Инфоурок Классному руководителю КонспектыБаяндама Тақырыбы: Жас Ұлан патриоттықтың жас буыны

Баяндама Тақырыбы: Жас Ұлан патриоттықтың жас буыны

Скачать материал

Потанин жалпы орта білім беретін

 

 

Баяндама

Тақырыбы:

Жас Ұлан патриоттықтың жас буыны

 

 

 

 

 

Дайындаған: Есимханова Н.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

Черное ауылы

 

 

Тіркеу картасы:

1.Аты-жөні: Есимханова Нурлыгайын Елеусизовна

2.Лауазымы: аға тәлімгер

3.Еңбек өтілі: жалпы  33 жыл, 4жыл

4.Санаты: I

5.Телефоны: 87779398400, 8(71839)-25-368

 

 

 

 

 

 

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жас Ұлан патриоттықтың жас буыны

 

Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Бала бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.
           Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеруі, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп-ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, Отан деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс.

Балалар ұйымының жеке тұлғаны жан - жақты етіп, оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып,патриоттыққа тәрбиелеуде, оларды дербес өмір сүруге үйретуде маңызы зор. Қай уақытта, қай қоғамда болмасын жастар мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Өйткені еліміздің ертеңі жастарымыздың қолында. Болашақ жастардың қолында десек, ертеңгі келешегімізді заманымыздың қазіргі талабына сай ғылым мен техниканы жетік меңгерген жастар басқаратыны айдан анық.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз Қазақстанның жастары, нақ сендер елдің ең басты байлығы болып табылатындарыңды және біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасының болашағы сендерге байланысты екенін есте ұстаңдар!»-деген сөзі жастарға сеніммен қоса үлкен міндеттер жүктейді.

Жылдан-жылға жастар саясатына ерекше маңыз берілуі осының айғағы. Анығырақ айтқанда, Елбасының бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жүзеге асыруға арнайы іс-шаралар жоспары жасалып  оқушылар арасында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

 «Жас ұлан» ұйымына желтоқсан айында  қабылдау рәсімі өткізіледі. Ұйымға өткен оқушыларымыз мектептің қазіргі мақтанышы болып, мәдениет, спорт, білім-өнер сайыстарында өздерін шыңдап, жетістіктерін көрсетуде. Жасұландықтармен бірге өткізілген іс-шаралар оқушылардың жұмыстарына бағыт-бағдар беру болады. Бірлесіп жұмыс істеу арқылы ғана оқушылармен жұмыстың тиімділігі артатыны белгілі.

Жасұландықтарға патриоттық тәрбие беру мәселесі бүгінгі таңда ертеңгі болашақтың биігіне бастар сүрлеу секілді.

Жастар, жас ұрпақ – біздің болашағымыз. Болашақтың жемісін бүгіннен баптау, оларға дұрыс бағыт беру баршамыздың негізгі мақсатымыз. Сондықтан да ұлттық құндылықтар мен адамгершілік-ізгілік тәрбиесін бере отырып, жас ұрпақты өз Отаны – Қазақстан Республикасының патриоты болуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, білімді сапалы меңгеріп, өнерді бойға сіңіруге, саламатты өмір салтын ұстануға насихаттай келе, тәрбиелеуіміз қажет.

Осындай биік мақсаттар негізінде «Жас ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды. Бұл ұйымның ертеңгі болашақ үшін берері мол. Өйткені, тәрбие беру бағытында міндеттер көп.

«Жас ұлан» ұйымының балаларға берері мол. Олардың білім нәрімен сусындап, өнерді серік етуіне бірден-бір ықпал ететін ұйым.

Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", "патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты наным-сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы - қазақстандық патриотизм болды.

Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары Әбу - Насыр әл - Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмұд Қашқари, жыршы - жыраулары Асан қайғы, Доспамбет жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы айтқан болатын.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» - дейтін еңбегіндегі мына бір тамаша ойға жүгініс жасаған дұрыс болар: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс - қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істегені жөн». Міне, осы сөздің өзі – тұла бойы тұнған отаншылдық тәрбие міндеттері.

Жас Ұландық бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.

«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.

Патриоттық тәрбие жүйесінде мына бағыттарды анықтауға болады:

- рухани адамгершілік

- тарихи - өлкелік -«Шежіре»

-азаматтық-патриоттық тәрбие

Бұл бағыт құқықтық мәдениет, заңгерлік, саяси және құқықтық өзгерістер, мемлекетпен қоғамдағы өзгерістер, заң орындау,қызмет ету арқылы ықпал етеді.

- әлеуметтік –патриоттық. Рухани адамгершілік және мәдени тарихи байланысқа бағытталып, үлкен кісілерге сыйластық сезімдері.

- әскери –патриоттық. Жас Ұландықтар бойындағы үлкен патриоттық сезімді, Отан сүйіспеншілікті , оны қорғауға, әскери дәстүрді, әскери тарихты қалыптастыру.

- спорттық-патриотизмді дене спорты және дене шынықтыру сабақтары арқылы шыдамдылыққа, ерлікке, тәртіптілікке бағытталған.

Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, Жас Ұландықтар  бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Бауыржан Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. Мысалы, соғыс жылдарында Бауыржан Момышұлы ағамыз

Ата мекен жер үшін,

Қасиетті ел үшін,

Әзиз ана, қарт ата,

Ботакөз сұлу қарындас

Күң, құл бомасын, - деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақырады.

Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында патриотизмге, ерлікке, батырлыққа байланысты біршама терминдерге анықтама берген. Енді соларға тоқталып өткім келеді:

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікеле байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.

Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт - дәстурімізді жатқызсақ, тіл - қазақ болуымыз үшін, дін - адам болуымыз үшін, салт – дәстүр - ұлт болуымыз үшін қажет. Патриотизм сезімінің оянуы мен қалыптасу үрдісін белгілі бір асқақ сезімдерден, мақтаныш - сүйініштен бөле - жара қарауға болмайды. Ол елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан балаға жалғасып, жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу. Осы сезімдерден туатын, санада орнығып қалыптасатын асыл қасиеттер ұлттық патриотизм деңгейінде өркен жайып, азаматтық патриотизм биігіне ұласатын сыңайлы.

Жас Ұландықтарды патриотизмге тәрбиелеу – тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру; патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру. Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр адамның  ең басты мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.

Әрбір баланың балалық шағының көп уақыты мектеп қабырғасында өтеді. Мектеп табалдырығында қаланған білім, ілім, тәрбие баланың болашақта тұлға болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Негізгі білімнің кілті саналатын оқу ордасында жан-жақтылыққа тәрбиелейді, түрлі шаралар өткізеді, қосымша сабақ пен ашық сабақтар жүргізіледі және міндетті түрде патриоттық тәрбиеге баулиды. Жеңістің желі ескен жетінші және тоғызыншы мамыр күндері мен қыстың аязына төтеп беріп Тәуелсіздік таңын атыруға бірден-бір себепші болған желтоқсан оқиғасында қаза тапқандарды еске алу кешінде патриоттық тәрбие бағытына аса тоқталып өтеді.

Жалпы патриоттық сезім азаматтардың бойында берік болса, мемлекеттің де еңсесі биік, қабырғасы қатты болады. Өйткені Отанын сүйетін адам елі үшін, жері үшін аянбай еңбек етеді, халқына жақсылық жасайды, қаласы мен даласын таза ұстайды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» деген болатын.

"Жас ұлан"- өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. "Жас ұлан" өз қызметінде ҚР-ның Конституциясын,заңнамасы және де басқа нормативтік құқықтық актілерін, ҚР-да ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.

 «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының басты көздеп отырған мақсаты мен міндеті балалардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың бойына патриоттық тәрбиенің дәнін себу, әлеуметтік тәжірибелерін дамыту, әлеуметтік танымдық бастамаларды жүзеге асыру болып табылады.

Ұйымның бекітілген құрылымы бар. Олар: Ұйым жетекшісі - Мектеп Ұланбасы - Топ Ұланбасы - Топ қыранбасы - Класс Ұланбасы - Класс Қыранбасы - бөлімдер бойынша жауаптылар болып бөлінеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады» деп кезекті Жолдауында айтқан болатын. «Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» деп сөзін аяқтады Елбасымыз.

Қорыта айтқанда жас ұландықтарға осы жоғарыда баяндалғандай патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы

2. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті

// Қазақстан орта мектебі – 2005 - №9 – 7 - 9 бет.

3.Сейдахметов Л. Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру. «Қазақстан мектебі». 2001ж.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама Тақырыбы: Жас Ұлан патриоттықтың жас буыны"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 251 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.01.2016 3824
    • DOCX 24.1 кбайт
    • 41 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есимханова Нурлыгайын Елеусизовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7610
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 90 человек

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции