Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Баяндама тақырыбы: " Жамбыл Сәулебекұлы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Баяндама тақырыбы: " Жамбыл Сәулебекұлы"

библиотека
материалов

Сулейменова М.Б.

«№3ЖОББМ», Сәтбаев қаласы

Жамбыл Сәулебекұлының өмірі мен шығармашылығы



Сонау жылдары республикамыздағы санаулы оқу орындарының бiрiнен саналатын iргелi Қарағанды университетi марқұм Е.Букетовтың тұсында iргесi қатайып, әбден қалыптасқан университет болған. Ол кiсiнiң осындай еңбегiн Ақылбаев Жамбыл ақсақал одан сайын қалыптастырып, елiмiздiң түкпiр-түкпiрiне сан қырлы мамандық иелерiн даярлап, тәрбиелеуде өзiндiк қолтаңбасы, жан-жақты педагогиканың мықты үрдiсiн жалғастырды.
Академик-ректор өзiнiң туған елiне, тiлiне, оның дiлi мен дiнiне деген махаббатын әр студенттiң санасына сiңiру үшiн осы босағада қаншама жыл тер төктi. Қазақи тәлiм-тәрбие — қазақтың тiлiнде, ал қазақ тiлiнiң, ана тiлiмiздiң бал қаймағы оның баспасөзiнде екенiн үнемi еске салып жүредi. Қазақ басылымдарында жазылып жатқан мақалаларды талдап-таңдап, өзiндiк сыни көзқараспен қабылдап отыратын ақсақалдың дәл аудан төлтумасы — газеттiң мерейтойында құттықтап тұрып демiнiң үзiлуi де осы туған жерiне, туған тiлiне деген аса құрметi мен шексiз махаббатын тағы да бiр дәлелдеп кеткендей болды.Жалпы өмірі мен шығармашылығына тоқталғым келіп отыр.

Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлы (1938 ж. т.), ғалым-физик. Технология ғылымдарының докторы (1996), профессор (1990 ж.), Халықаралык Жоғары мектеп ҒА-ның академигі (1997 ж.), Университет ректорлары халықаралық ассоциациясының мүшесі (1996 ж.), Орталык Қазақстан жоғары оку орындары ректорлары аймақтық кеңесінің төрағасы (1996 ж.). Шет ауданның түлегі. Карағанды педагогика институтын бітірген (1961 ж.). 1961-1991 ж. сонда ассистент, оқытушы, ҚазМУ-де стажер-зерттеуші, аспирант, ҚарМУ-де аға оқытушы, деканның орынбасары, теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, физика факультетінің деканы, университетің ғылыми жұмыстар жөніндегі және оқу ісі жөніндегі проректоры, Атырау педагогикалық институтың ректоры. 1991-2003 ж. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттек университетінің ректоры. 70-тен астам ғылыми және ғылыми әдістемелік жұмыстардың авторы, өнер табысы үшін 10-ға жуық авторлық куәлік алған. Негізгі ғылыми еңбектері денелердің гидроаэродинамикасы мен жылу алмасуы мәселелеріне арналған. Ақылбаев қатысуымен ұшатын аппаратгардың аэродинамикалық өндеуін өлшеудің жаңа технологиясы жасалды, ол Орталык аэрогидродинамикалық институтпен бірлескен зертгеулерде колданылды. 1993-94 ж. 12-шакырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Шет ауданның құрметті азаматы (1998 ж.). «Парасат» орденімен марапатталған.

Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев - сондай жан еді Адам - пенденің қабілет - қарымы өмірдегі өз орнын қапысыз таңдауымен тығыз байланысты десек, ол өмірлік міндетін дұрыс бағдарлай алған адамдар қатарына жататын- ды. Бүгінде біртін - біртін адами көрсеткіш белгісі болудан қалып бара жатқан адамгершілік, кісілік, саф тазалық сияқты әрі тектіліктің әрі бекзаттықтың символы іспеттес құндылықтар оның ұстаздық, ғалымдық, тәлімгерлік қасиеттерінің қалыптасуына алғышарттар жасады-ау деп берік сеніммен айтуға болатын сияқты... Академик Е.А. Бөкетов республикадағы екінші университеттің аяғымен нық тұруына қатысты қыруар ұйымдастырушылық іс-шаралардың басы - қасында болды, нақақтан - нақақ зардап шекті, академик З.М. Молдахметов киелі оқу орнының талапқа сай жұмыс істеп, тиісті миссиясын орындау үшін қалыптасқан университетке айналуына тер төкті. Ал осы университеттің түлегі, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, проректор қызметтерін атқарған Ж. Ақылбаев та бірнеше жыл Атырау пединститутында ректорлық лауазымда болса да, барша ғұмырын Қарағанды мемлекеттік университетіне арнаған-ды. КСРО сияқты алып империяның тарих сахнасынан кетуі, бір Орталықтан басқарылатын жүйенің экономика саласындағы байланыстарының ыдырауы XX ғасырдың тоқсаныншы жылдары басында тек экономикалық ғана емес, саяси алапат дағдарысқа да алғышарттар жасаған болатын. Ж. Ақылбаевтың Атыраудан Қарағанды мемлекеттік университетіне ректор болып келгені де сол мерзіммен тұспа-тұс келген-ді. Жылу, энергия тапшылығы, ұжымдағы әрі - сәрі ахуал, есік – терезеден жұрдай болған жатақханалар жаңа ректорды тығырыққа тіреп, толғандырмады деуге болмас.Тәуелсіз елдің жаңа жағдайдағы даму тұжырымдасы Мемлекет басшысынан бастап, білім мен ғылым саласында жүрген танымал азаматтарды да айрықша толғандырған еді. Күн тәртібіне үнемі қосақталып жүретін «Кім кінәлі?» мен «Не істеу керек?» сауалдары қойылған-ды. Жамбыл Сәулебекұлы сияқты, қайраткерлер үшін екінші сауал маңызды еді Ол бүкіл қабілетін, білімі мен білігін табандылығы мен кейбіреуге бірбеткейлеу болып көрінетін принципшілдігін осы арнаға бұрды. Тәуелсіз елдің білімі мен ғылымы әлем елдеріндегі осы саладан кейін қалмауы үшін көптеген шетелдерде болды, зерттеді салыстырды. Әйгілі Оксфорд, Кембридж университеттерінің білім, ғылым саласындағы әлеуетімен танысты. Қажет десеңіз, бәріміз қазір де жаппай мансұқтап жүрген КСРО білім жүйесімен салыстырғанда, сол айтулы оқу орындарындағы қалыптасқан жекелеген келеңсіздіктерге бәлендей көңілі толмайтын. Ол үшін қандай технологиямен, қандай тәсілмен меңгертсең де білім мен ғылымның әр студенттің жүрегіне ұя салуы бәрінен қымбат болатын. Әр студентті ол жеке тұлға деп санайтынды. Сондықтан да оның сөздік қорында біреуге ерекше фанаттық болып керінсе де, «Біз Ұлы Мәртебелі Студент үшін қызмет етуіміз керек» деген сөз ерекше орын алатын. Ол тым намысқой болатын, өзі перзенті болып табылатын Қарағанды мемлекеттік университеті жоғары білім беретін оқу орындарының бағыт беруші көшбасшы айналуы үшін игерілмей жатқан саланың әлеуетін тиімді пайдаланғысы келетін, өзге оқу орындарының игі істерін меңгеруге тырысатын, тіпті өзгелермен бәсекелестікке түсіп еді десек, ол таза іскерлік, ғылыми- шығармашылық саланы көтеру, ұжым мүшелерін қанаттандыру, жігерін жану тарапындағы ізгі ниеттерден туындап еді дегенді айрықша атаған жөн. Жамбыл Сәулебекұлы ойлылықты ұнататын, қате болса да өз пікірін жан - тәнімен қорғай алатын берік ұстаным иелерін ұнататын. Ол аға буын мен таным - көзқарасы жаңа жағдайда қалыптасып келе жатқан кейінгі буын арасына дауласса да, жауласуды мақсат тұтпайтын алтын көпір бола алған еді Ертеректе Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Жастар алаңында өткен бір салтанатта белгілі азамат, мемлекет және қоғам қайраткері С. Досмағанбетов аға: «Әуе лайнерінің сенімді ұшуы, теңіз кораблінің адаспай жүзуі экипаж командиріне байланысты. Ал, Қар МУ-дай үлкен ұжымның игілікті істер биігінен көрінуі ректор Жамбыл Сәулебекұлының есімімен тығыз байланысты» деп шынайы лебізін білдіріп еді. Сұңғыла аға өз пікірі арқылы қалың жұртшылықтың ықыласын білдірді-ау деп ойлаймыз. Ол шын мәнінде білім саласының ірі реформаторы еді, өз болмысы қабылдаған қағидаларды бәрінен биік қоятын. Жаңашылдықты, қисынды әрекетті қолдауды, әр оқытушыға, ғалымға қояр талабы қамқорлықпен ұштасып жататындығы оның шын мәніндегі ҰСТАЗ, ТӘЛІМГЕР ұғымдары аясынан табылуына мүмкіндіктер туғызушы еді.

Ж. Ақылбаев отандық, шетелдік көптеген марапаттарға ие болды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың президент сайлауында сенімді өкілі болды, ректорлар ішінен Республика жоғары Кеңесінің депутаты болды. Ол үшін ең құнды қасиет сан мыңдаған студенттердің, оқытушылар мен ғалымдардың шынайы ұстазы, тәлімгері, қамқоршысы бола алғандығы еді Шағын еңбекте Ж. Ақылбаевтай тұлғаның ірілік феноменін толықтай ашу мүмкін емес, сірә, осымен де тәмамдауға болатын шығар, алайда бір жайтқа тоқталмауға болмайтын сияқты. Өмір - мұрат. Өлім - ақиқат. Ол кісінің дүниеден озғанына 5 жыл болды. Бақиға аттанған адамға ештеңенің де керегі жоқ. Оның есімін ұлықтау бүгінгілер үшін қажет. « Біз газет арқылы тәрбиеленген ұрпақпыз, бойымыздағы жақсы қасиеттер қалыптасса, тек қазақи басылымның жемісі»...Ұлы ұстаздың кемеңгер тәлімгердің артында қалып бара жатқан ұрпағына айтқан соңғы сөзімен аяқтағым келіп отыр.















































Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тіл және рух № 11 (140), 30 қараша 2013 ж.

2. Түркістан газеті






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.12.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров183
Номер материала ДВ-276170
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх