Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Баяндама. Тақырыбы: «Тәрбие талабы бір жерден шықса...»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Баяндама. Тақырыбы: «Тәрбие талабы бір жерден шықса...»

библиотека
материалов

Насипбаева Аяжан Еркінқызы

Баяндама. Тақырыбы: «Тәрбие талабы бір жерден шықса...»


Ата-аналар көп жағдайларда өз балаларымен қай кезде қарым-қатынасын босаңсытып алғанын білмей қалады. Оған себеп, бала үйде тіл алғыш, айтқан тапсырманы уақытында орындап жүреді де, сыртта ешқайда оқймайтын, не жұмыс істемейтін өзінен ересек балалармен таныс болып, әртүрлі жағымсыз істермен айналыса бастайды. Сыртта не істеп жүргенін ата-анасынан жасыруды да үйренеді. Сондықтан, ата-аналар балаларының қандай достары бар екенін, олардың қандай үйелменде тәрбиеленіп жүргенін білулері керек. Ер балалармен барлық салада ашық сөйлесуді талап еткен жөн. Баланың жолдастарының арасындағы «орны» қандай екендігін білген өте қажет, біреудің айтқанымен жүре ме, әлде бәріне өзінің айтқанын істете ме, қандай адамдарға (әйгілі спортшылар, артистер мен әртүрлі маман иелеріне) еліктейді, ненің ықпалы күшті, осыларды біліп отыру шарт.

Соңғы уақытта, экономикалық ахуалымыздың күрт өзгеріп, әлсіреген кезінде, жағдайлары өте жақсы, байлығы асып-тасыған немесе күнделікті табысы тамағынан аз-ақ қана асып жүрген көп балалы үйелмен айқын көзге түсуде. Соған байланысты ортада жүрген балалардың киген киімдерінде де өзгерістер бар. Жағдайлары болып түрғандарға: «балаңа қымбат киім әперме» деп айта алмаймыз. Сондықтан үйде әрдайым балалардың құлағына, әдемі киім кию мақсат еместігін және үйелменнің жағдайын ескеріп түсінуін ұғындырып отыру керек.

Көп жағдайларда киімі «қымбат» балалар өздерін басқадан артық санап, көкірегін көтеріп кететіндері де кездеседі. Қай үйелмен болмасын балаға жақсы оқудың ең маңызды екенін ұғындырып отыру қажет. Тәрбиелеу тек сөзбен немесе айтқанын істету арқылы емес, жүріс-тұрысының, киген киімінің, бос уақытты өткізудің үйелмендегі адамдармен қарым-қатынасын, біреу туралы әңгіме айту, күлкің мен қайғың да, баланың азамат ретінде қалыптасуына зор маңызы бар.

Балалар бәрін байқағыш келеді. Олар үлкендердің әр қозғалысына, қимылына қарап еліктейді, қайталайды. Еш нәрсе де ізсіз қалмайды, мысалға, байқамай айтылып қалған «тынышымды алма» немесе «уақытым жоқ» деген сөздер, үлкендердің арасындағы ұрыс-керіс немес біреу туралы айтылған дөрекі сөз жас бала көкірегіне бірден қона қалады.

В.Сухомлинскийдің айтқанындай, «балалардың бетімен қаңғып кетуі және қылмыс істеуі, үйелмен мен мектептің тәрбиесінің педагогикалық мәдениетінің өте төмендегінде».

Ата-аналар мен тәрбиешілер мына естерінен шығармауы керек, өз алдарына балабақша мен үйелмен жеке-жеке баланың нәзік дүниесін дұрыс түсініп адам болуының күрделі мәселесін шеше алмайды. Ал қазіргі уақытта, көбінесе, ол екеуі біріге алмай, әрқайсысы өз бетімен жұмыс атқаруда. Тәрбиешілермен ата-ананың тәрбиеге қояр талабы бір жерден шыққаны өте орынды. Көп жағдайларда ата-аналарының қолының бос еместігіне байланысты, тәрбиешісінен сәби көбірек тәрбие алады.

Мектепке дейінгі тәрбие мекемелері сәбидің мінез-құлқын, оның жақсы-жаман жақтарын, әке-шешесінен жақсы біледі.

Көп ата-аналар балаларын телефон арқылы не жұмыста, не қонақта отырып тәрбиелеу ісін жүргізеді. Біз «қиын» балалар бар дейміз. Әрине, бұл – шындық. Қиын балалар, негізінен, біздер керек қылмай ешкімге қажеті болмай қалған балалар, оларға ақыл айтып тәрбие беруге уақытымыз да әр уақытта табылмайды. Ондай балалармен үйелменнің де, не мектептің де жұмыс істегілері келмейді. Сондықтан да ондай балалармен тек заң орындары ғана айналысады. Оларға деген осындай көзқарас жан дүниесін жаралайды да, өмірден түңіледі, өздерін «екінші сортты» адамдар деп есептеп, өзін-өзі сыйлаудан қалады. Одан кейін, қылмыс істеуден басқа оларға ештеңе қалмайды. Ал бір рет қылмыс жасап, заң орындарымен жазаланған жас бала, әрі қарай тек милиция мамандары арқылы тәрбиеленеді де, педагогикалық тұрғыда тәрбие ала алмайды. Әрине, бұл дұрыс емес, оларға да, басқаларға да бірдей қарап, өткенді бетіне баспай бәріне бірдей тәрбиелік жұмыс жүргізген көп нәтиже береді.

Көп ата-аналар өз балаларын өздері жамандайды. Жаман бала болса, оған ата-аналар өздері кінәлі екендігін ұмытып кетеді. Жас баланың алғашқыда, ешқандай алға қойған мақсаты да, арманы да болмайды. Оны есіне салатын, ой туғызатын мына біздер, үлкендер.

Тәрбие мақсатына жету үшін, баланы не қызықтыратынын немен шұғылданғысы келетіндігін біліп алу керек. Ол үшін баланың сенімділігін, оның көңілшектігін, мінез-құлқын ескерген жөн. Ең дұрыс бақылау – баламен әр уақытта қарым-қатынаста болып тұру. Ата-аналардан кейде сонғы рет қашан баласымен бірге, киноға, театр, музейлерге немесе таза ауада қыдырғанын сұрай қалсаңыз, есіне түсіре алмай қиналады.

Шынын айтсақ, біздердің ешқашан уақытымыз жоқ, сөйтіп баланы өз бетімен жібермеңіз. Біраз уақыт өткеннен кейін бала бізді керек қылмайтынын, тыңдамайтынын байқаймыз. Одан кейін баланы ұрып-соғуға дейін баратын ата-аналар да аз емес. Балаға деген «соқыр» сүйіспеншіліктің де, бала дамуына көп кері әсері бар.

Көп жағдайларда, баланы ерте тұрғызып, бір жұмыстарды істеуге жіберуге қимай, «ұйқысы қансын» немесе «шаршап қалар» деп аяп, әке-шешелері өздері жүгіріп жүргені. Баланы жасына қарай үйелменнің бір мүшесі ретінде үйшілік тірлікке ерте араластырып, оның ойын, пікірін біліп, санасқан жөн.

«Баланы – жастан»... деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі есейіп кеткен соң ата-анасын тыңдамайтын балалардың мінезін, көзқарасын, қылығын күрт өзгерту өте қиын. Сондықтан баламен сәби кезінен ынтамен, оның жас жүрегін жаралап алмай, қарым-қатынас жасау керек. Мысалға, сіз жұмыстан келесіз, сәби қуанышында шек жоқ, сізге жабыса түседі, бір қызықты оқиғасын айтпақшы болады, ал олар болса еститіні: «тұра тұршы», «кейін айтасың, шаршадым» деген сөздер. Одан кейін баланың көңілінде өшпес өкпе пайда болады. Бара-бара бала тұйықтанып өз ойымен өзі болады, сұраққа қысқаша ғана жауап беретін болады, немесе естімегенсіп отырады. Ол туысқандардың қуанышына ортақ болудан қалады. Одан кейін баламен не болатыны сөзсіз түсінікті емес пе? Кейбір әкелер жұмыстан ішімдік ішіп қызып келіп абыройы түседі. Әке-шешесі тірі тұра, арнайы мектеп-интернаттарда тәрбиеленіп жүргендердің санының көбеюіне осылар әсер етеді.

Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе жастайынан қылмыс істеп милиция бөлімдерінен шықпай жүруі мына біздерге, үлкендерге байланысты. Сондықтан бала тағдыры бәріміздің – ата-аналардың, балабақшаның, мектептің және қоғамның басты негізгі міндеті. Адамға мінездемені тек жұмыстағы ісіне қарап береміз, меніңше, оның әкелік немесе аналық міндетін қалай атқарып жүргенін де ескерген жөн болар еді.


Автор
Дата добавления 16.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров137
Номер материала ДВ-532016
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх