Инфоурок Технология Другие методич. материалыБаяндама. Тақырыбы: «Жаңа технологияларды пайдалана отырып өмірге қабілетті, дарынды шәкірт тәрбиелеу»

Баяндама. Тақырыбы: «Жаңа технологияларды пайдалана отырып өмірге қабілетті, дарынды шәкірт тәрбиелеу»

Скачать материал

Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебі

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

Тақырыбы:

 

«Жаңа технологияларды пайдалана отырып өмірге қабілетті,
дарынды шәкірт тәрбиелеу»

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: технология және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Бисенова Айнұр Мұхитқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Білім беру жүйесіндегі басты мақсаттардың бірі – әлемдік білім беру жүйесіне ену, әлемдік озық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын іздену, жан-жақты шығармашылық ізденістегі, дарынды тұлға қалыптастыру. Сондықтан да білім беру жүйелеріндегі оқытуды технологияландыру, білім сапасын арттыру, жан-жақты дамыған шығармашылық тұлға қалыптастыру мен оларды тәрбиелеу- кезек күттірмейтін мақсаттар мен міндеттер, ал ұстаздар қауымына осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру жүктеліп отыр. Қазіргі қоғамға сай білімді, сыни тұрғыдан ойлана алатын, өзін-өзі, бірін-бірі оқыта алатын, дербес ізденістегі, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу- білім жүйесінің басты ұстанымы.

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп бекер айтпаған да болар.

   Жолдауында «Өмір бойы білім алу» тұжырымдамасының негізгі қағидалары нәтижеге және оқушыға бағытталады. Өмір бойы оқып үйрену дегеніміз болашаққа жету мақсатында өзінің білім, білік, машық, дағды, құзыреттіліктерін үнемі жетілдіруі. Өмір бойы оқып-үйрену келесі шарттарды ұстану арқылы жүзеге асырылады:

v Үнемі жаңа білім игеру мен иемденуге ұмтылу;

v Оқу/оқытуда жаңашыл және интербелсенді әдістерді қолдану;

v Оқу/оқытуды бағалау.

Білім беру философиясымен когнитивтік (танымдық) психология адамның өз қолымен жасағанын есте сақтайтындығын, практикалық әрекеттер арқылы үйренетіндігін, оған өзі жасағаны қызық екенін дәлелдеді. Сол себепті бүгінгі күні әрекеттік педагогика ең танымал оқу жүйесіне айналған, яғни мектепте оқу процесінің негізін интербелсенді әдістемелер құрауы керек: әрбір мұғалім әр сабақта интербелсенді әдістер, құралдар мен тәсілдерді қолдануы қажет.  

   Мектебімізде деңгейлік курстарын оқыған әріптестеріміз үнемі коучинг сабақтар ұйымдастырып отырады. Әр коучинг сайын біз интербелсенді әдістердің сабақ барысындағы маңызын, рөлін, пайдасын ұғынып, өзіміз оқушы болып сезінеміз. Және үйренген әрбір жаңа әдістерді сабақта қолдануға тырысамын, оқушыларды соған бейімдеуге, сыни тұрғысынан ойлана отырып, белсенді әрекеттенуге, шығармашылық ізденіс жасауға, өздігінен білім алуға, үйренуге деген ынтасын қалыптастыруға жағдай жасаймын. Оқушылар сабаққа 100 пайыз қатысады. Яғни шет қалатын оқушы жоқ, барлығы да белсенді, әркім өз ойын білдіріп, білгенімен бөлісіп жатады, бір-біріне сұрақтар қойып, бірін-бірі үйретіп жатады. Сабақтар қызықты өтеді.

   Интербелсенді оқу дәстүрлі оқытудың негізгі идеялары мен ұстанымдары болып келген авторитарлық пен үстемдікті, үйретушінің мызғымас беделін, монологты, сырттан күштеуді демократиялық коммуникациямен алмастырады.

   Іскерлік пен ынтымақтастыққа, үйренушілердің мүдделерімен қызығушылығын ескеріп, өзара сыйласымдылық пен тәуелділікке, білескен іс-әрекетке негізделген мұндай қарым-қатынас үйренушілерге саналы және ерікті түрде білім ауқымын айқындап, оқу/үйренудің нысандары мен әдістерін өздігімен таңдау мүмкіншілігін беру арқылы олардың өз біліміне деген жауапкершілігін нағайтады. Сол себепті интербелсенді оқуда/оқытуда келесі шарттарды қадағалау міндетті деп тану керек:

v Жағымды психологиялық орта орнату,

v Үйренушілерде білім игеруге деген қызығушылықты тудыру,

v Білім игеруде үйренушілерді сәттілікке бағыттау,

v Білім игеру процесін коммуникативтік процесс деп түсініп, бірлескен әрекеттерді қолдану.

Оқушылардың қызығушылығын орнату үшін не қажет?
1. Жағымды психологиялық орта орнату
Бүгінде білім игеру процесінде ортаның маңызы дау тудырмайтын аксиома іспеттес. Американдық философ Джон Дьюи білімді тәжірибе деп түсініп, оны құрастыруда ортаның алатын орнын ерекше атап кеткен: «Тәжірибе индивид пен оны қоршаған ортаның әрекеттесу процесінде пайда болады». Ал қоршаған ортаны Дж.Дьюи «жеке бастың қажеттіліктері, қалаулары, мақсаттары және қабілеттерімен әрекеттесу арқылы тәжірибенің іске асырылуын қамтамасыз ететін қандай да болмасын ситуация» деп атайды (Дж.Дьюи, 343). 
«Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын»  А.Эйнштейн
Интербелсенді оқуда/оқытуда үйренушілер қомақты нәтижелерге өзара қарым-қатынас пен әрекеттесу, бірлескен әрекеттер арқылы жететіндігін біледі, сол себепті де олар үйренудің нәтижесіне деген өз жауапкершіліктерін түсінеді. Сондықтан мұндай сабақтарда жағымды психологиялық климаттың, сенім атмосферасының алатын орны аса маңызды. Интербелсенді оқуда/оқытуда мұғалім бұрынғыдай барлық күш-жігерін үйретуге жұмсамай, оқушылардың бірлесе отырып, өздігімен білім алуына тиімді жағдайлар жасайды. 
Мұндай ұстанымның дәлелін келесі сөздерден көруге болады. Ғұлама ғалым Альберт Эйнштейн кезінде «Мен өз шәкірттерімді ешқашанда үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын» деп айтса, суда жүзу бойынша он бір Олимпиада чемпионын дайындаған атақты австралиялық жаттықтырушы Фред Корлайль «Мен чемпиондарды даярлап шығармаймын, мен тек жеңімпаздар қалыптасатын орта дайындаймын» деген екен. 
  Мұндай ортада бірінші кезекте жағымды психологиялық климат құрылады, яғни оқушынык қауым (топ, аудитория) ішінде тұлғаның жан-жақты дамуы, бірлескен өнімді әрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы тұлға аралық қатынастар мен жағдайлар жасалады. 
Бірінші кезекте, жағымды психологиялық климат қауым (топ, аудитория, сынып) құрамына кіретін үйренушілердің еркіндігін меңзейді. Бұл еркіндік өзара сыйласымдық, жолдастық, бір-біріне бейімделу және бөтен пікір мен көзқарастарды жағымды тұрғыдан қабылдау мен оларды түсінуге деген ұмтылыстан, оларға төзе білуден тұрады. 
Әр сабақта жағымды атмосфера орнатуға ұмтылу – жақсылық пен ізгілік нышаны.
Жағымды психологиялық климат құруда сабақ басында (қажет болған жағдайда сабақ ортасында) үйренушілердің көңілін көтеру үшін және олардың назарын сабаққа аудару мен жұмысқа ынталандыру мақсатында ойсергектер (немесе ойашар деп те аталады) қолданған тиімді. Ойсергектер үйренушілерді еркін сезіндіріп, оларды секемдік пен сенімсіздіктен арылтудың тиімді амалдары болып табылады (ойсергектердің мысалдары төменде беріледі).
Жағымды психологиялық климат құру үйретуші мен әрбір үйренушіден келесі ережелерді сақтауды талап етеді: 
1. Үйрену процесіне қатынасушылардың әрқайсымен өзара сыйластық пен сенімге негізделген жеке қарым-қатынас орнатуға мүдделі болу.
Сыйластық қарым-қатынасты оқу процесінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл өміріміздің мәні мен мағынасы деген философиялық түйін ұстанып, осындай жүздесуді сабақтың негізіне айналдыру керек. Оқушыларды есімімен атап, оларға «Сіз» деп қиылғанның өзі шәкіртті өзімізге қарай тартпай ма?..
Адамға шүбә мен сенімсіздік емес, сенім артқан жөн. Сенім арту арқылы біз басқаларға жауапкершілік жүктейміз, оларды шабыттандырып, оларға қанат бітіреміз.

2. Қарым-қатынаста қысымнан бас тартып, «жұмсақ» әдістерді қолдану.
Сабақ беруде халқымыздың «Жақсыдан жылы шығады», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жүзі жылыдан түңілме!», «Жылы-жылы сөйлесе – жылан інінен шығады, суық-суық сөйлесе – мұсылман діннен таяды» деген аталы сөздерін ұмытпаған абзал. Сондықтан да қысымға негізделген әрекеттерді педагогикалық қызметтен аластату керек, өйткені олардың игі нәтижеге апаруы неғайбыл нәрсе. 
3. Әрбір үйренуші мен бүкіл топ жұмысына көмек пен жәрдем жасау, қол ұшын беруге дайындық.
Оқу процесінде қатысушылардың барлығы да өздерінің ортақ іспен айналысып, маңызы бар проблеманы шешіп жатқандығын есте ұстауы қажет: «Илеп жүргеніміз – бір терінің пұшпағы». Сол себепті де әркімге қол ұшын беру - бірлескен жұмыстың нәтижелігін арттырады деп тұжырымдаған дұрыс.
Білім игеру процесінде бәсеке мен жарыстың бір ғана түрін қабылдауға болады. Ол - өзіңмен өзің жарысу. 
Менің ойымша, білім игеру процесінде бәсеке мен жарыстың бір ғана түрін қабылдауға болады. Ол - өзіңмен өзің жарысу. «Мен кеше қандай едім, бүгін содан асып түсуім керек! Мен кеше қанша біліп едім, бүгін одан да көп үйренуім қажет!» деген мағынада әр кез өсу мен дамуды мақсат тұту, әр мезетте өркендеуге ұмтылу –жарыс пен бәсекенің басты мазмұны. Сол себепті де оқушылардың бір-бірімен (жекелей немесе шағын топ құрамында) жарыспағаны дұрыс. Өйткені жарыс негізгі мақсатқа айналып, негізгі үйрену мен даму мақсаттары екінші орынға шығып қалуы ықтимал. Ал бұл өз кезегінде оқушылардың қарым-қатынасына эгоистік мазмұн әкелуі мүмкін (қызғаныш, бәсекелестік, бақталастық, басқаға жақсылық тілемеу, қалай болғанда да озу, т.б.) 
4. Әрбір пікірді тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу.
Әр мәселе бойынша әрбір адамның өзіндік пікір қалыптастыратындығы хақ: «Қанша адам бар болса, пікірлер де соншама» деп бекер айтылмаған болар. Сайып келгенде, білім дегеніміз әр адамның өзіндік түсінігі, пікірі, ұстанымы, тұжырымдамасы, көзқарасы, пайымдауы, уәжі, ойлары, ұсыныстары, дәлелдері. Сондықтан да білім алу процесінде үйренушілердің өзіндік көзқарас қалыптастыруға ұмтылуын ынталандырып, ондай әрекеттерін қуаттаған жөн.
5. Жағымды (позитивтік) және конструктивтік көзқарас ұстану, ешкімді де, ешнәрсені де (өзгенің пікірі мен көзқарасы) сөкпеу, даттамау.
Жұмыс барысы мен нәтижесінде туындайтын сәтсіздіктердің алдын алу, оларды болдырмауға ұмтылу; ал сәтсіздік болған жағдайда кімнің кінәлі екендігін іздемей, оның себептерін талдап, болашақта оны қайталамаудың жолдарын қарастыру.
6. Жұмысқа әртүрлі тәсілдер мен құралдарды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру. 
Бұл жәйт үйренушілердің назарын білім игерудің қиыншылықтарынан оның қызықты жақтарына аударады, оларды ынталандырады, еркіндік береді. Үйренуде (білім беру процесінде) негізгі сұрақ «Неге үйрету?» емес, «Қалай үйрету/үйрену?» болғандықтан, әдістемелік тұрғыдан оқушыларға қызықты үйрену тәсілдерінің (ойсергектер, топқа бөліну тәсілдері) жаңа түрлерін ұсынып тұрған жөн. 
Әр сабаққа жаңалық енгізу жұмыс тиімділігін арттырады!
7. Шығармашылыққа негізделу, шығармашылық тұрғыдан қатысушылардың ашылуына мүмкіндік беру.

 Сабақта келесі жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергектерді  жиі қолданамын.

5-сынып оқушылары сурет сабағында ойсергектердің ішінен өз көңіл-күйлерін смайлик арқылы бейнелеуді жиі ұйымдастыруымды сұрайды.

Көңіл-күйді анықтау

Сабақ барысында оқушылар өзінің көніл-күйін келтіретін сурет немесе смайликтер салады. Суретте ол адамның бет әлпетін көрсету керек. Олар сурттерін бір-біріне көрсетеді. Оларға сабақтың соңна де»ін көңіл-күйлерін көтеріңкі деңгейге жеткізу тапсырылады. (оқушылардың салған смайликтерін көрсетемін) .

Мадақтау

Оқушылар сынып ішінде жүріп, бір-біріне мақтау комплимент айтады. «Бүгін тіпті құлпырып кетіпсің», «Сен өте әдепті жансың», сенімен бірге жұмыс жасау маған ұнайды» т.б.  

Орны ауыстырылған әріптер

Тақтаға орны ауыстырылған оқушылардың бірнеше есіі немесе тақырыпқа қатысты терминдер мен атаулар жазылады. Оқушылар жасырылған сөздерді табу керек.

Тақырыпты жасыру . Анаграмма немесе адасқан әріптер.

Бұл алдыңғыға ұқсас. Тақтаға сабақ тақырыбы рәіптерінің орны ауыстырылып жазылады. Оқушылар жасырылған әріптерді табу керек.

Сабақта жиі қолданатын топқа бөлу тәсілдерім.

Қағаз қиындылары

Бірнеше құттықтау қағаздарының әрқайсысын топ құрамындағы оқушылар санына сәйкес бірнеше бөлікке бөліп, араластырып оқушыларға бөліп беремін. Оқушылар бөліктерді құрастырып, сол бойынша топтасады.

Заттар бойынша бөліну

Оқушылар өздерінің бір-бір ұсақ затын мұғалімге тапсырады, мұғалім заттарды араластырып, парталарға бөліп қояды. Оқушылар өздерінің заттарын тауып алып сол зат тұрған партаға отырады. Осылайша топтарға бөлінеді.

Өлең жолдары

Әр оқушыға бір өлең жолы жазылған парақша беріледі. Оқушылар сыныпты аралап, тармақтрадан өлең шумағын құрап сол бойынша топтарға бөлінеді.

   Әр теориялық сабақта тиімді интербелсенді әдістерді қолдануға тырысамын. 

Алдын ала берілген атаулар.  Тақтаға бірнеше тақырыпқа байланысты терминдерді жазып қойып оқушыларға олардың маңызы, бір-біріне қатынасы туралы ойлануға уақыт беремін, содан кейін бірнеше оқушының пікірін тыңдаймыз.

Атаулар туралы үш сұрақ – терминдерге қатысты Қайда? Қалай? Қандай?  Сұрақтарына жауап береді.

Семантикалық карта, «Білемін, білгім келеді, білемін», «қос жазба күнделігі», «Бірін бірі оқыту» , «Жигсо», әдістерін алмастырып қолданып отырамын. Бұл тәсілдер көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды оқушылардың өздігінен игеруге және бірін-бірі оқытуға, үйретуга бағытталған тиімді тәсілдер.

Постер қрастыру- сабақтарда оқушылардың бірлесе отырып белгілі бір проблеманы графикалық түрде шешу әдісі. Бұл әдіс оқушыларға ұнайды,  олар өздігінен ақпарат жинастырып, оларды талдап бағалайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін плакаттар қабырғаға ілініп, әр топтан спикер шығып өз жұмыстарын қорғайды.

   Сабақ соңында келесі рефлексия мен кері байланыс тәсілдерін пайдаланын. «Бес саусақ тәсілі», «Көңіл-күйді салу», «Тақтадағы сөйлемдерді анықта»

  Оқушыларға топтасып, жұптасып жұмыс жасаған ұнайды, әсіресе постер құрағанда, сұрақтарға бірлесе ізденіп жауап беріп жатады. Жұптасу оқушылардың практикалық жұмыспен айналысқанда өте тиімді. Бір-бірін толықтырып, бұйымдардың көркемдік дизайнын жасағанда,  технологиялық процестерді орындағанда бірлесіп жұмыстанады. 

Әрқашан оқушылардың пікірін сұрап, сабақ соңында рефлексия жасаймын. Рефлексия арқылы оқушылардың сабақта алған әсерін, қай жағы әлсіз, қай әдіс өте жақсы ұнағанын біліп отыруға болады. Сол арқылы оқушылардың пікірімен санасып, келесі сабақты алдыңғы сабақтан да қызықты, әсерлі етіп ұйымдастыруға тырысамын.

     

Қорытынды

Бүгінгі білім беру жүйесінде оқытуда басты тұлға шәкірт болып саналады.

Шәкірт өз бетімен үйренуі керек, сонда ғана оның білімі толығады, өз білімін өмірде қолдана алады. Ал ұстаз «ұйымдастырушы», «бағыт-бағдар беруші».

Француз жазушысы әрі философы Жан-Жак Руссо өзінің « Эмиль немесе тәрбие туралы» атты кітабында «баланы өмір сүруге үйрету керек» деп жазған болатын, өйткені өмір сүру-адамның еңбасты мақсаты мен міндеті.  Сондықтан да шәкірт қу орнының табалдырығынан қандай да бір ғылым иленіп қана емес, бірінші кезекте адам болып шығуы керек. Ол өз жүрегі мен жанын өмірге және басқа адамдарға айқара ашқан, жалған қағидаларды ұстанбайтын, өмріге өзіндік көзқарасы бар тұлға болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

1.     «Мектептегі технология» №1 2015

2.     «ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕМЕНІ  МЕКТЕПТЕ ҚОЛДАНУ»  Авторы  АСХАТ ӘЛІМОВ
АЛМАТЫ-2014

3.     «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»

     Авторы:  С. Мирсеитова,        Қарағанды, 2011

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама. Тақырыбы: «Жаңа технологияларды пайдалана отырып өмірге қабілетті, дарынды шәкірт тәрбиелеу»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 097 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2017 1112
    • DOCX 9.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бисенова Айнур Мухитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бисенова Айнур Мухитовна
    Бисенова Айнур Мухитовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9762
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 086 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 983 человека из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 571 человек

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе