Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Баяндама Тақырыбы: Тартымды сабақ табысты сабақ

Баяндама Тақырыбы: Тартымды сабақ табысты сабақ


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Тартымды сабақ табысты сабақ



Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық ізденістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, Өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады. Шығармашылық - негізгі білім болғандықтан, оқушының білім деңгейіне сүйене отырып олармен дайындық жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет. Білімге деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бақылап отыру қажет.

I. Оқушылардың өз бетінше ойлай білу есеп шығару мен оның сан қилы жолын іздестіру, олардың шығармашылық қабілетінің дамуының бір әдісі. Оқушының өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру басты мақсат.

II.Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты — оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап,тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.

III.Ал қызығушылық туғызудың тәсілдері өте көп. Олар:сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойындар, математикалық сайыстар, эстафеталар, жарыстар, олимпиадалар, тіпті жақсы дайындықпен өткізген күнделікті сабақтар. Дұрыс ұйымдастырылған сабақ оқушының ой-өрісін кеңейтеді,өзіне деген сенімін күшейтеді.

Жас ұрпаққа жан-жақты бiлiм, тәлiмдi тәрбие беру–әрбiр мұғалiмнiң басты мiндетi. Оқушылардың математика пәнiне ынтасын арттырып, сабақты қызықты және мазмұнды етiп өткiзу мақсатында оқыту үрдiсiнде әр түрлi әдiстердi пайдаланған тиiмдi. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабiлетiн дамытып, оларды еңбектенуге, iзденуге баулитын сабақ элементтерiнiң бiрi - ойындар.

Ойын оқушылардың сабаққа қызығуын, белсендiлiгiн арттырып, ойлау қабiлетiн дамытуға, ұжымшылдыққа тәрбиелейдi, тапқырлыққа, алғырлыққа, жылдамдыққа баулиды. Дұрыс таңдап алынған ойын баланың қиялын, сана-сезiмiн өсiрiп, сөздiк қорын молайтып, өз бетiмен еңбектенуге дағдыландырады. Ойын үстiнде оқушы оқиды, үйренедi, iзденедi, iскерлiк пен түрлi дағдыны меңгередi. Жаңа материалдарды меңгерiп, бекiтуге қорытындылауға үйретедi.

Оқушыларды белсендiлiкке шақырады, түрлi дағды мен шеберлiктi меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзiмдiлiкке баулиды. Олардың саналылық, көрнекiлiк, жүйелiлiк, берiктiк, логикалық ойлау қабiлетiн жетiлдiру үшiн қажет. Сабаққа деген ынта-ықыласын оятып, белсендiлiгiн арттырып отырады.



Ойын сабақтарға қойылатын талаптар:

1. Ойынға берiлген уақыт мөлшерi оқушыны жалықтырмайтындай болуы керек.

2. Ең бастысы ойын түрлерi тақырып аясынан ауытқымай оның мазмұнын ашуы қатаң ескерiледi.

3. Ойынға қажеттi материалдар алдын-ала дайындалу қажет.

4. Ойынның түрлерiн таңдап алу, мысалы ,ойын мақал- мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш түрiнде болуы мүмкiн.

5. Ойынның өту жоспарын жасау. Ойынның ойналу түрлерi.

а/ топ болып ойнау

ә/ екеуара , үшеу болып ойнау

б/ кiшiрек топ құрып ойнау

в/ 2 топқа немесе 3 топқа бөлiнiп ойнау.









































1. «Қызықты математикалық» интеллектуалдық шоу.



Мақсаты: математиканы окып білу барысында оқушыларды

табандылыққа, жүйелікпен ой қорыту, мақсатқа

ұмтылушылыққа үйрету.

Көрнекіліктер: кадоскоп, магнитофон, бейнетаспа, кеспелер,

суреттер, қанатты сөздер.



Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Шоу бағдарламасымеи таныстыру.

1. Бәйге.

2. Полиглот.

  1. Математикалық тапқырлық.

  2. Тамаша алтылық.



Енді ойынымызға қатысушыларымызды сұрақ - жауап арқылы анықтап алсақ.

  1. Бір жанұяның 5 ер баласы жэне олардың эр қайсысының бір

қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (жауабы: 6)

  1. Тауық 1 аягымен турғанда 5 кг, екі аяғымен тұрса, неше кг болар еді?

(жауабы: 5 кг)

  1. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады, әрбір адам неше сағаттан шахмат

ойнады? (жауабы: 4 сағ)

  1. 1 т макта ауыр ма, 10 цтемір ауыр ма?

  2. ¥шакпен екі қаланың ортасын 1 саг 20 мин ұшты, ал қайтарда осы

аралықты 80 мин ұшты. Бұл қалай? (жауабы: Ісағ-бОмин,

1сағ20мин-80 мин)

  1. Көбейтіндісі де, қосындысы да бірдей үш санды ата?

Жүргізуші:

Талай жырлап, сан ғасырлар дастанын, Кең даламнан естіледі асқақ

күн. Талай талант, сенде шыңдалып, сенде өсті,

Талай гылым сеннен алды бастауын.

Пән мұгалімі сөз сөйлейді.

Жургізуші:

Ассалаумағалейкум сөздің басы, Сіздерге бұл сөзіміз эділ қазы. Сайысқа оқушылар келіп отыр, Жөн көрдік өздеріңіз саралауды.

Әділ қазылар алцасымен таныстыру

Жүргізуші:

Біріміз күн, біріміз ай болайық, Сайыстың атына біз сай болайық. Іске сэт көпшілік бата берсе, Сайыс жағын енді біз қолға алайық.

Ойын барысы:

1 кезең «Бәйге»

Әр сұрақ 10 ұпаймен есептеледі.

  1. Арбаның дөңгелегінің 10 шабағы бар, олардың аралыктары нешеге тең? (10-ға тең)

  2. Бір стаканға - толық қанша жүгері сияды? (1 стакан)

  3. 60 парақтық кітаптың қалындығы 1 см. Сондай 240 бет кітаптың калындығы неше см болады? (2 см)

  4. Бір орынды санға тағы сондай санды тіркеп жазғанда, сан неше есеге көбейеді? (11 есе)

  5. Ерланның торында 5 торгай бар еді. Бес торғайын 5 досына таратқаннан кейін торда 1 торғай қалған екен? Түсіндір. (1 торғай)

  6. 50-ді 1/2 -ге бөліп 5-ті косыңдар, нәтижесі қанша шығады? (105)

Жүргізуші: Әділ қазылар бағалағанша музыкалық үзіліс.

Күй «Көңілашар»



2 кезең «Полиглот»

  • Шектелген түзу? (кесінді)

  • Бір ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

  • Миллионда неше ноль бар? (6)

  • Тік бұрыштың шамасы? (900)

  • Сызықтық функцияның графигі? (түзу)

  • Бұрышты өлшейтін қүрал? (транспортир)

  • Жүзден бір бөлік не деп аталады? (процент)

3 кезең «Математикалык тапқырлық»

Бірдей кеспелер таратылады. Кім тез, дұрыс жауап жазады, сол 10 ұпайга ие болады.

4 кезең «Тамаша алтылық»

Бейнетаспадағы сұрақтарга жауап

1. «Геометрия» қай елдің, не деген сөзі?

а) Гректік «жер өлшеу» деген сөзі

э) Арабтық («фигура өлшеу» деген сөзі

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу

керек.

а) Г. Галилей
э) Әл-Фараби

б) М.В. Ломоносов

3. Күштің өлшем бірлігі.

а) Джоуль
ә) Ныотон

б) Кг

III. Қорытынды. Жеңімпаздар анықталып, марапатталынады.

«Дос болайық әріміз!» әнімен аякталады.



2.« Көбейту»,»Бөлу» тақырыбына «Алгоритм» ойыны



Ойынның мақсаты: Деңгейлік тапсырмалар арқылы білім, іскерлік дағдыларын дамыту.

Құрал-жабдығы: Тапсырмалар жазылған үлестірмелер, жауап үлгілері, бағалау парақтары.

  1. Ұйымдастыру.

  2. Мақсат, міндетін анықтау.

  3. «Алгоритм» ойыны.

Ойынның шарты:Сынып 4 оқушыдан жеке топтарға бөлінеді. Бұл ойында тапсырмалар жазбаша формада орындалады.

1-турда әрбір ойыншы өз дэптерлеріне аты-жөндерін жазып, бірінші тапсырманы орындайды. Берілетін тапсырма жеңілдетілген формада яғни, III деңгейдің тапсырмасы болуы тиіс. Тапсырманы орындап болған соң дэптерлерін сағат тілімен бір қадам алмастырады (1-ші ойыншының дзптері 2-ші ойыншыға, 2-ші ойыншының дэптері 3-ші ойыншыға, 3-ші ойыншының дэптері 4-ші ойыншыға, 4-ші ойыншының дэптері 1-ші ойыншыға, ауыстырылып беріледі).

2-турда алдыларына ауысып келген дэптерге тағы да аты- жөндерін жазып, екінші стандарт деңгейдегі тапсырманы (II-деңгей) орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, бірінші турдағыдай сағаттілімен ауыстырады.

3-турда алдыларына ауысып келген дэптерге тағы да аты- жөндерін жазып, үшінші стандарттан жоғарғы деңгейдегі тапсырманы (І-деңгей) орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, бірінші турдағыдай сағат тілімен ауыстырады.

4-турда оқушылар мұғалімнің берген жауап эталоны бойынша алдыларындағы орындалған 3 тапсырманы жеке-жеке тексеріп, эрқайсысын «5» баллдық жүйеде бағалайды.

5-турда тапсырманы тексеріп болған соң, дэптерлерін бірінші турдағыдай сағат тілімен ауыстырады. Осы турда оқушылардың өз дәптерлері алдыларына келеді. Олар дәптерлеріне тапсырмалардың қалай орындалғандығын, бағалануын қарап шығады.Егерде қойылған бағаларға келіспесе, онда берілген жауап эталонына сүйене отырып және мұғаліммен келісе отырып бағаны түзетуге мүмкіндіктері болады. Соңынан бағалары бағалау парақтарына түсіріледі.



Ойынның тапсырмасы:

3-ші деңгейдің тапсырмасы.

1. Көбейтуді орындандар:

5- (-2)= 18 - (- 3) =

-7- (-3) = -9- (-1і) =

-12- (-4)= 6- (-7) =

2. Бөлуді орындаңдар:
35: (-7)= - 4: (-4) =

-80: (-1б) = -2 : (-6) =

7: (-14) = - 5: (-20)=



2-ші деңгейдің тапсырмасы.

1. Тиімді тэсілмен есептеңдер:

(-8) · ( - ) · (-5) =

(-0,25) ·(-7) · (- 4) =

( - ) · (-10) · (- ) =

2. Есептеңдер:

а) ( 6-15) : (7- 2,5) =

ә) ( 2,8 - 6) : ( 1-1,8) =

1-ші деңгейдің тапсырмасы.

1. Теңдеуді шешіңдер:
а) (-7) - (х + 1,4)_0

ә) -5,1 - (2х + 7) = 0

2. Бөлшектерді тиімді тәсілмен



Жауап үлгілері:

3-ші деңгейдің жауаптары.

1. Көбейтуді орындаңдар:


5 · (-2) = -10

18-(-3) =

-54

7-(-3) = 21

-9- (-11)

= 99

12-(-4) = 48

6.(-7) =

-42

2. Бөлуді орыңдаңдар:



35: (-7) = 5

4: ( -4) = 1




80: (-1б) = 5

2: (- б) =


7: (-14) = 0,5

-5:(-20) =

0,25



2-ші деңгейдің жауаптары.

1. Тиімді тәсілмен есептеңдер:

(- 8 ) • (-)• ( - 5 ) = - 10

(-0,25)-(-7) • (-4) = - 7

2. Есептеңдер:

а) (б -15): (7 - 2,5) = -9: 4,5 = - 2

ә ) (2,8 - 6): (1 -1,8) = -3,2: (- 0,8) = 4



1-ші деңгейдің жауаптары



1. Теңдеуді шешіңдер:

а) (-7).(- + 1,4) = 0

х +1,4 = 0

х= -1,4

ә) -5,1-(2х +7)=0

2х + 7 = 0

х = -3,5

2. Бөлшектерді тиімді тәсілмен есептеңдер:







IV. Қорытынды.

V. Үйге тапсырма: §16, §17 оқу.
Ережелерді жаттау. № 522, № 551 шығару



Мұнайлы ауданы

9 орта мектебінің

математика пәні мұғалімі

Бегленбетова Ботакөз Қайнарбайқызы.




Автор
Дата добавления 05.05.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров52
Номер материала ДБ-067724
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх