Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама тақырыбы: "Тыйым сөдер сипаттамасы"

Баяндама тақырыбы: "Тыйым сөдер сипаттамасы"

Скачать материал

Тыйым сөздер сипаттамасы

Түсіндірме. Қазақ халқының сан алуан салт- дәстүрлерінің ең бір сүбелі де құнарлы саласына «олай етпе, былай етпе!», «оны істеуге болмайды, мұны істеуге болмайды!» ересектердің жасы кішіге, ата-ананың бала-шағасына айтатын, ескертетін, тіпті талап ететін әдеті жатады. Адамтану ғылымында бұл дәстүрді «тыйым салу», «тыйым сөздер» деп атап, оларды тәрбие тәлім беру, жаман әдет, жат қылықтан сақтандыру дәстүрінің негізгі бір арнасы, ұлттық педагогиканың ұйытқысы халық тәлімгерінің бір арнасы деп бағалайды.

Тілімізде мұндай «тыйым салу ырымдары» тақырып жағынан да, сан жағынан да өте көп және олардың көбісі жұртшылыққа кеңінен таныс, бірақ елдің бәрі бірдей «тыйым салынудың» себеп-салдарын біле бермейді. Ондай жағдайда, әдетте, тыйым салушы үлкендер «жаман болады» деген жалпы сөзбен «құпия-сыр» қылып, жұмбақ түрінде қалдырады. Ал шынында кейбір тыйым салудың себеп-салдары халық жадында әлі де сақталған.

Олай болса, жиі айтылатын тыйым сөздердің кейбіреуіне тоқталып өтейін.

Адамға тесіліп қарама! <Қазақ салтында адамға тесіле қарау да көргенсіздік, әдепсіздік. Мұндайда «неге тесіліп қарайсың, менде бір өшің бар ма еді?» деп тыйым салады.>

Адамды айналуға болмайды! Себебі қазақ ұғымында «адамды айналу» -оның бойындағы барлық ауру-пәлекетті өзіне қабылдау деген сөз, «сол адамның басындағы барлық ауыртпалықты көтеріп өзін соның жолына құрбан ету» дегеннің нышаны.

Балаға асықтың етін мүжітпейді! Себебі «асық етін мүжу жоқтықтың, кедейліктің нышаны»деп ырымдайды. «алты жыл аш болсаң да, асық етін мүжіме» деген мақал осыдан шыққан.

Балаға жіліктің майын жеуге болмайды! «бұл әке- шешесіне қайырымсыз болады» деген ырымға байланысты тыйым.

Бас киімді теріс киме! Қаза шыққан үйдің адамдары ғана бас киімін теріс киетін әдет болған басқа уақытта мұны жаман ырым деп сақтандырып, тыйым салып отырады.

Есікті теппе! Қазақтарда «дәулет бітсе, есікке бітеді» деген сөз бар; демек, «есікті тебу ырысыңды тебумен бірдей, басыңнан бақ- дәулет қайтады» деп ырымдаудан туған тыйым.

Жастыққа отырма! Жастық адамның басына жастанады, төсек орынның бір қастерлі жабдығы. Оны астына салып отыру – сол адамды құрметтемеу, не өз басын төмендетіп, өзін өзі сыйламау, сау басына жамандық шақыру деген наным сенімнен туындаған тыйым.

Итті әдейі шақырып алып ұрмайды! Бұл да итті жеті қазынаның біріне балаудан туған салт; бұл «итті әдейі шақырып алып ұрған адамның бақыты қайтады» деген наным сенімнен туындаған тыйым.

Киімді теріс киме! Қазақ салтында киімді теріс кию –масқара болу, абыройсыздыққа ұшыраудың нышаны. Киімді теріс кигізу ертеде елден шыққан бұзықтарға жаза алудың бір түрі болған. Тыйым салу осыған байланысты.

Қой қоздап жатқанда, малды сыйға бермейді және сатпайды! Бұл мал байлығы басқаға ауысады деген сенімге байланысты.

Мысыққа орынсыз тиісуге болмайды! Қазақтар мысықты «жауырынын жерге тимесін!» деген пайғамбардың батасын алған жәндік деп оны жәбірлеуге, мазалауға тыйым салып отырған.

Отпен ойнама! Бұл бір жағынан «от тілсіз жау», онымен ойнаудың қауіпті екенін ескерту болса, екінші жағынан – от қасиетті, киелі құбылыс, оны ойынға айналдыру – киесін шамдандырумен, қорлаумен барабар деген сөз.

Пышақты ұшымен емес, сабымен ұсын! Өйткені бұл әрекет адамға суық қару кезегенмен бірдей; әдетте пышақты ұшымен емес, сол жа,ымен ұсынады.

Суға түкірме! Түкірік – арам. «Ауыздағы түкірік – қайта жұтса -мәкүрік» деген сөз бар. Демек, ел ішетін суға түкіру суды армдау деген сөз.

Тамақты жатып ішпе! «жатып ішу – жалқаулықтың белгісі» деген сөз бар; сондай-ақ жатып ішу ішкі ағза қызметінде зиян келтіреді, төсек тартып жатып алған адамға ғана жатқан жерінде береді – бұлардың бәрі жаман ырым, тыйым салу осылардың болуынан сақтандырады.

Үлкен кісіге «сен» деме! Көргенді, мәдениетті адам қай уақытта да жасы үлкен адамға «сіз» деп сөйлеуге тиісті.

Үлкенге қарсы келме! Жасы үлкеннің айтқан ақыл кеңесін тыңдамай, онымен тайталасу қарсы келу – әбес қылық саналады.

Үлкеннен бұрын билік айтпа! Адамдармен қарым қатынасты сөз тыңдай білу қажет, қазақ дәстүрінде жөнді жөнсіз әңгімеге араласу, әсіресе жастарға сұрамаса да сөзге килігу әдептілікке жатпайды.

Үлкеннен бұрын төрге шықпа! Халық салтында төрде дастархан басында жасы үлкен адамдар ғана отыруға тиісті деген дәстүр қалыптасқан. Сондықтан жиналған дастархан басында, жиын тойда «төр» деп аталатын бұл құрметті орынға жасы үлкендерден бұрын жастардың ұмтылуы, отырып алуы – әдепсіздікке жатады.





















































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама тақырыбы: "Тыйым сөдер сипаттамасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 993 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 1591
    • DOCX 14.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акбергенова Макпал Казихановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7092
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе