Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама тақырыбы: "Тыңдаушылардың ауызекі сөйлеу қорын дамыту"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Баяндама тақырыбы: "Тыңдаушылардың ауызекі сөйлеу қорын дамыту"

библиотека
материалов

Тыңдаушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты» делінген. Қазақстандықтардың білімі оның мемлекеттік тілі қазақ тілінің тағдырымен тығыз байланысты. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тіл ретінде оқытудың барысын жан-жақты қарастыру әрбір мұғалімнің міндеті деуге болады. 

Тіл адамдардың қарым - қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір - бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда еліміз өз егемендігін алғаннан бері дербес мемлекет ретінде танылды. Білім - адамзат қазынасы, халықтың білімділігі - елдің байлығының ең маңызды бөлігі. Тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде білім арқылы ең озық мәдениет пен дүние таным қалыптасады
Тілді тек тілдік бірліктер мен олардың өзара байланысының қатаң құрылымды жүйесі деп түсінуге болмайды, тіл ең алдымен қатысым құралы болып табылады.

Тілдің қарым - қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. Қоғам талабына сай тілді оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды.
  

«Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі»
М.Балақаев.
Тіл үйренуде ең басты міндет-тыңдаушылардың сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамытудың шарттары:
1.Сөздік қорын дамыту
2.Сөйлеудің грамматикалық жағын ескере отырып қалыптастыру
3.Ауызекі сөйлеу тілін дамыту
4.Әңгімелеуге үйрету


Неміс педагогі Адольф Дистерверг:

«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы Ұстаз оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»–деген.

Коммуникативтік оқыту әдісінің негізгі мақсаты - тіл үйренушілерді бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу.

Коммуникативтік тапсырмалардың мақсаты:
   - қатысымдық – тілдік қатынасқа түсуге қажеттілік, қызығушылық тудыру;
   - білімділік – ауызша тілдесім әрекетіне жаттықтыру арқылы фонетика-грамматикалық дағдылар қалыптастыру;
   - тәрбиелік - саналы тәртіп, еңбексүйгіштік, белсенділікті дамыту, өзара көмек беруге тәрбиелеу;
   - бағдарлық – тіл үйренушінің сөйлесім әрекетін, қатысымдық ниетін жоспарлай білуді дамыту;
  - бағалаушылық - әрбір тіл үйренушінің өзінің және басқалардың сөйлесім әрекетін бақылап, бағалауы арқылы өз-өзіне есеп беруін, рефлексиялық қабілетін дамыту.


Коммуникативтік бағдарлы оқу әрекетінің маңызды құрылымдық элементтерінің бірі – қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушілердің орындайтын дәстүрлі тілдік, грамматикалық тапсырмаларындай емес, қатысымдық дағдыларды қалыптастыруға бағытталып, сөйлеу әрекетінің барлық түрін дамытуға негізделе жүргізіледі


   Қатысымдық ойындар аудиторияда жағымды көңіл-күй тудырып, жайлы тілдік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал жасайды.

«Әрбір нақтылы сөйлеу жағдаятын ойнау арқылы талдап отырудың негізінде ұжым ішіндегі қарым-қатынас мәселелерін басқарудың әдісі мен стилін жетілдіру, мінез-құлқы қабілетін дамыту жатыр».
Қатысымдық тапсырма барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:
   - Тіл үйренушілер өз ойы мен сезімін өзара қарым-қатынас үдерісінде еркін білдіруге мүмкіндік алады
   - Топтық қарым-қатынастың әрбір қатысушысы басқалардың ерекше назарында қалады;
   - Тыңдаушылар көрсетілген белгілерге сәйкес мүмкіндігінше тезірек қалыптасып бейімделуге тырысады;
   - Әрбір тыңдаушы өзінің белгілі бір рөліне ие болып, әңгімедегі өзіне сәйкес орынға ие болуға тырысады;
   - Тыңдаушылар бір-біріне жақын келеді және міндетті күлкімен сөз қағысулар алмасады;

   1. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрап жаттығуы
   1.1.Сын есімдерді пайдаланып, қатар отырған екі көрші бір-біріңізді  сипаттаңыздар
Сипаттайтын ерекшеліктер: Түрі, бет-әлпеті, бойы, шашы, көзі, киімі, өнері, мінезі, қызметі, білімі, қасиеттері, артықшылығы т.б. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау жаттығуы.
   Төмендегі одағай сөздерді пайдаланып, мәтін құра. Сипаттайтын ерекшеліктері: эмоциялық жақтарын көрсету.


  1. «Бір сөзбен айт» сайысы:

Әр топқа 6 парақ қағаз беріледі. Парақтарда байланыс құралдары, мамандықтар, жемістер,үй жануарлары, азық-түліктер, дене мүшелері, көкөністер,түстер, аңдар, киімдер, отбасы мүшелері деген сөздер жазылған. Оқушы қолына тиген парақтағы сөзді оқып, сол сөзге қатысты бірнеше сөз айту керек. Мысалы: парақтағы сөзде оқу құралдары деп жазылған, тыңдаушы дауыстап оқымай, біраз ойланып кітап,қалам,өшіргіш, қарындаш, сызғыш дейді.

I -топ
ұялы телефон, факс, электронды пошта, интернет байланыс құралдары
телефония және радио технигі, телефон байланысының электрмеханигі, байланысшымамандықтар

көп ұлтты , егеменді , тәуелсізҚазақстан
II-топ
«ID TV Business» , «ID TV Business Personal», «ID TV Business Hall», «ID TV Business Small» ID TV қызметі
Megaline START, Megaline TURBO, Megaline HIT, Megaline LIGHT –
Мегалайн қызметінің тарифтік жоспары

2- тапсырма: «Біздің танысымыз» тақырыбын өткен кезде, жіктік жалғау грамматикалық тақырыппен байланыстырып.  

«Бұл кім?» ойынын өттік    

Мақсаты: өтілген грамматикалық, лексикалық тақырыпты пайдаланып, ұжым мүшесіне дұрыс мінездеме беру, жаңа сөздік қорын байыту. Әр топ берілген мінездемені түсініп, ұжым мүшесінің бейнесін табу.
Тапсырма: Әр топ мүшелерінің ішінен 1 адамды алып, жұмыс орнының, лауазымдық міндеттерін суреттеп беріңдер. Ал әр топ сол адам кім екенін анықтап, мәтінді толықтыру керек.

«Қазақтелеком» АҚ Қостанай облыстық телекоммуникация дирекциясының Таран аудандық телекоммуникация торабында бас инженер.

Оның «Қазақтелеком»АҚ еңбек өтілі 15 жыл, аталған лауазымда 10 жылды құрайды. Ол күнделікті, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарын жасайды. Жоспардың орындалуын ұйымдастырады. Бақылау жұмыстарын жүргізеді. Орталық аппараттан, облыстық телекоммуникация дирекциясынан келген тапсырмалардың дер кезінде орындалуын қадағалайды. Абоненттерден түскен өтініштер мен шағымдарды қарайды. Оларды комиссия мүшелерімен талдайды.

Нәтиже: Естігенін түсіну, еске сақтау, өтілген тақырыпты пайдалана отырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білулері басты нәтиже болып табылады

   3. Лабиринт (кесте бойынша мәтін құра) 
   Тапсырма: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс пайдалана отырып,  кестедегі сөздермен шағын ауызша мәтін құра.
  
Мақсаты: Сөздердің мағынасын бірден түсінуге дағдыландыру, сөйлемдегі орын тәртібін тәжірибиеде дұрыс қолдана білуге үйрету.
  
Өтілген материалдар: зат есім, сын есім. сан есім, етістік, үстеу, т.б.
  
Нәтиже: Тыңдаушы сөз мағынасын ұғынып, сөйлемді дұрыс құрайды. Шағын мәтінді әңгімелеп береді.

«Менің әріптесім» тақырыбына әңгіме құрастырыңыз. Бұл тапсырманы орындатар алдында үй тапсырмасы ретінде бос кестені толтырып келу тапсырмасы беріледі. Ал келесі сабақта, өткен сабақты өткен тақырыпты қайталау барысында кесте бойынша тыңдаушыларымызды сөйлеу әрекетіне тартамыз.

















Отбасы туралы

мәлімет

Мамандығы

Лауазымдық міндеттері

Жандос

Алматы

қаласы

28

үйленген, қызы

бар

инженер

инженер

Үміт

Талдықорған

облысы

22

тұрмыс

құрмаған

байланыс операторы

дизайнер

Дана

Қарағанды

қаласы

45

тұрмыста, үш

баласы бар

аудармашы

аудармашы

Есімі

Туған жері

Жасы

Отбасы туралы

мәлімет

Мамандығы

Лауазымдық міндеттері
































  3. Суреттегі адамдар туралы айтыңыз. Үлгі: Бұл-Иван. Ұлты-орыс.

Иванның бойы ұзын, көзі көк, шашы бұйра т.б.

hello_html_m325bc65e.gif hello_html_28e09573.jpg hello_html_m3aa17c7b.jpg hello_html_3836a203.jpghello_html_m42e53dbe.jpg  3.3. «Қайталау- білім анасы»- демекші, өткен материалдарды жүйелеп, негізгі ақпаратты есте сақтау мақсатында, төменде берілген ақпараттарды салыстыра отырып, өз пікіріңізді білдіріңіз:

ID TV қызметі


Қызмет түріне қосылу үшін не қажет?




Қызмет түрін пайдаланудың тиімді жақтары




Артықшылығы




Қызмет түрін қосу үшін




Айырмашылығы




Жобаларды АҚ бюджетінен қаржыландыру




    4. Диалогтарды толықтыру жаттығуы
   4.1. «Сұхбат»
   Сіздердің тілдерді оқыту орталығыңызға «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының журналисті келді. Ол тыңдаушылардан сұхбат алуда. Осы сұхбатты толықтырыңыз.
   - Кешiрiңiз, бiлуге бола ма, нешінші
деңгей тілді үйрену курсында оқисыз?
   -  ..............................................................................................................
   -
Сізге сабақтар ұнай ма?
   - ...............................................................................................................
   - Ұлтыңыз кім?
   - ...............................................................................................................
   - Осы
тілді үйрену курсын не үшін таңдадыңыз?
   - ...............................................................................................................
   - Болашаққа деген жоспарыңыз
қандай?
   - ...............................................................................................................
   - Өз еліңіздің өркендеуіне қандай үлес қостыңыз және қоспақсыз?
   - ...............................................................................................................
   - Сұхбатқа қатысқаныңыз үшін рахмет!
   - ...............................................................................................................
Сөздік қордың жүйелі болуы тақырыптың дұрыс таңдалуымен тікелей байланысты. Тақырып аясына тиісті сөздерді топтау басқа ұлт өкілдерінің қазақ тіліндегі сөздік қорын арттырып, бір- бірімен осы тілде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. 
Сабақты тиімді де құнды әдістермен өткізу және оны жүйелі де жоспарлы жүргізу сабақ элементтерінің толық қатысуына мүмкіндік береді. 
Қорыта келгенде тіліміздің мәртебесі – еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу біздің мақсатымыз. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, орыс тілді ортада тыңдаушылардың қазақша сөйлеу дағдылары қалыптасып, пәнге деген қызығушылықтары артады.







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-099605

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"