жұмысында инновациялық процесті жобалау және бағдарлы білім берудегі мақсатымыз – шығармашылық ізденістегі ұстаздар қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын тәрбиелеу.

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер қажет. Мұғалімнің басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып, сабақ түрлері әдістерді қолданып, әр уақытта ізденісте болуына ерекше мән берудемін. Мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, ізденіп отырамын. Сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнына, мақсатына, жүру барысына қарай интерактивті сабақтар, интеллектуалды ойын сабақтар, панорамалық, ертегі сабақтар өткізіп келемін. Оқытудың сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығуы, өз бетінше жұмыс істеу ынтасы, шығармашылық зерттеушілік әрекеттері артады.Демек, әрбір жаңашыл педогог оқу үрдісінде түрлі инновациялық және интерактивтік әдістемесін пайдалана білсе, сабақ сапалы жақсара түсетіні сөзсіз.[3]

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға пайдаланатын ақпараттық коммуникалдық технологиялардың түрлерін пайдалана білу, Олар: электронды оқулықтар, бейне таспалар, компьютерлік ойындар, үнтаспалар, компьютер.

Мұғалім – мектептің айнасы. Мұғалімдеріміз өздерінің алдында үлкен міндеттер тұрғанын жауапкершілікпен сезінеді және өздерінің басты міндеті – оқу мен тәрбие процесінде қазіргі талапқа сай жоғары дәрежеге жету жолында ізденіспен еңбек етуде. Осы орайда біздің де мектебімізде озық тәжірибені оқып, үйретіп, жинақтап тарату жұмыстары дұрыс жолға қойылған. Білім берудің жаңару жағдайында педогогикалық әрекетте инновациялық технологияны пайдалануда мұғалімдердің арасында да түрлі жұмыстар жүргізілуде. Мектептегі жас мұғалімдердің бейімделуін жетілдіру мақсатында тәжірибелі, озық мұғалімдерден құрылған тәлімгер ұстаздар жұмыс істейді. Олар өз білгендерін жас мамандарға үйретеді, көрсетеді.[2]

Мұғалімдердің педогогтік шеберлігі мен инновациялық қолдану біліктілігін, талантын шыңдаудың бір жолы – әр түрлі сайыстар өткізу. Мектептегі қызмет етіп жүрген мұғалімдердің кәсіби деңгейінің көтерілуіне, оның жаңа ұстанымға сай болуына, шығармашылық жұмыс істеуіне, бүгінгі білім беру ісіндегі инновациялық процеске тікелей араласуына, бағдарлы білім беруде нәтижеге жетулеріне жағдай жасау – басқарушының міндетінде.

« Мектебіміздің тірегі де, тілеуі де - оқыта білетін мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше. Жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру мүмкін емес. Инновациялық әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілетін, белсенділігін қалыптастыру, оқу материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.[1]

Қорыта келгенде айтарымыз, қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару жолында оқыту мен тәрбиелеудің осы технологияларын сабақта жиі қолдансақ оң нәтиже береді деп ойлаймыз.












Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Әдіскер ұстаз ,№ 1 ,2015ж.


2.Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы, №4 ,2014ж.


3.Қазақстан бастауыш мектебі, №2, 2014ж.


4. Қазақстан тарихы ,№ 5, 2013ж.


5.Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы, №7 2013ж.


6. Қазақстан мектебі ,№4, 2008





Автор
Дата добавления 21.12.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров225
Номер материала ДВ-276168
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх