Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Баяндама Тақырыбы:«Қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда IT- технологияларының мүмкіндіктерін падалану жолдары»

Баяндама Тақырыбы:«Қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда IT- технологияларының мүмкіндіктерін падалану жолдары»

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Мұғалімнің кәсібі құзыреттлігі – нәтижелі білім берудің негізі»E:\Кадырова.JPG

Тараз қаласы №39 мектеп- гимназиясы

БАЯНДАМА

 

Тақырыбы: «Қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда IT- технологияларының мүмкіндіктерін падалану жолдары»

Дайындаған: Кадырова Светлана Сабитқызы

Тараз 2016 жыл



Жоспар

 

 І Кіріспе

Қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда IT- технологияларының мүмкіндіктерін падалану жолдары.


ІІ Негізгі бөлім

 1 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды педагогикалық және психологиялық тұрғыда сипаттау

2 Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда IT- технологияларының мүмкіндіктерін падалану жолдары мен шарттары

3 Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда IT- технологияларының мүмкіндіктерін падалану жолдарында мұғалімнің іс-әрекеті.

 

ІІІ Қорытынды





Әлем елдерінің біразы бұдан 40-50 жыл бұрын игерген әдіс-тәсілдер мен озық технологиялар бұл күнде әрбір оқытушының басты құралы  болып отыр. Қазіргі уақыт талабы болып отырған жаңа технологиялардың өзі жаңадан пайда болған емес, оның негізі бұрын қаланған, тек қазір өзгеріске ұшыраған.

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру — бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» Н.Назарбаев

Кіріспе


Қазіргі қоғамда шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы өзінің жолдауында «Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Олай болса, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі «ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры». 

Информатика дәуірі басталды. Қазіргі қоғамда ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту сапалы білім берудің бір бөлігі. Сонымен қатар, білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан, уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту –бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті, оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде Ал, мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты-білімнің жаңа үлгісін жасап,белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың,оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде.

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында қазіргі таңда барлық мектептер компьютермен, компьютерлік құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдер өз ықпалдарын тигізуде. Заманауи қоғамда мамандардың кәсіби-шығармашылық деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылатын талаптар күшеюде. Бұған, Елбасының 2010 жылғы жолдауындағы: «Жоғары білім саласы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО-лар әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек. 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс» - деген сөзі дәлел болады. Осы бағытта жасалып жатқан іс-шаралардың бірі - Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп отырған 2010 жылы, еуропалық жоғары білім беру аймағына енуді көздейтін Болон процесіне қосылу туралы шешімнің қабылдануы да айрықша мәнді шара. Бұл оқиғаны білім беру жүйесінде көрініс алған елеулі тарихи оқиға десе болады.


Негізгі бөлім


Бүгінгі білім берудің көп деңгейлі құрылымы, оқу орнындарында халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы және оларды қоғамның талаптарына сай басқару мәселелері білім беру саласына жаңа тәсілдерді енгізуді талап етуде. Білім саласына ендірілетін жаңалықтың қайсыбірі болмасын арнайы даярлықты талап етеді. Сондықтан оқу орындарында болашақ мамандар, шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына және олардың жаңа технологияларға терең түсіністікпен бейімделуіне жағдай жасау қажет.

«Шығармашылық» ұғымының мазмұны «шығару», «іздену», «жаңаны ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Ол, жаңалық ашатын адамның әрекетінен, адамның мақсатқа бағытталған қызметіндегі ізденімпаздығы мен белсенділігінен, табандылығы мен жігерінен құралып, ақыл-ойы мен сезімінің, креативтілігінің бірегейлігінен туындайды.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде шығармашылық проблемасы шығармашылық қабілет пен ақыл-ойдың өзара әрекеттестігі тұрғысынан қарастырылып, дербес фактор немесе дивергенттік ойлаумен тікелей байланысты іс-әрекет түрінде көрсетіледі. Осыған орай біз, зерттеу жұмыстарында «шығармашылық іс-әрекет», «шығармашылық орта», «шығармашылық қызығушылық» ұғымдарына берілген анықтамаларды жүйеге келтіріп, жан-жақты сипаттама береміз. Сондай-ақ, ес, ойлау, елестету ұғымдарын шығармашылық әрекетінің алғышарттары ретінде сипаттай отырып, «шығармашылық ойлау», «қабілеттілік» ұғымдарына кеңінен талдау жасаймыз. Сөйтіп, шығармашылық іс-әрекет шығармашылық ортада орындалады және оның орындалу нәтижелілігін шығармашылық қабілеттер анықтайды, шығармашылық ортада тұлғаның шығармашылық қызығушылығы, белсенділігі, танымдық ізденімпаздығы артып, шығармашылық қабілеті дамиды деп ой тұжырымдаймыз.

Әдетте, шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасында анық көрініс береді. Мектеп жасы, яғни оқушылық кезең – психофизиологиялық функциялардың жан-жақты даму кезеңі. Бұл кезеңде, оқушылардың қоршаған орта құбылыстарына баға беруге көзқарасы қалыптасып дағдыланады, өзгелерге сын айта білу деңгейіне көтеріледі, танымдық қызығушылығы, зерттеушілік-ізденімпаздық белсенділігі артады, шығармашылық іс-әрекетке қабілеттілігі туындайды.

Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.
Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Интерактивтік тақта (ИТ) – дәріскерге немесе оқытушыға екі түрлі құралдарды, атап айтқанда, ақпарат кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіріп қолдануға негізделген құрал.

Интерактивтік технологияның жеделдетіп дамуына байланысты тақтаның түрлері де, оның типтері күннен күнге даму үстінде. Интерактивті тақта арқылы:
- үй тапсырмасын тексеру, өткен сөздерді қайталаған кезде "
перде", " прожектор" қолдануға болады. Тез, аз уақыттың ішінде оқушылардың білімдерін тиімді анықтауға мүмкіндік береді.

- телеграф аспабы арқылы сабақтың тақырыбын жазуға болады және оқушылар сабақтың тақырыбына қайта-қайта назар аударып отырады.

- оқушылар есту, көру сезім мүшелері арқылы мәтінді меңгерту мақсатында флипчарт бетіне мәтін теріліп жазылады , музыканы да қосуға болады .

- мұғалім PowerPoint бағдарламасында жасаған слайдын флипчарт бетіне ауыстырып, аспап панеліндегі құралдарымен әр түрлі жұмыс жүргізе алады.

     Оқу үрдiсiнде Интерактивті оқытуды қолданудың маңызы өте зор. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік- жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық — бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.

Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.

Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Компьютер оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің, ұжымның қызметін, ойын ортасын.
Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Электрондық оқулықты пайдалану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімді жақтары оқытушының жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруі, оқушының пәнге қызығушылығының артуы, нәтижеге бағытталған білім дағдысының қалыптасуы.
Электрондық оқулықтарды оқушы сабақтан тыс уақытта да пайдалануға мүмкіндігі бар. Жоғары оқу орындарына оқуға талапкер оқушылар электрондық оқулықтың тест бөлімі арқылы пән курсы бойынша толық ақпарат алып, өз білімін тексере алады. Ал білім сынақтарына, түрлі пәндік білім олимпиадасына қатысушы оқушылар өз бетінше білім қорын молайтуға, есте сақтау қабілетін дамытуға мүмкіндік алады. Электрондық оқулық көмегімен зертханалық жұмыстар жүргізу оқушылардың зертханалық құрал – жабдықтарды қолымен ұстап көрмесе де, визуальді түрде сол құрал – жабдықты пайдаланып зертханалық жұмыс жүргізуге қол жеткізеді.

Қашықтан оқыту оқушының әрекетін тиянақты және дәл жоспарлануын, ұймыдастырылуын, оқыту мақсаты мен міндетінің айқын қойылуын, оқушы мен оқытушының арасындағы интерактивтілікті қамтамасыз ететін қажетті оқу материалдарының жеткізілуін, оқушы мен оқу материалы арасында кері байланыс болуын талап етеді, топтық оқытуға жағадай жасайды. Әсерлі кері байланыстың болуы оқушының білмісіздіктен білімділікке қарай қозғалысының дұрыстығы туралы ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді.

Қашықтан оқытуды тәсілі компьютерлік телекоммуникацияны электрондық почта, телеконференция, аймақтық мен Интернет желісінің ақпараттық қорлары тәртібінде пайдалануды ұсынады. Бұл қашықтан оқытудың кең тараған және арзан түрі. Оны ұйымдастыруда телекоммуникациялық технологияның жаңа құралдарын қолдану қарастырылған.

Жоғарыда айтылған жаңа технологиялардың шығармашылық әлеуетін дамытуда жаңа технологиялардың арқасында оқушы өз білімін арттыруда.

Сабақ – мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне , ұйымдастыру қабілетіне , яғни шеберлігіне байланысты. Ұстаздың шығармашылық жұмысы ең алдымен сабаққа даярлықтан басталады: сабақ жоспары құру, оның өту туралы әдістеме, озық тәжірбелерді пайдалану, оқушылардың білім дәрежелері мен қабілеттерін ескере отырып көрнекі – құралдар, дидактикалық материалдар дайындау, техникалық құралдарды пайдалана алуы.

Осылай ойластыра келе отырып оқу материалын жоспарға лайықтап өту қолға алынады. Жаңа сабақты өту барысында есте сақтау қабілеттерін жетілдірумен қатар, көрнекіліктермен техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыларға тәжірибелік көрсету арқылы әсер қалдыруға көңіл бөлген жөн. Сондай-ақ оқушылардың жас ерекшелігіне, психологиясына, отбасының ахуалына қарайлаған дұрыс. Педогогикалық барлық талаптарды біріктіре отырып, оқушылардың оқу материалдарын теориялық тұрғыдан терең беруіне және баяндауына, есепті таядай алуына, пән аралық байланыспен тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлген жағдайда ғана сабақ жоғары деңгейде өтіледі.

Информатика сабағында халық педагогикасын жаңа технологияларды оқытудың бірден бір діңгегі деуге болады. Жаңа технологияларды элементтерін дамыта отырып оқушылартың логикалық ойлау, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларынның дамуына себебін тигізеді, оқу процессін жандандырып жаңа тақырыпты жеңіл түрде меңгеруге, информатикадан алған білімнің деңгейі мен сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында сабақта электронды оқулықты, интерактивті тақтаны және қашықтан оқытудың кең тараған түрлерін пайдалануға болады.

Жаңа технологиялардың элементтерін пайдаланып, сабақта түрлендіру өткізу оқушыларға ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз. Оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділіктерін арттыру әр сабақтағы олардың жеке оқу еңбектерінің ара салмақтарын арттыру.Сондықтан оқушылардың оқу белсенділіктерін арттырып мақсатындағы жұмыстар сабақтың алғашқы минуттарынан –ақ ойластыру қажет.

Сондай- ақ 5-11 сыныптар аралығында оқушыларға өз бетінше тапсырма 15 минутқа арналады, екінші тапсырмаға «5» деген қойылады. Әр бөлім, тарауды өткен сайын қайталау сұрақтары беріледі. Оқушы «4» деген баға алғысы келге, 4 сұраққа жауап беру керек. Әрбір оқушы өз деңгейін біліп өздері тапсырманы таңдайды. Тапсырмалар түрлері: сұраққа жауап, сурет салып беру, өлеңді оқып, суретін сал, дайын текстті көшір, өз ойыңнан әңгіме құрастыр, кестелер толтыр, диаграмма сал, газет шығару, «Менің елім» деген тақырыпқа қысқаша шығарма жазу керек.

Сонымен қатар, сабақта ACTIV- ote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады. Күнделікті сабақта оқушылар электронды оқулықтарды пайдалана отырып, жаңа сабақты дұрыс түснуге, бірнеше әртүрлі тапсырмаларды орындауға, соңынан тесттік сұрақтарға жауап бере отырып өз білімдерін шыңдауына қол жеткізіп отыр.

Біздің мектепте әр пән бойынша оқушылар қашықтық олимпиадаларға қатысып, өз білімдерін қаншалықты және қандай дәрежеде білетінін тексеруде. Қазіргі кезде осы олимпиада жарыстары бойынша, әр мұғалім 10-15 оқушыны жарысқа қатыстыра отырып, рейтинг бойынша бестіктің ішінде орын алып келеді. Өз пәнім информатика бойынша атсам оқушылар әртүрлі жарыстарға қатыса отырып өз шығармашылық қабілеттерін арттыруда.Оқушыларлың үлгерімі -100 пайызды құраса, ал білім сапасы 70-80 пайыз болды.

Біздің ең басты көрнекілік құралдарымыз: интернет, интерактивті тақта, графопроектор, флипкарта, компьютер, видео, аудио CD-ROM, дискет, карточкалар, программалар пайдаланып жұмыс жасаймыз.

Оқушылардың қалыптасуында оқу әрекеті басты орында болғандықтан, оқуды ұйымдастыру, әрбір оқу әрекетін қажетті құралдармен, әдіс-тәсілдермен қамту, әдіс-тәсілдермен қамту да мұғалімнің тікелей міндеті.

Білім берудің қай саласы болмасын, сипаттағы жұмыстардың сан алуан түрлері қолданылып жүр.

Әр пәннің сипатына қарай шығармашылық жұмыстар сан алуан болады:біздің қазақ тілінде шығармалар,ой толғаулар жазу,өлеңдер шығару.

Оқу бағдарламасының материалдарын дұрыс меңгере алмаған оқушы нашар баға алатыны белгі,ондай оқушыларды кемітпей, олардың қажетті деңгейінде білім алуына мұғалім өзі немесе жалпы педагогика практикасындағы әдіс-тәсілдерді қолдануы қажет.Өйткені, ол баланың бойындағы шығармашылық қабілет жоғары болуы ықтимал.

Мектепте сынып оқушыларының,мұғалімнің баланы шеттетуі баланың ойлауын, сөйлеуін, қиялын өзгертеді..

Оқушылар оқу әрекетінде дағдылар мен іскерліктерін қалыптастырады. Осы периодтағы оқушылардың ойлауы дамиды да бұл оның ары қарай ғылым мен білімге теориялық ойлауына жол салады. Осының бәрі оқушының бойындағы шығармашылық қабілетін қалыптастырып, дамытады. Осында оның күнделікті өмірге үйренуі, оқудағы өз бетімен болжам жасаулары сияқты қасиеттер жинақтайды.

Сонымен, қабілетін қалыптастыруда, олардың жас ерекшеліктерін ескермеуіміз қажет.

Сөз жоқ, кейбір оқушыларға шығармашылық пәндер енді біріне ұнамайды. Сондықтан, сабақтың қызығушылығын арттырып отырудың маңызы зор және дамытудағы ең басты тұлға екенін білеміз. Өйткені,барлық бала бірдей керемет шығармашылыққа құмар болмайды. Мұғалім оқушы бойында «шырақ» жағады. Сол «шырақты» сөндірмес үшін, оны үнемі дамытып отырады. Мысалы,ертегі құрастыру,өлең жазу,эсселер жазу барлығы мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады.Сондықтан, оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырғанда, сабақты қызықты, дәстүрлі оқытудан тыс әдістерді пайдаланып оқытқанды тағы да мұғалім басшылыққа алады.







Қорытынды



Қазіргі қоғам талабына сай тәрбие саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үдерістерді тәрбиеші меңгеріп қана қоймай, оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.

Жоғарыда айтылып кеткен оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, білім беру үрдісіне енуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық –психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Ұлы ғалым Сократ былай дейді: «Білмеген масқара емес, білгісі келмеу ұяттырақ». Қорыта келе, жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ болмақ. Сондықтан білімді ұрпақты тәрбиелеу — біздің қасиетті ұстаздық борышымыз деп білемін.

 





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-462408
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>