Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Баяндама. Тақырыбы:ЖАС ҰРПАҚТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ МІНДЕТІ
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Баяндама. Тақырыбы:ЖАС ҰРПАҚТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ МІНДЕТІ

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

ЖАС ҰРПАҚТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ МІНДЕТІ



Жас ұрпақ – біздің өмірімізді жалғастырушы ғана емес, еліміздің мызғымас болашағы. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, толеранттылық тәрбие өз-өзінен қалыптаспайды, ол оқу-тәрбие үдерісінде мемлекеттік саясат негізінде жүргізілуі керектігін бүгінгі заманның өзі талап етіп отыр. Оқушыларды елжандылыққа, шыдамдылыққа, өз Отанының адал азаматы болуға, ұлттық, халықтық тұрғыда тәрбиелеудің маңызы зор. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев: «Біз демократия мен нарықтық экономиканы принципті түрде сақтаймыз. Алайда әр қоғамның өз ерекшелігі бар, діни, тарихи қасиеттерге ие. Ал енді бұны кімде-кім түсінбесе, жақындық және рухани тұрғыда өз халқының мәдени кейпінде болмаса, онда ол өз тамырын ғана жоғалтып қоймайды, сонымен бірге одан кез келген басқа мәдениет теріс айналады. Бұл – тура мағынасындағы мәңгүрттікке бастайтын тура жол»,- деп, қоғам үшін де, ұлт үшін де аса маңызды мәселе жөнінде орнықты пікір айтты. Бұл – бүгінгі күнде өз тәуелсіздігіне қол жеткізген Қазақстан үшін өз келбетінен айырылып қалмау мақсатындағы өзекті де өткір пікір. Қазақстанның мектеп оқушыларына этностық ерекшеліктерімізді, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін насихаттау жастарды патриоттыққа, толеранттылыққа тәрбиелеудің жолы болып табылады.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы - қазақстандық патриотизм болды. "Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарыту қажет.

«Жаңа қазақстандық патриотизм» ұғымы Елбасының Қазақстан халқына соңғы Жолдауынан кейін ел жұртшылығына мәлім бола бастады. Жалпы патриоттық дегеніміз не? Елін, жерін сүюмен қатар, әрбір ел азаматының өз елінің даму сатысына тырнақтай болса да үлесін қосу, елінің кетігіне кірпіш болып қалану, ел шекарасын қасық қанынан артық көру, елін қолдау, жерін қорғау, кез келген мағынада, сөзбен болса да, іспен болса, ел абыройын кіршіксіз қалпында сақтау. Қазір бізде патриоттар бар ма? Біз өз елімізді қаптаған патриот азаматтар қалқанымен сақтап отырмыз деп нық сеніммен, тайға таңба басқандай айқындықпен айта аламыз ба? Біз өскелең ұрпағымыздың нағыз елі мен жеріне адал қызмет ететін азаматтар дайындап жатырмыз ба?

Елбасы өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» дей келе, «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады» дегенді шегелеп тұрып айтқан болатын.  «Отан – отбасыдан басталады» дейтін дана халқымыздың сөзіне еш шүбә келтірместен, елін сүйген баланы тәрбиелеп шығару үшін, Отанның қадірін туғаннан бастап бала санасына сіңіруіміздің қажеттілігін айқындау – уақыт талабы болып отыр. Сондықтан, Отанды сүюді қалыптастыру әр баланың отбасынан да, уақытының көбін өткізетін мектеп керегесінен де басталады. Сондықтан да жас ұрпақты Қазақстандық патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу басты парызымыз.

Ал «толеранттық» деген атауы халықаралық термин сөз болғанымен, мазмұн-мағынасы қазақтың төл сөзі — кәдімгі төзімділік дегеннің баламасы. Ол қарапайым тұрмыста көршінің көршіге деген төзімділігінен бастап, кең ауқымда мәдениеттер арасындағы, діни конфессиялар арасындағы, ұлттар, ұлыстар, тілдер арасындағы өзара төзімділікті, ымыраласуды білдіреді. Толеранттық яғни өзінен өзгенің айырмашылықтарын мойындау, сыйлау; өзінен өзге сенімдегі, көзқарастағы, мінез-құлықтағы басқаның құқын мойындау арқылы қақтығыстардың шешімін табу мүмкіндігін іздестіруге апаратын адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын өнегелік жүріс-тұрыс ережесі. Көбіне толеранттық ретінде өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау,төзе білу, басқаны қабылдай білу түсініледі.Толеранттылықты қалыптастыру күрделі үрдіс. Мұнда да мектеп психологы мен сынып жетекшінің көмегінсіз болмайды. Ең алдымен психологтың көмегіне жүгінеріміз анық. Яғни тұлғаның толеранттылық деңгейін диагностикалаусыз оны қалыптастыру жұмысын жоспарлау мүмкін емес. Сондықтан психолог түрлі әдістерді пайдалана отырып тұлға толеранттылығының қалыптасу деңгейін анықтап беруі шарт. Және де толеранттылық принциптеріне негізделген білімділікке айрықша көңіл бөлінуі қажет. Оқушының толерантты ақыл-есі өзінің ұлттық, халықтық мәдениетін уағыздай алу үрдісінде және басқа да этностар мен халықтардың мәдениетінің даму және жүру құқығын мойындау үрдісінде қалыптасады. Оның кең көлемде болуы балалардың біртекті этникалық ортада, мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде дамып және өсуіне тәуелді. Біздің мектеп ролінен алатын болсақ – оқушыларды мемлекеттік тілде тәрбиелеп, оқыту және «..өз мәдениетін терең білу – басқаларға қызығушылық қарым-қатынастың фундаменті. Ал көптеген мәдениетпен танысу – рухани баю және даму негізі» делінген Қазақстан Республикасының этномәдениетті білімділік концепциясына негізделе отырып, мектептің іс-әрекетінің мақсаты анықталды: этнопедагогика және этнопсихология моральдарының негізінде дүниені тануға қабілетті адамгершілігі мол, рухани бай тұлға қалыптастыру. Оқушыларды толеранттылыққа тәрбиелеу рухани адамгершілік тәрбиенің негізінде жүргізіледі. Бұл екі тәрбие бір бірін толықтырып отырады. Бала бойында адамгершілік негізі қалыптаспаған жағдайда оның бойына толеранттық тәрбиені дарытамын деу мүмкін емес. Бала бойында толеранттылықты қалыптастырудағы педагогтардың ата-аналармен жүргізілетін жұмыстары отбасы қарым-қатынасы мен отбасы ерекшеліктерін ескеру негізінде іске асады.
Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері. Бала- ата –ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін – бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата- ана мен балалар арасындағы мейрімді, қарым- қатынастың қатынасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді толып жатқан жазылмаған заңдылықтар арқылы көрініс табады. Баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, жинақылыққа баулып өсіріу шарт. Осы тамаша қасиеттердің бәрін ата — ана бойынан тауып, соған еліктеп өссе және әрбір ата — ана баласының жүрегіне жол тауып, оның өміріндегі шынайы досына айналса, тер төккен еңбегінің жанғаны. Ал мектеп баланы болашаққа дайындап, келешек өмірін қай бағытпен жүрсе дұрыс екенін, өзідерінің керекті, бейім мамандық таңдауға жол, бағыт беретін ұя. Отбасынан кейінгі, үйміз мектеп осы мектепте, отбасының тәрбие бағыт беріп келген жерінен бастап, сол тәлім –тәрбиені, бағыт беруші. Мектеп пен отбасы арасында саналы да тәрбиелі бала тәрбиелеу үшін өте тығыз байланыста болуы керек. Бірлік арқылы біз көздеген мақсатымызға жетеміз. Және де адамға тән жақсы қасиеттердің бәрі бойына алған саналы ұрпақ тәрбиелеп шығарамыз. Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан — тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан — тәрбиелік орта. Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де, ата-аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер. Қазіргі ғалымдар отбасындағы қарым-қатынасты ерлі зайыптылар арасындағы қарым-қатынас, орта буын мен аға буын арасындағы қарым-қатынас, әке-шеше мен бала арасындағы қарым-қатынас, ынтымақтастық қарым қатынас деп қарастырады.
Соның ішінде ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, балаға деген сүйіспеншілік, баланы түсіну, құрмет көрсету талап бірлігімен ұштасады.

Ынтымақтастық толеранттылыққа тәрбиелеудің ең қолайлы қатынас түрі болып саналады. Сондықтан толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс.
Балалар бір –біріне қаншалықты ұқсамайтын болса, әке мен шеше де бір –біріне соншалқыты ұқсас емес. Баламен қарым –қатынас та терең индивидуалды және бір –біріне ұқсамайтын болып келеді .Педагог ата-ананы қайта тәрбиелей алмайды, бірақ ата-анамен бала арасындағы өзара қатынасқа әсер ете алады және де арнайы жұмыс негізінде баланың өзгелерге деген қатынасын түзетуге болады.Отбасындағы психологиялық саулық сақталмай, кикілжіңнің, зорлық-зомбылықтың әсерінен балалар бойында жағымсыз сезімдер мен эмоциялар туындайды.Отбасы балаға адамдармен өзара әрекеттесуге қатысты маңызды тәжірибе береді, мұнда ол қарым-қатынас жасауға, басқаларды тыңдауға және олардың көзқарастарын сыйлауға, туған туысқандарына шыдамдылықпен қарауға үйренеді. Ата-ана – толеранттылықтың үлгісі бола білу керек. Толерантты мінез-құлықтың тәжірибесін меңгеру кезінде ата-анамен туыстардың берген үлгілері үлкен мәнге ие. Ең негізгісі бұл бала бойында толеранттылықтың қалыптасуына отбасындағы қарым-қатынас, ата-аналар мен туысқандар арасындағы әрекет жасау стилі жатады.

Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі халықтың береке – бірлігінде, ынтымақ ықыласында, елдігімен – ерлігінде екендігіне ешкімнің дауы бола қоймас. Қазақстандық патриотизм қоғамды топтастырудың жетекші факторы болып қала береді. Мемлекетіміздің беріктігі мен күш-қуаты, өміршеңдігі де, оның ұлан байтағының біртұтастығы да Отанды сүюге, патриотизмге байланысты . Жас ұрпақтың төл мәдениетінен нәр алуы ұлттық фольклорымен тығыз байланысты. Халықтық құндылықтарға сүйене отырып, елдікке, ерлікке, азаматтыққы тәрбиелеудегі өлең-жырлар, мақал-мәтелдердің әсері ұтымды болатындығы туралы танымал педагогтарымыз айтып та, жазып та жүр.

Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім берудің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сай келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары түлектерді тәрбиелеуге қол жеткізетін, сапалы, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету жолдарының бірі – біртұтас педагогикалық процесс кезінде оқушылар бойында өзгермелі өмірде қорықпай еркін өмір сүре алатын білімі білігіне сай келетін бағдар таңдап ала алатын, адамгершілігі жоғары, өз елін, отанын сүйетін саналы азамат болып қалыптасуына бағдар беру, Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі- бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі.

Халқымыздың отансүйгіштік, патриоттық туралы ұлттық мұрасының даму тарихына үңілетін болсақ, ХV-XVII ғасырлардағы Асан қайғы бастаған, Ақтанберді, Доспамбет, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет т.б. ақын – жыраулардың поэзияларындағы тәлімгерлік ой-пікірлерінен көреміз.

Жалпы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерде, халықтық педагогика құндылықтарын ескере отырып тәрбиелеудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырдағы көрнекті ағартушы – педагогтардың, соның ішінде Ш.Уалихановтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің, М.Жұмабаевтың және т.б. да маңызды ой-пікірлері, отансүйгіштік, патриоттық туралы қағидалары қазіргі кезде өз жалғасын табуда.

«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - депті Әл-Фараби бабамыз. Осыдан өз тағдырын өзі шешуге қолы енді жеткен халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыру аса қажет екендігін байқаймыз. Негізгі білім мектепте болғандықтан, жастайынан халықтың тарихи-этникалық мұрасын, ұлтының әдет-ғұрып өнегесін, салтын сақтауға, саналы көзқарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтанышын туғызуға оқушыларды жасынан тәрбиелеу мектеп саласымен айналысатын педагогтардың міндеті болмақ.

Жоғарыда айтқанымдай баланы тәрбиелеудегі іс-шаралар отбасынан басталып мектепте жалғасын тауып отырса, онда әлемде, мемлекетте, ұлттар, адамдар арасында түсінушілік, мейірімділік, достық, төзімділік қасиеттері жетіліп, ал шиеленістер болған жағдайда дұрыс шешімі табылып, сыйластық қарым-қатынас орнары сөзсіз. Сонда ғана әлемдегі барлық халықтар татулықта, бейбітшілікте өмір сүре алады.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, отбасында оқушыларды толеранттылыққа тәрбиелеудің қажеттілігі бүгінгі күнде шешімін қажет ететін өзекті мәселелердің бірі екенін дәлелдеп отыр.

Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешегіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті отанның қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір ата-ана мен ұстаздың міндеті және басты борышы.











Әдебиет


1.  Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудегі дамыту Тұжырымдамасы

2.  Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 27.01.2012 ж.   

3. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2006.

4.     Т.Р.Шаймерденов. Тәрбие тағылымы. Павлодар, 2002.

5.     Қазақстан мектебі- ғылыми- педагогикалық журнал, № 9, 2003. № 5-6, № 9-10, № 11-12, 2005.

6.    Патриотизм ұғымдарының маңызы. «Қазақстан мектебі» 2006ж, №2

  


































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-165627

Похожие материалы